Философияның пәні – адамның дүниеге қатынасы, дүниенің адамға әлде «адам-әлем» жүйесінде жалпылық.

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

КЕББМ АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ” КАФЕДРАСЫ

«Философия» пәнінің

Ысқаша дәріс тезистері

ДӘРІСТІҢ ҚЫСҚАША ТЕЗИСТЕРІ

Модуль 1. Философияға кіріспе.

Д.1. Философия: пәні, функциялары, тарихи өлшемі.

1.Философияның пәні мен анықтамалары.

2. Философияның арналуы мен мағынасы.

Дәріс мақсаты: философия пәнің анықтау, философиялық білімнің өзгешелігін көрсету, философияның мәдениетте орынын көрсету.

Негізгі ұғымдар: дүниегекөзқарас, аңыз, дін, философия, әдіс, метафизика, диалектика, материализм, идеализм.

Философия пәні.

Философия - даналыққа құштарлық (ежелгі гректің phileo – құштармын және sophia – даналық деген сөздерінен шыққан); Адам - Әлем жүйесіндегі өзара қарым - қатынастар мен жалпы заңдылықтарды бейнелейді.

Философия пән ретінде келесі бөлімдерін қарастырады:

· адам және оның әлемдегі болмысы жайлы ілім (философиялық антропология);

· болмыс туралы ілім (онтология);

· таным туралы ілім (гносеология және эпистемология);

· адамзат қоғамының мәні мен дамуы туралы ілім (әлеуметтік философия);

· философия тарихы.

Сонымен қатар, философия этика, эстетика, дінтану және басқа да философиялық пәндерді негізге алады.

Философия дүниетанымның теориялық негізгі болып табылады. Дүниетанымды адамның қоршаған орта және өзі туралы пікірлері мен идеяларының жиынтығы арқылы анықтауға болады.

Дүниетанымның бірнеше формалары мен типтері бар. Дүниетанымның кең тараған түрі тарихи типология арқылы анықталады. Онда дүниетанымның мынадай типтері белгіленеді: мифологиялық, діни және философиялық.

Мифологиялық көзқарастың негізінде аңыз, қиял жатыр.

Діни көзқарастың негізінде сенім жатыр.

Философиялық көзқарастың негізінде ақыл-ой, зерде жатыр.

Материализм – материяның алғашқы екендігін мойындайтын философиялық көзқарас.

Идеализм – идеяның алғашқы екендігін мойындайтын философиялық көзқарас.

Объективті идеализм – идея, рух адамның сана-сезімінен тыс, тәуелсіз.

Субъективті идеализм – идея, рух адамның сана-сезіміне тән.

Монизм – дүниенің алғаш бастамасын бір ғана субстанция деп мойындайтын философиялық көзқарас.

Дуализм – дүниенің алғаш бастамасын екі субстанция деп мойындайтын философиялық көзқарас .

Плюрализм – субстанцияның көптігі жөніндегі философиялық көзқарас.

