Уғын-сүргінің тақсіретін тартқан Қайран Мәннән !
«1920 жылы Орынборда шыққан «Ұшқын»,«Қазақстан» газеттерінде қызмет істеген, Алаш қозғалысының белсенді қайраткері 1937 жылы 24 қаңтарда халық жауы деген желеумен ұсталып,НКВД үштігінің үкімімен Семей түрмесінде атылған. Ол 1963 жылы 14 декабрьде ақталса да, Алашордаға қызмет еткені үшін аты еш жерде айтылмай келді. Оның творчестволық мұрасы бай.
1928 жылы Мәннән Тұрғанбаев Семейге қайта оралды. Облыстық соттың орынбасары, қалалық оқу бөлімінің инспекторы болады. Өзіне жүктелген міндетке барынша адал, әрі жанын аямай қызмет істейді. Бірақ, бұл кезеңнің бет алысын алдын ала сезіп, секем алған сақтыққа Мәннәнның көңіліне алаң түсіре бастаған, үрейлі шақ әсері еді. 1925 жылы Қазақстанға саяси жетекші болып келген Ф.И.Голощекин өзінің ыңғайына келмеген қазақтың тұлғалы азаматтарын қақпайға алып, қуғынға ұшыратқан теріс пиғыл танытты. Сол себепті Смағұл Сәдуақасов, Нығмет Нұрмақов сынды тастүлектер елден жырақ кетіп қалды. Голощекин жаңа теория шығарып «Қазан төңкерісі» Қазақстанға соқпай бір бүйірден өтіп кеткен екен. Сондықтан, «Кіші Қазан» төңкерісін жасау керек деп, 1927 жылы егістік, шабындық жерлерді қайта бөлу, 1928 жылы «Жартылай феодал байлардың» мал-мүлкін тәркілеу, қожа-молдаларға тыйым салған науқандар қыза түскен. Осы науқандардың ізін ала, 1929 жылы «Кулактарды тап ретінде жою негізінде елді жаппай колхоздастыру» шаралары қауырт қолға алынды. Ешбір дайындықсыз қызу жүргізілген осы науқандардың кезінде халық шаруашылығы қатты күйзелді.
Қолдан жасалған жаппай жұттың салдарынан отырған жерлерінде аштан өлетін болған соң, амалсыздан тамақ (корм) іздеген халық, ата-мекенінен безіп, беттері ауған жаққа қарай тоз-тоз боп, босып кетуге, рия бойына қаңғуға мәжбүр болды. Өйткені, колхоздардың еккен астығы үкіметтің берген жоспарын орындауға да жетпейтін еді, ал Голощекин (астық үшін күрес-социализм үшін күрес) - деп жоғарыдан елді қысымға алды. Ал мал басы күрт азайды аштықтан, күтімсіздіктен, індеттен қырылды, көптеген мал басы сойылып, ұқсатылмай итжемеде қалды. Бұл бір зұлмат-сұрапыл опат әкелді. Жұрт жарық дүниеден үміт үзіп, аш-арықтан қырыла бастады. Өмір үшін босқын болып Ресейге, Қытайға, Монғолияға кетіп, сіңе бастады. Осы науқандардың тұсында, әсіресе бұрынғы Алаш партиясы мен қозғалысының жетекшілеріне, алғашқы саяси сот процесстер өтті. 1930 жылдың 4 сәуірінде ОГПУ-дің сот коллегиясының үкімі мен 35 адамға әр түрлі жаза кесілді. Ахмет Байтұрсынов бастаған 10 адамға өлім жазасы бұйырылып, кейін ол үкім 10 жылдық мерзімге концлагерде отырумен алмастырылды. Солардың бірі - Мәннән Тұрғанбаев та Семейде қамауға алынып, Қапал түрмесіне айдалады.
