Аны тасып өлейiн деп тұрып, ашығып сауығып кеткен ақсақал
Кiм де ниетiн – имандылыққа, тазалыққа, тiлiн шыншылдыққа, өзiн тыныштыққа, мiнезiн – туралыққа, құлағын тыңдаушыға, көзiн – өнегелi бақылаушыға айналдырып алған болса, демек ол бақытты.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Осыдан бiрнеше жыл бұрын, Кеңес өкiметi ыдырап заман ойпыл-тойпыл, халық не iстерiн бiлмей мәңгiрiп жүргенде мен өзiмнiң туған ауылым Науалыда тұратынмын. Алдында колхозда бас агроном болып қызмет атқарғанмын. Осында жүргенде өзiммен бiрге қызмет iстеген Жүнiсбеков Загсхан деген ағамыздың ашығу бағдарламасы мен дұрыс тамақтану мәзiрiн бақыладым. Ол кiсi менiмен көршi тұрды, өмiр сүру салты көз алдымда өтiп жатты. Жақсы араласып тұрдық. Осы адамнан байқағаным, барлық ауыл тұрғындары сияқты, ауыр жұмыстан қажыған, он баланы асырау мiндетiнен жүйкесi жұқарып, жан ұясынан береке кетiп, ақша жайы да қинап берекесi қашып жүрген. Осылардың салдарынан жүрегi шаншып, қан қысымы 220-250-ге дейiн көтерiлiп, бет аузы қисайып та кеттi. Оның денесiнен тiптi сасық иiс мүңкiп шығып тұратын болды. Осындай жағдай өз басымнан өткендiктен мен ол кiсiнiң жағдайын, көңiл күйiн өте жақсы түсiндiм. Ол кiсi менiң ашығу бағдарламасымен шұғылданып жүретiнiмдi бiлетiн, менiң өлгелi жатқан жерiмнен сақайып тұрып кеткенiмдi де өз көзiмен көрдi.
Мен алғашқы ұзақ 21 тәулiктiк ашығу бағдарламасын ұстап жүргенiмде өзiм жасарып, шашым түгелдей қарайып, нәтижесiнде тамаша денсаулықпен марапатталдым. Осы оқиғаларды Зәкең жақсы бiлетiн. Екеумiз денсаулық тақырыбында жиi-жиi әңгiмелесiп пiкiр таластыратынбыз.
Ол кiсi менiң сөзiмдi тыңдауға дайын болды-ау деген кезде: «Зәке, өзiңiздi осындай жағдайға алып келу үшiн талай жылдар жұмсадыңыз, жасыңыз болса жетпiске таяп қалды. Осыны қайта қалпына келтiру үшiн ашығу бағдарламасын, дұрыс тамақтануды ұстануға да уақыт керек, сiз бiрден жазылып кетпейсiз, бiртiндеп кiрiсiңiз», – деп кеңес бердiм.
Ол дұрыс ойлайтын зиялы адам болатын және өз бетiнше денсаулық туралы жазылған кiтаптарды, журналдарды үзбей iзденiп жүрiп оқитын. Менен ашығу бағдарламасын бақылауымды өтiндi. Бiз 36 сағаттық ашығудан бастадық, ашығу арасында ет пен көмiртектерiнен тамағына көкөнiс пен жемiстердi бiртiндеп қоса бердiм. Дұрыс тамақтанбау мен табиғи тамаққа көшу аралығында өтпелi кезең болу керек. Адам денесiн бiрден бұрынғы әдетiн тастауға зорлық қылуға болмайды. Бұндай өзгерiстер бiртiндеп жасалуы керек. Еттi күнiне 3 қабат жеудiң орнына, бiр қабат т.б. Осы 36 сағат ашығуды жиi-жиi қайталап тамақ мәзiрiнiң жартысынан астамы көкөнiс пен жемiстер, кептiрiлген нанды ара-тұра ғана аузына салатын болды. Кешке тамақ iшпей жатар алдында 3...5 км серуендеудi және қысы-жазы таңертең суық суға құйынуды әдетке айландырып алды. Ол өзiнiң бағдарламасынан ауытқымай, табанды түрде жалғастырғанына мен разы болдым.
