Дістемелік нұсқау. Әдістемелік нұсқау пәннің оқу жоспары мен бағдарламасының талаптарына сәйкес
Әдістемелік нұсқау пәннің оқу жоспары мен бағдарламасының талаптарына сәйкес құрастырылған, мұнда практикальщ сабақтарға қажетті барлық мәліметтер қамтылған.
Әдістемелік нұсқау 5В011700 — Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттеріне арналған. Оқытудың несиелік жүйесіне сай студенттердің өз бетінше терең ізденіп, шығармашылықпен жүмыс жасауына негізделген.
Әдебиет теориясы пәні практикальщ сабақ барысында көркем әдебиетті, оның халықтығын, көркем бейне және оньщ жасалу жолдарын, көркем шығарманың композиңиясы мен сюжетін, өлең құрылысын, әдебиеттің тектері мен түрлерін, көркемдік әдістерді, әдеби ағым-бағыттар мен стильді қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгерлерінің шығармашылығына талдау жасай отырып, түрлі әдістерді қолдану арқылы жан-жақты түсіндіруімен ерекшеленеді. '
«Әдебиет теориясы» пәні бойьшша практикалықсабақтарда көркем әдебиеттің өзіндік ерекшеліктерін, әдебиеттің халықтығын, көркем бейне және оның жасалу жолдарын, көркем шығарманың композициясы мен сюжетін, тілі мен өлең құрылысын, әдеби үрдісті, әдебиеттегі дәстүр жалғастығы мен жаңашылдық мәселелерін, эпикалық, лирикалық, драмалық тектерді және олардың түрлерін, көркемдік әдісті, әдеби ағым- бағыттарды, стиль ерекшелігін нақты көркем шығармаларды талдай отырьш көз жеткізу негізгі нысан болып табылады.
Көркем туындыны мазмұн мен пішіннің бірлігі тұрғысынан қарастыру әдебиет теориясының негізгі принципі екенін, көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы туралы түсініктерін нақты мысалдармен дәйектеуге үйрету практикалық сабақтың ажырамас бөлігі болып есептеледі. Халықтық мұрат, ұлттық асыл қасиет, адамдық ізгілікті бейнелеу шығарманың озық идеялылығының белгісі екенін, көркем шығармалардың негізгі объектісі адам және адамның мақсат-мұраты, қуаныш-қайғысы, талпынысы мен талабы, т.б. адами құндылықтар екенін түсіндіру - практикалық сабақтарда жүзеге асырылатын негізгі мәселелер.
Студенттердің алған теорияльщ білімдерін практикалық сабақтарда, өз бетінше жасаған жұмыстарында қалай жүзеге асырғандығы - оның білім деңгейін, өзіндік ізденушілігін, қабілет-қарымын байқататын көрсеткіш.
Практикалық сабақтардың мақсаты мен міндеттері
Әдебиет пен эстетиканың егіз ұғымдар екенін, әдебиет тарихы, теориясы және сыны болып бөлінетіндігін, олардың мақсат-міндеттерін түсіндіру, эстетиканың көркемдік мәнін ұғындыру. Адам тәрбиелеу кұралы екендігін, халықтықтың екі жағын, көркем бейненің тәрбиелік-эстетикалық маңызьш ұғындыру. Мазмұн мен пішінннің ішкі бірлігін және айырмасын, тақырыптың ауқымын, идеяның түрлерін түсіндіру. Көркемдеуіш құралдардың маңызын, композиция мен сюжеттің ерекшеліктерін, сюжеттен тыс элементтердің алатын орнын ұғындыру. Тіл мен әдебиеттің байланысын, өлеңнің түрлерін, ұйқас пен ырғақ жүйесін түсіндіру. Әдебиеттің бірде өрлеп, бірде тоқырай отырып, өмір шындығын дер шағында суреттейтіндігін түсіндіру. Бейнелеудің ортақ ұстанымдарын танытуға біріге қызмет ететіндігін, эпиканың өзіндік ерекшелігін айту.
Лириканың адам сезімін бейнелеудегі маңызын және оның түрлерін, атқаратын қызметін, драманың басқа жанрларға ұқсамайтын өзіндік ерекшелігін түсіндіру. Ақиқат өмір құбылыстарын танып-бағалау, іріктеу, бейнелеу; әдіс пен ағымның ара-жігін үғьшдыру. Әдебиет пен өнердің кейде өрлеуіне жәрдемдесіп, кейде асыра сілтеп, кейін тартатын қаулылардың әсер-ықпалын байқату.
Практикалық сабақтардың мазмұны
Әдебиеттану ғыльшы жэне оның салалары туралы, алғашқы эстетикалық ой- толғамдарды, яғни сөз өнерінің туып, қальштасу тарихы жөнінде мағлұмат беру. Көркем эдебиеттің тэрбиелік, танытқьпптық, эстетикалық сипаттарын таныту. Әдебиеттің халықтығын, оның екі жағын ұғындыру. Көркем бейненің өзіндік ерекшеліктерін және оньщ жасалу жолдарын, көркемдік шындық пен омірлік шындықтың ара қатынасын таныту үшін көркем шығармаларға талдау жасату. Көркем шығарманың мазмұны мен пішінін нақты мысалдарға сүйене отырып таныту.
Поэтикалық фигуралардьщ түрлеріне көркем әдебиет мэтіндерінен үзінділер тауып келтіру. Көркем шығарманың тақырыбы жөнінде пікірсайыс өткізу. Тақырып пен идеяның арақатынасын ашу. Көркем шығарманың композициясы мен сюжетін өздері оқыған көркем әдебиеттерге сүйене отырьш айтьш беруге үйрету. Сюжеттен тыс элементтердің атқаратын міндетін, композицияға қатынасын айту. Көркем шығарманың тілі, өлең құрылысы поэзия мен көркем қара сөз; өлең сөздің өзіндік өлшем-ырғағы; әдеби процесс, дэстүр мен жаңашылдьщ мәселесі жөнінде белгілі зерттеуші-ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, өз ойларын ортаға салу. Әдебиеттің тектері мен түрлері, эпикалық тек. Лирикалық тек және оньщ түрлері. Драмалық тек, драманың негізгі жанрлары жайындағы зерттеулерді оқып, пікір айтуға үйрену. Көркемдік әдіс, әдеби ағым-бағыттар, стиль ерекшеліғі туралы әңгімелеу.