Адамның екі жақты антиномиялық қызметін қалай түсінесіз?

Адам-қайшылықты пенде.Оның,бір жағынан,-денесі,екінші жағынан,сана,рухы бар екенін әркім біледі.Оған да басқа тіршіліктерге сияқты су,ауа,жылу,қоректену,ұрпақ жалғастыру т.с.с. қажет.Сонымен қатар ол дүние жөнінде ойланады,өмірде өз орнын іздейді,шаттанады,қайғырады,сүйеді,жек көреді т.с.с.Егер жануарды оның инстинктері итермелесе,адам өз инстинктерін әлеуметтік нормаларға бағындырады,ол- өз-өзін бақылауға ала алатын пенде.Десек те,адамның бұл ішкі қайшылығы философияда әр түрлі шешіледі.Мысалы,орта ғасырлардағы діни философияда адамды рух ретінде өте биік деңгейге көтеріп,дене ретінде құлдыратып,тіпті жануарлардан да төмен қояды.

Жаңа дәуірдегі философияда бұл мәселе жөнінде бір-біріне қарсы тұрған(негіздеу)биологиялық және әлеуметтік редукционизмді келтіруге болар еді.

Бірінші тұжырымда адамның дене құрылысының ерекшеліктері асыра бағаланып,олар оның ішкі мән-мағынасын анықтайды деген пікір қалыптасқан.Оған нәсілшілдік,ломброзияндық,әлеуметтік-дарвинизм,әлеуметтік биология бағыттары жатады.Әлеуметтік редукционизмге келер болсақ,оның шынайы өкілі ретінде марксизмді келтіруге болады.Бұл ілімдегі түсінік бойынша,адамның терең мәнін нақтылы түрде қалыптасқан «қоғамдық қатынастар жиынтығы»құрайды,яғни ол-оның әлеуметтілігінде. И.Канттың ойынша, идеялардың үш түрi бар : олар жан-дүние, әлем және Құдай мәселелерi.

Әлем мәселесiне келер болсақ, ол жөнiнде И.Кант төрт тұжырым жасап, оған қарсы тұрған төрт пiкiр келтiредi. Ойшыл оны антиномиядейдi, өйткенi, бiрiншi тұжырым мен оған қарсы бағытталған тұжырымның екеуi де тең дәлелденедi. Осының әсерiнен зерде шешiлмейтiн қайшылыққа келiп тiреледi.

И.Канттың төрт космологиялық идеяларын осы жерде келтiрейiк :

1.Әлемнiң басталған уақыты мен кеңiстiктегi шеңберi бар, Ол шектелген – Әлемнiң уақыттық шеңбердегi басы және кеңiстiктегi шеңберi жоқ. Ол - шексiз.

2.Әлемдегi қайсыбiр күрделi субстанция тұрпайы бөлшектерден тұрады – Бiрде-бiр күрделi зат тұрпайы бөлшектерден тұрмайды. Дүниеде бiрде-бiр тұрпайы нәрсе жоқ.

3.Дүниедегi құбылыстардың бәрiн шығаратын табиғаттың заңдылықтарының негiзiндегi себептiлiк жаңғыз емес.Кейбiр құбылыстарды түсiну үшi ерiктi себептiлiктiң бар екенiн мойындау қажет – Дүниеде ешқандай ерiктiк жоқ. Дүниедегiнiң бәрi тек қана табиғи заңдылықтардың негiзiнде өмiр сүредi.

4. Дүниеге оның бiр бөлшегi я болмаса, себебi ретiнде жататын сөзсiз қажеттi мән болуы керек – Еш жерде абсолюттi қажеттi мән - дүниеде де, дүниенiң сыртында да - себеп ретiнде жоқ.

Әрине, И.Канттың жоғарыда көрсетiлген антиномияларында iргетасты философиялық мәселелер көтерiлген. Антиномияларда қарама-қарсы жатқан тұжырымдар өте өткiр түрде берiлген, сондықтан, оларды диалектикалық тұрғыдан шешуге итередi. Оның қойған бұл мәселелерiн болашақта Г.Гегель диалектикалық тұрғыдан шешуге тырысады.

Сонымен, Жаңа дәуiрде И.Кант Қайта Өрлеу заманындағы ғалымдардың iлiмдерiн жаңартып, таным жолындағы қайшылықтың iргетастығын әлемге паш еттi.

48. Трансценденталдық идеялар.Құдай,Әлем,Мен қай мағынада өмір сүреді?

Трансценденталдық (лат.transcendere – аттап өту)-схоластикада категориядан да ауқымды жоғары дегенді меңзейді.Болмысты трансценденталдық анықтау немесе трансценденталилер, схоластикалық философияның дәстүрлі категорияларынан(форма и материя) көлемі жағынан кең,олар инцитивті,қандай да болмасын тәжірибеге дейін танылатын болмыстың жалпы, сезімнен тыс қасиеттерін білдіреді.

Әлем-дәстүрлі түсінігімізде- материалды дүние, материалды объектілер,сапалық жағынан әр түрлі болып келетін материя формасының толық жиынтығы.

Кейінгі кезде бұл ұғым нақты мәніне ие бола бастады.

Әлем-космология объектісі, танымның қазіргі таңдағы дәрежесінде тек астрономиялық (бақылау және теориялық) зерттеулерге ғана өз сырын ашатын материалды дүниенің бір бөлігі 18 ғасырға дейін космологияда күн системасы, жұлдыздар табиғаты және оларға дейінгі арақашықтық туралы бір де бір фактілер жоқ еді.Ол 20ғасырдың 20ж-дарына дейін жұлдыздар әлемін,яғни Галактиканы, ал қазір Метагалактиканы зерттейді.

Құдай-дүниені жаратқан және оны басқарып отыр деп саналатын табиғаттан тыс құдіретті тіршілік иесінің қиялдағы бейнесі;иудаизмде-яхве,исламда-алла,христиан дінінде-“қасиетті үшеу”(әке құдай,бала құдай,қасиетті рух құдай).Құдай туралы түсінік қазіргі дін формасының негізі болып табылады.Дін дамуының алғашқы кезеңдерінде “құдай”ұғымы болмаған(Анимизм,Тотемизм,Фетиизм).Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы тайпалық бірлестіктердің дамуы,топтар мен мемлекеттің пайда болуы жағдайында тайпалық және мемлекеттік құдай бейнесі туды.Теология Құдай бар екенін философиялық тұрғыдан дәлелдеуге,Құдайды абсолютті идея,әлемдік ерік,әлдебір түр түссіз парасатты негіз түрінде көрсетуге тырысатын қағидаларды пайдаланады.Қазір де теологтар филос.ілімдері және жаратылыстану деректерін пайдалана отырып,Құдай идеясын жаңартуда.

Мен(философияда)-адамның...дүниеге және өзіне-өзі өзімсіне қарайтын жекелігінің,даралығының рухани орталығы.Өзінің іс-әрекетін дербес меңгере білетін және жан-жақты инициативаға қабілетті адамның өз “мені” болады.Философия тарихында көптеген концепциялар “менді” идеялдық негіз ретінде түсіндіреді.Декарт бойынща, “Мен” өзін ойлаушы субстанцияға жататын сияқты, рационалды танымның интуициялық негізі ретінде көрсетеді және осы арқылы өзінің дербестігін қуаттайды.”Менді” субстанция, тек өзін -өзі ғана емес, сонымен бірге барлық мәндіні де өзінің “Мен емесі” деп білетін абсолютті шығармашылық негіз деп санады.

Наши рекомендации