Ріс. XIX ғасырдағы Маркстік философияның пайда болуы мен дамуы.

Сабақтың мақсаты:

XIX ғасырлардағы Маркстік философиясымен таныстыру.

Жоспар:

1. Марксизм философиясының қалыптасуы.

2. Марксизмнің гуманизімі Гегельдің диалектикалық системасын материалистік негіздеу. Ф.Энгельстің «Табиғат диалектикасы».

3. Тарихты материалистік тұрғыдан түсіну. Қоғамдық-экономикалық формация ұғымы. Жаттану мәселесі.

4. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. В.И Ленин мен және марксизм философиясы Марксизмнің эволюциясы

Бұл-бүкіл философия тарихындағы ерекше кезең, адамзат ой-өрісінің жүйеленген, топталған, жіктелген, ғылыми ерекшеленген кезеңі болды. Бұл кезең Карл Маркс (1818-1883) пен Фридрих Энгельстің (1820-1895) есімдері мен аталады. Әрине, басқа да философтар сияқты, К. Маркс пен Ф.Энгельстің дүниеге келуі де кездейсоқ емес. Ең алдымен бұл Батыс Европа елдерінде капитализм дүниеге келген кезең болатын. Капитализммен бірге тарихта пролетариат пайда болды. Ол алғашқы кезде стихиялы күреске шықты. Оларды ұйымдастыру, саналы етіп дайындау, теориялық жағынан қаруландыру қажет болды. Бұл бір. Екіншіден, жаратылыстану ғылымындағы ашылған үш үлкен жаңалық: а) клетка теориясы; б) энергияның сақталу және өзгеру заңы; в) Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі-дүниеге диалектикалық логика тұрғысынан қарауға мүмкіндік берді. Үшіншіден, теориялық алғышарттардың әсері болды. Бұған ең алдымен адам баласының әлеуметтік теңдік болуын көксегені жатады. Осыған орай социализм туралы түрлі теориялық ілімдер пайда болды. К. Маркс пен Ф. Энгельс осы жағдайлардың бәрін ой елегінен өткізіп, талдап, екшей келіп, жаңа ғылыми теорияның негізін жасады. Ол үшін олар Гегель мен Фейербахтың философиясын, Адам Смит пен Давид Рикардоның саяси экономиясын, Сен-Симон, Фурье, Оуэннің социализм туралы утопистік теориясын зерттеді, сөйтіп, олардың кемшіліктерін көрсетіп қана қоймай, социализм туралы ғылыми теория жасап, оны ілгері дамытты, философияда жаңа көзқарас туғызды. Социализмді утопиядан ғылымға айналдырған К. Маркстің екі ғылыми жаңалығы болатын. Олар тарихты материалистік тұрғыдан түсіну және қосымша құн құпиясы. Философияда К.Маркс пен Э.Эенгелсьтің ашқан жаңалықтары мынадай еді. Бұрынғы философия өкілдері тек үстем таптардың мүддесін қорғады. Демокрит, Лукреций Кар, ағылшын және француз материалистері Ф.Бэкон Дж.Локк, Р.Декарт, П.Гольбах, Д.Дидро, К.Гельвеций, Ж.Ламетри, неміс философтары Л.Фейербах, т.ю идеалистерді қоса алғанда олардың бәрі прогреске ұитылғанмен үстем таптың көзқарастарын жақтады. Ал еңбекші бұрақаның жоғын жоқтап, мұңын мұңдайтын ешкім болмады. Әсіресе, бұл капилизм тұсында мейлінше қажет болды. Бұған 1831 жылғы Лион қаласындағы Франция жұмысшыларының, Германиядағы Силезия тоқымашыларының көтерілісі, сондай - ақ, Англидағы 1838-1842 жылдардағы чартистер қозғалысы дәлел бола алады. Стихиялық көтеріліске шыққан жұмысшыларға теориялық қару қажет болды. Бұл қозғалыстар әлемде жаңа тап - пролетариат пайда болғанын, оның бұрынғы езілген таптардан мүлде басқа шешуші күш екенін байқатты. К.Маркс пен Ф.Энгельс ең алдымен осы таптың мүддесін қорғауды мақсат етті. Әрине, К.Маркс пен Ф.Энгельстің дәл осы кезеңде саяси аренаға шықпаса бұл жаңа теория дүниеге келмес еді деуге болмайды. Әрбір философиялық кезеңдер біріне - бір ізашар болып отырған. Сол арқылы олар күрделі сипат алып, дамып отырған. Философияда көптеген дүниетанымдық мәселелерді қайталануы жиі кездеседі. Бірақ олар әр дәірдің даму дәрежесіне, алға қойылған мәселесіне сәйкес жаңаша шешіліп отырады.

