Философиялық дискурс: адамның табиғаты мен өмір сүру мәні
Дискурсивтік(лат.discursies-пайымдау)-сезінуден,қатыстылықтан,интуитивтіктен өзгеше түрдегі пайымдық,жанамалылық,логикалық,демонстративтік.Ақиқаттарды жанамалық емес және жанамалық деп бөлу Платон мен Аристотельде,ал “Дискурсивтік” термині Фома Аквинскийде кездеседі.Метафизиктер ойлаудың дискурсивтік рөлін не теріске шығарды,не оны әсіреледі.Адам-қайшылықты пенде.Оның бір жағынан-денесі,екінші жағынан,сана,рухы бар екенін әркім біледі.Оған да басқа тіршіліктерге сияқты су,ауа,жылу,қоректену,ұрпақ жалғастыру т.с.с. қажет.Сонымен қатар ол дүние жөнінде ойланады,өмірде өз орнын ізденді,шаттанады,қайғырады,суйеді,жек көреді т.с.с.Егер жануарды оның инстинктері итермелесе,адам өз инстинктерін әлеуметтік нормаларға бағындырады,ол өз-өзін бақылауға ала алатын пенде.Десек те,адамның бұл ішкі қайшылығы философияда әр түрлі шешіледі.Мысалы,Орта ғасырлардағы діни философияда адамды рух ретінде өте биік деңгейге көтеріп, дене ретінде құлдыратып,тіпті жануарлардан да төмен қояды.Адам дүние жөнінде неше түрлі ұғымдар мен бейнелерді тудырып,солар арқылы кеңістік пен уақыттың шектеуінен ой арқылы шығып кету дәрежесіне көтеріледі.Ол- заттар мен құбылыстардың ішкі сырын аша алатын пенде.Ол неше түрлі рухани құндылықтарды басшылыққа алып өмір сүреді,сонымен қатар оларды жойып,тіпті өзін жойып жіберетін кездер де болады.Ең соңында, адам өз-өзін бақылап,баға беріп,өзімен өмір мен өлім жөнінде сұхбаттаса алатын пенде.Егер жануарлар өз табиғатына сай өмір сүрсе,адам алдында “мен неге дүниеге келдім?”, “не үшін өмір сүруім керек?”, “қалай өмір сүруім керек?”деген т.с.с. сұрақтар пайда болады.Оның себебі жоғарыда көрсетілген адамның ішкі рухани өмірінде жатыр.Міне,бұл қойылған сұрақтар адам өмірінің мән-мағынасын анықтауға итереді.Адам өмірінің мән-мағынасы ғасырлар бойы талданып келе жатқан мәселе. Қоғамдық болмыс адамдардың өмірқамының нақты үдерісі болып табылады және ол болмыстың әр түрлі формаларымен – органикалық және органакалық емес формаларымен өзара байланысқа түседі.Органикалық емес материяның, тірі және әлеуметтіктің арасындағы бұл үдеріс бір- біріне өзара ықпалын, шартын тигізетін тоқтаусыз үдеріс б.т. Жердің органикалық емес әлемінің табиғи мүмкіндіктері, тірі болмыс константтары, адам тәні мен физиологиясы қоғамдық болмыс үшін белгілі бір шектеулер қоюы мүмкін, ал қоғамдық болмыстың өзі процессуалды, нақты- тарихи және меншік сипатымен, экономикалық өмірдің ұйымдасу ерекшелігімен, технологиямен, өндірістік- экономикалық қатынастар сипаты және деңгейімен анықталатын өзінің белгілі бір шектеулері бар.
55.Қазіргі әлемдік әлеуметтік-экономикалық дағдарыс мәселесі.Себептері мен шешу жолдары.Философиялық талдау Баршамызға мәлім ағымдағы әлемдік қаржы дағдарысы ешбір мемлекеттке оң қырымен танылып қойған жоқ. Қазіргі таңда әлемнің ең ірі, алпауыт елдерінің өзі қомақты қаржылық және өндірістік тоқырауларды бастан кешуде, сонымен қатар жүз мыңдаған адамдар жұмыссыз қалуда, көптеген шарушылық орталықтары жабылуда. Дағдарыстың қауіпті әсерлерінен Қазақстан да шет қалған жоқ, дегенмен де оның соққыларына қарсы төтеуге лайықты екенін де байқатып үлгерді.
