Кеңес физикасының құрылтайшылары.
Кеңес физика құрылтайшылары туралы қысқаша ақпаратты қарастырайық.
Петр Петрович Лазарев 1878 ж. 4 сәуірінде Мәскеуде инженер-геодезист отбасында дүниеге келген. 1896 жылы гимназияны аяқтаған соң Мәскеу университетінің медицина факультетіне түседі. Медицинаны оқи жүре, ол бір уақытта физикаға қызығып, физика-математика факультетінде Н.А. УМО-ның және П.Н. Лебедевтің физикадан дәрістерін тыңдап жүреді. П.Н. Лебедев жетекшілік еткен физиканың қазіргі заманғы мәселелері бойынша колловиумға қатысып жүрді. Лебедев 1901 жылы медициналық факультетті аяқтап, физика-математикалық факультетке түсіп, оны екі жыл ішінде бітіріп шыққан осы тер төгіп оқыған студент-дәрігерге көңілі ауды. 1903 жылы екінші факультетті аяқтаған Лазарев медицинадан докторлық емтихандарды тапсырып құлақ, тамақ және мұрын ауруларын емдейтін университеттік емханаға ассистент болып тағайындалды.
1903 жылы Лазарев өзінің «Манометрлік алаудың дыбыс шығаруы» атты алғашқы ғылыми жұмысын жазды. Келесі жұмысы 1905 жылы «Көру және есту мүшелерінің өзара әсерлесуі туралы» атты физиологиялық жұмыс болды.
1905 жылы шет елде болып, еуропалық университеттерде ғылыми жұмысты қоюмен танысқаннан кейін П.Н. Лебедев зертханасына түседі. Осы жерде ол қабырғаға орнатылған, сиретілген газ бен қабырға арасындағы температураның өзгеруіне зерттеу жүргізеді. Осындай өзгерістің болуын теориялық жүзде М. Смолуховский болжап айтқан болатын. П.П. Лазарев газ қысымына байланысты өзгеріске тәуелділігін анықтауға мүмкіндік беретін
эксперименттік құрылғыны құрап шығарды. Бұл зерттеуді 1911 жылы Лазарев магистрлік жұмысы ретінде қорғап шықты. Осы жылы П.П. Лазарев және Мәскеу университетінің басқа да бірнеше көрнекі профессорлары Кассо білімі министрінің кертартпа әрекеттеріне қарсылық белгісі ретінде кетіп қалады.
П.П. Лазарев А.Л. Шанявский атындағы қалалық халық университетіндегі кафедрасына орналасты. Бұл А.Л. Шавнявскийдің қаржысына ашылған жеке оқу орны болатын. Осында П.П. Лазарев фотохимиялық және биофизикалық зерттеулермен айналысты, сондай-ақ, физикалық институтын жобалау құрылысына белсенді қатысты. Өзінің фотохимилық зерттеулерін 1912 жылы Варшава университетінде қорғап шықты.
Фотохимиядағы зерттеулер П.П. Лазаревті түбегейлі қызықтырып әкетті. Бұл Лазаревті жүйке қозуының иондық теориясын құруға әкеп соқты. Қозудың иондық теориясы Лазаревті атаққа әкелді, 1917 жылы 4 наурызда ол ғылым Академиясына мүше болып қабылданды.
1917 жылдың қаңтарында Миуссахтағы физикалық институттың ғимаратын салуға кірісіп кетті. Бұл ғимаратта қазан көтерілісінен кейін академик П.П. Лазарев жетекшілік еткен биологиялық физика Институтында жемісті ғылыми өмір басталады. Бұл институт жас кеңес физикасының орталықтарының бірі болды. Бұл жерден атақты кеңес оқымыстылары, болашақ академиктер шыққан: С. И. Вавилов, Г. А. Гамбурцев, М. В. Шу-лейкин, П. А. Ребиндер; көрнекі кеңес оптиктері мен акустиктері: В. Л. Левшин, П. Н. Беликов, С. Н. Ржевкин; молекулалық құбылыстар бойынша ірі кеңес мамандары: А. С. Предводителев, Б. В. Ильин, Б. В. Дерягин және басқалар.