1932 жылы Ахмет Байтұрсыновпен қатар ұсталған Мәннән Тұрғанбаев, Жұмағали Тілеулин, Даниял Ысқақов, Мұхтар Әуезов, Әлімхан Ермеков сияқты біраз адамдар шартты жазамен немесе айыптары дәлелденбеген соң түрмеден босатылады. Түрмеден босағаны мен, шайлыққан жүрегі Мәннәнды осы кезеңнің кезенген кесапатынан шеттеуді, кеңшілікке жылыстауды қалайды. Семейге оралған бетте аш-жалаңаш, әр босағада жүрген от басын жиып алады. Дереу, Алтай өлкесіндегі Ойрат автономиялық облысындағы Турата атты ауылға көшіп жетеді. Сол Туратаның жеті жылдық мектебінде мамандығы бойынша мұғалім болып қызметке орналасады... төрт жылдай шет жайлайды.Мәннәнның Қапал түрмесінде отырған (4/ІV-1930-30/ІV-1932 ж.) екі жыл астам мерзімде оның от басы Семейде жайлаған аштық, апатының шеңгеліне ілінеді: әйелі мен Есен атты қыз баласы қайтыс болады, анасы —Қалыш пен ұлы Мұрат, немере туысы Әбділманның үйін паналайды екен. Мәннән басына бостандық алып келісімен, қаладағы облыстық, оқу бөліміндегі таныс жолдастары бірден қызметке шақырады. Отбасы ауыр жағдайы, көңіл қимас,өзін сыйлайтын дос-жолдастардың қалауымен келген бетте қызмет алып, қаржы мәселесін шешеді. Семей облыстық, мемлекеттік архивіндегі
мына құжаттар бұған айғақ.
Приказ № 20
По личному составу ВК ОблОНО от 15. V. 1932 г. §1 т.Турганбаева Маннәна - зачислить на должность ответисполнителя сектора кадров по курсовым мероприятиям с 15 мая с/г. Зарплатой 240 руб. в месяц. ВК Зав.ОблОНО п/п АКИМОВ Екі жыл бойы Қапал түрмесінің қараңғы сыз подвалында күн сәулесін көрмей кешкен күй оның көз жанары мен денсаулығына тигізген кері әсері мен ел ішіндегі күйзеліс, от басы тауқыметі қатты ойлантады.
Кәрі шешесі мен жас баласы, жетім інісіне пана, өзіне серік болар жар іздейді,тездетіп бой тасалайтын, ел ауып жатқан ішкі Ресей жаққа, орыс арасына көшуге тас-түйі бекінеді. Кешікпей, басы бос бой жеткен Сағындық атты Уәли дегеннің қызына үйленеді. Қысылтаяң шақта қосылған жұбайы Сағындық Мәннәнның ұйғарымына қарсылық пікір білдірмей,«Қайда жүрсеңіз де етегіңізден ұстаған адал серігіңіз болуға әзірмін» дегенді айтады. Ендігі жерде Семейде бөгелуге болмайтын болғандықтан жұмысынан арыз беріп босану, көшу қамын жасайды. Сөйтіп, не бәрі екі айға жуық ОблОНО-да қызмет істеп өз еркімен босап, бұйрық алады.
ПРИКАЗ №39
от 9 июля 1932 г. т.Турганбаев М. - методист ОблОНОс 19 мая с/г считать уволенным от занимаемойдолжности по собственному желанию.Зав.ОблОНО - Х.ЕСЕНБАЕВ(опись 248 фонда)Мәннән 1923-1924 жылдарда инспектор болып
қызмет істеген ГубОНО-1932 жылы Шығыс Қазақстан облысы құрылып, Семей оның қарауына өткендігінен ВКОблОНО-болып өзгеріске түскен. Семей облыстық мемлекеттік архивіндегі құжаттар Мәннәнның жиырмасыншы жылдардың бас шамасында Семей мен Алаш қаласы оқу орындарында мұғалімдік қызметте істегендігін айғақтайды. Оның Мұхтар Әуезов, Сәтбаев Әбікей сынды ұлы тұлғалармен қатар жүріп, бір салада қызметтес болғандығына көз жетеді.
Міне бұл тізім-құжатқа жүгінсек, олардың әлуметтік күйі мен партиялығы жайында мағлұмат аламыз. Демек, Мәннән Тұрғанбаевтың партия қатарында болмағандығын көреміз. Ал,Мұхтардың бұрын 1919-1923 ж. дейін партияда мүше болғандығын білетін оқырман, бұл оның өз ырқымен партия мүшелігінен бас тартқан кезіндегі құжат екенін аңғартады. Мұхтар 1921 жылы Орынборға қызметке ауысқан. Оның алдында 1920 жылдың желтоқсанында Семей қазақ автономиялық Кеңестік Республиканың құрамына енген болатын.
