Ресейдегі ғылым. М.В.Ломоносов

Капитализмнің даму процесі әр елде өзіндік ерекшелігімен болды. Ресейде петрдің реформаларының нәтижесінде өнеркәсіптер құрылып, сыртқы және ішкі сауда дамыды.

Петр I мемлекеттің дамуы үшін ғылымның орны ерекше екенін түсінген. Ол шет елдерге іс-сапармен барғанда Лондон мен Париждегі ғылым ұйымдарымен танысты. Неміс ғылымының өкілі Лейбницпен жақсы қарым-қатынаста болып, Ресейде жоғары ғылым мекемесін ұйымдастыру мәселелерімен ақылдасты. Сол уақытта осы сияқты екі мекеме құрылды: Лондондағы Корольдік қоғамы мен Париждағы ғылым Академиясы. Лондондағы Корольдік қоғамы Корольдік қоғам болғанымен, ғылыми мекеменің керек-жарағына қаржы салған жеке тұлғаларда құрамына кірді. Ал Париж Академиясы корольдің ақшамен қаржыландырылды, академиктер зейнетақы алып, король қызметкерлерінің қатарында болды. Петр I париждіктердің нұсқасын таңдады. Бірақ ол академияның ұлттық ғылым кадрін дайындау мәселелерін шешкенін қалады. Оның үкімі академияның жанына гимназия мен университетті орналастыруды көздеді.

Алайда академиктер педагогикалық міндеттерді орындауды қаламады. Акдемиялық оқу орындары болғанымен, өзінің қызметін толық атқармады. Соңында білім беру академиямен байланысы жоқ, мамандандырылған орта және жоғарғы оқу орындарында қалыптасты. Осылайша, 1755 жылы Мәскеуде Ломоносовтың бастамасымен университет құрылды. Қазіргі кезде бұл университет өзінің негізін қалаушысының есімімен аталады.

Академияның алғашқы жылдарында ұлттық кадрді дайындау мәселесі шешілмеді. Осы кезде М.В.Ломоносов бұл жағдайды дұрыстау үшін бар күшін салды. Академияда көптеген жылдар бойы алдыңғы рольді неміс ғалымдары ойнады, сондықтан да орыс және шетел ғалымдарының арасындағы күрестің нәтижесінде ғылым Академиясының дамуы баяу болды. 1728 жылдың 28 қаңтарында ғылым Академия мекемесінің жарғысына Петр I қол қойды. Жарғының қол қойылуына бір жыл толғанда Петр I қайтыс болды. Бұл кезең академияның дамуына қолайсыз болды.

1725 жылы Петербургте жиналған ғалымдар мықты ғылыми ұжым құрды, оның ішінде ерекше танылған ғалымдар Д.Бернулли және Л.Эйлер болды. Даниил Бернулли 1738 жылы шыққан әйгілі «Гидродинамиканың» авторы болып танылады. Осыдан кезден бастап оқулықтарға «Бернулли теңдеуі» енді.

1728 жылдан бастап ғылым Академиясы «Commentarii» ғылыми журналын шығара бастады. Бұл журналда мақалаларын жариялау шет елдік ғалымдарға үлкен құрмет еді. Бірақ қолайсыз саяси жағдай жас академияның жұмысына кедергі болып, академиктер, яғни Бернулли және Эйлер, Герман мен Крафт шетелдерге кетті. Осы кезде академияға болашақ бірінші академик М.В.Ломоносов келді.

Михаил Васильевич Ломоносов 1711 жылы 20 қарашада Холмогор Архангельск губерниясының жанындағы Мишанинская ауылында дүниеге келді. 1730 жылы Мәскеуге білім алуға аттанып, сол кездегі жоғарға оқу орны – Заиконоспасскалық діни академиясына түсті.

Ломоносовтың шығармашылық қызметі өзінің қызығушылық өрісінің кеңдігімен және табиғат сырларына терең енуімен ерекшеленеді. Оның зерттеулері математика, физика, химия, Жер туралы ілім, астрономия салаларына жатады. Бұл зерттеулердің нәтижелері қазіргі заманғы жаратылыстанудың негізін салды.