Философияның пәні – адамның дүниеге қатынасы, дүниенің адамға әлде «адам-әлем» жүйесінде жалпылық. - student2.ru Философияның пәні – адамның дүниеге қатынасы, дүниенің адамға әлде «адам-әлем» жүйесінде жалпылық. - student2.ru Философияның пәні – адамның дүниеге қатынасы, дүниенің адамға әлде «адам-әлем» жүйесінде жалпылық. - student2.ru Философияның пәні – адамның дүниеге қатынасы, дүниенің адамға әлде «адам-әлем» жүйесінде жалпылық. - student2.ru Философияның пәні – адамның дүниеге қатынасы, дүниенің адамға әлде «адам-әлем» жүйесінде жалпылық. - student2.ru Дін   Мифология   Философия
Философияның пәні – адамның дүниеге қатынасы, дүниенің адамға әлде «адам-әлем» жүйесінде жалпылық. - student2.ru Философияның пәні – адамның дүниеге қатынасы, дүниенің адамға әлде «адам-әлем» жүйесінде жалпылық. - student2.ru Философияның пәні – адамның дүниеге қатынасы, дүниенің адамға әлде «адам-әлем» жүйесінде жалпылық. - student2.ru Жалпы, бәріне ортақ
Келесі сұрақтарға жауап іздеу: әлемнің пайда болуы туралы, өмір және өлім, адамның дүниеде орны және оған қатынасы туралы
  Философияның пәні – адамның дүниеге қатынасы, дүниенің адамға әлде «адам-әлем» жүйесінде жалпылық. - student2.ru Философияның пәні – адамның дүниеге қатынасы, дүниенің адамға әлде «адам-әлем» жүйесінде жалпылық. - student2.ru Айырмашылық  
Адамның сезіміне назар аударады, сенімге сүйенеді   Алдамның ақылына бағытталған, ғылым мен дүние туралы білімге сүйенеді
         

20 ғ. ағылшын философы Бертран Расселдің пікірінше философияның барлық сұрақтары негізгі 13 сұрақта тұжырымдауға болады:

1. Дүние рух пен материяға бөлінген бе?

2. Олай болса, рух дегенміз не және материя дегеніміз не?

3. Рух материяға бағынады ма әлде өзгеше күш иесі ма?

4. Ғарыш біртұтас па және оның мақсаты бар ма?

5. Әлем бір бағытта дамиды ма?

6. Олай болса, қандай мақсатқа жеткізеді?

7. Табиғат заңдылықтары біздің талдау және пайымдау қабілетіміздің нәтижесі ма әлде өзгеше бар ма?

8. Адамның өмір сүруі және өзгеше мәні неде?

9. Бір өмір жолы дұрыс және мейірімді, екінші – бұрыс және қайырымсыз деп бөлуге бола ма, әлде олар екеуіде – жарамсыз ба?

10. Дұрыс өмір бар болса, оған қалай жетуге болады?

11. Зұлымдылық пен ігілік бар ма, және ігілікке ұмтылудың қажеттіліг бар ма, сбебі, өмір өлімге әкеледі, ал Ғарыш – сөнуге?

12. Ақыл бар болса, оны біз қалай анықтаймыз, әлде ақыл деп атағанымыз ессіздіктің өзгеше түрі ма?

13. Философ болу қажет па?

Сөйтіп, біріншіден, философия мән және өмір сүру туралы ғылым. Өмірде болып жатқан жағдайлар адамды қанағаттандырмайды, сөйтіп, ол оны өзгерткісі келеді. Оның мақсаты – жалпы адамзат пен жеке адам үшін мәнгі мәселелердің бастамасы.

Екіншіден, философия – ол ойлаудың тәсілі,әдетінде,реалдылыққа деген қатынасында көрінетін философтын ойлау бйнесю. Философия адамды мұнайтатын және түбіне жететін күнделіктен көтереді. .

Үшіншіден, философия, әрқашанда – түсіну және пайымдау. Пайымдау дегеніміз адамның индивидуалды таным қабілеттерін бетке шығарып жетілдіру. Пайымдауға адам тіл арқылы жетеді. Ол себептен оның тереңдігі көрінеді. Пайымдау мен түсінік адамның қатал ұстанымдарын тудырады, себебі, адамның іс-әрекеті мен реалдылық қатынасы оның басында жалғас табады. Ұстанымдар білімге қарағанда құңдылық және бағалау пікірлердің бастамасы. Флософия пайымдаудың түрі ретінде ұстанымдарды жаратады.

Өзінің негізінде философия теориялық ғылым. «Теоретик» деген ұғым грек тіліннен «назар аудару». Теоретик практиктан әрі көреді. Платон: философияны «he episteme ton eleutheron» - «спорт айналушылардың ғылымы» әлде «еркін адамдардың ғылымы» деп тұжырымдаған. Плотин: филосфофия ең маңызды туралы ғылым, философия өзі - to timiotation, яғни ең маңыздысы.

