Практикалық 2 сабақ.

1.Көшпелі өмір салты – қазақ дүние танымының қалыптасуының алғы шарттары.

2.Көне Үнді философияның ерекшеліктері, философиялық ерекшеліктері, негізгі ұғымдары және бағыттары.

3.Ежелгі Греция философиясының ерекшеліктері

Қазақ дүниетанымы қалыптасуының алғышарттары.

1. қазақ дүниетанымының негізгі категориялары: Адам, Дүние, Өмір, Араласу, Кісілік.

Әдебиет:

1. Есім Ғ. Сана болмысы. 1-9 кітаптар. Алматы, 1991-2005.

2. Нурланова К.Ш. Человек и мир. Казахская национальная идея. Алматы, 1994.

3. Нұрышева Г.Ж. Адам өмірінің философиялық мәні. Алматы, 2001.

4. Сегизбаева О.А. История казахской философии. Алматы, 2001.

Сабақтың мақсаты: қазақ дүниетанымының қалыптасу ерекшеліктерін және негізгі категорияларын талдау.

Тақырыпты дайындау барысында келесі мәселелерді қарастыру қажет:

Қазақ дүниетанымы қалыптасуы негізгі – көшпенді өмір салты. Көшпелілікті отырықшы өркениет өміріндегі абсурд құбылыс деп европоцентристік тұрғыдан түсіндіруге сын. Көшпенді өмір салтының ерекшеліктері. Табиғатпен үйлесімділік, мәңгі қозғалыс қалпында болу – дамудың негізі. Көшпенділер шаруашылығының практикалық сипаты. Көшпенді өмір салтының қазақ халқының адамгершілігі мен асқақ рухани мәдениетінің қалыптасуына ықпалы.

Адам – қазақ түсінігінде табиғатты және өзін өзгертуші обьект.

Дүние, Өмір – адам болмысының жоғарғы құндылығы, басқа құндылықтардың негізгі және жалғыз мүмкіндігі.

Араласу қазақ халқы өмірінің мәні және барлық адамзат өкілдерімен бірлесе болмыс кешу тәсілі. Араласудың деңгейлері: қарым-қатынас, келіп-кету, сіз-біздесу, араласу, іштесу.

Кісілік – адам жетілгендігінің жоғары деңгейі.

1. Ежелгі Үнді философиясының пайда болуы және даму кезеңдері.

2. Буддизм – адамгершіліктік-этикалық ілім.

3. Көне Қытай филосоиясының сипаттық ерекшеліктері.

4. Конфуцийшілдік және даосизм – Ежелгі Қытай философиясының негізгі ағымдары.

Әдебиет:

1 Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2004.

2 Алтаев Ж., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. Алматы. 2001.

Сабақтың мақсаты: Ежелгі Үнді және Қытай философиясының

негізгі бағыт-мектерін, ұғымдарын игеру және белгілі ойшылдарының ілімдерімен танысу.

Тақырыпты зерттеудің түйінді мәселелері:

Ежелгі Үнді қоғамының рухани мәдениеті мен философиялық ойының дамуындағы Ведалардың рөлі. Ведалардың бөлімдері: Самхиттер, Брахмандар, Араньяктар және Упанишадалар. Упанишадалардың философиялық мазмұны. Ежелгі Үндінің ортодоксалды және ортодоксалды емес мектептері.

Азап – буддизмнің негізгі категориясы. Нирвана – балмыстың мәңгі өзгергіштігі туралы ақиқатты игеру және дұрыс өмір сүрудің прициптерін бұлжымай ұстанудың көмегімен азаптан құтылу. Жалпы Үнді философиясы мен буддизмнің дүниежүзілік маңызы.

Қытай философиясы: прагматикалық сипаты және өмірдің практикалық жағына бағытталғандығы. Ежелгі Қытай философиясының ескерткіштері. “Өзгерістер Кітабы ”. Қытай философиялық негізгі түсініктері: дао, ци, жэнь, ли, у-вэй. Лао-цзы – даосизмнің негізін салушы. Даосизм философиясының ерекшеліктері.

Конфуций – Конфуций мектебінің негізін қалаушы. Ақсүйектерді құрметтеу, қоғамда қатал субординацияны талап ету – кейіннен Қытайдың ресми идеалогиясы болып жарияланған конфуциандықтың негізгі ережелері.

Антика философиясы

1. Милет мектебі мен Пифагор философясындағыАлғашқы бастау проблемасы. Демокрит пен Левкипптің атомисткасы.

2. Софистер мен Сократ философиясындағы адам проблемасы.

3. Платон және Аристотель философиясы.

4. Эллинизм философиясы.

Әдебиет:

1. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. Алматы, 1999.

2. Интернет: www.phlosophy.ru

Сабақтың мақсаты: Философия ғылымының бастауы болып табылатын көнеГреция философиясының жалпы мазмұнын ашу, негізгі өкілдерінің көқарастарын игеру.

Тақырыпты зерттеу барысында келесі аспектілерге назар аудару қажет:

Милет мектебі – антика философиясының пайда болу ошағы. Бардың Алғашқы бастауының іздеу. Фалес, Анаксимандр, Анаксимен ілімдері, олардың ортақ сипаттары. Пифагор, оның сан және өлшемдік туралы ілімі. Демокриттің болмыс пен бейболмысты бөлуі: әлемде барлығы атомдардан және олардың қозғалысынан тұрады.

Софистер даналықты ғана емес, адамгершілікпен шектелмей, іскерліктен, мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарды атқару білуден тұратын асыл қасиетке үйретуші ұстаздар. Софистердің риторикасы. Протагор “Адам дегеніміз барлық заттардың: тіршілік етіп отырғандықтан тіршілік етіп отырған және тіршілік етпей отырғандықтан тіршілік етпей отырған барлық заттардың өлшемі”. Сократтың этикалық философиясы, адамгершіліктік ұғымдарды анықтау. Сократ: “асыл қасиет дегеніміз – білім, өмірдің мәні мәселесі, Сократтың өлімі мәнді өмір ретінде ” Платон мен Аристотель флософиясы – грек философиясының ең биік дамуы. Платонның “Идеялар” теориясы: әр түсінікке болмыс сәйкес. Платонның жан туралы ілімі: жан өзінің денелік табиғатынан бұрын тіршілік етеді. Жетілген және әділетті, яғни идеалды мемлекет туралы ілім. Аристотель: категориялар туралы; материя мен форма туралы; болмысты зерттеу құралы ретінде логика туралы; адам жаны туралы; мемлекет туралы ілім.

Грек демократиясының б.д.д. IV ғ соңындағы дағдарысы. Эллинистік философиясының және оның негізгі ағымдары стоицизм мен эпикуризмнің пайда болуы. Стоицизим идеалдары – сабырлылық және тыныштық. Эпикур: рухани тұрақтылықтың гедонистік этикасы.

Наши рекомендации