1756 жылы М.В. Ломоносов химиялық реакция кезіндегі массаның сақталу заңының жалпы негіздік сипатына назар аударды. 1741-1750 жылдар аралығында өзінің корпускулалық (атом-молекулалық) ілімінің негізін жариялады, бірақ ол тек 100 жылдан кейін ғана дамыды. 1744-1748 жылдар аралығында жылудың кинетикалық теориясын ұсынды. 1747-1752 жылдар аралығында химиялық құбылыстарды ұғындыру үшін физиканың қажеттігін түсіндірді және химияның теориялық бөлімі үшін «физикалық химия», тәжірибелік бөлімі үшін «техникалық химия» атауларын ұсынды.

Оның еңбектері табиғи философияны тәжірибелік жаратылыстанудан бөліп қарайтын ғылымның дамуына негіз болды. 1748 жылға дейін Михаил Васильевич Ломоносов көбінесе физикалық зерттеулермен айналысты, ал 1748-1757 жылдар аралығында оның еңбектері негізінен химияның теориялық және тәжірибелік мәселелерін шешуге бағытталды. Атомдық түсініктерді дамыта отырып, ол алғаш рет денелердің «корпускулалардан», ал олардың өз кезегінде элементтерден тұратындығы туралы пікірін айтты. Бұл тұжырым қазіргі заманғы молекулалар мен атомдар туралы түсініктерге сәйкес келеді.

Ол салыстырудың нақты әдістерін жасап шығарды, сандық талдаудың көлемдік әдістерін қолданды. 1756 жылы пісірілген түтіктерде металдарды күйдіру тәжірибесін жасау кезінде олардың салмағы қыздырудан кейін өзгермейтінін көрсетті және Р. Бойльдің металдарға жылулық материя қосылуы туралы ойының қате екендігін көрсетті.

Денелердің сұйық, газ тәрізді және қатты күйлерін зерттеді. Ол газдың кеңею коэффициентін айтарлықтай дәл анықтады. Тұздардың әртүрлі температурадағы ерігіштіктерін, электр тогының тұздардың ерітінділеріне әсер ететіндігін зерттеді, таза еріткішпен салыстырғанда тұздарды еріту және ерітіндінің қату нүктесін төмендету кезінде температураның төмендеу деректерін анықтады.

Әртүрлі аспаптарды (вискозиметр, вакуумдық сүзу жабдығы, қаттылықты анықтайтын құрылғы, газды барометр, пирометр, жоғары және төменгі қысымда заттарды зерттеу қазандығы) ойлап тапты, термометрлерді жеткілікті дәлдікпен градуирледі.

Көптеген химиялық өндірістердің (бейорганикалық пигменттердің, глазурлердің, шынының, фарфордың) негізін қалаушы. Мозайкалық суреттерді жасау үшін қолданған түсті шынылардың әдістемесін және технологиясын әзірледі. Форфорлық массаны ойлап тапты. Кендерді, тұздарды және басқа өнімдерді талдаумен айналысқан. «Металлургияның алғашқы негізі немесе кендер ісі» еңбегінде әртүрлі металдардың қасиеттерін қарастырды, оларды бөлу және алу әдістерін сипаттады. Химия бойынша басқа әртүрлі жұмыстармен қатар бұл еңбек орыстың химиялық тілінің негізін қалады.

Табиғаттағы әртүрлі минералдардың және кенсіз денелердің пайда болу мәселелерін қарастырған. Топырақ гумусының биогенді түзілу идеясын айтқан. Мұнайдың, тас көмірдің, торфтың және янтарьдың органикалық түзілуін дәлелдеген. Темір купоросының, мыстың мыс купоросынан, күкірттің күкіртті кендерден, кварцтың, тұз, азот жәнекүкірт қышқылдарын алу үрдістерін сипаттаған.

Орыс академиктерінің алғашқысы болып химия және металлургия бойынша кітаптар («Физикалық химия курсы», 1754 ж.; «Металлургияның алғашқы негізі немесе кендер ісі», 1763 ж.) дайындады.

1755 жылы Мәскеу университетін құрудағы еңбегі зор, оның оқу бағдарламасын және жобасын өзі жасаған. Оның жобасы бойынша 1748 жылы Петербург Ғылым Академиясының Химия зертханасын салу құрылысы аяқталды. Қазіргі заманғы орыс әдеби тілінің негізін жасады. Ол ақын және суретші болған. Тарихтан, экономикадан, филологиядан бірқатар еңбектер жазған.

Наши рекомендации