Загсхан ақсақал өзiнiң жауларын жеңу үшiн, ашығу мен табиғи тамақтану бағдарламасымен жылға таяу шұғылданды, қазiр үзбей шұғылданады, әдет болып қалыптасып алды. Қазiр осы адамның қан қысымы қалпына келiп, денесiнен шығатын сасық исi жоғалып, мүлдем басқа адамға айналды. Бұрын қарға адым жаяу жүрмейтiн адам, қазiр жаяу жүргенде алдына жан салмайды. Алдында велосипедке мiне алмай қалған адам, қазiр күнi бойы велосипедтен түспей ауылды шаңдатып әрлi-берлi жүйткiп жүр. Қазiр 70-тен асты. Тiптi еш қиналмай 12 шақырым қашықтықтағы аудан орталығы Ұржарға велосипедiмен бара бередi. Ол денесiнiң iшiндегi жауларды жеңiп қана қоймай, 10 жылға жасарып кеттi. Қазiр ол әдемi, әрi денсаулығы мықты, салмақты – мамыражай қалыпқа түскен тартымды адам. Адамдардың басым бөлiгi басына бәле келгенде ғана қимылдай бастайды, бiрақта сақтансаң сақтаймын деген ғой.
Бiздiң мақсатымыз халқымыздың көзiн тырналап ашу, бiлiммен және рухани iлiммен сусындату. Сондықтан да, қалың оқырмандарымызға айтарымыз:
Осы кiтапты оқып отырған өзiңiз, табиғат өзiнiң улану ағымымен ұрып жыққанын күтуге тиiс емессiз. Ең дұрысы, денеңiзге саналы түрде физиологиялық демалыс бере отырып, өзiн-өзi тазалауға мүмкiншiлiк беру. Жиналып шоғырланған улардан денеңiздiң арылуына мүмкiндiк берiңiз.
Ауру – бiздiң денемiздiң улы заттарға толы екенiн көрсететiн табиғаттың әдiсi. Бiз ашығу арқылы денемiзде жиналған тағам қалдықтары мен уларды шығаруға табиғатқа көмектесемiз. Бұл әрбiр хайуанға белгiлi. Ашығу – хайуандардың емделiнуiнiң жалғыз жолы. Бұл таза хайуандарға тән болмыс.
7 мамыр, сенбі. Ашығуымның 20-шы тәулігі. Таңғы сағат ......
Салмағым 90,0 кг. Кеше күнi бойы сусын iшкеннен 1,0 кг қостым.
Сол қолымның қан қысымы 159/104. Тамыр 1 мин соғысы 65.
Оң қолымның қан қысымы 151/103. Тамыр 1 мин соғысы 65.
Жақсы ұйықтадым. Сусында көп iшкеннен салмағым артып келедi. Өзiмдi шабытты, қуатты сезiнiп, көңiл күйiм көтерiңкi қалыпта. Жаратушының осы берген сиына шексiз тәубәшiлiгiм мен шүкiршiлiгiмдi күнделiктi ұйқыға жатар алдында айтып жатамын. Жаратушығы шексiз ризашылығымды бiлдiремiн. Өзiмдi сезiнуiм тамаша, бұрын тәнiмдi құрсауалап тастағандай болушы едi, ендi күн сайын осы құрсауды ұйқыға кеткен кезiмде, маған бiлдiртпей күнделiктi сыпырып жатыр, сыпырып жатыр. Салмағымда әлi жөндi өзгерiс жоқ. Екi қолым қол емес, көтерсем жеп жеңiл, қанатқа айналып кеткен сияқты. 4-шы қабаттағы пәтерiме көтерiлгенде жақтауға сүйенiп, ентiгiп шығушы едiм, қазiр лыпылдап тұрмын.