Илософия – бұл дүниеге көзқарас формасы ретінде төмендегі қай ұғымға сүйенеді? 4 страница
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ «ФИЛОСОФИЯ. АНТРОПОСОЦИОГЕНЕЗДІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ»
дәріс.
Философия социомәдени феномен ретінде
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Дүниеге көзқарас -объективтік дүниеге, болмысқа, адамға және тіршілікке деген неғұрлым жинақталған,қорытылған біртұтас көзқарастар мен қағидалар.
Дүниеге көзқарас түрлері-
Ø Әдеттегі, қарапайым, күнделікті өмірлік көзқарас;
Ø Діни көзқарас;
Ø Философиялық дүниеге көзқарас;
Адамзат тарихында дүниеге көзқарастың негізгі үш формасы көрініс тапты:
Ø Мифология;
Ø Дін;
Ø Философия
Мифология (грекше мифос-аңыз, шежіре; логос-сөз, ілім)-алғашқы қауымдық қоғамға тән дүние туралы қияли - ғажайып, танымдық қоғами сана формасы.
Әдетте, миф мына негізгі мәселерге көңіл аударады:
Ø Әлем, жер және адамның пайда болуы;
Ø Табиғи құбылыстарды ұғыну;
Ø өмірдің, тағдырдың, адам өлімінің себеп- салдары;
Ø ұждан, парыз, әдеп пен әдет мәселелері;
Мифтік белгілерге мыналар жатады:
Ø табиғатты адамиландыру;
Ø әпсаналық құдайлардың болуы, олардың адамдармен қоян-қолтық араласуы;
Ø абстракциялық ойлаудың(рефлексияның) болмауы;
Ø мифтің нақты өмірлік мәселелерге (шаруашылыққа, табиғи апаттан қорғануға және т.б. ) практикалық бағытталуы;
Ø мифологиялық көріністердің біркелкілігі, жұтаңдығы.
Дін -жаратылыстан, адам мен адамзаттан тыс трансценденталдық, құдіретті күшке сенуге негізделген дәстүрлі қоғами сана формасы.
Діни көзқарасқа қоршаған ортаны сезімдік, бейне -эмоциялық, тылсымдық (бейрационалдық) формада қабылдау тән.
Дін мына мәселелерді қарастырады:
Ø Құдайдың бар екеніне шәк келтірмеу;
Ø Әлемнің, жаһан дүниенің, адамның, фәни мен бақидағы өмірдің, барлық тіршіліктің пайда болуы, жаратылуы;
Ø табиғат құбылыстарын өздігінше ұғыну;
Ø адам тағлымы, тағдыры мәселесі;
Ø Әдептілік- этикалық мәселер.
Негізгі әлемдік діндер:
Ø христиандық;
Ø буддизм;
Ø ислам;
Әлемдегі ірі және неғұрлым кең тараған ұлттық діндер:
Ø синтоизм;
Ø индуизм;
Ø иудаизм.
Дүниеге көзқарастан өзге, дін мына функцияларды атқарады:
Ø біріктіруші(бір идея төңірегінде қоғамды ынтымақтандыру);
Ø мәдени -танымдық(белгілі бір мәдениетке ықпал ету);
Ø әдептілік-тәрбиелік (қоғамда адамға деген сүйіспеншілік, махаббат, кешірімділік, адалдық, ізеттілік, төзімділік, борыштық).
Философия - (грекше филео-махаббат, құштарлық; софия-даналық)-қоғамдық сананың ерекше формасы, дүниеге көзқарастың ғылыми - теориялық түрі, болмыс пен сананың жалпы принциптері, адамның адамға, дүниеге қатынасы туралы әмбебап ілім, ойлау туралы ойлау.
Философиялық дүниеге көзқарастың мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы:
Ø білімге негізделген (қиялға, сенімге емес);
Ø рефлексиялық(ойлаудың өзіне -өзі бағытталуы);
Ø логикалық(бірізділікті, жүйелі);
Ø нақты ұғымдар мен категорияларды тірек етеді, сүйенеді.
Сөйтіп, философиядүниеге көзқарастың жоғарғы деңгейі мен түрі,оған рационалдық, жүйелілік, логикалық пен теориялық зерделеу тән.
Философия дүниеге көзқарас тұрғысында өзінің эволюциялық дамуының мына үш кезеңінен өтті:
Ø космоцентризм;
Ø теоцентризм;
Ø антропоцентризм;
Космоцентризм деп қоршаған ортаны, табиғат құбылыстарын, тіршілікті жасаушы дүлей, шексіз сыртқы күш - Ғарыш, барлық өзгерістер ғарыштық айналым арқылы жүзеге асады деп түсінетін философиялық көзқарасты айтады (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, басқа да Шығыс елдері және Ежелгі Грекия).
Теоцентризмдеп барлық тіршіліктің мәні дүниеден тысқары тұрған тылсым күш - Құдайда деп түсінетін философиялық көзқарас түрін айтады (Ортағасырлық философияға тән).
Антропоцентризмдеп адам мәселесін негізгі мәселе деп қарастыратын философиялық көзқарас түрін айтады(Еуропалық Қайта өрлеу, жаңа және қазіргі заман философиялық мектептер).
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: философия, мифология, фетишизм, тотемизм, анимизм, дін, гносеология, онтология, объективтік идеалазм, субъективтік идеализм және т.б.
Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
илософия – бұл дүниеге көзқарас формасы ретінде төмендегі қай ұғымға сүйенеді?
А) Сезім мен елестеуге.
В) Ақыл мен ойлауға.
С) Жоғары табиғи көштерге сену.
D) Эмоция мен түйсікке.
Е) Сенім мен болжауға.
2. “Философия” грек тілінен аударғанда:
А) өмір.
В) Махаббат.
С) Дүниеге көзқарас.
D) Даналыққа құштарлық.
Е) Зерде.
3.Философиядағы табиғат философиясының бағыты:
А) Саясат туралы ілім.
В) Жаратылыстану.
С) Зерде туралы ілім.
D) Натурфилософия.
Е) Табиғаттану.
4. Ой туралы ғылым:
А) Логика.
В) Методология.
С) Гносеология.
D) Онтология.
Е) Аксиология.
5. Мына сұрақтардың қайсысы философиялық:
А) Неге теңіз тұзды?
В) Электр тогы магнитті алаңды құра ма?
С) Марста өмір бар ма?
D) Дүниені тануға бола ма?
Е) Аспан неге ашық?