Нелiктен таза қайнаған ыстық суға бал мен лимон қосып iшемiн
70. Сенiң (Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с.-ға арнап айтылған сөз) Жаратушың араларға рухани күш бердi; «Адамдар мекендейтiн маңындағы тауларға, ағаштарға өз ұяларыңды салыңдар: 71. Өздерiңнiң Жаратушыларыңның ыңғайлы жолымен ұшыңдар, әр түрлi жемiстермен тамақтаныңдар!». Олардың асқазандарынан түрлi-түстi сұйық шығады: адамдардың дертiнiң емi осы: бұл ойлы пенделерге Алла тағаланың ишарасы.
КОРАНЬ. Перевод сь арабского языка. Г. С. Саблукова. Третье изданiе. Казань. Центральная Типографiя. 1907 г. Глава (16) пчелы, стр. 501, стихъ 70, 71. (аударған Әсет Мұқашбеков)
Менiң алдындағы бiр ұзақ ашығуымда үлкен дәретiм 23 тәулiктен кейiн бiрақ келдi, iшiм қатып қалды, онда тек таза суық сумен ғана ашыққанмын. Бiздiң ашығуымыздағы басты мақсатымыз: iшектегi, өкпедегi, өттегi, бауырдағы, бүйректегi т.б. мүшелердегi тастан, удан, кiр-қоқыстан арылу ғой. Қазiр бал мен лимон қосқан ыстық судың арқасында, бұрын бiр ай жүретiн жолымды, қазiр екi аптада жүрiп өтемiн. Осы бал, лимон қосқан ыстық судың әсерiнен үлкен дәретiм не күнде, не күн аралатып келiп iшегiм т.б мүшелерiм толықтай тазаланып, қоқыстар мен қалдықтарды бал ерiтiп, ыстық су жуып, жарты ғасырдан астам қатып, шөгiп қалған жуындыларды далаға төгуде, менiң тапқан саумалым қазiр осы боп тұр. Қарны ашып шыдамайтын адамдарға берер кеңесiм, бал бiр жағы қорек, екiншi жағы ем, бұл Құранда да жазылған. Ал лимондағы С витаминi (аскорбин қышқылы) адамға қуат бередi.
Бұл менiң ашығу iлiмiне қосқан үлкен жаңалығым деп бiлемiн. Және осының жауабын қасиеттi Құран кiтабынан таптым. Менiң тәндiк, жандық, руханилық тазаланып жатқанымды Жаратушы қолдап, осы 1907 жылы Саблукованың Қазан қаласында басылған Құранның орысша аудармасының 501 бетiндегi «Аралар» сүресiнiң 70 – 71 аяттарын маған ашты ма деп ойлаймын.
Мен нелiктен таза қайнаған ыстық суға бал мен лимон қосып iшетiнiмнiң мән жайына тоқтала кетейiн. Таза су: бұл аш – екi – о. Осы формуланың бiлдiретiнi, судың құрамында сутегiнiң екi, оттегiнiң бiр бөлiгi бар. Егер жауын немесе қардың суын iшсең, оның құрамында минералдарды заттар жоқ, осы және буланған су (дистилированный) минералдардан 100 пайыз таза. Бұларды жұмсақ су дейдi. Қатты суда минералдар көп, шашыңды осы сумен жусаң қатып қалады, терiлерiң кеберсiп кетедi, ал жұмсақ сумен жусаң керiсiнше. Құранда айтылғандай аралардың асқазандарынан шыққан түрлi, түстi сұйық – «адамдардың дертiнiң емi осы». Бұл ойлы пенделерге Алла тағаланың ишарасы.
Менiң таза қайнаған ыстық суға бал мен лимон қосып iшуiмнiң мәнi осында жатыр. Ыстық су мен бал адамның iшiнде толып жатқан қалдықтардың ерiткiшi. Егер суық таза су iше берсең iшiң қатып қалуы мүмкiн. Менiң өз басымда, алдыңғы ашығуларымның бiрiнде осындай жағдай болған. Балдың тағы бiр қасиетi бүйрегiңдегi, бауырыңдағы, өтiңдегi тастарды ыстық сумен қосып iшкенде ерiтiп жiбередi, не ағзадан қуып шығады. Тастар үлкен дәретiң арқылы шығады. Сондай-ақ, қан тамырларыңның iшiндегi өсiп кеткен арам еттерден де тазалайды. Адам тамақ iшпеген уақытта, ағзаның ең бiрiншi қорегi тұзды жеу, сонан соң өкпедегi, бас, құлақ қуыстарындағы маңқа мен шырышты, құлықты бiртiндеп қан тамырында бiтелiп тұрып қалған минералдар, бауыр, бүйрек, өттегi тастармен қоректенiп, соңынан қан тамырында өсiп кеткен өлi етке тиседi. Ашығу барысында, ағза өстiп өзiн-өзi тазалай бастайды, ашығудың мән жайы мен құпиясы да осында жатыр. Менiң неге ұзақ ашығуға баратыным оқырмандарға ендi түсiнiктi болған шығар деймiн. Егер де ұзақ ашығуға шыдамасаңыз аптасына үзбей 24...36 сағаттық ашығу мен анда санда 3...7 тәулiк ашығуда жақсы нәтиже бередi. Ашыққан сайын жеңiлдей бересiң, өзiңдi күннен күнге жақсы сезiнiп, өмiрге деген құлшынысың арта түседi. Егер сыңғырлаған денсаулыққа, шат шадыман өмiрге, ұзақ ғұмырға қолыңды жеткiзгiң келсе жиi-жиi ашық, қайта-қайта қайталап толық тазарғаныңша тағы ашық, бiлмейтiн көкiрегi соқыр надандардың сөздерiн тыңдама, бiреу үшiн бiреу тамақ iшпейдi, өмiр сүрмейдi!
Ескерту: Сусамыр – қант диабетiмен ауырсаңыз ыстық суға бал қоспай iшiңiз. Қан құрамындағы қант мөлшерi көтерiлiп кетедi. Тек таза ыстық су ғана iшiңiз!
Менiң өзiмнiң осы 11 жыл ашығудағы тәжiрибемнiң түйiнi: Бiз қуатты тамақ iшкеннiң арқасында өте шыдамды халықпыз, осыған күресiп жүрген палуандарымыз бен боксерларымыз дәлел. Басқа халықты бiлмеймiн, бiздiң қазекең ұзақ ашығуды ойнап өткiзедi, бiздiң ағзамыз осыған дайын. Айт-айтпаңыз, бiз әлi күнге дейiн, әсiресе ауылды жерлерде, табиғаттан қол үзе қойған жоқпыз, етене жақын, табиғаттың төл баласы сияқтымыз. Осыны Жаратушының бiздiң ұлтымызға берген сиы деп, мәпелей, қастерлей, аялап сақтай бiлуiмiз: бiздiң адамдық та, азаматтық та парызымыз, борышымыз, мiндетiмiз. Алла Тағала осындай кең байтақ даланы, асқар тауларды, орман-көлдердi, асты-үстi қазына байлықты бiздiң ұлтқа тегiн бермеген, бұнда бiр тылсым заңдылық бар. Бiз Жаратушының шарапаты тиiп, Алланың нұры жауған халықпыз!