Д.14. Гносеология: жалпы мәселелері.
1. Гносеологияның фундаменталды ұғымдары (бейнелеу, сана, таным, ақиқат).
2. Ғылыми таным, оның құрылымы мен ерекшелігі.
Дәріс мақсаты: Философияның тағы бір негізгі саласы гносеологияның жалпы мәселелерін, танымның деңгейлерін, кезеңдерін, түрлерін сипаттау. Философиядағы сана мәселесінің ерекшелігіне, оның шығуы туралы ғылыми және концепцияларға талдау жасау.
Негізгі ұғымдар: Гносеология, эпистемология, мән және құбылыс, мазмұн мен түр, бүтін мен бөлік, агностицизм, ақиқат, гипотеза.
Гносеология немесе таным теориясы– қоршаған дүниені, субъект пен объект арасындағы байланысты, шындықты, ақиқатты дұрыс әрі айқын тануды мақсат ететін философияның бөлімі.
Таным теориясы адамның әлемге деген танымдық көзқарасын, оның орнын және жалпылық негіздерін насихаттайды.
Таным теориясы философияның өзіндік бір бөлімі ретінде қарастырылыуымен бірге, теориялық – танымдық көзқарас әрқашанда басқа да философиялық көзқарастармен қатар, яғни тұрмыс табиғаты, этикалық және эстетикалық бөлімдерді қарастырды.
Таным теориясы тарихы, негізінен, білім дегеніміз не? (Платонның «Теэ-тет» диалогы) деген сұрақтан бастау алған, «таным теориясы» атты терминнің өзі кеш пайда болады.
Философия тарихында, танымдық теорияның негізгі проблемасы (мәселесі) ең маңызды орын алды. Таным теориясында философияның негізгі бағыттары махизм, кантшылдық.
Танымды зерттеудің арнайы – ғылыми әдістерінің (математикалық логика, семиотика, ақпарат теориясы, психология және т.б.) қарқынды дамуы, кейбір позитивистердің және позитивті ойлаушылардың пікірінше, таным теориясын философия ғылымы ретінде қарастырады.
Арнайы ғылыми зерттеу философиялық проблемалардың теориялық танымын түсіндіре алмайды. Керісінше, ол теориялық танымға жаңа мәселелер мен аспектілерді алып келеді. Таным теориясы өз дамуында жаңа ғылымдардың философиялық әдістемелік негізіне сүйеніп дамыды.
Эпистемология – (грекше таным, оқу, сөз) таным теориясы, гносеология. Бұл терминді американ, француз және неміс философиясында кең қолданылады. Терминнің шығуы философияны онтология және эипстемологияға бөлген шотлан философы Дж. Ф. Ферьеден туындайды («Метафизика негіздері», 1854 ж.). Рационализм– таным теориясын ақыл-ойдың көмегімен қолдану. Рационализмге сүйене отырып, жалпылық және қажеттілік жетілген білімнің логикалық белгісі, оның тәжірибесінен және жалпылығынан бөліп қарастырмайды. Олар ақыл ойдан және түсініктен, яғни ақыл-ойдың туғанынан бастап беріледі (Декарттың теориялық идеялары) немесе ойдың болжамы ретінде түсініктен алынған.
Эмпиризм – таным теориясы туралы ілім, ол бойынша ақиқатты тәжірибе арқылы тануға болады. Бұл ілім сезімдік тәжірибені білімнің жалғыз қайнар көзі деп есептейді, барлық білім тек тәжірибе арқылы келеді дейді.
Сенсуализм – сезім түйсіктері арқылы дүниені танып білу. Бұл білім саласы танымды сезіну арқылы танудың бірден-бір бөлімі.
Солипсизм – (solo – жалғыз, ipse - өзім) – субъективті идеализмнің шекті түрі.
Агностицизм– (гр. білім және жоққа шығару) әлемді толық танып-білуге болмайды деп қарастыратын білім саласы.
