Күәлігінің мағынасы.

Аллаһ Тағала Мұхаммедті пайғамбар қылып жіберді және оны елшілікпен әрі құлшылықпен шарапаттады.

Мұхаммед пайғамбарлар мен елшілердің мырзасы, және адам баласының ең жақсысы әрі олардың ішіндегі ең артығы болып табылады.

Қиямет күні ең бірінші шапағат ететін әрі шапағатқа рұқсат етілетіні де пайғамбарымыз Мұхаммед болады. Сондай-ақ қияметте ең бірінші қабірі ашылатын және ең бірінші жәннатқа кіретін де пайғамбарымыз Мұхаммед . Аллаһ Тағала оны адамдарға оларды жәннәтпен қуандырушы және тозақтан сақтандырушы қылып, әрі оларды Аллаһқа шақырушы, қараңғылықтан жарыққа, зұлымдықтан әділдікке, адасудан туралыққа шығаратын нұрлы шырақ түрінде жіберді. Қандай бір жақсылық болса, оны үмметіне көрсетті және қандай бір жамандық болса, одан үмметін сақтандырып кетті.

Мұхаммед Аллаһтың елшісі деп куәлік ету — ол тек қана оны аузыңмен айтып шектелетін сөз емес, керісінше бұл сөздің өзіне сай мағынасы әрі оның талап ететін талаптары бар. Оның мағынасы: тіліңмен және жүрегіңмен Мұхаммед Аллаһтың елшісі деп мойындауың. Демек тіліңмен Мұхаммед Аллаһтың елшісі деп айтасың әрі соған жүрегіңмен иман келтіресің. Ал тек тілмен айтып, жүрекпен оны қайтару — бұл Аллаһ Тағала айтқанындай, мұнафықтардың жолы. Аллаһ Тағала Құранда олар жайлы былай дейді:

{إِذَا جَاءكَ الْمُنَافِقُونَ قَالُوا نَشْهَدُ إِنَّكَ لَرَسُولُ اللَّهِ وَاللَّهُ يَعْلَمُ إِنَّكَ لَرَسُولُهُ وَاللَّهُ يَشْهَدُ إِنَّ الْمُنَافِقِينَ لَكَاذِبُونَ * اتَّخَذُوا أَيْمَانَهُمْ جُنَّةً }

«(Мұхаммед ), Егер мұнафықтар саған келсе, шындығында сен еш күмәнсіз Аллаһтың елшісісің деп күәлік береміз дейді. Аллаһ сенің оның елшісі екеніңді біледі және де Аллаһ мұнафықтардың әлбетте өтірікші екендіктеріне күәлік етеді. Мұнафықтар өздерінің күәліктерін қалқан етіп алады».[45]

Мұнафықтар күәліктерін өздеріне перде етіп алып, адамдарды Аллаһтың жолынан тосады. Содықтан куәлікті тек тілмен айту жеткілікті емес.

Сол сияқты Мұхаммед Аллаһтың елшісі екенін тілмен айтпастан, оған тек қана жүрегімен сену де жетпейді. Егер адам оны айтуға шамасы келіп тұрып, оны айтпаса, бұл жеткілікті емес. Өйткені мүшріктер пайғамбарымыздың Аллаһтың елшісі екенін білетін еді, бірақ олар оған қарсы келді. Аллаһ Тағала айтады:

{قَدْ نَعْلَمُ إِنَّهُ لَيَحْزُنُكَ الَّذِي يَقُولُونَ فَإِنَّهُمْ لاَ يُكَذِّبُونَكَ وَلَكِنَّ الظَّالِمِينَ بِآيَاتِ اللّهِ يَجْحَدُونَ}

«Ақиқатында олардың айтатындары сені кейітетінін білеміз. Олар сені өтірікке санамайды. Бірақ залымдар Аллаһтың аяттарына қарсы келеді».[46]

Олар жүректерімен пайғамбарымызды Аллаһ-тың елшісі екенін білетін еді, бірақта оларды оның пайғамбарлығын мойындаудан өздерінің тәкаппарлықтары және оған деген қызғаншақтық-тары қайтараған еді.