Қазақстанда жаһандық дағдарыстың алғашқы толқыны былтырғы жылы байқалған болатын. 2008 жылғы Қазақстанның экономикасы дағдарыс барысында дамыды, бұл іскерлік және тұтынушылық көздердің белсенділігінің күрт төмендеуіне әкелді, сонымен қатар қаржылық секторға да әсер етіп, экономика салаларының динамикалық өсуінің бәсеңдеуіне негізгі себеп болды. Әлемдік нарықта қолданыстағы өнімдердің бағасының лезде қымбаттауы салдарынан ұлттық экономикамызда инфляциялық қысым күшейді. Осының барлығының әсерінен отандық экономикамызды тұрақтандырып, күшейту үшін Қазақстанға тиімді шаралар қолдану керектігін аңғартады.
Төрт-бес жыл бұрын біреу бізден экономикалық дағдарыс жайлы қандай да бір мәлімет сұраса, біз ойланып, бәлкім мардымды ештеңе айта алмас та едік. Ал қазіргі таңда көшеде кетіп бара жатқан кез-келген адамды тоқтатып, сұрайтын болсаңыз, бұл мәселе жайлы еш кідірместен айтып бере алады. «Адамды илейтін де, билейтін де қоғам»,-деп Энгельстің айтқанындай, қоғамдағы қалыптасқан жағдай халық санасын жаулап, соған дағдыландырды. Қазіргі қоғамда орын алған қаржылық дағдарыстың ерекшелігі – оның әлемдік жетекші қаржы жүйесінде туындауы және сол қаржы жүйесінің аталған дағдарыспен күресуге қабілетсіз болуы. Бүгінгі күні көптеген халықаралық немесе мемлекеттік зерттеу мекемелері, жеке экономисттер әлемдік дағдарысты жан-жақты қарастырып, түрлі болжамдар жасауда. Жақында АҚШ-ң Ұлттық экономисттер ассоцияциясының елуден астам мамандардың арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижесі жарық көрді. Ол бойынша, әлемдік қаржылық дағдарыс жуық арада біте қоймайды, ал оның келтірген шығындарының орнын мемлекеттер бірнеше жылдар бойы толтырмақ.
56. Қазіргі кванттық физикадағы объктивті реалдылық мәселесі. Философиялық талдау. Өрістің Кванттық Теориясы– еркіндік дәрежесінің саны шексіз көп болатын физикалық жүйенің релятивистік кванттық теория. Өрістің кванттық теориясы элементар бөлшектер физикасының негізгі аппараты болып табылады. Бұл теорияда әрбір өрісті бөлшектер коллективімен, әрбір бөлшектер жиынтығын өріске теңеп сипаттайды. Осы бөлшектердің өзара әсерлесуінен жаңа бөлшектер туып немесе бөлшектер жойылып жатады. Ең алғашқы мұндай процеске электрмагнит өрісінің (оның бөлшектерінің) сәуле шығарып немесе жұтылуы жатады. Сондықтан алғашқы өрістің кванттық теориясын кванттық электрдинамика деп атады. Ол электрондар мен фотондардыңәсерлесу теориясы. Өрістің кванттық теориясын жасаудағы алғашқы қадамның бірі Фермидің 1934жылы құрған b-ыдырау теориясы болды. Өрістің кванттық теориясында барлық физикалық өрістер бөлшектердің толқындық функциясынан құрылған операторлармен және солардың арасындағы орын ауыстыру қатынастарымен сипатталады. Бұл оператордан құралған бас бөлшектерэнергиясы мен олардың әсерлесу энергия операторлары мынадай түрлендіруге инвариантты болу керек:1) Лоренц түрлендіруі;2) СРТ – түрлендіруі;
3) колибрлік түрлендіруі;4) Эрмиттілігі.Теорияның негізгі теңдеулері көбінесе әсерлесу энергиясын бос бөлшектер энергиясынан өте аз деп есептейтін жуықтау теориясында ғана шешіледі. Бұл теория шашырау матрицасын кез келген жуықтауда есептеуге мүмкіндік береді. Бірақ, жоғары жуықтау мүшелерін есептегенде үлкен қиындықтар кездеседі. Ол мүшелердің қорытындылары шексізге ұмтылып, оның мағынасы жойылады. Қазіргі кезде ол қиындықтан шығу жолдары жасалды. Бұл әсіресе кванттық электрдинамикада іске асты. Бірақ бұл жол күшті әсерлесетін (нуклондар, мезондар) бөлшектердің динамик. қасиеті үшін тіптен үйлеспейтін болып шықты. Сондықтан өрістің кванттық теориясында да әзірге шешілмеген мәселелер бар. Сондықтан бұл теорияны толығымен құрылып бітті деп айтуға болмайды. Дегенмен Өрістің кванттық теориясында электр бөлшектердің қасиеті туралы көптеген жаңа, пайдалы қатыстар және тәжірибемен сәйкес келетін дәл есептеулер жасалды. Осы кезде бұл теорияның негізін құрайтын қағидалардың дұрыстығына дәл көз жеткізу қиын.
