Поль брэггтің калифорнияда ажал алқабынан асуы
Ыссыда, тұздың қажетсіздігін дәлелдеу үшін, шілде – тамыз айларында, жер бетіндегі ең бір ыстық, Калифорниядағы ажал алқабына бардым. Бастапқыда, ажал алқабындағы Фэрнес – Крик – Ранчо мен Стоувпайп Уэллс, екі арасы 48 шақырым аралықты өту үшін колледжден 10 спортшы жалдадым. Мен, оларды тұз таблеткасымен, ішетін сумен қамтамасыз еттім. Бізді қорғаштап, еріп жүрген автокөлікті жанға керек тамақтарды түр-түрімен сықап толтырып алдық нан, тоқаш, ірімшік, шұжық, кептірілген ет, консервлер т.б. Қалауы бойынша, тағамның қандай түріне болмасын тұз қоса алады. Мен өзіме тұз алған жоқпын, алқаптан өткенше ашықтым. Тәжірибе шілде айының аяғында басталды. Термометр Цельсия бойынша +41 градус ыстықты көрсетіп тұрды. Біз жорыққа таңғы тоғыздардың кезінде шықтық. Күн көтерілген сайын шыжа түсті, сәскеге таман термометр +54 градусті көрсетті. Құрғақ ыстық бізді балқытып жіберетіндей сезіндік.
Жігіттер тұз дәрілерімен қоса суық суды қомағайлана сіміре берді. Таңғы аста, олар кептірілген етті ірімшікпен қоса соғып алды және кола ішті. Тамақтанудан кейін жарты сағат дем алып, жанып тұрған құмнның үстімен жорығымызды қайта жалғастырдық. Біраздан кейін мықты жігіттерде ерекше құбылыс бола бастады. Алғашында үшеуінің жүректері айнып, өңдері бозарып, әлдері кетіп, өздерін жаман сезіне бастады. Оларды мүшкіл халде Фэрнес – Крик – Ранчоға аттандырдық. Қалған жетеуі тәжірибені жалғастырды. Олар бастапқысынша тұз дәрілерімен қоса суық суды сіміре берді.Сонан соң, кенеттен бесеуінің асқазандары түйіліп, нашарлап кетті. Бұларды да Ранчоға жібердік. Оннан екеу қалды. Түстен кейін төрт болды, күн аяусыз шыжғырып тұр, жотамыз күйіп барады. Күн өтіп, қалған екі жігітте бір мезетте құлады. Оларға дәрігерлік көмек көрсетіліп, Ранчоға қайтарылды.
Тек тұз пайдаланбаған ғана мәреге жетіп жорықты аяқтады. Бұл даңқты ақсақал – қария Брэгг! Мен жолсапарда жалғыз қалып, өзімді тың, сергек қалпымда сезіндім! Мен тұз жемек түгіл аузыма нәр салған жоқпын, себебі ашықтым, тек ішкім келген кезде ғана жылы су іштім. Мен осы жорықты 10,5 сағатта аяқтадым және өзімді ешқандай да жаман сезінген жоқпын. Шатырға қонып шығып, тамақсыз, тұзсыз келген жолыммен Ранчоға жаяу қайттым. Мені мұқият тексерген дәрігерлер, менің жағдайымды өте жақсы деп тапты. Мен осы тәжірибемді Ажал алқабында, тұздың әсерін тексерем деген ғалымдар үшін қайталауға әзірмін.
Поль Брэггтің тұздың қажетсіздігін дәлелдейтін тағы бір тұжырымы
Екінші дүние жүзілік соғыс жылдары, Египеттегі немістердің Роммел басқарған африкалық корпусы Эль-Адамейнс түбінде ауыр жеңілістерге ұшырап, тіршіліксіз шөлейтпен жүздеген шақырымдарға шегінді. Соғыс аяқталып, немістер жеңілгеннен кейін, ағылшындарды таң қалдырған жәйт, тұз таблеткасымен қамтамасыз етілмесе де, неміс әскерлерінің жағдайларының жақсы болуы. Бұл оқиға да менің Калифорниядағы шыжыған күнде Ажал алқабында және басқа да ғалымдардың шөл жағдайында тұз таблеткасының қажетсіздігінің тағы бір дәлелі.
Ғылми мәліметтер бойынша, бірнеше күн бейімделгеннен кейін, адам терлегенде тұз рәсуа болмайды. Мүмкін, физиологиялық бейімделудің нәтижесінде натрий шайылмайды. Қалыпты жағдайда тұзды аз мөлшерде қосып тамақтанудың нәтижесі көрсеткендей, ыстық ауа райында тұз таблеткасын қолдану қажеттілігі асыра айтқандық.
Тұздамағанның өзінде де, табиғи натрий – жемістерде, балықтарда, етте т.б. тағамдарда жетерлік мөлшерде болады. Осы табиғи натрий ағзаның сұранысын толық қанағаттандырады. Бұған тамақтарына тұз қолданбайтын көптеген елдердің тарихы дәлел бола алады. Америкалық үндістер тұздың не екенін Еуропалықтар келмегенше білмеген. Жаңадан барғанда, Колумб және басқа атақты зерттеуші ғалымдар үндістердің денсаулықтарының өте жақсы екеніне таңырқаған. Олар тұздың, арақтың, табиғи емес тамақтардың дәмін татқаннан кейін аза бастаған.
Мен жер шарының түкпір-түкпіріндегі, адам аяғы баспайтын 13-тен астам жорықтарға қатыстым, сонда түземдіктердің тұз қолданғанын көрген емеспін. Сондықтан да олар қан қысымы ауруымен аурмайды. Жас ерекшеліктеріне қарамай, бәрінің қан қысымдары 120/80 ал бұл өте керемет. Олар сондай-ақ жүрек, бүйрек ауруларымен аурмайды.