Философияның пәні – адамның дүниеге қатынасы, дүниенің адамға әлде «адам-әлем» жүйесінде жалпылық.

Философия – тек дүниеге көзқарас емес, сонымен қатар әдіс болып табылады. Оның өзгешелігі – жалпы және универсалды қасиетінде.

Екі негізгі философиялық әдіске - диалектика мен метафизика жатады.

Философияның әлеуметтік функциялары:

1) Дүнигекөзқарастық – дүние туралы толық бейне береді, дүниені толық және біртұтас деп түсінеді.

2) Методологиялық – дүниені түсіндіру, пайымдау, зерттеу әдістері мен тәсілдерін ұсыну, сол арқылы оны өзгерту. Философия бүкіл нақты ғылымдар үшін жалпы методология болып табылады. к.

3) Гносеологиялық - адамның дүниеге танымдық қатынасымен байланысты, философияның негізгі сұрағымен қатысты, және оның екінші жағымен – біздің ойлау қабілетіміз дүниені тануға жете ма.

4) Интерграцияландыру /біріктіру/ - өзгеше ғылымдарға негізділіп өз категориялық аппарат пен таным әдістері арқылы тұжырым жасайды.

5) Аксиологиялық – оның нақты құңдылықтарға бағытталуы мен анықталады. Ешқандай философиялық бағыт өз ережелерін ұсыну мен дәлелдеумен шектелмейді, оларға жаңа түсінік беріп, бағалайды, құңдылық жүйесін қалыптастырып, идеал ұсынады.

6) Сыни функциясы – нақты құңдылықтар мен идеалдарды дәлелдеп, соған лайық емес философиялық жүйелерді сыни баға береді.

Философия– қөзқарастың тарихи түрі, адамзат мәдениетінде басқа көзқарас түрлерімен бірге дамиды /қарапайым, дін, аңыз, өнер және жартылай ғылым/. Көзқарастың негізгі мәселесі – адамның қоршаған ортаға қатынасы болып табылады /табиғатқа, қоғамға, басқа адамдар мен өзіне/. Осы қатынастардың негізінде жеке адам мен әлеуметтік қоғамда қалыптасқан құндылық жүйесі жатыр /игілік пен зұлымдылық, ақиқат пен жалған, үйлесімдік пен үйлесімсіздік /гармония мен дисгармония/, борыш пен іс-шексіздігі, махаббат пен кек алу, үміт пен үмітсіздік, пайда мен зияндылық, белсенділік пен қабілетсіздік т.б. Осы дүниегекөзқарастардың барлық түрлері /қарапайым түрінен басқа/ өзгеше қасиеттерге ие, яғни мәселелерді шешуде өзге тіл мен әдістерді қолданады. Философияға келсек оның теориялық қасиетін айтып кетуге болады. Әр-түрлі дүниегекөзқарас мәселелердің шешімінде /онтологиялық, гносеологиялық, этикалық, эстетикалық, экзистенциалдық, праксеологиялық т.б./ ол ақылға, анықтамалық ойлауға, дәлелге арқа сүйейді. Осы оның басымдылығы да кемшілігі де деп айтуға болады. Себебі, әр-түрлі құндылыққа қатысты мәселелердің шешімі логика заңдылығына бағымбайды. Философия өзінің жалпылыққа жақын табиғатымен бүкіл эмпирикалық материалдардың жәй жиынтығы емес, керісінше соларды рационалдық тұрғыдан схемамен көрсетеді, талдау, салыстыру арқылы жүйелендіреді. Және өзінің табиғатының ерекшелігімен ол плюралсыз да болалмайды. Бірақ осы қасиетінің жақсы ұтымды жағы бар: 1. адамзат ұжымы көптүрлі және қайшылығы мол болған сон, оларға ортақ рационалды түсінік мүмкін емес; 2. реалды тарихқа қарағанда философияның плюралдылығы адамзатты болашақта күтіп тұрған әр-түрлі мәселелердің шешімін схема әлде басқа рационалды түрмен көрсете алады.

