Ылымның әлеуметтік тарихы нені зерттейді
Философияда ғылым ұғымының бірнеше түрлерін: ғылым-ұғыну әрекеті ретінде, әлемді танудың негізгі түрі, әлеуметтік институт ретінде бөліп айтуға болады. Ғылыми әрекет – жаңа білім алуға мақсаты бар бұл когнитивті (танымдық) әрекет. Егер өндірістік әрекеттің соңғы өнімі – тауар болса, онда ғылыми ірекетте- ғылыми деректер, болжамдар, теориялар түріндегі жаңа білім, ғылыми әрекеттің басқа әрекет түрлерінен түпкі айырмашылығы – жаңа білім алуға бағытталғандығы.Өндірістік әрекет саласында бір өнім көп рет өндіріледі, бұл ғылыми әрекетке тән емес. Ол үнемі жаңашылдыққа, белгісіздікке бағытталады және сол үшін тіршілік етеді. Ғылыми әрекеттің белгілі құрылысы бар; зерттеу субъектісі, зерттеу нысаны мен мәні, зерттеу құралдары мен әдістері,зерттеу нәтижесі. Зерттеу субъектісі – зерттеуші тұлға, зерттеу субъектісі деп тек жеке ғылыми қауымдастықты (Т.Күн) да айтуға болады. Зерттеу нысаны – ғылыми қауымдастықпен зерттелетін шындықтың бөлігі. Ғылым көп түрлі барлық әлемді тануға бағытталған, бірақ шынайы тәжірибеде тану белгілі сала бойынша жүргізіледі. Ғылым ғылыми әрекет тәжірибесі көрсеткендей,тарылмай керісінше, кеңейе беретін танылмаған сала бар екендігін түсінеді. Былай айтқанда, көп білген сайын,танылмаған, белгісіз салаға тереңірек үңілеміз. Тану мәні – тану нысанында зерттеп, үйренетін қасиеттер мен заңдылықтар. Таным нысаны өз көлемі мен мазмұны бойынша таным мәнінен кеңірек, яғни тану нысаны – белгілі тұтастық (бүтіндік), ал тану мәні осы тұтастықтың бір бөлігі . Бір нысанға қатысты бірнеше тану мәні болады, мысалға қоғам – белгілі тұтастық ретінде әр түрлі ғылымның: экономикалық, әлеуметтік, саяси және тағы басқа ғылымның зерттеу мәні болып табылады. Бұл ғылыми білімді саралау қажеттілігіне, толық негізі бар шағын мамандықтың тууына әкеледі. Алайда ғылыми танымның белгілі сатыларында синтетикалық жалпыламаның, ғылымның интеграциясы қажеттілігі туындайды, бұл әрине тану нысанындағы жетістік болып табылады. Бұнда ғылыми әрекеттің бір заңдылығы көрініс табады. Нысанды бірден тану мүмкін емес, сондықтан оны бөліктерге бөліп, зерттейді (әрине ойша). Бұл бөліктерді (бөлшектерді) тануда және олардың табиғатын тереңірек зерттеуде 59 ғылым бүтіндігі тануға өту қажеттілігіне кездеседі, бұл таным нысаны туралы жаңа сапалы білімді береді. Ғылыми әрекеттегі қазіргі жетістіктер таным тұтастығына өтумен байланысты, сондықтан приоритетті бағыттар деп ғылым «шыңында» жүргізілген зерттеулер айтылады. Мысал ретінде физикалық химия, биохимия, биогеохимия және тағы басқа сияқты белгілі ғылымдарды айтуға болады. Таным құралдары мен әдістері – ғылыми әрекеттің «құралдары» мен «аспаптары». Өндірістік әрекетте барлығы әрекет құралдары мен құрылғыларына байланысты, ал бұл саладағы жетістіктер қоғамның ірі түрленуіне әкеледі. Қазіргі қоғам ақпараттық технологияны, жоғарғы нақтылы техниканы қолданусыз мәнсіз. Ғылыми әрекетте өз