Емтиханға 2 рейтинг (Р1 және Р2) бойынша қосындысында 100 балл және модуль тапсырмасынан (Р3).50 балдан төмен алмаған студент жіберіледі.
Пән бойынша емтихан 9-10-апталарда өткізіледі.Емтихан материалында курс бойынша оқылған барлық материалдар қамтылады: дәріс материалдары, семинар/ практикалық, зертханалық сабақтар. Пән бойынша қорытынды баға (100%) төмендегі формуламен есептеледі:
И% = ((Р1+Р2)/2+Р3)/2 * 0,6 + Э*0,4
САБАҚҚА ҚАТЫСУ
Сабақтарға қатысу есебі пәннің әр кредитіне дәріс, семинарлық, практикалық, лабораториялық сабақтары бойынша 3 сағаттан артық жіберілген жағдайда пәннен алыстату ережелерін қолдану мақсатында жүзеге асырылады.
2-Қосымша Ғылыми жобаны ресімдеуге қойылатын талаптар
Ғылыми жоба мәтінін ресімдеуге қойылатын талаптар: |
Ғылыми жұмыстың мазмұны мен құрылымы: |
- мәтінге келесі құрылымдық бірліктер енеді: титул парағы (1 бет), мазмұны (1 бет), кіріспе (1-1,5 бет), екі тарау (6 бет), қорытынды (1 бет), әдебиет тізімі (1 -2 бет), қосымша (жұмыс көлеміне кірмейді); - кіріспеде жобаның өзектілігі, мақсаты, міндеттері, қолданылған әдіс-тәсілдері, нәтижесі, жұмыстың құрылымы беріледі; - теориялық бөлімінде:жоба тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттерге шолу; -практикалық ( зерттеу) бөлімінде: жоба тақырыбы бойынша өткізілген талдаудың нәтижесі; - қорытындыда: жоба міндеттеріндегі қойылған қорытынды мен нәтиже шешімі; - пайдаланылған әдебиет тізімінің құрамында ғылыми жобаның тақырыбы бойынша кем дегенде 10 дереккөзі болуға тиіс. |
Техникалық ресімдеу: |
- мәтіндітехникалық талаптарға сәйкес ресімдеу::Windows-қа арналғанMicrosoftWordредакторы,бет өрістері: сол – 3 см, он – 1,5 см, жоғарғы және төменгі – 2 см.; шрифт TimesNewRoman, өлшемі – 14 пт; жоларалық интервал – 1; ені бойынша түзету; абзац шегінісі 0,8 см; интервал – 0 см, парақ бағдары – кітаптық; бет саны төменгі жағында ортасынан (выравнивание по центру); суреттер (диаграммалар, кестелер) нөмірленуі және мазмұнына сәйкес аталуы қажет. - бөлім аталуары жұмыстың мазмұына сәйкес келуі қажет ( кіріспе және қорытынды нөмірленбейді); - көлемі – А4 форматындағы 10-15 бет. - мәтіннің тұпнұсқалығы мақала көлемінің кем дегенде 75% болуы қажет (Антиплагиат бағдарламасына тексерілуі қажет); - жоба қорғауға жіберу: бақылау нормасынан өту. |
Презентацияға қойылатын талаптар |
– Слайдардың саны жобаны қорғау мазмұны мен ұзақтығына сәйкес келуі қажет (5-минуттық қорғауда 12-15 слайдтан артық болмауы қажет) |
Көрнекілік: |
– Суреттер тақырыпты неғұрлым ашып тұратын, мазмұннан назарды аудартпайтындай болуы қажет; |
– Суреттің сапасы жоғары, анық болуы шарт |
– Ақпараттың көрнекілігі қолданылуы қажет (кестелер, сызбалар, диаграмма, графика және т.б.) |
Дизайн және баптау |
– Слайдтарды ресімдеу тақырыпқа сәйкес, мазмұнын қабылдауға кедергісін тигізбеу қажет |
– Барлық слайдтар үшін ресімдеудің бір шаблоны қолданылады |
– Мәтін оңай оқылады (түстері, өлшемі ескерілу қажет, мысалы мәтін түсі мен фон түсі бір түстес, туыс түстер болмауы қажет) |
– презентация эффектілермен тым жүктелмеуі қажет |
Мазмұны: |
– презентация зерттеудің негізгі кезеңдерін көрсетуі қажет (мәселе, мақсат, гипотеза, жұмыстың барысы, қорытынды, ресурстар) |
Ылыми жобаның титулдық бетін ресімдеу үлгісі
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«КАЗГЮУ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ ЖӘНЕ ТІЛДІК ДАЯРЛЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
АЙТА ЖАҢҒЫРҒАН ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ
ЫЛЫМИ ЖОБА
Орындағандар:М-105 тобының студенттері
Төлеутаева П.Н., Ахмадиева К.Г.
Хамитова Қ.Ы., Ысқақова М.Д.
АСТАНА-2015
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ | |
1ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ ЗЕРТТЕЛУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ | |
1.1 Қазақ терминологиясының зерттелуі мен дамуы | |
1.2 Салалық терминдер – лексиканың ерекше қабаты | |
2 ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ АУДАРЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ | |
2.1 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі экономикалық терминдердің лингвистикалық сипаты | |
2.2 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі экономикалық терминдердің аударылу жолдары | |
ҚОРЫТЫНДЫ | |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ | |
ҚОСЫМША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРМИНДЕР СӨЗДІГІ |