Сол сияқты оны тілмен айтып жүрекпен сеніп қоя салу да жеткілікті емес. Міндетті түрде үшінші нәрсе керек, ол: пайғамбарымызға еру. Аллаһ Тағала Құранда:

{فَالَّذِينَ آمَنُواْ بِهِ وَعَزَّرُوهُ وَنَصَرُوهُ وَاتَّبَعُواْ النُّورَ الَّذِيَ أُنزِلَ مَعَهُ أُوْلَئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ}

«Оған (яғни, пайғамбарымыз Мұхаммедке ) иман келтірген, оны құрметтеп, оған жәрдем еткен және де оның келуімен түсірілген нұрға (яғни, Құранға) ергендер, солар ғана құтылушылар»[47]- деді.

Сондықтан Абу Толиб пайғамбарымызды Аллаһтың елшісі екенін білген, оған өте көп жәрдем етіп, оны өз қорғауына алған. Бірақ та оған пайғамбарымыз маған ер дегенде одан бас тартты, нәтижесінде ол тозақ иелерінен болды.

Демек, адам қашан пайғамбарымызға ермейінше, ол мұсылман болмайды. Сол үшін міндетті түрде оның пайғамбарлығын іштей және сырттай мойындаумен және оған иман келтірумен қатар, оған еру шарт етіледі. Бұның барлығы ғұламар айтқанындай төрт нәрсеге келіп тіреледі, олар:

طاعته فيما أمر، و تصديقه فيما أخبر، و اجتناب ما عنه نهى و زجر، و أن لا يعبد الله إلا بما شرع.

Әміріне бой ұсыну, айтқан хабарларын растау, қайтарған және тыйым салған істерден ұзақ болу және Аллаһқа тек ол шариғаттаған ғибадаттармен ғана құлшылық ету.

Біріншісі: Әміріне бой ұсыну. Аллаһ Құранда:

{وَمَا أَرْسَلْنَا مِن رَّسُولٍ إِلاَّ لِيُطَاعَ بِإِذْنِ اللّهِ }

«Қандай бір пайғамбар жіберсек, тек Аллаһтың қалауыман оған бойұсынылсын деп жібердік»[48]- деді.

Пайғамбарымызға бойұсыну уәжіп. Өйткені ол Аллаһтың елшісі әрі оның саған әмір еткені — ол Аллаһтың әмірі. Пайғамбарымыз шариғатты өз ойынан алмайды, бірақ оны Аллаһтан бізге жеткізеді. Аллаһ Құранда:

{وَمَا يَنطِقُ عَنِ الْهَوَى ، إِنْ هُوَ إِلَّا وَحْيٌ يُوحَى}

« Ол өз ойынан сөйлемейді, оның сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана»[49] - деді.

Пайғамбарымызға бой ұсыну — Аллаһқа бой ұсыну. Аллһ Құранда:

{مَّنْ يُطِعِ الرَّسُولَ فَقَدْ أَطَاعَ اللّهَ }

«Кім пайғамбарға бағынса, расында Аллаһқа бағынған болады»[50];

{قُلْ أَطِيعُواْ اللّهَ وَالرَّسُولَ }

«Оларға Аллаһқа және пайғамбарға бойұсының-дар де»;[51]

{يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ أَطِيعُواْ اللّهَ وَأَطِيعُواْ الرَّسُولَ وَأُوْلِي الأَمْرِ مِنكُمْ}

«Ей иман келтіргендер, Аллаһқа бойұсыныңдар, пайғамбарға бойұсыныңдар және араларыңдағы әмірлеріңе бойұсыныңдар»[52] - деді.

Аллаһ Тағала адамдардың тура жол табуларын пайғамбарымызға бойұсынуға баланысты қылып қойды, Аллаһ Құранда:

{قُلْ أَطِيعُوا اللَّهَ وَأَطِيعُوا الرَّسُولَ فَإِن تَوَلَّوا فَإِنَّمَا عَلَيْهِ مَا حُمِّلَ وَعَلَيْكُم مَّا حُمِّلْتُمْ وَإِن تُطِيعُوهُ تَهْتَدُوا وَمَا عَلَى الرَّسُولِ إِلَّا الْبَلَاغُ الْمُبِينُ}