Ғылым– әр-түрлі заттар мен объектілерді, олардың қасиеттері мен қатынастары туралы жаңа білімді қалыптастыратын нәтижелерге бағытталған өзгеше ғалым ұжымдарының когнитивтік қызметтері. Ғылыми білімнің өлшемі: пәнділік, өзін жаңғырту, объективтілік, логикалық дәлел, эмпириялық және теориялық дәлел, логикалық дәлелділігі, пайдалылығы. Қазіргі кезде ғылым өзін кұрастыра және жаңғырта алатын, оның жетіктістері қазіргі қоғамның дамуын негіздейтін аса күрделі әлеуметтік жүйе болып табылады.
Ғылым философиясы– философияның бір аймағы, пәндік тұрғыдан ғылыми білім жүйесін, ғылымның жалпы құрылысын, қызметтері мен даму заңдылықтарын зерттейді; когнитивтік қызметін қарастырады; ғылым әлеуметтік институт ретінде және қазіргі қоғамның инновациялық жүйесінің негізі ретінде қабылданады. Ғылым философиясының мақсаттары: философия мен ғылым арасындағы қатынастардың механизімін іздеу; әр-түрлі ғылымдар мен ғылыми теориялардың философиялық мәселелері мен философиялық негіздерін зерттеу; ғылым, мәдениет пен қоғамның өзара қарымқатынасын анықтау. Қазіргі ғылым философиясының негізгі салалары: ғылым онтологиясы, ғылым гносеологиясы, ғылым методологиясы мен логикасы, ғылым аксиологиясы, жалпы ғылым әлеуметтануы, ғылыми қызметтердің экономикалық және құқықтық реттеуінің жалпы сұрақтары, ғылыми-техникалық саясат пен ғылым меңгеруі.
Білім дегеніміз - материалдық және рухани құбылыстар туралы шынайы әрі нақты мәліметтер жиынтығы, олардың адам санасында дұрыс, объективті бейнелеуі.
Ғылыми білім рухани дүниенің құрамдас бөлігі есебінде қашанда жүйелілігімен, логикалық тұрғыдан ұйымдасқандығымен және теориялық сипатымен ерекшеленеді. Ғылыми білім ғылыми қиындықтар мен қайшылықтары мол ізденістің, шығармашылық іс-әрекеттің барысында туындап, жинақталып жүйеленеді. Әрі ол таным процесінің күрделі нәтижесі болып табылады.
Ғылым дегеніміз - заттардың, құбылыстар мен процесстердің ішкі болмысын, табиғатын ашып көрсететін, олардың даму заңдылықтарын, байланыстарын ашып, даралап тұжырымдайтын шынайы ақиқат, жүйеленген, қисынға келтірілген білім және объективті шындық.
Ғылым дегенімізқоғамдық-тарихи практика дамуының белгілі бір сатысында пайда болатын айырықша әлеуметтік институт, адамның танымдық қызметінің ерекше формасы, адамзат мәдениетінің жоғарғы саласы.
Ғылым тарихы мен философиясығылыми білімнің тарихи дамуы, құрылымы мен өзгешелігі, ғылыми танымның жалпы заңдылығы мен ғылыми білімнің эволюциясы туралы сұрақтарды зерттейтің философия шеңберінде қалыптасқан өзгеше сала, пән.
Экстернализм –бұл тарихи-ғылыми ағым бойынша ғылымның дамуына сыртқы әлеуметтік-экономикалық факторлар әсер етеді және әскери істің қажеттіліктері себеп болады. Оның өкілдері: Дж. Бернал, Р. Мертон, А. Кромби, Г. Герлак, Э. Цильзель, О. Шпенглер, Б. Гессен, Ст. Тулмин, Д. Гачев т.б. Яғни ғылымға әсер ететін – қоғамның сұранысы /заказ/.