57.Эволюцияның синергетикалық моделі мен диалектиканың негізгі заңдарының арасындағы байланысты көрсетіңіз. Қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресі – материалистік диалектиканың негізгі заңдарының бірі.[1] Бұл заң бойынша объективтік дүниенің, танымның дамуы бір тұтастықтың бір-біріне қарама-қарсы, бірін-бірі жоққа шығарушы екі тенденция болып бөлінуі арқылы жүзеге асады. Осы қарама-қарсы екі жақтың қатынасы, бір жағынан, қандайда болсын бір тұтас жүйенің негізгі қасиетін білдірсе, екінші жағынан, сол жүйенің өзгеруінің, дамуының, жаңа сапаға көшуінің ішкі қуатын, қозғаушы күштерін сипаттайды.[2]Бір тұтастықтың құрамындағы қарама-қарсылытардың арақатынасы – диалектикалық қайшылықтар осы заңның ішкі мәнін білдіреді. Қарама-қарсылықтың бірлігінен қайшылықты жеке бөліп қарауға болмайды, себебі диалектикалық қарама-қарсылықтың әрқайсысы объективті және олардың ешбір байланыссыз, бірінсіз бірінің жеке-дара өмір сүруі мүмкін де емес. Диалектикалық қайшылық мәңгі өзгерместей қалыптасқан күйінде кездеспейді. Ол елеусіз айырмашылықтардан туып, дамудың нәтижесінде қарама-қарсылыққа айналады. Дамудың қандай түрі болса да айырмашылықтардың, қарама-қарсылықтың пайда болуы мен шешілуі арқылы өрістейді.
Арама-қарсының өзара әсері әлем қозғалысының негізгі заңы деген болжамды ертедегі шығыс және антика философиясынан кездестіруге болады.Қарама-қарсылықтың бірлігі мен өзара әрекеті жөніндегі идея немістің классикалық философиясында терең талданды. Әлемдік тартылыс пен қайта тебіліс күштерінің өзара әсері жөніндегі идеяға сүйенген Канттың космологиялық еңбектері қарама-қарсылық, қайшылық принциптерінің философиялық принциптерінің философия мәдениетке сіңуіне жол ашты. Дамудың заңдарын болмыс пен танымның жалпы заңдылығы ретінде жүйелі зертттеу кезеңі осыдан басталды. Гегель философиясында қарама-қарсылықтың өзара әсері мен қайшылықтар жөніндегі идея объективті идеализм тұрғысында болмыс пен ойлаудың жалпыланған универсалды заңды дәрежесіне көтерілді. Қайшылық Гегель ілімінде қандайда болсын дамудың қозғаушы принципі ретінде оның бүкіл философиясының негізгі арқауы болды. Қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресі жөніндегі принципі жүйелі, нағыз ғылми тұрғыдан зерттеген Маркс пен Энгельс, оны теориялық жағынан одан әрі дамытқан В.И.Ленин болды.
Бұл мәселе Маркстің теориялық еңбектерінің бәрінде, әсіресе ең басты еңбегі «Капиталда» оның ғылми-зерттеу әдісінің негізгі мәні, түйіні болды. «Капиталда» құн заңы капитал қорлану заңы, бүкіл капитал өндіріс тәсілін тұтас алғандағы өрістеу сипатын айқындау, оның ішкі диалектикалық қайшылықтарын ашу арқылы жүзеге асырылады.