«(Мұхаммед ) Оларға: Аллаһқа бой ұсыныңдар және пайғамбарға бойұсыныңдар де. Ал егер олар ол екеуіне бойұсынудан бет бұрса, шындығында пайғамбар тек өзіне жүктелгенге, сендер өздеріңе жүктелгенге міндеттісіңдер. Ал егер пайғамбарға бойұсынсаңдар, тура жол табасыңдар. Сондай ақ пайғамбарға тек қана дінді анықтап жеткізу міндет –де».[53]

Сондай-ақ кім Аллаһқа және оның елшісіне бойұсынса, Аллаһ Тағала оны адамзаттың ең құрметті адамдарымен бірге қылады. Аллаһ Тағала бұл жайында:

{وَمَن يُطِعِ اللّهَ وَالرَّسُولَ فَأُوْلَئِكَ مَعَ الَّذِينَ أَنْعَمَ اللّهُ عَلَيْهِم مِّنَ النَّبِيِّينَ وَالصِّدِّيقِينَ وَالشُّهَدَاء وَالصَّالِحِينَ وَحَسُنَ أُولَئِكَ رَفِيقًا}

«Кім Аллаһқа және пайғамбарға бойұсынса, міне солар Аллаһ оларды нығметке бөлеген пайғамбарлар, шыншылдар, шәһидтер және игілермен бірге болады. Олар нендей жақсы жолдастар»[54] - деді.

Кім Аллаһқа және оның елшісіне бойұсынса, Аллаһ Тағала оны зор табысқа жеткізеді, оны жәннатқа кіргізеді, және ол онда мәңгі қалады:

{ وَمَن يُطِعِ اللّهَ وَرَسُولَهُ يُدْخِلْهُ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِن تَحْتِهَا الأَنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا وَذَلِكَ الْفَوْزُ الْعَظِيمُ}

«Кім Аллаһқа және елшісіне бойұсынса, астарынан өзендер ағатын жәннаттарға кіргізледі де, олар онда мәңгі қалады. Міне осы — зор табыс».[55]

Ал пайғамбарға қарсы шығу — ол Аллаһқа қарсы шығу. Аллаһ Құранда:

{ وَمَن يَعْصِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ فَإِنَّ لَهُ نَارَ جَهَنَّمَ خَالِدِينَ فِيهَا أَبَدًا}

«Кім Аллаһқа және оның елшісіне қарсы шықса, шындығында ол үшін онда мәңгі қалатын тозақ оты бар»;[56]

{وَمَن يَعْصِ اللّهَ وَرَسُولَهُ وَيَتَعَدَّ حُدُودَهُ يُدْخِلْهُ نَارًا خَالِدًا فِيهَا وَلَهُ عَذَابٌ مُّهِينٌ}

«Кімде-кім Аллаһқа және оның елшісіне қарсы келіп, оның шектерінен шықса, Аллаһ оны онда мәңгі қалатын тозаққа кіргізеді және оған қорлаушы азап бар»[57] - деді.

Сондықтан Мұхаммед Аллаһтың елшісі деп куәлік еткен адам үшін оның әміріне бойұсынуы уәжіп болады. Өйткені Аллаһ Тағала:

{ وَمَا آتَاكُمُ الرَّسُولُ فَخُذُوهُ وَمَا نَهَاكُمْ عَنْهُ فَانتَهُوا }

«Аллаһтың елшісі сендерге нені берсе соны алыңдар де, неден қайтарса, одан қайтыңдар»[58] - деді.

Тағы бір аятта:

{ فَلْيَحْذَرِ الَّذِينَ يُخَالِفُونَ عَنْ أَمْرِهِ أَن تُصِيبَهُمْ فِتْنَةٌ أَوْ يُصِيبَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ}

«Оның әміріне[59]қарсы келушілер бір апатқа душар болуынан немесе оларға жан түршігерлік азап келуінен сақтансын»[60]- деді.

Екіншісі: Пайғамбарымыздың айтқан хабар-ларын растау.

Демек пайғамбарымыз бір нәрсе туралы айтса, оны еш кідірусіз, бірден қабылдау уәжіп болады. Оның айтқанын өз ақылыңа салып салыстыруыңа болмайды. Өйткені пайғамбарымыздың айтқанын ақылыңа салу және егер ақылыңа сай келмесе оны қайтару — бұл қазырғы күндегі философтардың жолдары. Кім пайғамбарымыздың айтқандарын өзінің ақылына салып қабылдап немесе қайтаратын болса, ол пайғамбарға емес, өзінің ақылына ергескен болады.