Институт Курск магнит аномалиясын зерттеудің бастамашысы болды. Сол уақытта В.И. Лениннің қолдауымен болған бұл зерттеулер, қазіргі уақыттағы жоғары сапалы кендердің ірі запастарын өңдеумен ұштасып жатыр.
П.П. Лазарев сонымен қатар, кең баспа ісімен де айналысты. 1918 жылдан бастап физикалық ғылымның басты жетістіктері жайындағы жаңа ақпараттар беретін «Успехи физических наук» атты журнал шыға бастады.
П.П. Лазаревтің қажымас еңбектері соғыс жылдары 1942 жылы 24 сәуірде өзі қаза болған Алматыда үзілді.
Басқа физикалық орталық болып В. К. Аркадьев, А. К. Тимирязев және Лебедевтің басқа оқушылары қайтып келген Мәскеу университеті болды.
Владимир Константинович Аркадьев 21 сәуірде 1884 жылы Мәскеуде дүниеге келген. Гимназияда оқып жүрген кезінде ол физикаға қызығушылық білдіріп, қолдан аспаптар жасап, олармен эксперименттер жүргізіп жүрген. Мәскеу университетіне түсіп, алғашқы курста П.Н. Лебедевке эфир арқылы Жер қозғалысын анықтау бойынша тәжірибе жоспарын ала барған. Лебедев оған ең алдымен профессор А.П. Соколовтың физикалық практикумын өтіп, содан кейін өзіне зертханаға келуіне кеңес береді. Аркадьев дәл осылай жасайды да, Лебедевтің зертханасында сантметрлік толқындар облысында темірдің ферромагниттік қасиеттерін аса кішірейтуде маңызды ашу жасайды
Бұл ашылу оның алдағы ғылыми жолын анықтап берді, енді ол жоғары жиілікті өрістердегі ферромагнитті заттарды зерттей бастап, ферромагниттік резонансты тапты. Сонымен қатар, Аркадьев магнитік дисперсияны зерттеп, ол облысты магниттік спектроскопия деп атады.
Айнымалы электромагниттік өрістегі заттардың сипатына қарай, Аркадьев Максвелл теңдеулерін үш белгілі коэффициенттермен: ε диэлектрлік өткізгіштік, μ магниттік өткізгіштік және ρ электрлік өткізгіштікпен қатар, төртінші айнымалы өрістердегі ферромагнетиктегі жылулық шығынды сипаттайтын р магниттік өтімділікті еңгізе отырып жалпылауды жөн көрді. Осы төрт коэффициенттермен сипатталатын ортаны Аркадьев биокомплексті деп атады.
Аркадьев Лебедевпен бірге университеттен кеткеннен кейін, Шанявский университетінде өзінің Френель дифракциясының әр түрлі жағдайларындағы фотосуреттері бойынша тиімді тәжірибелерін іске асырды.
Ол алған фотосуреттер 1912 жылдың «Журнал Русского физико-химического общества» және «Physikalische Zeitschrift» журналдарында жарық көріп, Кеңес елінде және шет елде физикаға енді. Ол сол жерде Баклинмен бірігіп, болашақта жоғары вольтты үдеткіштерге айналған «найзағай генераторын» құрастырды.
Көтерілістен кейін қайтып оралған В.К. Аркадьев магнетизм құбылысын зерттеу бойынша кең көлемді ғылыми жұмысты жазды. Ол «Магниттік коллоквиум» атты ғылыми үйірме және магнетизмнің зертханасын ұйымдастырды. Осы зертханада өзінің жары А.А. Глаголева-Аркадьева 1922 жылы массалық сәуле шығарғыштың көмегімен, электромагниттік және инфрақызыл тербелістер облыстарындағы қысқа электромагниттік толқындарды алған.
