Практикалық 12 сабақ.

Эпистемология.

1. Таным – шындықты бейнелеу формасы

2. Адам – таным субьектісі

3. Ақиқат ұғымы. Ақиқаттың критерийлері.

Әдебиет:

1. Ғабитов Т.Х. және тағы басқалары. Философия. Алматы, 2004.

2. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2004.

Сабақтың мақсаты: Гносеологияның негізгі зерттеу мәселелерін, танымның формалары мен тәсілдерін талқылау.

Келесі мәселелерді талдау қажет:

Танудың көптүрлілігі. Білімнің қарапайым, ғылыми, ғылымға дейінгі және ғылымнан тыс формалары. Сенсуализм және рационализм. Сезімдік тәжірибе және рационалды ойлау, олардың негізгі формалары.

Танымның субьектісі мен обьектісі. Бейсубьектілі таным теориясы. Адам танымының субьектісі ретінде. Адамның танымдық қабілеттері. Алғы шарттық білім: айқын және айқын емес алғы шарттық білім, тұлғалық білім теориясы (М.Полани).

Философиядағы және ғылымдағы ақиқат мәселесі. Ақиқат мәселесінің философия тарихында зерттелуі. Ақиқаттың объективтілігі. Ақиқаттың нақтылығы. Ақиқаттың өлшемі. Ақиқат,адасу және жалған. Скептицизм және агностицизм.

Практикалық 13 сабақ.Философия адамның мәні туралы. Философиялық антропологиядағы адамның «синтетикалық» концепциясы: М.Шелер, А.Гелен, Г.Плеснер.

1. Философия тарихындағы адам мәселесі.

2. Философиядағы гуманистік дәстүр.

3. Адам, жеке адам, тұлға.

Сабақтың мақсаты: Адамның қалыптасу ерекшеліктерін, даму кезеңдерін анықтау, негізгі ойшылдарының көзқарастарын талдау.

Тақырыпты зерттеу барысында келесі аспектілерге назар аудару керек:

Еңбек құндылық ретінде. Адам және адам дүниесі. Өмір және өлім мәселесі. Адам және жаттану: себептері, мәні, тарихи формалары. Еркіндік ұғымы. Еркіндік адамның мәні және құндылығы.

Қоршаған орта бірінші және екінші табиғат деп бөлінеді. Бірінші табиғатты құрайтын адамнан бұрын пайда болған, оған дейін өмір сүрген. Оның санасынан тәуелсіз табиғат заттары, процестері және күйлері. Табиғат кеңістік пен уақытта шексіз, табиғат болмысы өзгермелі, объективті, реалды. Онсыз адам өмірі мүмкін емес, бірақ табиғатқа белгілі бір дәрежеде мән беретін, оны қабылдайтын -адам.

Екінші табиғат - адам бірінші табиғат материалдарын өз еңбегі мен білімінің көмегімен өндеуінің нәтижесінде жасаған заттар дүниесі, ол табиғи материал мен нақты индивидтердің рухани қызметінің және бұл заттардың әлеуметтік қызметтері мен міндеттерінің ажырамас бірлігі.

Практикалық 14 сабақ.Қоғамның типтері. Қоғамның әлеуметтік кұрылымы. «Мәңгілік ел» идеясы.

1. Қоғам философиялық зерттеу обьектісі ретінде.

2. Тарихтың формациялық және өркениеттік концепциялары.

3. Қоғамдық сана және оның формалары.

Әдебиет:

1. Ғабитов Т.Х. және басқалары. Философия. Алматы, 2004.

2. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2004.

Сабақтың мақсаты: Әлеуметтік философияның негізгі мәселелерінің қарастыру және қоғамның тарихи дамуы туралы концепцияламен танысу.

Тақырыптың негізгі мәселелері:

Тарих өткен шақ туралы универсалды білім типі. Тарих философиясының зерттеу обьектісі – тарих қозғалыстың бағытталғандығы мен кері айналмайтындығын танып-білу. әр түрлі заман философтары тарихтың мәні туралы. “Қоғам прогресі” түсінігі, прогрестің өлшемі.

Қоғам дамуының екі концепциясы: формациялық және өркениеттік. К.Маркстің қоғамдық - экономиколық формация теориясының мәнін сыни талдау. К.Маркс: еңбек өнімділігі мен өндіріс құралдарының прогресі қоғамдық-экономикалық формацияның қозғаушы күші ретінде.

Тарихи дамудың өркениеттік концепциялары. О.Шпенглер, А.Тойнби, П.Сорокин – тарихты сызықтық процесс деп түсінушілікке қарсы шығушылар. Тарихи дамудың қазіргі концепциялары: қоғамдардың көптүрлілігі, қоғамдық өзгерістердің сызықтық емес процестері.

Қоғамдық сана және оның формалары. Қоғамдық сана мен жеке сананың өзара байланысы жалпы мен ерекшенің арақатынасы ретінде. Қоғамдық сананың салыстырмалы тәуелсіздігі. Жеке сананың қоғамдық сананың дамуына тигізетін әсері.

Қарапайым және теориялық қоғамдық сана. Қоғамдық психология эмоциялар, қайғыру және көңіл-күй саласы ретінде. Қоғамдық психологияны зерттеудің маңыздылығы. Қоғамдық психология – белгілі бір қоғамның идеяларының, теорияларының, көзқарастарының жүйесі. Қоғамдық идеология құру механизмі. Идиологизация және деидиологизация теориялары.

Практикалық 15 сабақ.Негізгіжаһандық мәселелер.

Сабақтың мақсаты: Жаһандық ерекшеліктерін анықтау, негізгі ойшылдарының көзқарастарын талдау.

Тақырыпты зерттеу барысында келесі аспектілерге назар аудару керек:

Адамзаттың ғаламдық мәселелерінің шешу жолдарын табу үшін алдымен оның өзара тұтас байланыста бірлікте болатын адамзат қоғамдастығының дүниежүзілік проблемалар толқынының өткірлігін кеңдігін ұғынып түсініп алуды қажет етеді.

— Бұл дегеніміз барша мемлекеттер және халықтар проблемалары ортақ бір планетарлық экипаждың (ұжымның мүшесі) ретінде сезіну. Адамзаттың техногендік заманда аман сау әрі қарай өмір сүруі, саясат пен халықаралық қатынастарда зорлық-зомбылықты болдырмауға, ядролық қарусыз дүниені құруға және жалпыадамзаттық мәдени құндылықтарды мойындап, олардың әлеуметтік және ұлттық мүдделерін ең биік бірінші орынға қоюды қажет етеді.

— Дағдарысты құбылыстардан шығу жолы ретінде:

— -адам мен табиғаттың ара қатынасының алшақтығын жойып, қайта жақындату туралы гумандық және этикалық идеялар ұсынылады.

— - жалпы болмыспен, әлемдегі өзге де көршілерімізбен, жермен, ауамен, сумен, ағаштармен олардың болмыстағы орнын, өзінділігі мен субъективтілігін ескере отырып қатынас жасауымыз керек. Қазіргі кездері белең алып отырған жасылдар қозғалысы, экологиялық қозғалыстар эзотериялық өмір салты, педагогикалық және психологиялық эксперименттер қарапайым тамақтану, мәдени дем алу, шынығу, медитацияның әр түрлі формалары және т.б. болашақ әлемдік өркениеттің не оның баламасының нышандарына мән беру болып табылады.

Наши рекомендации