Н. Макиавеллидің «фортуна» ұғымы
Н.Макиавеллидің фортуна (сәттілік) ұғымының мән-мағнасы
Қайта өрлеу заманындағы көп ойшылдар сияқты Н.Макиавелли де өмірге деген самарқаулыққа теріс қарап, оған белсенділікті қарсы қойды. Ал адамның өмірін ол фортунамен тығыз байланыстырды. Макиавелли заманындағы фортуна ұғымы, көне замандағы фатумнан анағүрлым бөлек (fatum - латын сөзі, тағдыр) Егер фатализм адамның өмірі, жүріс-тұрысы мен іс-әрекеті алдын ала болжанған, онда ешқандай таңдау, еріктік, кездейсоқтық жоқ, оған қарсы тұруға болмайды деп есептесе, фортуна ұғымы әлеуметтік қажеттілікпен теңелгенмен, ол ешқашанда адамның ерікті іс-әрекетін толығынан жоя алмайды. Н.Макиавелли: «Елу де елу» формуласына жақын фортуна біздің іс-әрекетіміздің жартысын өзіне көндірсе, екінші жартысы біздін өзіміздің еркіміз, өжеттілігіміз, қайрат-күшімізбен байланысты», - дейді. Сондықтан «абайлаудан гөрі батылдық жақсы», өйткені «фортуна -әйел, ал онымен тіл табысу үшін оны оқтын-оқтын сабап алу керек», неге десеңіз, ол «әйел ретінде жастардың досы, ал олар алды-артына қарамай, батыл түрде тарпа бас салып, оны өз еркіне көндіреді».
Алдына үлкен мұрат-мақсаттар қойып, оларды іске асыру жолында адамның батыл, тиімді іс-әрекеттер жасауын Н.Макиавелли «вирту» (virtu - лат. сөзі, айбындылық, қайраттық) деген сөзбен береді.
Алайда толыққанды виртуды іске асыру әрбір адамның қолынан келе бермейді. Қарапайым адамдар әлбетте өте жақсы да, жаман да емес, өздерінің жүріс-тұрыстарында «ортаңғы жолды» ұстайды, оның өзі үлкен нәтижелерге ешқашанда әкелмейді. Ал тарихтағы ұлы тұлғаларға келер болсақ, олардың жүріс-тұрысы, іс-әрекеті тіпті басқаша, олар алдына үлкен мақсаттар қойып, бүкіл сана-сезімін, еркін, күш-қуатын сол істі өмірге енгізуге тырысады.
Н.Макиавелли ұлы адамдардың іс-әрекетінің нәтижелілігі тек қана олардың айбындылығы, виртумен ғана байланысты деген пікірден аулақ. Ұлы адамдардың қайратты іс-әрекетінің жемістілігі –сол заманның қойған талаптарына сай келуінде.
Қорыта келе, «вирту» ұғымы жаңа гуманистік моральдың негізгі көрінісі ретінде Қайта өрлеу заманының негізгі құндылығына айнала бастады. Өзінің мүдделерін өмірге кіргізу жолында адам фортунаны ауыздықтай алады. Адам - ерікті, саналы, айбынды, күш-қуаты мол пенде, ол алдына қойған мұраттарды іске асыра алады. Бұл Н.Макиавеллидің идеялары Жаңа заманның ой-өрісіне зop әсерін тигізіп, жалпы алғанда, жүре келе Батыс менталитетінің өзегіне айналады.
Сократ философиясындағы қарастырған мәселесі
Ежелгі Грекия философиясының көрнекті өкілі Сократ біздің дәуірімізге дейінгі 470 жылы Афинада дүниеге келді. Сократ философиясының басты обьектісі адам, осы тұрғыдан алғанда оны адамтуралы қазіргі заманғы ғылым философиялық антропологияның негізін қалаушы деуге болады. Натурфилософияны мойындамаған Сократ философияның мақсаты адамды ізгілікке тәрбиелеу деп түсінді және адам оған өзін тану және өзін сынау арқылы жете алады деп сенді, мәселе адамға ізгілік туралы білім беруде, адам білмегендіктен ғана жаман болады. Білім -ізгілікке, ал надандық – зұлымдыққа жетелейді. Оның әйгілк «Менің білетінім – мен ештеңе білмеймін, басқалар оны да білмейді», «Өзіңді-өзің танып-біл!» қағидаларының негізгі мазмұны да осы. Сократтың ойынша, белгілі бір асыл қасиет (добродетель -Г.Н.) туралы білім жинаған адам сол қасиетке жете алады, бәрі адамның өзіне байланысты, адам тәнін емес, рухын, жанын шыңдауға үнемі ұмтылуы тиіс, себебі, жаны бақытқа бөленген адам ғана бақытты. Жеке адамның еркіндігін дәріптей отырып, Сократ мемлекеттің рөлін де жоғары қояды, адам мемлекет заңдарына бағынуы тиіс деп санайды. Философия тарихында Сократ метод мәселесінің негізін салушы ретінде де белгілі. Оның пікірінше, адам ақиқат білімге философтардың көмегімен. олармен әңгіме-сұхбат арқылы жете алады. Адамдармен сұхбат-пікірталас жүргізуде ол үш тәсіл ұсынды: ирония, майевтика және диалектика.
Дж. Локк философиясы
Джон Локк (1632-1704ж.ж.) — Оксфорд университетінің түлегі, осы оқу орынында грек тілі мен риторикасынан дәріс береді. Адам ауруларын тереңірек зерттеу мақсатымен медицинамен, кейінірек саясатпен айналысады, үкіметтің басқарушы қызметтерінеде араласады. Негізгі еңбектері: «Адамның ақыл — ойы туралы тәжірибе» және «Ақыл — ойды басқару туралы».
Локк эмпиризмді, яғни білім, таным тек тәжірибеден ғана туындайды деген көзқарасты ұстанады. Оның білім концепциясы сенсуализмге негізделген, ақыл — ойда әуелі сезімде болған нәрселерден басқа ештеңе болуы мүмкін емес деп көрсетеді.ойшылдың пайымдауынша, адамгершілік секілді ұғымдар адамға туа біткен қасиеттер емес, оны Локк моральдық түсініктердің әр халықта әр түрлі, тіпті бір халықтың өзінде тарихи дамудың әр түрлі кезеңдерінде моральдық ережелердің бір — біріне ұқсамайтындығы арқылы жақсы дәлелдейді. Адамда априорлы мораль болуы мүмкін емес. Адам баласы өмірге келгенде оның ішкі жан дүниесі таза тақта сияқты, тәрбие мен еңбектің арқасында адам өзіне білім жинақтайды, білім сол тақтаға жазылмақ дейді. Қоғамға діни шыдамдылық қажет, атеизмге жол жоқ, өйткені дінсіз қоғам болмақ емес, діни қағидалар болмаса қоғам азып кетеді деген ойды алға тартады.