К.Маркске дейінгі философия көп жағдайда ақиқатқа сырттай, меңзей қарайтын философия болатын-ды. Олар табиғатты тек баяндап қана қоятын. Ол туралы к.Маркс өзінің «Фейербах туралы тезистерінде» айқын дәлелдеп берді. Осыған орай К.Маркстің ең алған көтерген мәселені мынадай: француз материалистері айтқандай, адамдар объективті жағдай мен тәрбиенің жемісі болса, онда өзгерген адамдар өзгерген жағдайын жаңа тәрбиенің нәтижесі деп түсіну қажет. Сондықтан К.Маркс пен Ф.Энгельс ең бірінші бірігіп жазған «Қасиетті әулет» деген еңбегінде теорияны шындық өмірден, материалдық прақтикадан алшақтатқаны үшін идеализмге қатаң күрес ашты. Мәселен, Л.Фейербах христиан дінін сынады, бірақ ол сынды адамзат қоғамын сынауға айналдыра алмады.

Әрине, XVII ғасырдағы ағылшын XVIII ғасырдағы француз материалистері буржуазиялық революцияның идеологиялық алғышартын жасады. Бірақ олар азаматтық қоғамды, былайша айтқанда таптық антагонизмсіз тапсыз негізделген қоғамды мақсат еткен еді. Олар антагонизмсіз тапсыз қоғам орнатуды мақсат етпеді. Бұларға керісінше К.Маркс пен Ф. Энгельс қоғамды революциялық тұрғыдан қайта құру теориясын жасады. К.Маркс өзінің «Гегельдің право философиясына сын жөнінде» деген еңбегіне жазған кіріспесінде: басты мақсат - осы дүниенің ақиқаттығын айту - деп, түсіндіре келіп, көкті сынауды жерді сынауға, дінді сынауды құқықты сынауға, теологияны сынауды саясатты сынауға айналдыру болуға тиіс деп тұжырымдады. Адамға жат болып қалыптасқан неміс тәртібін сынай келіп, К.Маркс: «Сынау қаруы, әрине, қару мен сынаудың орнын баса алмайды. Материалдық күш материалдық күштен төңкерілуі қажет бірақ тоерия да бұқараны билеп алғаннан бастап материалдық күшке айналады», - деп жазды. Сондықтан да, оның ойынша, «философия пролетариаттан өзінің материалдық қаруын тапқан болса, пролетариат философиядан өзінің рухани қаруын тапты» . К.Маркс пен Ф.Энгельс философияны практикаға қарсы қоюды ғана жойған жоқ, сонымен қатар олар табиғат пен қоғам туралы философиялық ғылымдардың қарсылықтарын да жойды.