Ғылым– әр-түрлі заттар мен объектілерді, олардың қасиеттері мен қатынастары туралы жаңа білімді қалыптастыратын нәтижелерге бағытталған өзгеше ғалым ұжымдарының когнитивтік қызметтері. Ғылыми білімнің өлшемі: пәнділік, өзін жаңғырту, объективтілік, логикалық дәлел, эмпириялық және теориялық дәлел, логикалық дәлелділігі, пайдалылығы. Қазіргі кезде ғылым өзін кұрастыра және жаңғырта алатын, оның жетіктістері қазіргі қоғамның дамуын негіздейтін аса күрделі әлеуметтік жүйе болып табылады.

Метафизика– екі мағыналы философиялық категория: 1. жалпы, синтетикалық априорлы білім /философия рационалды әлде метафизикалық деген синонимдарға тең/; 2. философия жалпы мен қажетті және бүкіл құбылыс пен процесстердің /материалды және рухани/ дамуы деген идеядан дүниеге көзқарастың теориялық модельдерінен абстракциялау. Екінші мағынада Гегель өзінің философиялық ойларында қолданған және келесі де маркс-лениндік және басқа бағыттар /неогегельяндар/. Метафизика ұғымынын оның бірінші мағынасында бинарлық оппозициясы «априорлы білім» әлде «нақты-ғылыми білім» болады. Метафизика ұғымынын екінші мағынасында бинарлық оппозициясы - жалпы даму теория, Гегель мен марксистер оны жалғыз ақиқатты философия және ойлаудын жалпы әдісі деп түсінген «диалектика» термині болып табылады.

Дін -қөзқарастың тарихи түрі, адамзат мәдениетінде басқа көзқарас түрлерімен бірге дамиды /философия, қарапайым білім, аңыз, өнер және жартылай ғылым/. Діндік көзқарастың негізінде адамның құдайға деген сенімі. Онтологияық мәселе дін шеңберінде абсолюттың жаратушылық /шығармашылық/ қабілетімен байланысты. Құдай дүниені өзінің бейнесіне ұқсас қылып және өзінің ерік күшімен жаратқан. Философия тарихында дін философиясы және діндік көзқарасы орта ғасырда үстемді түрде дамыған. Адамзат тарихында монотеистік дін бағыттарына христиан, ислам және буддизм жатады. Дүние туралы білім және заңдылықтар, өмір сүрі ережелері қасиетте кітаптарда концентрацияланған, оның ішінде Інжіл, Тора, Құран, Авеста, Трипитака т.б.

Білім және сенім –дін қоғамдық сананың ерекше бір түрі болады. Гносеологиялық тұрғысында сенім және білім мәселесі өзгеше орын алады. Орта ғасыр батыс және араб-мұсылман философиясында таным процесінде сенім мен ақыл бір-біріне көмескі деп түсінген /Тертуллиан «Сенемен, абсурд болсада!»; Августин «Түсіну үшін сенемін!»; Фома Аквинский ақылды –танымның табиғи ңұры деп, ал діндік сенімді - құдайдың ңұры деген/; түбінде приоритет /үстемділік/ діндік сенімге берілген. Білім, сенім және күмән жалпы адам санасының өзгешелігінің көрсеткіші, сол себепте күрделі мәселелердің бірі болады. Мысалы, таным процесінде сенім ролі жоққа шығарылмайды, бірақта сенімнің гносеологиялық, логикалық-методологиялық статусы, әлеумттік-мәдени және коммуникативтік негіздері мен бастамалары қазіргі гуманитарлық білім үшін актуалды.

Наши рекомендации