Александра Андреевна Глаголева-Аркадьева1884 жылы 28 ақпанда дүниеге келген. 1910 жылы Мәскеудегі Жоғары қыздар курсының
математикалық бөлімін бітіргеннен кейін физика кафедрасында ассистент болып қызмет атқарады. Оның алғашқы жұмыстарының бірі радиотехникаға арналған. Соғыс жылдары денедегі оқтың, басқа сынықтардың және т.б. орналасу тереңдігін анықтауға болатын рентгеностереометр – аспабының құрылысын ойлап шығарды.
A.А. Глаголева-Аркадьева өзінің массалық сәуле шығарғышымен және онымен өлшеу әдістемесімен өмірінің соңына дейін айналысты. Ол 1945 жылы 30 қазанда өмірден өтеді.
В.К. Аркадьев кеңес елінің бірнеше магнитологтары мен радиофизиктерін тәрбиелеп
шығарды. Оның мектебінен Б. А. Введенский, К. ф. Теодорчик, Н.Н. Малов және т.б. радиофизиктер; Н.С. Акулов, Е.И. Кондорский және т.б. магниологтар шыққан.
В.К. Аркадьев және өзінің әріптестері «стиктография» деп атаған фотосуреттің электромагниттік аналогын өңдеп шығарды.
Максвеллдің жарықтың электромагниттік ториясы оның ғылыми жолының негізі болды. В.К. Аркадьев 1953 жылдың 1 желтоқсанында қаза болады.
А.К. ТимирязевҚазан төңкерісінен кейін Мәскеу физиктерінің арасында маңызды орын алған Аркадий Климентьевич Тимирязев.
А.К. Тимирязев Мәскеуде 1880 жылы 19 қазанда дүниеге келген. Ол атақты орыс ботанигі Климент Аркадьевич Тимирязевтің ұлы болған.
К.А. Тимирязев өзінің өсімдіктер физиологиясында физиканың қорытындылары мен әдістерін кеңнен қолданып, бұл ғылымды жоғары бағалайтын. Ол өзінің жалғыз ұлы физик болса екен деп армандаған. К.А. Тимирязевтің достарының көбі Мәскеу университетінің атақты физиктері А. Г. Столетов және П. Н. Лебедев болған. Болашақ физик осы атақты адамдардан аса үлкен әсер алып жүрді. Гимназияны бітіргеннен кейін ол Мәскеу университетінің математикалық бөліміне түсіп, өз мамандығы физиканы таңдап, П.Н. Лебедевпен бірге
жұмыс істей бастады.Тағы бір ұстазы болған Столетовтің оқушысы Николай Петрович Кастерин (1869—1947) болды. Шет елдегі физиктерден 1909 жылы әкесі таныстырған Д.Д. Томсон болды.
А.К. Тимирязев Д.Д. Томсон және Л. Больцман іспеттес материалист болған.
А.К. Тимирязевтің ғылыми жолы көптеген жылдар бойы оқып келген негізгі пәні болған газдардың кинетикалық теориясы облысынан болды. Оның 1917-1918 жж. Мәскеу университетінде оқыған дәрістерінен құралған 1923 жылы алғашқы баспадан шыққан «Материяның кинетикалық теориясы» атты кітабы осы пәннен алғашқы кеңес оқулығы болды.
Тимирязевтің зерттеу пәні сиретілген газдардағы құбылыс: ішкі үйкеліс және температуралық өзгеріс болды.Тимирязев сырғанау коэффициенті мен температуралық өзгеріс арасындағы байланысты Максвеллдің теориясын қолданып, 760-тан 0,001 мм.сын.бағ. аралығы облысындағы қысымда экспериментті түрде зерттеген. Ол Кундт пен Варбургтің зерттеулерімен сәйкестік тапқан.