Пайғамбарымыз көптеген көмес істері жайында хабар берді, Аллаһ Тағала жайында, періштелер жайында, өтіп кеткен нәрселер жайлы, бұрынғы кездегі үмметтер жайлы, сол сияқты келешекте болатын қиямет күні, оның белгілері, жаннат, тозақ жайлы хабар берді. Бұның барлығын растау уәжіп. Өйткені пайғамбарымыз бұның барлығын өз ойынан айтпайды, керісінше бұларды Аллаһтың уахиы арқылы айтады. Сондықтан бұл шындық, онда ешқандай өтірік жоқ. Аллаһ Құранда:

{وَمَا يَنطِقُ عَنِ الْهَوَى ، إِنْ هُوَ إِلَّا وَحْيٌ يُوحَى}

«Ол өз ойынан сөйлемейді, оның сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана»[61]- деді.

Кім пайғамбарымыздың хабарларын растама-са, ол мүмінге жатпайды және Мұхаммед Аллаһтың елшісі деген күәлігінде шыншылдық білдірмеген болады.

Оның айтқандарын растаған адам — Мұхаммед Аллаһтың елшісі деп ақиқат күәлік берген болады әрі ол күәлік пайғамбарымыздың айтқандарын растаумен ғана толық болады. Кім оның хадарларына сенбесе, ол мұнафықтарға жатады. Аллаһ Тағала мұсылмандарды пайғамбары-мызды растағандары себепті мақтап былай деді:

{وَالَّذِي جَاء بِالصِّدْقِ وَصَدَّقَ بِهِ أُوْلَئِكَ هُمُ الْمُتَّقُونَ}

«Сондай шындықты әкелген және оны растағандар, міне солар тақуалар»[62]- деді.

Бұл аяттағы «шындықты әкелген» деген сөзді Мужахид, Қатада, Рабиъ ибн Анас және Ибн Зайд: ол Мұхаммед деді. «Оны растағандар» деген сөзді Абдурахман ибн Зайд ибн Асләм: ол мұсылмандар деді.

Аллаһ Тағала пайғамбарымыздың әкелгенін өтірікке шығарған адамды қор қылды, әрі оған қатты азап уәде етіп былай деді:

{فَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّن كَذَبَ عَلَى اللَّهِ وَكَذَّبَ بِالصِّدْقِ إِذْ جَاءهُ أَلَيْسَ فِي جَهَنَّمَ مَثْوًى لِّلْكَافِرِينَ}

«Аллаһқа өтірік айтқан, сондай-ақ өзіне шындық келген кезде, оны өтірікке шығарғаннан залымырақ кім бар? Кәпірлердің орны тозақта емес пе?».[63]

Тәпсіршілер бұл аяттағы: «шындық» деген сөзді: Мұхаммед әкелген Құран деді.

Аллаһ Тағала Мүддәссір сүресінде пайғамбарымыз Құранда әкелген хабарларды өтірікке шығарған адам туралы былай деді:

ذَرْنِي وَمَنْ خَلَقْتُ وَحِيداً * وَجَعَلْتُ لَهُ مَالاً مَمْدُوداً * وَبَنِينَ شُهُوداً * وَمَهَّدْتُ لَهُ تَمْهِيداً * ثُمَّ يَطْمَعُ أَنْ أَزِيدَ * كَلَّا إِنَّهُ كَانَ لِآياتنَا عَنِيداً * سَأُرْهِقُهُ صَعُوداً *إِنَّهُ فَكَّرَ وَقَدَّرَ * فَقُتِلَ كَيْفَ قَدَّرَ * ثُمَّ قُتِلَ كَيْفَ قَدَّرَ * ثُمَّ نَظَرَ * ثُمَّ عَبَسَ وَبَسَرَ * ثُمَّ أَدْبَرَ وَاسْتَكْبَرَ * فَقَالَ إِنْ هَذَا إِلَّا سِحْرٌ يُؤْثَرُ * إِنْ هَذَا إِلَّا قَوْلُ الْبَشَرِ * سَأُصْلِيهِ سَقَرَ

