Арықтықтын көтерем болған келiншектiң толып қалпына келуi

Әдемiлiк – азат жанның және мықты денсаулықтың жемiсi. Л.Шеффер

Ол әлсiз шала болып туды. Туғанда салмағы 2 килограммға толмады десем қателеспеймiн. Менiң жұбайымды кiшкентай күнiнен бастап шешесi мол мөлшерде сүт, кiлегей, еттiң түр-түрiн, картофель, күрiш, самса және т.б. өзiнiң пiкiрiнше салмақ қосатын тағамдарды жегiздi. Жылдар өттi, Рахпар екеумiз қосылдық, екi сәби өмiрге келдi, жаман тұрғамыз жоқ. Мен колхозда бас маман, ол мұғалiм болды. Бiрақта жылдар өте келе осы тағамдарды көп жеген сайын шибiйiп, әлсiреп аурушаң бола бердi. Кей кезде әлсiрейтiнi соншалық, төсектен тұра алмайтын. Осы кезеңнiң өзiнде де салмақ қосатын мәзiрде отырды.

Өзiм қатты ауырып ашығу арқылы денсаулығымды түзеп алдым. Рахпар мектепте сабақ бердi, құп-қу, жiңiшке, арық және өте әлсiз едi. Сабақ берiп келгеннен кейiн, мұрттай ұшып төсектен тұрмайтын.

Рахпарға өзiмнiң бағдарламамды айтып, көмегiмдi ұсындым. Ол табиғи өмiр сүру нәтижесiнде менiмен болған өзгерiстi аса ғажап санап, менiмен келiстi. Алғашқы ұзақ 21 тәулiк ашықаннан кейiн шашымның ағарғандары жойылып қап-қара болып, өзiм жасарып шыға келдiм. Мен оған, ағзаға физиологиялық демалыс беру және ас қорту жүйесiн жаңалау үшiн дүркiн-дүркiн ашығу әдiсiн қолдану керектiгiн түсiндiрдiм. Тазалау – ақуызды (белокты) көп мөлшерде сiңiруге қажет асқазан сөлiн көбейтедi, тек қана ақуыздың сiңiрiлуi жақсармайды, ашығудың нәтижесiнде бүкiл ас қорту жүйесi жаңаланып, жұмысын жақсартады. Өмiрдiң мәнi болып табылатын зат алмасу ағымы, жасаушадағы химиялық өзгерiстер, өлген заттың орнын жаңа зат басуы, нәтижесiнде өмiр сүруге қажет қуат шығарылуы, осылардың бәрi де ашықаннан кейiн тiптi тамаша жүре бастайды.

Тамақтың тiрi затқа айланып, сонан соң қуатқа айналуы, ашықаннан кейiн ет талшықтарының молайуына, ұлғайып көбеюiне әкеледi. Ашығу – ағзаның белокты, майды, көмiртектердi, қантты, минералдарды, витаминдердi және т.б. ағзаның жақсы жұмыс iстеу үшiн керектi заттарын сiңiруiне көмектеседi.

Рахпар таза сумен толық жетi күндiк ашығуды бастады. Ол табиғаттың оның ағзасын тазалайтынына және ас қорту жүйесiнiң тазалануы оған жаңа дене беретiнiне шүбәсiз сендi. Алғашқы жетi күнде бiраз салмағын жоғалтты, бiрақ ашығуды аяқтағаннан кейiн тәбетi керемет ашылды. Апталық физиологиялық демалыс оған таңқаларлық нәтижелер әкелдi. Ол өзiн әбден жалықтырған майлы тамақ пен еттiң орнына, қазiргi жеген тамақтарына дән разы болып, тамақ жеуге өмiрiнде бiрiншi рет қуанғанын айтты. Оның тамағының құрамының 50 пайызы шикi көкөнiстерден, күнбағыстың дәнiнен және жемiстерден болды. Қосымша қайнатылған көкөнiстер, бөрттiрiлген бидай, жаңғақтар т.б тамақтарға көштi. Бiрiншi ашығудан кейiн, 3 аптадан соң келесi 10 тәулiктiк ашығуды тағайындадым. Бұл оның жаңа өмiрiнiң басталуы едi. Ол тола бастады. Менiң арықтықтан көтерем болған жұбайым әдемi, әйелге айланды. Денесiнiң әрбiр мүшесi жаңадан қайта жасалғандай көрiндi. Бетi шырайланып, нұрланып, көзiнде сәбилерге ғана тән ұшқын пайда болды. Бiздiң бауырларымыз, достарымыз, көршiлерiмiз Рахпардың бұлай өзгеруiне таң қалды. Менiң жұбайым, өзiнiң әдемiлiгi мен сұлулығын ұзақ жылдар бойы әлi күнге дейiн өзгерiссiз сақтауда.

Мен оған таза ауада, күн сәулесiнде жиi болып тұруды және 20 минуттық тыныс алу гимнастикасын жасауды үйреттiм. Содан кейiн ет, өлi тамақтарды жеудi мүлдем қойды, қазiргi тамақ мәзiрi көкөнiстер мен жемiстер ғана (вегетарианец). Осы бағдарламаны шешелерiнен көрiп бiздiң екi қызымыз да осы бағдарламаны ұстанады, кiшi қызымыз зообпен ауыратын, ауруы өзiнен-өзi жоғалып кеттi. Қазiр Құдайға шүкiр, екi қызымыздан немерелерiмiз бар, бәрiнiң ден саулықтары жақсы. Осылай жазылып алғаннан кейiн Рахпар мамандығын тастап «Тянь – Ши» коорпорациясында Тибет медицинасымен шұғылдана бастады. Талай адамдардың алғысын, батасын алып жүр. Аптасына мiндеттi түрде 36 сағат ашығады, ара-тұра 3 тәулiк ашығуды да ұстайды. Жасы 58-ге келсе де шаршамайды, қуатты, көңiл күйi көтерiңкi, елдiң денсаулығының жазылуына септiгiн тигiзiп жүргенiне аса қуанышты.

27 сәуір, сәрсенбі. Ашығуымның 10-шы тәулігі. Таңғы сағат 7-00

Сонымен уақытынан бұрын өлу бақытсыздық деген қатын сандырақ құрысын! Қай уақыттан бұрын? Табиғат берген бе? Бiрақ ол бiзге өмiрдi қай күнге дейiн екенiн айтпай, ақша сияқты пайдалануға бердi. Егер ол өз бергенiн қажет деген кезде қайта талап етсе, сен неге шағымданасың? Оның әу бастағы шарты осы болатын.

Цицерон

Салмағым 94 кг.

Сол қолымның қан қысымы 159/104; Пулсь – 66;

Кеше кешке сағат 10-нан аса жатып таңғы 6-да ояндым. Ұйқым жақсы. Кеше суды көп iшкеннен салмағым бiр қалыпта тұр, тiптi 2 кг жоғарлап кетiптi. Өзiмдi орташа сезiнемiн. Ұйқы басып тұр.

Наши рекомендации