Ауамен және көмірқышқыл газымен жасаған тәжірибелері осыны дәлелдеді. Тимирязевтің зерттеулері 1913 жылы неміс тілінде жарыққа шығып, 1914 жылы Петербург университетіне магистерлік диссертация ретінде ұсынылады. Оппоненттер О. Д. Хвольсон мен Н. А. Булгаков жоғары бағалайды да, Тимирязев магистр дәрежесін алады.
А.К. Тимирязев өмірінің соңғы жылдарында физика тарихы кафедрасының меңгерушісі болады. Оның М. В. Ломоносов, А. Г. Столетов, П. Н. Лебедев және т.б. бірқатар оқымыстылар туралы жазған мақалалары бар. Ол А.Г. Столетов пен П.Н. Лебедевтің таңдаулы еңбектері еңген А.Г. Столетовтің үш томды шығармалар жинағының редакторы болды. Оның редакциясымен С. Кудрявцевтің «Очерки по истории физики в России», «История физики» П. (т. I, 1948) кітаптары жарық көрді. А.К. Тимирязев 1955 жылы 15 қарашада қаза болады.
Леонид Исаакович Мандельштам 1879 жылы 4 мамырда дүниеге келген. Балалық шағы Одессада өтеді, сол жерде университетке түседі. Алайда университетте көп болмай, студенттер арасындағы «тәртіпсіздікке» қатысқаны үшін 1 курстан шығып қалады. Сол 1899 жылы университеттен шығып қалып, Страсбургке кетіп қалып, Карл фердинанд Браундтың (1850-1918) қол астында оқиды.
Л. И. Мандельштамның Страсбургте болған уақыты – жас радиотехниканың даму жылдары болатын. Л.И. Мандельштам радиотехниканың мәселелеріне белсенді қатысады.
Л. И. Мандельштам антенна мен тербеліс контуры арасындағы байланыстың әлсіз қасиеттері туралы ашылу жасайды. Ол уақытта бұл байланысты күшейту қажет болды, ал Мандельштам қабылдауды күшейту және селективтілікті жоғарылату үшін, керісінше, осы байланысты әлсірету керектігін көрсетті. 1902 жылы Мандельштам «Конденсатордың тербелмелі разрядының периодын анықтау» деген еңбегімен докторлық диссертациясын қорғайды. Ол Браунмен бірге
«Сименс және Гальске» фирмасы дайындайтын Браунның сызбасы бойынша радиоқұрылғылардың зертханалық және техникалық зерттеулеріне қатысады. 1903 жылы Страсбургтегі физикалық институттың ассистенті болып қызмет атқарып, Страсбургке келген бастаушы оқымыстылар мен докторанттардың зерттеулеріне жетекшілік етеді.
Радиотехника мен радиофизикамен қатар, оның оптикаға да көңілі ауады. Жарықтың шашырау теориясы Мандельштамның келесі зерттеуіне айналып, жаңа шашыраудың рэлеевтік емес формасын ашуға әкелді.
Келе жатқан соғыстың әсерінен Л. И. Мандельштам Германияны тастап, Россияға қайтуына тура келеді. Ол Одессада, Петроградта, тағы да Одессада жұмыс істеп 1922 жылы Мәскеуге Орталық радиозертханасына консультант ретінде қабылданып көшіп келеді. 1925 жылы Мәскеу университетінің теориялық физика кафедрасының меңгерушісі болады. Осында ол үлкен жаңа тербелістердің бейсызық теориясы бойынша жаңа ғылыми облысын бастайды. Осы облысты зерттейтін мектеп құрады. А. А. Андронов, А. А. Витт, С. Э. Хайкин, М. А. Леонтович және т.б. осы облысқа зор үлестерін қосты.
1929 жылы Мандельштам КСРО ғылым Академиясына мүше болып қабылданады.
Мандельштам 1944 жылдың 27 қарашасында қаза болады.
Петроградта кеңес физикасын құрғандар, физика-техникалық институтты ұйымдастырушы А. ф. Иоффе және Оптикалық институтты ұйымдастырушы Д. С. Рождественский болды.