Интернализм -бұл тарихи-ғылыми ағым бойынша ғылымның дамуы ғылыми идеялардың өзіндік заңдылығымен негізделген тарих. Өкілдері: А. Койре, Р. Холл, Дж. Рэнделл, П. Росси, Г. Герлак, К. Поппер т.б. Өзінің қорытыңдыларына қарамай, интерналистер ғылымның нәтижелері нақты ғалымның іс-әрекетінен тыс болса да, сол ғалымның ой санасында қалыптасады деп тұжырымдайды.
Дүние тану деген не, оның негізгі формалары қандай, білмеуден білуге, үстірт білімнен терең білімге өтудің заңдылықтары қандай, ақиқат деген не және оған жетудің жолдары қандай, ақиқаттың критериі не-бұларды және бұлардан басқа да көптеген философиялық мәселелерді таным теориясы немеес гносеология қарастырады.
«Гносеология» - гректің» gnosis-білім және logos-сөз, ілім деген сөздерінен шыққан. Шетелдік әдебиетте бұл терминмен қатар «эпистемология» термині қолданылады-бұл терминмен әдетте олар ғылыми таным теориясы дегенді білдіреді.
Таным теориясының мәселелері философияның тууымен бірге пайда болды. Таным процесінің аталған мәселелерімен алғаш айналыса бастаған ертедегі грек философтары Демокрит, Платон, Аристотель және басқалар болды. Кейіннен бұл мәселелермен айналысқандар Ф.Бэкон, Р.Декард, Дж.Локк, Б.Спиноза, Г.Лейбинц, И.Кант, Д.Дидро, К.Гельвиций, Г.Гегель, Л.Фейербах, А.И.Герцен және көптеген басқа философтар өз үлестерін қосты.
Ерте заманнан-ақ адам өзін қоршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін-өзі, өзінің табиғатқа және басқа адамдарға қатынасын танып-білуге тырысты. Адамнан тыс таным процесінің болуы мүмкін емес. Сондықтан адам танымы белгілі бір қоғамда, қоғамның практикалық қажеттілігіне сәйкес жүріп жатады. Ендеше, адамзат дамуында адам танымы қоғамдық, тарихи сипатта болады. Таным – адам санасын дамытудың негізі. Таным процесінің заңдылықтарын зерттеуді таным теориясы деп атайды. Философияның негізгі мәселесін дұрыс немесе теріс шешуге байланысты екі түрлі таным теориясы (материалистік және иделаистік теория) қалыптасады.
Материалистік таным теориясы айналадағы материалдық шындықтың адам санасында бейнелеу теориясы болып табылады. Бейнелей теориясының мәні мынада: заттар, құбылыстар мен процестер және олардың қасиеттері мен маңызды байланыстары танып-білуші субъектіден тәуелсіз өмір сүреді. Түйсіктердің, қабылдаудың және ақыл-ойдың арқасында біз заттарды, олардың қасиеттерін танып-білеміз. Түйсіктер, қабылдау және ақыл-ой заттардың өзі емес, олардың субъективті образы, бейнесі. Таным дегеніміз сыртқы заттар мен құбылыстар қасиеттерінің, мәнді қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнеленуінің қайшылыққа толы күрделі процесі.
Таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі. Адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәліметі ішкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады. Танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп есептеуге болады. Сөйтіп, материализм шынайы, болмысты, нақтылы дүниені танып-білу туралы мәселе қойса, идеалистер түрлі заттар мен құбылыстарда өз өрнегі мен бейнесін тауып отырған мінсіз құбылыстарды, яғни адам санасының түрлі өнімдерін танып-білу туралы айтады. Идеализм бейнелеу принціпін жоққа шығарып, болмыс пен ойдың тепе-теңдігін мойындауды талап етеді. Материализм, керісінше, тепе-теңдік принципін жоққа шығарады да, бейнелеу принципін мойындауды талап етеді. Кейбір философтар дүниені танып-білу мүмкіндігін мүлде жоққа шығарады, абсолютті ақиқатты, заттардың ішкі мәніне таным арқылы жетуді мойындамайды. Философияда қалыптасқан мұндай позицияагностицизм деп аталады. Оның философия тарихындағы ең көрнекі өкілдері Д.Юм мен И.Кант болып табылады. Танымның субъектісі деп жеке адамдарды, таптар мен әлеуметтік топтарды, кең мағынада алғанда, тұтас тарихи нақтылы қоғамды айтуға болады. Сондай-ақ, субъект өз болмысын, өзінің ішкі дүниесін таным объектісі ретінде қарай алады. Табиғатты, қоғамдық қатынастарды таным объектісі ретінде қалыптастыру қажет. Олар субъектінің өндірістік, әлеуметтік және ғылыми қызметі арқылы таным объектісіне айналады.
Таным екі жақтың бірлігінде беріледі, сезімдік және рационалдық, олардың әр-қайсысын сипаттай отырып, олардың да өз құрылымы бар екенін көреміз.
Таным процесінің қандай да болсын материалдық заттардың сезім мүшелеріне ықпал етуі нәтижесінде туатын әсерлерден басталады. Сезімдік таным адамды сыртқы дүниемен байланыстырады, қоршаған ортаның заттар мен құбылыстары туралы көрінікті түсінік береді. Сезімдік таным өте ежелгі таным түрі, ол негізінен адамды қоршаған шындыққа шығатын бірден-бір маңызды жол. Сезімдік таным негізгі үш формада: түйсік, қабылдау және елестету арқылы жүзеге асырылады. Түйсік негізгі екі тапқа: 1) сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың қасиеттерін бейнелейтін түйсіктерге (көру, есту, дәм, тері арқылы сезу түйсіктеріне); 2) дене мүшелері қозғалысын және ішкі мүшелердің жайын бейнелейтін түйсіктерге (тепе-теңдікті бұлшық ет, организм арқылы түйсіну) бөлінеді. Түйсіктер дегеніміз сезім мүшелеріне тікелей ықпал жасайтын материалдық заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын, қасиеттерін, жақтарын мида бейнелеуі болып табылады. Қабылдау жеке түйсіктердің жай ғана қосындысы емес, заттың тұтас бейнесі болып табылады. Қабылдау дегеніміз – сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сыртқы материалдық заттың тұтас бейнесі. Сезімдік қабылдау әрқашанда нақты бейнелер болып келеді. Қабылдау жалпы алғанда жеке заттарды бейнелейді, мұнда олар тек сыртқы көріністері жағынан ғана көрінеді. Елестету дегеніміз – қазіргі сәтте сезім мүшелеріне тікелей әсер етпейтін, бірақ бұрын олар белгілі бір формада қабылданған заттың сезімдік бейнесі. Елестету де қабылдаулар сияқты нақты, көрнекі бейнелер.
Рационалыдық таным (логикалық ойлау, абстрактілік ойлау) - бұл екінші танымның жоғарғы сатысы. Ол сезімдік танымның нәтижесіне сүйенеді, бірақ өзі көрнектілікті қажет етпейді, шындық пен тікелей байланыста болмайды және синтездік қорытылған білім береді, бұларсыз адам қызметі тиянақты болмайды. Рационалдық таным да үш түрде болады: ұғым, пікір, ой қорытыу. 1) Ой түрінде, заттар мен құбылыстардың ең жалпы маңызды жақтарын, сапасын, байланысы мен қатынасын бейнелейді. 2) Ойды жеткізу үшін түрлі ұғымдар арасындағы қатынасты белгілеп анықтайды, қандай да болсын бір зат жайында бір нәрсені мақұлдайды немесе теріске шығарады. 3) Пікірдің ерекше түрі, оның арқасында бір немесе бірнеше пікірден туатын, біздің білімді қорытындылайтын жаңа пікір (ой қорыту) туады.