Ал 1921 жылы Мұхтар Семей губкомының атқару комитетінің төрағалығына сайланады.. Алайда,«Алаш Орда көсемі Әлихан Бөкейханов пен вице-премьері Әлімхан Ермековтермен байланысы бар» деп Мұхтардың басқан-тұрған ізіне аңду түскенді.Туған халқының қасіреті мен қайғысын көре білу Мұхтарды да болашағы туралы ойларға жетелеген ді. Мұхтардың Орынборға келуі осы мақсат жолындағы сапарының басы болатын. Бірақ,тап пен жікке бөлінудің ордасына айналған Орынбордан керегін таба алмаған қаламгер ендігі үмітін Тәшкентке артқан ды. Мұндағы қоғамдық өмірге аз-кем араласып та байқайды. Өзін мазалаған саяси-әлеуметтік шығармашылық ойларға тиянақты жауапты таба алмаған соң Мұхтар Петроградқа бет алады.
1923 жылдың басында САКУ-де еркін тыңдаушы, «Шолпан» журналында қызметке тұрады. Сол жылдың қыркүйек айында Ленинград Университетінің қоғамдық ғылымдар факультетіне тіл-әдебиет бөлімінің орыс-славян секциясына окуға түсіп, жыл аяғына дейін ғана оқып, шақыртумен Семейге келеді. Оқуын үзіп,Мәннән жетекшілік ететін мұғалімдер даярлайтын курста және казпедтехникумда дәріс оқиды.
Ұлылар қайта тоғысады.Бір кездерде «ұлтшылдық» әдебиеттің өкілдері саналып келген бұл қайраткерлердің қоғамдық,творчестволық еңбегі қазақ халқының азаттық жолындағы ұлттық мүдделерімен байланыста өтті. Сапалы өмірін революциядан бұрын бастаған олар сол кездегі қоғамдық дамудың мешеулігін, қазақ халқының қараңғылықтағы, қанау астындағы аянышты өмірін, патша өкіметінің отаршылдық саясатының халықтың тұрмыс-тіршілігін ауырлатып, саяси құқын тежеп отырғанын уақытында көре білді. Олар халықты ағарту, өнер-білімге тарту жолында қызмет етті. «Осы жолда бұлардың тапқан панасы -«Алаш Орда» болды. Біраз уақытын, еңбегін Алашорда үкіметі мен Алаш партиясын құру, нығайту жолына жұмсаған олар көп кешікпей-ақ бұл бағыттың қателігін, халықты бақытқа, азаттыққа жеткізудің жолы бұл емес екенін түсінді. А.Байтұрсынов Әліби Жангелдинмен байланыс жасап, сол арқылы Совет өкіметімен келіс сөз жүргізді. В. И. Лениннің қабылдауында болды. Бүкіл-Россиялық Орталық атқару Комитеті 1919 жылы 4 апрельде Қазақстандағы «Алаш» буржуазиялық-ұлтшылдық партиясы мен Алашорда үкіметінің басшыларына кешірім жасау туралы шешім қабылдады. Міне,осыдан кейін Совет өкіметі жағына қалтарыссыз шыққан қаламгерлер ендігі еңбегін түгелдей жаңа социалисік құрылысқа оның мақсат-мүдделеріне ыңғайлайды. Жаңа советтік әдебиет, мәдениет жасау ісіне араласты. Алайда, жиырмасыншы жылдар ішінде біздің елімізде өрістеген таптық күрес жағдайында олардың өткендегі қателері жиі еске алынып, оларға сенбестік мінездер көрсетіліп тұрды. Ал, отызыншы жылдары социалистік заңдылықтың бұзылуы салдарынан олар сол өткен қателері мен адасулары үшін жазаға тартылды»...
-Қазақ республикасы оқу ағарту халық коммиссариятының инспекторы Глазов деген азаматпен бірге Дегелең бойындағы қазақ балалары оқитын мектептерде болып, Қожабек ауылында мектеп ашу қажеттігін Қарқаралы уездік оқу бөлімінен талап етіп, өзі қадағалауға алған. Мұндай жазба талаптары көп көрінеді. Жетім ба-
лалар үшін Деткоммуна (детдом) ашу, үй-қаржы бөлу мәселесін алғаш көтерген де Мәннән Тұрғанбаев екендігіне иландырар құжаттарды да көзіміз шалды. Көп құжаттар арабша болғандықтан ашылмай жатқаны қаншама?!