Абрам Федорович Иоффе 1880 жылы 29 қазанда Полтавск губерниясының Ромны қаласында дүниеге келген. Ромны училищесін аяқтап, Петербург технологиялық институтына түседі.
Болашақ физикті инженер мәнсапы қызықтырмайды да, ол өзінің ұстазы Н. А. Гезехустың кеңесі бойынша сол уақытта, атақты физика профессоры Рентген болып тұрған 1902 жылы Германияға, Мюнхенге кетеді.
Мұнда А.Ф. Иоффе физикалық практикумды өтіп, Рентгеннің бірқатар зерттеулерін орындап, ақыры Рентгеннің асситенті ретінде кварцтың пьезоэлектрлік қасиеттерін зерттей бастайды. Зерттеу барысында Иоффе рентген сәулелерімен кристаллды оқып-біліп, электрөткізгіштіліктің өзгеруін бақылайды.
1905 жылы 5 маусымда «Кристаллдық кварцтағы серпімділік салдары» атты диссертациясын А.Ф. Иоффе жоғары мақтаумен қорғап шығады.
Рентген Иоффенің аса жоғары қабілетін бағалай отырып, оған Мюнхенде профессор қызметінде қалуды ұсынады. Бірақ Иоффе Ресейге оралады. Бұл жерде оған Петербург политехникалық институтының физика кафедрасының аға лаборанттық орнын ұсынады.
1913 жылдың 9 мамырында магистрлік диссертациясын керемет қорғап шығып, Политехникалық институттың ерекше профессоры атанып, екі жылдан кейін (1915 жылдың 30 сәуірінде) «Кристалдардың серпімді және электрлік қасиеттері» атты докторлық диссертациясын қорғайды.
Қазан төңкерісінен кейін Иоффе ғылымды ұйымдастырумен айналысты. Оқымысты-медик Михаил Исаевич Неменовпен бірге Петербургте Рентгенорадиологиялық институтты құрады, оның екі бөлімі болады – физика-техникалық және медико-биологиялық. Бір бөлімнің директоры Иоффе болса, екіншісінікі М.И. Неменов болады. Институт 1918 жылдың күзінде құрылады. Осы жылы Иоффе ғылым Академиясының тілші-мүшесі болып сайланады. 1920 жылы академик болып сайланады. 1921 жылы Рентгенорадиологиялық институт үш өз бетінше институтқа бөлінді: Рентгенологиялық және радиологиялық институт, физика-техникалық институт, Радий институты.
Осылайша, 29 қарашада академик А.Ф. Иоффе басқарған физика-техникалық институт өз жұмысын бастайды, қазіргі уақыттағы А.Ф. Иоффе атындағы Ленинградтық физика-техникалық институт. Бұл институт кеңестік Ресейдің заманға сай ірі орталыққа айналды. Оның қабырғасынан академиктер, институт жетекшілері: академик П. Л. Капица — КСРО ҒА физикалық мәселелер институтын негізін салушы, Лениндік және Нобель сыйлықтарының лауреаты, академик Н. Н. Семенов — КСРО ҒА химиялық физика институтының негізін салушы, Лениндік және Нобель сыйлықтарының лауреаты, академик Л. Д. Ландау — Лениндік және Нобель сыйлықтарының лауреаты, академик И. В. Курчатов — кеңестік ядролық ғылым мен техниканың некгізін қалаушы, атомдық энергия Институты негізін салушы және басқа да көптеген КСРО оқымыстылары.
А.Ф. Иоффенің өзінің ғылыми жұмысы қатты дене физикасы болды. Ол кристалдардың механикалық және электрлік қасиеттерін зерттей жүре, соңғы жылдары жартылайөткізгіштер физикасы мен техникасына қызығушылығы арта түседі. 1954 жылы ол жартылайөткізгіштер Институтын ұйымдастырды да, оның директоры болып өмірінің соңына дейін өзі болды. А.Ф. Иоффе 1960 жылы 14 қазанда 80 жылдық мерейтойын барлық ғылыми қоғам атап өтуге дайындалып жүргенде қаза болады.
