Жұмысының тақырыптары
1-тақырып: Әдебиет теориясы - әдебиеттану гылымындагы жетекші сала Тапсырма түрлері:
1. «Әдебиет» сөзінің мағынасы, маңызы бүгінгі таңда толық өз сипатында ма, әлде нарықтық заманның шылбырын сүйретіп жүрген немесе саясаттың қолшоқпарына айналған жансыз дүние ғана ма? Пікірталас жүргізіңіз.
2. Көркем әдебиеттің табиғатын небір көркем сөз шеберлері асыл сөз маржандарын тере отырып, тамсана, таңдана отырып, ерекше қасиеттерін саралай отырьш баға бергені белгілі. Соған сіздің өз тарапыңыздан ФИЛОЛОГ ретінде берер бағаңыз, бұрынғы айтылған пікірлерге аларыңыз немесе қосарыңыз бар ма? Ойтолғаңыз.
3. Өнердің осы бір түрі ретіндегі сөз өнерінің өзіндік ерекшеліктері жөнінде теориялық еңбектерде (Бахтин, Поспелов, Байтұрсынов, Қабдолов, Жұмалиев т.б.) құнды пікірлер берілген. Солардың барлығы шындыққа толық жанаса ма, сіз болашақ филолог маман ретінде барлық өзіңізге дейін айтылған пікірлермен келісесіз бе? Келіспесеңіз қай пікірге сіздің көзқарасыңыз қайшы келеді? Нақты көрсетіңіз.
Проблемалық сұрақ:
- Көркем эдебиеттің өнер ретіндегі өзіндік ерекшеліктері мен көркемдік-идеялық мәнін, қоғамдық сипатын бүгінгі таңдағы әдебиеттің халықтьщ, таптық, әлеуметтік мәнін салыстыруға бола ма?
-Әдебиет түрлерінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліғі бар екендіғі белғілі. Солардың ішінде қайсысы бүгінгі күннің өзекті мәселесін сомдауда маңызды?
-Әдебиет теориясы ғылым ретінде зерттейтін мәселелерінің аумағын бүгінгі ғаламдық мәселелерді (саяси, діни т.б.), құндылықтарды қамтиды деп ойлайсыз ба?
- Өнер түрлерінің өзара қарым-қатынасы қандай? Әдебиеттанудың ғылым ретінде зерттейтін обьектісінің өзге өнер түрлері айырмашылығы қандай?
- Әдебиеттің өз спецификасы қандай?
- Әдебиеттің танымдық эстетикалық мәні неде?
- Әдебиет пен ғылымның танымдық мәні. Екеуінің ортақ және дара қасиеттері қандай?
- Әдебиет пен тарих танымдьщ тұрғыдан бірін-бір толықтыра ма?
-
2-тақырып: Көркем бейне және оның жасалу жолдары Тапсырмалар:
1. Көркем шығармада қандай мінездеу түрін қолданған ұтымды? Шағын эпикалық тектің түрі бойынша жұмыс жасап, өз тәжірибеңізде тура немесе жанама мінездеуді пайдаланып, досыңыздың характері, көзқарасы жөнінде жазып көріңіз.
2. Мінездеудің қай түрі реалисттік өнерге тән?
3. Фабуланың көркем шығармадағы оқиғалар қатары ретіндегі маңызы қандай?
4. Сюжеттің атқаратын басты көркемдік-идеялық функциясы қандай?
5. Композицияның жанрлық түр ретіндегі ерекшелігі қандай?
6.Мәтінде кейіпкердің көңіл-күйі қандай суреттеу тәсілімен берілгенін анықта: "Ой, дүние- ай! Тым болмаса, жасаған осындай бір жалбыр шашты қимады ғой ! Дүниеде баладан қызық, баладан тәтті не бар дейсің ! Қуарған қу бас өмір-бейне жапырақсыз ағаш. Онда не көрік, не сән бар? Баласы болса, Ұрқия да осындай кемзал тігіп, кигізбес пе еді? О да тана-моншакқа омырауын саусылдатпас па еді! Ой, балашіркін-ай! Неден ыстық болды екен...
7.Мәтінде суреттеу тәсілінің қай түрі қолданылған: "Инеліктей қатқан қара кісі ақ отаудан шыға келді де, алақ-жұлақ қарап кішкене тұрып, үмтыла басып жерошақ басына барды. Жерошақ басында бір әйел отты түрткілеп отыр, екі беті ісік секілденіп баржиған, денесінің бәрін май басып, үстіндегі киімі сөгіліп кететіндей боп тырсылдап тұр.
8.Мәтінде мінездеу тәсілінің қай түрі қолданылған: „Салтанаттың жиған жүгі қандай? Ұстаған үйі қандай? Жайнап түрған бір сарай! Не кием, не ішем деп әуре болмайды. Сүтті пісірер алдында жалпақ табақтарға құйса, қаймағы да көп түсетінін біліп алған. Ел бір жазда екі-үш сиырдан бір-екі қарын майды әрең жиса, бұл жалғыз сиырдың өзінен төрт-бес қарын май алып, өзі де қарық болып, қалғанын сатып дүние жиып отырғанын көресің. Бір сабақ жібі далаға кетпейді ғой. “
9.Мәтінде мінездеу тәсілінің қай түрі қолданылған: „Сұңғақ бойлы. Жүзі жылы, тартымды. Қыр мұрынды, қой көзді. Жігіттің сұлтаны дерсің. Той томалақ, жиылған жұрттың сәні. Өзімен тілдесіп, ой бөліскен адам „дүниеде ең қымбат нәрсе - адам“ деген қағиданың жай айтылмағанын сезініп, осы қағидаға сенімі нық орнайды. Біреуге жалпақтап жағайын демейді, шертиіп менсінбей де тұрмайды. Жайдары мінезді нағыз жайсаң жан. Жас шамасына қарамастан, парасатты. Алуан түрлі мінездерді де көрген шығар. Пайымдауы сұмдық. Нығырлап өз қөзқарасын таңбайды. Өзі де сөйлейді. Сені де сөйлетеді. Тыңдай да, сөйлей де біледі. Қызықты жан.