«1932 жылы Зұлматында Семейде оқу бөлімінде, панасыз балалар бөлімінің нұсқаушысы болдым. Әсіресе Абыралы көтерілісінен соң әке-шешелері айдалып кеткен тұлдыр жетім сәбилерді жинап, жуындырып, түннің бір уағында Жаңа Семейдегі бұрынғы Алаш өкіметі орналасқан үйге кіргізіп, бір үзім қара нан ұстатқанда аштықтан жағы қарысып қалған сәбилердің ауыз аша алмай еңіреген күйі, өмірі көз алдымнан кеткен емес». Сондай қиын-қыстау күндердің бірінде:
«Миллатыңа қызмет жасаған екенсің, алладан қайтсын!» деген екен Мәннән Тұрғанбаев. Әрі Ақжанды инженерлік оқуға түсуге ақыл беріп, өзі сабақ беретін даярлық курсқа қосқанын жазған еді. Міне елі үшін еңіреп, ұрпақ үшін керемет
мейірмандық танытқан, өз тағдыры да тәлкекке түскен қиямет күнде Миллат қамын ойлап, болашақты мезгеген Мәннәнның мұндай «сәл» болса да «нәнге» бала істерінің көп болғанын дәлелдер өлшеусіз зор еңбегіне сүйсінесің. Асыл азамат-
тың киелі аруағына кім де болса тағзым етумен борышын өтемек! Ұстаз ұлағаты деген осындай-ақ болар. «Патша кезінде де жан аямай қолға алған ағартушылық реформаны жаңа жағдайда жалғастыра беруге» Ахмет Байтұрсыновпен қатар тырысқан Мәннән Тұрғанбаевты одан еш бөле-жара қарауға да, бағалауға да болмайды. Екеуі де арманда өткен ұстаздардың ұстазы. Қанша содыр солақайлық
олардың атағын өшіріп ұрпақтардың жадын жадағайлағанмен, олардың есімдерін талай бала иесініп, аты «Ахмет», «Мәннан» қойылды, олар бастаған, негізін салған тіл ғылымы өркендеді. Демек, «Халық көкейінде олар сепкен ұлы мұраттардың дәні көз таса көктеп жатты. Ұрпақтар жүрегінде жатқан сол бір құпия махаббат әділет сағатын күтті». (Ә. Кекілбаев)
Қазақстан егемен ел атанып, толық тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін қоғам танушы ғалымдар, жазушылар алдына жаңа міндеттер жүктелді.
Тарихымызды зерделей отырып, XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басындағы қазақ тарихында Алаш қайраткерлерінің алар орыны ерекше екендігін мұқым қауымға жариялау қажеттігі туды. Бұл жөнінде біршама құптарлық, шаралар да жүзеге асуда. Десе де, әліде қағаберіс, қалтарыста қалған мұқият назарға ілінбегендері де баршылық.Мәннән Тұрғанбаев жәйлі айтар болсақ, міне осы соңғы тындырылмаған, көп зерттеуді қажетсінетін іске жатқызуға болады. Мәселен, біздің қолымызға түспеген, көзіміз шалмаған Тұрғанбаевтың 1932-1936 ж. аралығындағы өмірі жайлы нақты құжаттың болмауы, оларды Ресей архивінен іздестіру керектігі әрине, жалпы адамзаттық,адамгершілік рухты мықтап ұстанған Мәннән Тұрғанбаевтың өмірді түсінуін, философиялық рухын барынша толық, әрі терең ұғынған сайын біздің ұлттық рухымыздың қайнарын сонау ертедегі ұлылардан алғандығына күмәнсіз иланамыз. Мәннән қашан да біздің рухани бастаушымыз, үйретушіміз, ұстаздарымыздың алдыңғы сапындағы кесек тұлға. Оның қасіретті тағдырының өзі жоғары адамгершілік рухпен тарих сабақтарын үйрететін тағлым болмақ. Ол шындықты,әдебиетті, халқының бақытына барар жолды қажымай, талмай жасқанбай сілтеп, қауіп-қатер төнген сәтті де қасқая қарсы алды. Түрменің тас қабырғасын тырнағымен тырнай үңгіп, рогатка сияр тесіктен тілдей қағаз шығара-ды. Онда: «Бізді күтпеңдер, енді біз жоқпыз, үш қасқыр жабылды!»-деп мызғымас жігер, кемеңгер кемелдік таныту мен бірге, әрі аманат, әрі ақырғы қоштасу сөзін жеткізеді. Мәннән Ресей жері, қалың орыс арасында да 4 жылдай тұрып, ұстаздық қызметін атқарып, жаз бойы «Үйде болмайтын, демалыс дегенді білмейтін»-еді дегенді естідік. «Мүмкін елдегі достарымен байланыста болдыма деп ойлаймын, сол жақта туған інімнің есімін «Отан» деп қоюында, сағыныш пен үміт сезімі басым болған мәнісінен шығар»-деген еді, үлкен ұлы Мұрат. Қалай болжам жасасақ-та, Мәннәның ел хабарына елгезек болғанына еш бір шүбәміз жоқ. Ұлылық пен ұсақтық жол айырығының ашылған тұсы, ұлылар бір-бірін таныған, табысқан тұсы болар деген далбаса сезімге бой алдырады. Ақыры, аңғал ерге ал-дынан аңдушы шығару, аз күнгі тыныштық астан-кестең боларын, қолына темір кісен, аяғына бұғау түсіп, басына тағы қара-түнек төнерін, ақыры сұм ажал аранына жұтылып, көмусіз қаларын, алданарын болжауға тағдыр шіркін мұршасын келтірмегенді.