58. Қоғамдық тұрақты дамудың қозғаушы күші мәселесі. Философиялық талдау. ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШТЕРІ— ңоғамнын өмір суруі мен әрекет өтуін қамтамасыз ететін мәнді, ңажетті, ұзак уақыт ықпал етотіп сөбептері. Тарихты қате түрғыдан тусінуші лер Қ. д. қ. к-ін идеалдық талаптануга, адамдардың тарихи қьгч метінің мотивтеріпе, саяси зорлыққа әкеп тірейді, оны адамнып өзгермөс табиғатылан, сыртқы ортадап, табиғаттап тыс немесе ир рационалдық күштөрден, түрлі факторлардың мех. қпыстандыруы-нан көреді. Тарихты диалөктпкалық иегізде түсіиөтін ойшылдар саяси және рухаиилыққа қатынагында Ң. д. қ. к-дің алғашқылы ғын және аныдтаушы сипатын, соиымен бірге саяси мен руханп-лықтыц бөлсенділігін, шартты дербестігін дәлолдеп берді, та-рихтың тешуші қозғаушы куші ретіндө халық бұқарасының ро-лін ашып корсетті. Қ. д. қ. к. қатарына ңоғамдық қайшыльщтар, опы шешугө багытталған әлеум. субъектілердің прогрессивті қыз-мөті, ондай қызметтің (мүқтаждық, мүдде және т. б.) т\'рткі бол-ған күштөрі жатады. Ңұрылымды-функционалдық аспөкт тұр-ғысынан Қ. д- қ. к. табигп (демогр. жопо геогр.) және қоғамдық факторларға бтэліпеді; қоғамдық фактор материалдық-экопоми-калыққа, әлеуметтікке. саясн және руханилыққа, объективті жә-нө субъективтікке жіктеледі. Басты жалпытарихтық қозғаушы күш — материалдық өмірдің опдіріс тәсілі.
ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР— адамдардың бірлөскен практика-лық және рухани қызмөті процесінде олардың арасында қалыпта-сатын қатынастар. Олар материалдық жәнө идөол. қатьгаастар^ болып екіге бөлінеді. Материалдық игіліктер өндіру адамзат ғамыныд өмір сүруі мен дамуының нөгізін құрайды. Сондықтан| барлық Қ. ң. ішінде аса маңыздылары өндірістік, экон. қатынас-| тар болып табылады. Өндірістік қатынастар барлық басқа К- Қ-—> саяси, праволық, адамгершілік, діни жэне т..б. қатыпастардың си-з) патын белгілейді. Барлық Қ. қ. өндірістік қатынастарға байла-нысты өкенін моііыпдау қоғампың тарихи дамуының зацдылық-тарын ғыл. пегіздө түсіндіріп беруге мүмкіндік берді.
Философиядағы виртуальдылық мәселесін талдаңыз.Философия-адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне, осы іспеттес мәселелер философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады. Философия сөзі грек тілінен аударғанда -даналыққа деген махаббат мағынасын білдіреді. Б.з.д. 7-6 ғ.ғ. Ежелгі Үнді, Қытай Және Грек жерлерінде бір уақытта пайда болады. Мәліметтерге сүйенсек, «философия» терминін алғаш қолданған Антика дәуірінің атақты философы және математигі Пифагор.
Философия дүниегекөзқарастың бір түрі. Дүниегекөзқарас- дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орыны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниегекөзқарас үш негізгі типтен тұрады: Мифологиялық, діни, философиялық.
Мифология (гр. Myfos-аңыз, logos-ілім)- әлемді фантастикалық және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі. Мифологиялық туындыларда әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір және өлім секілді мәселелер көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат және табиғат құбылыстарына жан бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы, адамзат баласымен араласуы т.б.
Дін- бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарас формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: Әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті туралы адамгершілік-этикалық мәселелерді алға қояды. Қоғамды игі істерге шақыруда: мәдениеттің қалыптасуына әсер етуімен қатар адам баласын сыйласымдылыққа, әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп, өзіндік парыз мәселесін түсіндіруде діннің атқарар маңызы ерекше.
Философия - дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы- нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.