Ертедегі гректер дәуірінде философия ғылымдардың ғылымы деп атлғаны айтылды. Өйткені, ол кезде философия барлық ғылымдардан бұрын дүниеге келіп, барлық табиғат, жаратылыс жайындағы ұғымдар мен түсініктер философияның ішіне кіретін, ал кейін, әрбір дүниеге келіп, философиядан еншісін алып, бөлініп шыққан соң да философия өз мәнін жойған жоқ, қайта дүниетанмдық, методологиялық ғылым ретінде өзін сақтап, қалып, одан әрі дами берді. Сондықтан философия нақты ғылымдардың жетістіктерімен қарулануды керек етеді, әрі оларға нақты жәрдемітигізеді. Сөйтіп, философия мен жаратылыстану ғылымдары арасында тығыз байланыс, одақ жасалуы қажет болды. Оны алғаш түсініп, іске асырған ғалымдар: К.А.Тимирязев, С.И. Вавилов, А.Эйнштейн, т.б. К.Маркске дейін де материализм болды, бірақ ол метафизикалық сипатта еді. Жаратылыстану ғылымдарындағы метафизикалық әдісті философиядағы кейін Ф.Бэкон, Дж. Локк, Ж.О.Ламетри, т.б. ендірді. Одан соң, диалектикалық әдіс философияда Маркске дейін қолданылған. Бірақ ол идеалистік негізде қалыптасқан еді. Д.Дидро, А.И.Герцен, Н.Г.Чернышевский , т.б. материалистер еңбектерінде диалектикалық әдіс азды - көпті қолданылғаны рас. Бірақ толық түрде бұл әдісті ғылымда қолданған К.Маркс пен Ф. Энгельс болды. Герцен, Чернышевский оны қоғамға қолдана алмады. К.Маркс пен Энгельс ескі материализмді метафизикадан, диалектиканы идеализмнен аластатты. «Капиталдың» бірінші томының басылуына арналған соңғы сөзінде К.Маркс өз диалектикасы Гегель диалектикисынан өзгеше ғана емес, оған тікелей қарама - қарсы деп жазды. Сөйтіп, Маркс пен Энгельс материализм мен диалектиканың қарама - қарсылығын ғана жойған жоқ, ол екеуін қосып, материалистік диалектика жасады, олар философияны жаңа деңгейге көтерді. К.Маркс пен Ф.Энгельстің үлкен ғылыми ерліктерінің бірі - материалистік диалектиканы қоғамға қолданған. Сол арқылы тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіру мүмкін болды. Тарих ғылымғы айналды. Сондықтан, оған дейінгі қоғамтанудағы берекесіздік пен соқыр сенім тыйылып, қоғамда объективтік заңдылық бер екені, соған сәйкес бір қоғамдық - экономикалық формация екіншісімен ауысып отыратыны ғылыми тұрғыдан дәлелденді. Ол пікірдің қысқаша тұжырымын К.Маркс өзінің «Саяси экономикаға сын жөнінде» деген еңбегінің алғысөзінде айқын ашып көрсетті. Бұл еңбегінде К.Маркс өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың арақатынасы, базис және қондырма, т.б сияқты күрделі мәселерді қозғап, қоғам дамуында басты күш сана емес, қоғамдық болмыс екенін айқындады. Тарихты материалистік тұрғыдан танудың методологиялық негізі болған, 1847 жылы жазылған «Философия қайыршылығы» деген еңбегінде ұсақ буржуазияның өкілі болған Прудонның басты қетелерін ашып көрсетті. Әсіресе, сол еңбектің II тарауындағы «Әдіс» деген параграфында К.Маркс жеті тармақтан тұратын дәлелді сын айтты. Ақыр - соңында К.Маркс пен Ф.Энгельс тарихты жасаушы халық екенін дәлелдеп берді. В.И Ленин «К.Маркс» деген еңбегінде тарихты түсіндіруге бұрын орын алып келген екі кемшілікті атап көрсетті. Ол кемшіліктер біріншіден - идея мен теория қоғамда бастапқы рөл атқарады деген және екіншіден - тарихты жасайтын жеке адамдар дген түсінік еді. Идеалистер әрдайым сол ойын дәлелдеу үшін Кромвельге, Александр Македонскийге, наполеон Бонапартқа, I Пертге, т.