кезінде телескоп пен микроскопты ойлап табу айтулы жетістік болып табылады. Эмпирикалық және теоретикалық құрамы бар қазіргі ғылыми әрекет үшін теоретикалық зерттеу құралдары мен әдістері үлкен мәнге ие болуда. Бақылау мен өлшеу сияқты зерттеудің дәстүрлі әдістері таным кеңістігін әлдеқайда кеңейтуге мүмкіндік беретін модельдеу әдістерімен толығады. Бақылау жағдайында зерттеуші зерттеу затына байланады, модельдеуде бұл шектеу болмайды, модельдер негізінде оны уақыт пен кеңістік бойынша бақылауға мүмкүндік береді, бұл әлдеқайда толық ақпарат алуға болады. Ғылыми ақпарат нәтижесі (қорытынды) дегеніміз ғылыми деректер, эмпирикалық жалпыламалар, ғылыми болжамдар мен қағидалар (теориялар). Былайша айтсақ, ғылыми әрекет өнімі болып табылады. Ғылыми деректер – анықталған және тиісті түрде көрінген (арнайы тіл негізінде) объективті үрдістер.Бұл ғылыми деректерді белгілі білім жүйесіне синтездейтін эмпирикалық жалпылау негізі болып табылады. Академик В.И Вернадскийдің пікірінше, ғылымның негізі болып табылатын ғылыми деректер мен эмпирикалық жалпыламалар ғылыми ақпараттың негізгі бөлігі, ал болжамдар мен қағидалар ғылыми деректер мен эмпирикалық жалпыламалардың дамуына байланысты уақытында түрін өзгертуді қажет ететін уақытша «құрылыс ормандары» болып табылады. Ғылыми танымның іс жүзіндегі тәжірибесі – олардың маңызы мен өзара байланысын растайды. «Құрылыс ормандарынсыз» ғылымның жаңа ғимаратын салуға болмайды. Мысалға, жаңа ойлар мен болжамдарсыз кванттық механиканың негізін құру мүмкін болмас еді. М.Планктың кванттық ойлары, Н.Бордтың постулаттары, В.Гейзенбергтің белгісіздік және 60 Бордтың қосымшалық принциптері кванттық механиканы құруға мүмкіндік берген «құрылыс ормандары» болды. Ғылыми әрекеттің үш негізгі моделі: эмпиризм, теоретизм, проблематизм оның жан – жақтылығын көрсетеді. Эмпиризм - ғылыми әрекет зерттеу мәні туралы эмпирикалық деректерді алудан басталады, одан соң индуктивтік жалпылауға әкелетін оларды логикалық – математикалақ өңдеу болады. Ғылыми әрекеттің бұл моделін Ф.Бэкон, Ст Джевонс, Г.Рейхенбах, Р.Карнап және тағы басқа ғалымдар жақтаған. Қазіргі ғылым философтары бұл модельге қарсы - ол әмбебап емес, ішкі қайшылықтары бар. Теоретизм - эмпиризмге тікелей қарама -қайшы мәнді; ғылыми ойлаудан туындаған жалпы ой – ғылыми әрекеттің негізгі шыққан пункті дегенді ұстанады. Эмпирикалық тәжірибе – негізгі теоретикалық ойды нақтылау құралының бірі болып табылады. Ғылыми әрекеттің мұндай түсінігін Р.Декарт, Г.Гегель, А.Уайтхед, қазіргі философия мектептерінде Дж.Холтон, И.Лакатос және тағы басқалар дамытқан. Прагматизмді ғылыми әрекет модель ретінде К.