«(Мұхаммед ) Мен соқа басы түрінде (жалғыз) жаратқанды өзіме қой! Мен оған мол мал-дәулет және (әрқашан алдында) дайын тұратын ұлдарды бердім. Және оған (өмірдің барлық нығметтерін) жеңіл етіп қойдым. Сосын, ол тағы арттыруымды дәме етті. Жоқ, (оның дәмесі бекер)! Өйткені, ол біздің аяттарымызға қарсылық жасады. Жақында мен оны бір өр тасқа (яғни, өтіп болмайтын тоспаға) жолықтырамын. Өйткені, ол (Құранды естігеннен кейін, бұл Иләһи кітапқа қандай жала табу туралы) ойлады, жоспар түзді. Жоқ болғыр, қандай жоспар түзді-а?! Сосын ол (ойлаған жоспарларына) қарады. Сосын (Құраннан бір айып таба алмағаннан кейін, маңдайын) тырыстырды және (бетін) бүрістірді. Сосын (шындықтан) бет бұрды және тәкаппарлық қылды. Енді ол: «Бұл (Құран Аллаһтың сөзі емес, бәлкім), тек қана (бұрынғылардан) айтылып келе жатқан бір сиқыр. Бұл тек қана адамның сөзі»-деді. Жақында мен оны сақарға (тозаққа) кіргіземін».[64]

Үшіншісі: Пайғамбарымыз қайтарған және одан тыйған істерінен ұзақ болу.

Пайғамбарымыз көптеген сөздерден, істерден және көптеген сипаттардан қайтарды. Пайғам-барымыз бір істен қайтаратын болса, онда адам баласына зиян болғандығы үшін қайтарады. Ал бір істке бұйыратын болса, онда адамға пайдасы болғандығы үшін бұйырады. Егер пенде оның қайтарғанынан қайтпаса, ол Мұхаммед Аллаһтың елшісі деген куәлігін өтірікке шығарған және оны кеміткен болады. Қалай ол Мұхаммед Аллаһтың елшісі деп тұрып, өзі оның қайтарған істерінен қайтпайды? Аллаһ Тағала былай дейді:

{ وَمَا آتَاكُمُ الرَّسُولُ فَخُذُوهُ وَمَا نَهَاكُمْ عَنْهُ }

«Аллаһтың елшісі сендерге нені берсе соны алыңдар да, неден қайтарса, одан қайтыңдар».[65]

Пайғамбарымыз өзінің хадисінде:

" إِذَا نَهَيْتُكُمْ عَنْ شَيْءٍ فَاجْتَنِبُوهُ وَإِذَا أَمَرْتُكُمْ بِأَمْرٍ فَأْتُوا مِنْهُ مَا اسْتَطَعْتُمْ"

«Егер сендерді бір нәрседен қайтарсам, одан қайтыңдар, ал сендерге бер нәрсені бұйырсам, оны шамаларың келгенше орындаңдар» [66] - дейді.

Ақиқатында сахабалар пайғамбарымыздың тыйым салған істерінен қайтуда біз үшін өнегелі мысал көрсетті. Арақ харам етілген кезде олар одан бірден қайтып:

"انتهينا، انتهينا"

«Тыйылдық, тыйылдық» - деген еді.

Тіпті олардың кейбіреулері қолдарында кесені ұстап тұрып, арақтың харам екенін естігенде, оны ішпестен бірден төгіп тастады.

Сондықтан кімде-кім Мұхаммед Аллаһтың елшісі деп куәлік етсе, міндетті түрде оған пайғамбарымыздың қайтарғанынан қайту керек болады.

Төртіншісі: Аллаһқа тек пайғамбарымыз шариғаттаған ғибадаттармен ғана құлшылық ету.

Бұл ақырғы нүкте өте маңызды. Өйткені көптеген адамдар пайғамбарға бойұсынуы мүмкін, оны өтірікке шығармай, оның қайтарған нәрселерінің көбінен қайтып, оның бұйрықтарын орындауы мүмкін. Бірақ Аллаһқа құлшылық етуге келгенде пайғамбарымызға ергесуді естен шығарып қояды да, сол себепті дінге жаңалық енгізушілерден, яғни, бидғат істеушілерден болып қалады.