б сілтеме жасады. Шынында мәселе олай емес. Әрине, тарих жеке адамдардың рөлін жоққа шығармайды. Бірақ тарихты жасаушы шынында келгенде олар емес, халық. Олар өнідірісте жұмыс істеп, өнім жасайды, сол өндірісті дамытады, саяси өмірге араласады. Бірде - бір революция, не соғыс халықтың тікелей қатысуынсыз жүргізілмейді. Мәдениетті, тілді жасайтын да халық. Әрине, Маркс пен Энгельс жаңа қоғам құрудың негізін салды. Адамды адам езетін, әлеметтік теңсіздіктің негізі жеке меншік деп тауып, олар жаңа қоғамда жеке меншік мемлекет меншікпен алмасуы қажет екенін айтты. Сол үшін социалистік қоғам орнату қажет екенін дәлелдеді. Оған жетудің жолы - пролетариат революциясы пролетариат диктатурасын орнату, бұрынғы үстем таптардың меншігін национализациялау, оның орнына қоғамдық меншік орнату деп түсіндірді. К.Маркстің сілтеген қоғамдық құрылысы кейін жер жүзіндегі барлық елдердің үштен бірінде орнады, социалистік қоғам құрылды, адамды адам езу жойылды. Бірақ жеке меншіктің орнына келген қоғамдық меншік те адамдардың еңбекке, мемлекеттік, қоғамдық меншікке жататындығын жоя алмады. Езуші жеке адамдар өмірден аласталғанмен, адамды езу жойылған жоқ. Жеке адамдардың орнына қарапайым халықты мемлекет езгіге салды. Сондықтан қоғамда, еңбекте адамдардың ынтасы артпады. Оларды социализмге қызмет еткізу үшін тек зорлау, қоқыту қажет болды. Бұл - бір. Екіншіден, қоғамдық, мемлекеттік меншікке халықтың жаттанды, немкұрайлы қарауы салдарынан барлық бастық адамдардың сол меншікке жаны ашымай, оны оңды - солды шашуына жол берілді. Социализм өтірік, ақпар беруге, алдауға, қоғамдық меншікті, байлықты талан - таражға салуға мүмкіндік туғызды. Әрбір басшы өзінің бүгінгісін , қазіргісін ойлайтын болды, ертеңгі күнге басын ауыртып жатпады.Өйткені, ертең басқа адамдар бастық болады, олар өз күнін өздері көреді деп санады. Бұл жағынан елге ие болмады, керек десе 1917 жылға дейінгі Ресей императоры, жексұрын болса да, өзін елдің иесімін, қожасымын деп есептейтін. Социализм оның орнына халық иелігін орнатпақшы болып, бүкіл иелікпен жұрдай болды. Сондықтан табиғи байлығы мол елдің бәрекесі болмады. Социалистік қоғам бірте - бірте ілгері дамудың орнына тоқырауға ұшырады. Әрине, бұл процесс әкімшілдік - әкімшілдік жүйе қатты сынға алынып, демократияға жол ашылған сайын айқындала бастады. Өндіргіш күштер тез дамытады. өндірістік қатынастар қатып - семген күйінде қалып, шындалмады. Оның орнына көрер - көзге капитатистік елдер ілгеріп кетті. Осылардфң бәрін ойлай келіп, жалпы коммунистік, маркстік даму жолына, оның дұрыстығына күмән туа бастады. Шынында да біздің қоғамымыз 70 жылдай даңғыл жолдан шығып, адасумен келді ме? Әлде біз маркстік теорияны дұрыс түсініп, оны дамытып, өмірге шығармашылықпен қолдана алмадық па? Ғылым осыларға әділ жауабын береді деп түсінеміз. Мұнда басты мәселе - абыржымау, ұшқарылыққа бармау, байсалдылық қажет.

ӨЗ БЕТІНШЕ ОҚУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР

1. Қоғамдық-экономикалық формация ұғымы.

2. марксизм қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы

3. Марксизм философиясындағы жаттану мәселесі

Наши рекомендации