Поппер көрсетті. Бұл модельге сәйкес ғылым қағидалық – танымдық мәселелерді шешудің спецификалық әдісі болып табылады. Бұндай әрекеттің негізгі пункті ғылыми мәселе – эмпирикалық немесе теоретикалық сұрақ болады, ол ғылыми тілде қалыптасады, оған жаңа эмпирикалық немесе қағидалық (теоретикалық) ақпаратты алуды талап етеді. Ғылым түсінігінің бірінші аспектісі – жаңашылдық аспектісі ғылыми әрекеттің қазіргі түсіну сипаты. Ғылым жаңашыл әрекеттің маңызды бөлігі ретінде мынадай құрылымды кезекпен іске асыру ұғынылады: фундаментальды зерттеулер – қолданбалы зерттеулер – тиімді модельдер сынамалы- кострукторлық өңдемелер. Жалпы жаңашыл әрекеттің құрылымында барлық зерттеулер көлемінің 10 (пайызын) алып жатқан «фундаментальдық зерттеулер» жаңа ғылыми білімді алуға тікелей бағытталған. Алайда қазіргі қоғамды ғылыми жаңашылдық қана емес, оны өмір сүру саласында қолданатын ең тиімді жаңашылдық қызықтырады. Мысалға, ақпараттық үрдістер қағидасы бойынша теоретикалық өңдеулер белгісіздіктегі ғылыми жетістік болды, бірақ қоғам үшін олар қазіргі қоғам өмірінің барлық саласында белсенді қолданылған ақпараттық технологиялар туған соң ғана ерекше қызығушылық тудырды. Ғылым түсінігінің екінші аспектісі – ғылым қоғамда әлеуметтік институт статусына ие болумен байланысты. Ғылым 61 тек пәндік қана ұйымдасқан жоқ, сондай-ақ әлеуметтік жағынан ұйымдасқан. Бұның негізгі көрінісі ғылыми қызметкердің мәртебесі, жоғарғы білікті мамандарды дайындау жүйесі болып табылады. Жеке қызығушы ғалымдардың уақыты өткен; ғылым иерархиялық құрылымы бар маңызды әлеуметтік институт болды. Ғылым түсінігінің үшінші аспектісі мәдениет саласымен байланысты. Мәдениет жүйесіне дін (религия), философия, сана- сезім, өнер жатады. Көптеген зерттеушілер ғылым мәдениет жүйесінде үлкен мәнге ие болады және оның әсер ету саласы кеңейе түсетінін айтады. Білім жүйесі, экономикалық әрекет, әлеуметтік және саяси болжам, әлемді танудың фундаментальдық мәселелерін әзірлеу қазіргі уақытта ғылымсыз мүмкін емес. Ғылым – мәдениеттің басқа бөліктерімен өзара байланысты мәдениеттің шектеу бөлігі болады, онсыз оның дамуы мүмкін емес, ғылым қандай сілтеме негізінде дамитынына да байланысты. Жалған сілтемелер негізіндегі позитивизм әлемді тануды ғылыммен алмастырғысы келген уақытта болған. Ақиқат «саналы» болды, сонысымен қажетті болды. Ғылым – мәдениет бөлігі ретінде өзіндік ерекшеліктерімен қызметі бар, өзіндік орны бар. Ол мәдениеттің басқа құрама бөліктерінсіз мәнсіз, мысалға ағаш бұтақтары тамырсыз және діңгексіз тіршілік ете алмайтын сияқты. Яғни, ғылым - философия, дін, сана, өнер сияқты мәдениет «тамырына» жатады. Әсіресе бұл ғылыми әлемді тануға қатысты болады. Ғылымның негізінде адамның әлемге өзгеше қатысы жатыр. Әлемді эстетикалық ұғынуға, оның әдемілігімен гармониясын қабылдауға, бейнелік образдар мен түсініктер негізінде көрсетуге болады. Әлем табиғаты, оның субстанциялдық негіздері, ғаламдағы адамның орны, өмірдің маңызы мен адам қызметі туралы сұрақтарға жауап іздеп, әлемді философия тарапынан қарастыруға болады. Әлемді тану – түсініктердің, нанымдардың, зерттеулердің, эстетикалық және рухани-саналық бағалаулардың күрделі жүйесі болып табылады. Әлемді қалыптастыруда ғылым ерекше орын алады.