Оған мысал: кейбір адамдарды ол уақыттарда нәпіл намаздарды оқуға болмайтын уақыттарда нәпіл намаз оқып жатқанын көресің, немесе таң намазының азанынан кейінгі екі ракағат сүннетке қосып, оны төрт рәкәғат қылып оқып жатқандарын көресің. Егер оларға: бұл уақыттарда намаз оқуға болмайды, таң намазының сүннеті екі-ақ рәкәғат десең, ол саған: жоқ, бұл Аллаһ үшін!- дейді. Демек, қашан ол намаз болса болды, оны қалаған уақытымда, қалай болса да оқи беремін деп ойлайды, бұл — надандыққа жатады.

Сондықтан құлшылық тек пайғамбарымыз көрсеткеніндей болуы керек. Адам құлшылықта пайғамбарымыздың сүннетін басшылыққа қойып ғибадат етуі керек және пайғамбар оны шариғаттамаған ғибадаттарды істеуден ұзақ болуы керек. Егер ол шариғатта жоқ ғибадаттарды істеушінің ниеті жақсы болса да, ол онымен сауап үміт етсе де, оның бұл ғибадаттары батыл болады. Өйткені оны пайғамбарымыз істемеген, ал тек ниеттің жақсы болуы пайда бермейді. Сондықтан міндетті түрде пайғамбарымызға ергесу керек. Өйткені ғибадаттар тауқифия, яғни адамға пайғамбарымыз оны шариғаттамаған ғибадаттарды істеуіне болмайды. Бұл жайлы пайғамбарымыз :

"مَنْ عَمِلَ عَمَلًا لَيْسَ عَلَيْهِ أَمْرُنَا فَهُوَ رَدٌّ"

«Кім біз оған бұйырмаған істі істейтін болса, ол оған қайтарылады»- деді. Яғни, қабыл етілмейді.

Тағы бір хадисте:

"عَلَيْكُمْ بِسُنَّتِي وَسُنَّةِ الْخُلَفَاءِ الرَّاشِدِينَ الْمَهْدِيِّينَ وَعَضُّوا عَلَيْهَا بِالنَّوَاجِذِ وَإِيَّاكُمْ وَمُحْدَثَاتِ الْأُمُورِ فَإِنَّ كُلَّ مُحْدَثَةٍ بِدْعَةٌ وَإِنَّ كُلَّ بِدْعَةٍ ضَلَالَةٌ"

«Сендерге менің сүннетімді және менен кейінгі тура жолға бастаушы халифалардың жолын ұстануларың міндет болады, оларға азу тістеріңмен жармасыңдар[67] және дінге жаңалық егнгізуден сақтаныңдар, өйткені әрбір жаңа іс — бидғат, ал әрбір бидғат — адасу»[68]- деді.

Сондықтан пайғамбарымыз оны шариғат-тамаған ғибадатты істеу тыйым салынған бидғаттқа жатады. Тіпті егер оны пәленше мен пәленше бұйырса немесе оны көп адамдар істеп жүрсе де, қашан ол Аллаһтың елшісінен келмесе, ол бидғат әрі адасу болады. Сондықтан қандай бір адам: «Ниетім жақсы, Аллаһтан сауап үміт етемін» деп кез келген бидғатты істейтін болса, оның амалы қабыл етілмейді. Өйткені, адамдардың ойлары мен қалаулары маңызды емес, керісінше маңызды болған нәрсе — пайғамбарға ергесу, оған бойұсыну.