Д. С. РождественскийПетербургтағы кеңес физикасын негізін салушысы болған Дмитрий Сергеевич Рождественский. А.Ф. Иоффе Политехникалық институтты өкілі болса, ал Д.С. Рождественский университеттің түлегі болды.
Дмитрий Сергеевич Рождественский Петербург тумасы болған. Ол 1876 жылы 7 сәуірде гимназия оқытушысының отбасында дүниеге келген. 1894 жылы гимназияны күміс медальмен аяқтаған ол Петербург университетінің физика-математикалық факультетінің жартылыстану бөліміне түсіп, артынан математикалық бөлімге ауысып, 1900 жылы «физика» мамандығымен аяқтап шығады.
Содан кейін бір жыл көлемінде Әскери-медициналық академияда лаборант болып жұмыс істейді де, профессорлық атаққа дайындалу үшін Германияға кетеді. Қайтып келген соң Петербург университетінде лаборант болып жұмыс істеп, тағы да шет елге, осы жолы Парижге жол тартады. Ол Париж университетінде 1907 жылдан 1910 жылдар аралығында қызмет етіп, Петербургке аяғынан тік тұрған, нақты ғылыми бағытымен қайтып оралады. Оның оптикаға, нақтырақ, аномальды дисперсияны зерттеуге қызығушылығы арта түседі.
1912 жылы жарық көрген «Натрий буларындағы аномальдық дисперсия» Рожденственскийдің жұмысы Петербург университетінің оқу кеңесіне магистрлік диссертация ретінде ұсынылады. Диссертация табысты қорғалғаннан кейін ол магистр атағын алып, Петербург университетінің приват-доценті (қазан төңкерісіне дейінгі Ресей мен кейбір шетелдердің жоғары оқу орнындағы штаттан тыс оқытушының ғылыми атағы және сол атаққа ие болған оқытушы) болып бекітіледі.
1915 жылы Д.С. Рожденственский «Сілті металлдары спектрлеріндегі қарапайым қатынастар» атты докторлық диссертациясын қорғап, университеттің физикалық институтының жетекшісі болып бекітілсе, 1916 жылы Петербург университетінің профессоры атанды.
Сонымен қатар, Рожденственский Ресейдегі оптикалық әйнек шығару мәселесімен де айналысты. Соғыс Ресейді оптикалық әйнектен құр қалдырған еді, Ресей оны германиядан алған, әскер және тұрмыстық қажеттіліктерге сай өз әйнектерін шығару керек болды. Бұл мәселені Рожденственский және оның әріптестері төңкерістен кейін-ақ шеше алды. Рождественский оптикалық Институтты құрумен айналысып кетті. Осы Институттың құрылуы тұрмыстық қажеттілік мәселесін шешумен қатар, ғылымды да біршама алға жылжытты, оптикадан көптеген жаңалықтар ашылды.
Д.С. Рождественскийдің кең ғылыми және ұйымдастырушылық әрекеттері әрқашанда жоғары бағаланып келген. 1925 жылы КСРО ғылым академиясының тілші-мүшесі болып сайланды, ал 1929 жылы оның толық мүшесі болады.
1940 жылы 25 маусымда Рождественскийдің белсенді айналысқан ғылыми өмірі қиылады.
С. И. ВавиловД.С. Рождественский өте зор үлес қосқан кеңес оптикасы Мәскеуден аса ірі көшбасшы табады. Ол лебедев-лазарев мектебінің жас түлегі Сергей Иванович Вавилов еді.
С. И. Вавилов 1891 жылы 24 наурызда Мәскеуде дүниеге келген. 1909 жылы Мәскеудің ақылы училищесін бітіріп, латын тілінен емтихан тапсырып физика-математикалық факультеттің математика бөліміне түседі.
