Гегель философиясы бойынша әр халық еріктілік ұғымын қай деңгейде түсінсе соған сай қоғам құрады.

Гегель өз ілімін жаңа негіздерден алып шығады. Өзіне дейінгі ойшылдармен салыстырғанда Гегель болмыстың жаңа түсініг береді. Гегель болмысты субъект ретінде түсінді. Шынайы субъект Абсолюттік идея болып табылады.

Әрбір табиғи зат , қоғам және адамның рухани өмірінің құбылыстары Абсолюттік өзіндік өзгеруінің диалектикалық үдерісі ретінде көрінеді және ол қажетті.Осылайша, Гегель Канттың табиғат және еркіндік деген салаларға бөлген жіктеуін қабылдамай, жаңа нұсқа ұсынды.Гегельдің ойынша мәденилену ретінде, өзінің табиғи және индивидуалдық шектеулілігін , партикулярлық және жеке мүдделерді игеріп, оны жалпылыққа дейін көтеру үдерісі ретінде көрінеді. Әлемдегі адам болмысы мақсат өоя білу және оған жету қабілеттерімен , тек ішкі рухани тұрғыда еркіндікке ие болу ғана емес , қойылған мақсаттарды жүзеге асыра отырып, нақты практикалық тұрғыда ад еркіндікке ие болумен сиаптталады.Еркін рух өзінің жүзеге асуын нақты өмірден, тарихтан, объективті рух саласынан табуы тиіс. Еркіндік дейді Гегель, танылған қажеттілік болып табылады. Адам ақыл ойдың көмегімен әлемді , оның заңдарын тани отырып , оны өзгертуге қабілетті, әлемді бағындыруға өз күші мен қуат жігерін жұмсай отырып, өз үстемдігін орнатуға қабілетті. Адамның өзі өзгертіп құрған әлемі еуропалықтың әлемі б.т. және ол өзге халықтар үшін Канон болып саналады. Бұл әлем «адам өзінің сана сезіміне толық қолы жеткен , ешқандай бқгет, кедергі жоқ деп саналатындай өзіндік сенімнің дәрежесіне ие болған, және, сондықтан барлық нәрселерден өзінің қатысын көре алатын ақыл ойдың әлемі болып табылады. Сондықтан мұнда білімге деген шексіз ұмтылыс үстемдік етеді.»

Позитивизм «Өлшенбейтін ұғымдардың барлығы ғылымға жатпайды» деген ұраннан басталды. Осы тұжырымдама қай жағынан дұрыс, қай жағынан бұрыс.

Позитивизм дұрыс пікір болып дүниеге келді, оның негізін салған Огюст Конт және Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер. Бұл философияның негізі Д.Юм мен И.Кантқа тіреледі. Олардың мақсаты – ғалымдарды толып жатқан алдын ораған ойлардан, былайша айтқанда, философиядан азат ету. Олардың пікірінше, әрбір ғылым өз алдына философия.Сол ғылымдарды зерттеу қажет. Позитивизм – идеалистік философия, оның ішінде субьективтік идеализм. Позитивизм эволюциясы үш кезеңнен өтті. Бірінші кезеңі – позитивизм, екінші кезеңі – эмпириокритицизм, үшінші кезеңі – неопозитивизм немесе логикалық позитивизм. Позитивизмнің пайда болуына әсер еткен Гегель диалектикасының дүниеге келуі. Диалектиака метафизиканың кемшіліктерін айқын көрсетті. Одан соң, сол кезге дейінгі философия ғылымдардың ғылымы делініп келді.Бірақ нақты ғылымдардың тез қаулап дамуы философияның енді ғылымдардың ғылымы емес екенін айқын дәлелдеді. Осы себепті арнаулы философиядан бас тартып, жаңа жол іздестіріле бастады. Эмпириокритицизмді жақтаушылар біздің санамыздан тыс объективтік өмір бар, бірақ ол біздің сезімдеріміздің жиынтығы, қосындысы, деді. Эмпириокритицизм позитивизмге қарағанда шындықтан әлдеқайда алшақ. Эмпириокритицизм біздің сезімімізден тыс ешнәрсе жоқ, барлық дүниені біздің сезіміміздің нәтижесі деп қорытынды жасап, объективті өмірді субъективті сезімге айналдырды. Позитивизмнің үшінші түрі неопозитивизм немесе логикалық позитивизм. Ол XX ғ. 20-жылдары дүниеге келді. Өкілдері: Морис Шлик, Рудольф Карнап, Отто Нейрат, Филипп Франк, т.б. Бұлар өз ойларын қатаң түрде ғылыми логикаға негіздемек болды. Осыдан келіп математикалық логика дүниеге келді. Сондай-ақ, әрбір сөздің мағынасын ашу мәселесі, ақырында, себептілік, қажеттілік, мүмкіндік, бөлшек, т.б. категориялар мәселесі туындады. Неопозитивистер ғылыми пікір айтудың екі жолы: эмпирикалық және логикалық-математикалық жолы бар, деді. Тек қарап, көзбен көру қажет әдісті эмпирикалық әдіс дейді. Ал егер көзбен көруге болмаса, онда логикалық-математикалық әдіс қолданылады. Оны тавтология деп те атайды. Неопозитивистер ғылымдардың объективті заңдылықтары болатынын мойындамайды.Ғылым заңдары абсолют емес. Ғылымдарды ғалымдардың субъективті топшылауы деп тұжырымдады.

Наши рекомендации