Егер біз қалағанымызды істеп, кез келген нәрсені ғибадат деп, оны өзімізге құлшылықтың бір түрі қылып алатын болсақ, онда біз пайғамбарға мұқтаж болмайтын едік. Бірақ Аллаһ Тағала өзінің рақымдылығынан бізді өз ақылдарымызға, немесе пәленше мен пәленшенің ойларына жүктеп қоймады. Өйткені бұл істер шариғатқа, Аллаһқа, оның елшісіне қайтарылады. Сондай-ақ кез-келген ғибадат тек қана Аллаһ және оның елшісі шариғаттаған нәрсеге сәйкес болса ғана адамға пайда береді. Міне осы барлық бидғаттардан ұзақ болу керек екенін білдіреді. Осыған орай, кімде-кім пайғамбарымыздың сүннетінде жоқ нәрсені істейтін болса, ол дінге бидғат енгізген болады әрі Мұхаммед Аллаһтың елшісі деп күәлік етпеген болады. Өйткені кім Мұхаммед Аллаһтың елшісі деп ақиқат күәлік етсе, ол оның сүннетімен жүреді әрі дінге өз ойынан еш нәрсе қоспайды, сондай-ақ біреудің қосқан жаңалығына да ермейді.

Адам баласына ең бірінші парыз болған нәрсе Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты еш бір тәңір жоқ және Мұхаммед оның елшісі деп күәлік ету және осы күәліктің талап еткенін орындау болып табылады. Кім осы күәліктің мағынасын білсе және соған сәйкес амал қылса, ол ең бақытты адам болып есептеледі. Шейхуль ислам Ибн Таймия былай дейді: «Адамдардың ең бақыттылары әрі ең ұлы нығметке бөленгендері және ең жоғарғы дәрежеге ие болғандары — пайғамбарға толығымен ерген және білім мен амалда оған сай болғандары» - деді.

Аллаһ Тағала баршамызды осы күәлікке сай амал қылып дүние-ақыреттің бақытына, ұлы нығметтерге және Аллаһтың алдындағы жоғары дәрежелерге жеткізсін!

Барлық мадақтар әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән!

*******

[1]Мәидә.3

[2]Әлі Имран.85

[3]Мәйдә.48

[4]Хаж. 78

[5] Бухарий (335), Муслим (521) Жәбірдің хадисінен риуаят етті.

[6]Бақара. 185

[7]Саф.9

[8]Нахл.90

[9]Бухарий (8), Муслим (16).

[10] Соффат.35-36

[11]Анкабут.61

[12] Анкабут.63

[13] Юнус.31

[14] Құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ.

[15]Аллаһтан басқа.

[16]Зұхруф.86

[17] Бұл хадисті имам Муслим Османнан риуаят еткен.

[18]Сод.5

[19]Хұжурат. 15

[20] Тәубе. 45

[21] Муслим р-ты.

[22]Муслим р-ты.

[23]Бәйинә. 5

[24] Бухарий р-ты.

[25]Бухарий р-ты.

[26] Анғам.88

[27] Муслим р-ты.

[28]Мұнафиқун.1,2

[29]Бухарий р-ты.

[30]Бақара. 165

[31] Бухарий р-ты.

[32]Бухарий р-ты.

[33] Имам Ахмад р-ты. Иман келтірмейсіңдер дегені: имандарың толық болмайды деген мағынаны білдіреді.

[34] Әлі ымран. 31

[35] Мұхаммед. 9

[36] Бухарий р-ты.

[37] Зүмәр.54

[38] Ибн Саъди тәпсірі.

[39] Лұқман. 22

[40] Ниса.65

[41]Хатиб және Хаким р-ты.

[42] Соффат. 35-36.

[43]Бақара. 256

[44] Муслим р-ты.

[45] Мұнафиқун.1,2

[46] Әнғам.33

[47]Ағраф. 157

[48]Ниса. 64.

[49]Нәжім.3,4.

[50]Ниса. 80

[51]Әлі имран. 32

[52]Ниса.59

[53]Нұр. 54

[54]Ниса.69

[55] Ниса. 13

[56] Жын. 23

[57] Ниса. 14

[58]Хашр. 7

[59] Пайғамдардың әміріне

[60] Нұр. 63

[61]Нәжім. 3,4

[62] Зүмәр. 33

[63]Зүмәр. 32

[64]Мүддәссір. 11-27

[65] Хашр. 7

[66] Бухарий(7288), Муслим(1337) Абу Хурайра дан риуаят етті.

[67] Яғни, оны мықтап ұстаныңдар.

[68] Абу Дауд (4607), Тирмизий (2676), Ибн Мәжжә (42,43) және имам Ахмад 28/373 (17144) Ирбад ибн Сарияның хадисінен риуаят етті.

Наши рекомендации