Студент болып жүріп Вавилов П. Н. Лебедевтің зертханасында П.П. Лазаревтің жетекшілігімен ғылыми жұмысын бастап кетеді. «Тепловое выцветание красителей» атты жұмысын ол университет қабырғасында аяқтай алмай, университеттен 1911 жылы П.Н. Лебедев пен П.П. Лазарев және т.б. оқымыстылармен бірге кеткеннен кейін аяқтайды. Ол жұмысы 1914 жылы жарыққа шығып, авторға жаратылыстану білімін сүюшілер Қоғамының алтын медаль әкелді.
1914 жылы университет бітірген Вавилов «профессорлық атаққа дайындалуға» қалғысы келмеді, өйткені университетте физиканы оқып-үйренетін ешкім қалмағанын көреді.
Ол әскерге кетіп, әскери қызметі төрт жылға созылады, ол саперлік және радио бөлімінде прапорщик болып соғысқа қатысады. Вавилов 1918 жылы әскерден қайтады да, өзінің ұстазы П.П. Лазарев құрған биофизика Институтына келеді. Бұл жерде ол ғылыми жұмыстарды орындағанмен қатар, ол институттың физикалық оптика бөлімін басқарады. Ғылыми жұмысымен қатар ол педагогикалық жұмысты да атқарды, Жоғары зоотехникалық институтта, Мәскеу университетінде, Жоғары техникалық училищеде дәрістер оқып жүрді.
1929 жылдан бастап С.И. Вавилов Мәскеу университетінің жалпы физика кафедрасының меңгерушісі болады. 1931 жылы КСРО ғылым Академиясының тілші-мүшесі болып сайланады. Бір жылдан соң С.И. Вавиловты толық мүшесі етіп сайлап, Оптикалық Институттың ғылыми жетекшісі болып тағайындалады. 1932 жылы Вавилов КСРО ҒА физика-математикалық институтының физикалық бөлімін басқарады. Бір жылдан соң бұл бөлімді КСРО ҒА өзіндік физикалық институты етіп қайта құрады.
С.И. Вавиловтың негізгі ғылыми зерттеулері люминесценция мен жарық табиғатына бағытталған. Фотоүлкейткіштер пайда болғанша С.И. Вавилов көз арқылыәлсіз жарық ағындарының кванттық флютуацияларын зерттеді. Осы көп тер төккен еңбегі оның «Жарықтың микроқұрылымы» атты монографиясында жалпыланған.
С.И. Вавиловтың жарық люминесценциясы бойынша зерттеулері жалпы нәтижелі болды. Ол өз әріптестерімен «күндізгі жарық» люминесценттік шамдарының құрылысын өңдеп шығарды. Осы жұмыстары үшін С. И. Вавилов, В. Л. Левшин, В. А. Фабрикант 1951 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар оның кванттық флюктуация бойынша еңбегі де Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.
С.И. Вавилов көп жылдар ғылым тарихымен де айналысты. Ауыр соғыс жылдарында болған Ньютонның 300-жылдығына арналып «Исаак Ньютон» атты монографиясы жазылған. Вавиловтың бастамасымен ұлы орыс оқымыстысы М.В. Ломоносовтың еңбектерінің толық жинағы басылып шықты. Ол Ньютонның «Оптика» және «Оптикадан дәрістер» атты оптикалық мемуарларын аударды. Оның бастамасымен әлі күнге дейін бар «Ғылым классиктері» атты серия шыға бастады.
1945 жылы С.И. вавилов КСРО ғылым Академиясына Президент болып сайланды.
Оның ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстары көбейді. Дегенмен ол саяси және ғылыми білімді тарату бойынша Бүкілкеңестік қоғамды («Знание» қоғамы) қолға алып, 1947 жылы негізін қалап, өзінің өмірінің соңына дейін, 1951 жылдың 25 қаңтарына дейін оның төрағасы болды.
??Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:
1. Кеңестік радитехника мен радиофизиканың дамуы.
2. Кеңес ғалымдарымен теориялық физиканың дамуы.
3.Кеңес физикасының құрылтайшылары.
Дәріс