Сонау қиырдағы Ойраттан ел шетіне елеусіз ат арбамен ұзақ жол кешіп Семейдің шеті Қызылауылға ат басын тіреп, туған ел топырағына сағына қадам басып, мұндағы мектепке орналасады. Өкінішкс орай «Аңдыған жау алмай қоймас»-демекші, не бәрі 4-5 ай ішінде тұзаққа ілінеді. 24 қаңтар 1937 жылы түнгі сағат 12-де 3 жендет үй ішін ойрандап, керегін алып, өзін мылтық дүбімсн түйгіштей айдап, «қорлап», от басын аңратып Мәннәнды Семей түрмесіне қамауға алады. Сол жылы 18 тамызда Мәннән Тұрғанбаевқа УНКВД-нің Үштігінің үкімімен РСФСР қылмыс кодексіның 58 статьясының 4.10-шы тармақтарына сәйкестеп ату жазасына кесілген. Екі күн өткенде, яғни 20 тамызда жазықсыз Сабаз жауыздардың жалмауыз оғына байланады. Қитұрқы саясат-оның өлімінде жасыру мақсатында «Мәннән Тұрғанбаев 20.08.37 жылы 51 жасында атылу себебінен өлді деген Бородулиха аудандық, бюро ЗАГС-іне тіркетіп, сүйегінің қайда қалғаны жөнінде ешбір із-айғақ қалдырмаған. Арманы өшпес, рухы өлмес!.
Қорытынды
Ұстаз ұлағаты деген осындай-ақ болар. «Патша кезінде де жан аямай қолға алған ағартушылық реформаны жаңа жағдайда жалғастыра беруге» Ахмет Байтұрсыновпен қатар тырысқан Мәннән Тұрғанбаевты одан еш бөле-жара қарауға да, бағалауға да болмайды. Екеуі де арманда өткен ұстаздардың ұстазы. Қанша содыр солақайлық олардың атағын өшіріп ұрпақтардың жадын жадағайлағанмен, олардың есімдерін талай бала иесініп, аты «Ахмет», «Мәннән» қойылды, олар бастаған, негізін салған тіл ғылымы өркендеді.
Демек, «Халық көкейінде олар сепкен ұлы мұраттардың дәні көз таса көктеп жатты. Ұрпақтар жүрегінде жатқан сол бір құпия махаббат әділет сағатын күтті».(Ә. Кекілбаев)
Қазақстан егемен ел атанып, толық тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін қоғам танушы ғалымдар, жазушылар алдына жаңа міндеттер жүктелді. Тарихымызды зерделей отырып, XIX ғ.аяғы мен XX ғ. басындағы қазақ тарихында Алаш қайраткерлерінің алар орыны ерекше екендігін мұқым қауымға жариялау қажеттігі туды. Бұл жөнінде біршама құптарлық, шаралар да жүзеге асуда. Десе де, әліде қағаберіс, қалтарыста қалған мұқият назарға ілінбегендері де баршылық.
Әдебиеттер тізімі
1..«Айқап», «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы. Алматы, 1995, 355 – бет.
2.Құжаттарды Семей архивінен алдым.
3.«Ана тілі», 1997ж. С. Байменше.
4.«Пайғамбар заманы».
5.«Тіл Құралы».
6.«Есеп».
7.«Этика»
8.С.Тәбәрікұлы «Қайран Мәннән».