Сезімдік пен рационалдық таным бір-бірімен тығыз байланысты. Дүниені сезімсіз тану мүмкін емес, сонымен қатар ол танымның бастапқы кезеңі ғана жоғарғы рационалдық танымның негізгі бұлағы. Сезімдік таным бізгі жеке салдар, түр, құбылыс туралы білімдерді береді, ал рационалдық мазмұнды, мәнді, жалпыны, себепті, заңды анықтайды.
Сезімдік пен рационалдық танымның жалпы мақсаты білімді немесе процестер мен құбылыстарды дұрыс бейнелейтінін табу. Сондықтан, ақиқат не екенін анықтап білу және біздің санамыздың ақиқатқа барар жолын көрсету маңызды.
Ақиқат – танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субъектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған объектіге сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі керек. Осыған орай ғылым мен философияда ақиқат проблемасы алға тартылады. Ақиқат дегеніміз субъект пен объект арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп жататын әлеуметтік-тарихи процесс. Ақиқат біреу, ол объективті. Объективті ақиқат деп қоғамдық адам түсінігіндегі, біліміндегі субъектіге, адамға, адамзатқа тәуелсіз мазмұнды айтады. Ақиқат өзінің мазмұны жағынан объективті, ал формасы жағынан субъективті. Сонымен ақиқат дегеніміз – объективтік пен субъективтің диалектикалық бірлігі. Зерттеліп отырған объект жөніндегі толық емес білімді – абсолютті ақиқат деп атайды. Салыстырмалы ақиқат пен абсолютті ақиқат - әлеуметтік, тарихи процесс ретінде объективті ақиқаттың көріністері. Объективті ақиқат салыстырмалы – абсолютті түрде ғана өмір сүреді.
Нағыз білім ақиқат болуы тиіс. Практикалық қызметте табысқа жету үшін адамға ақиқат білім қажет. Ақиқат деп шындыққа сәйкес білімді айтады. Абстарктілі ақиқаты жоқ, ақиқат әрдайым нақты болады. Ақиқаттың нақтылығы-таным процесіне диалектикалық тұрғыдан қараудың негізгі бір принципі-таным объектісінің барлық жағдайларын мұқият ескеруді талап етеді. Мысалы, болған құбылыстың жағдайлары, орыны мен уақыты және т.б. белгісіз болса, онда тұжырымдалған пікірдің ақиқаттығын не жалғандығын анықтау мүмкін емес Объектіні белгілі бір жағдайда дәл бейнелендірген пікір басқа жағдайлардағы ол құбылыс жайын жалған болуы мүмкін. Мысалы, жеке адамға оны қоршаған әлеуметтік қатынастардан байланыссыз баға беруге болмайды.
Бір құбылыс не процесс жайындағы ақиқат та мәңгі емес. Бұл құбылыс не процесс дами отырып, басқаға айналуы мүмкін. Өйткені жағдайға байланысты ол өзгереді. Олай болса, оны бейнелендіретін ақиқат та өзгереді.
Ақиқаттың нақтылық принциптері фактілер мен жеке оқиғаларға жалпы ереже, қағида тұрғысынан қарамай, нақты жағдайларды есепке алу тұрғысынан қарауды талап етеді., ал бұл догматизмге мүлде қарама-қарсы көзқарас. Қоғамдық даму процестерін талдаған кезде нақты- тарихи тұрғыдан қараудың маңызы ерекше арта түседі. Ал мұның бәрі білімнің ақиқаттығының өлшеуіші проблемасын алға тартады.
Ақиқаттың өлшеуішін табу- ақиқатты, ақиқат білімді қателесуден айыруға мүмкіндік беретін обьективтік негізді табу деген сөз.
Дүниежүзілік философия тарихында ақиқаттың өлшеуішін табу мәселесі таным теориясындағы негізгі мәселелердің бірі болды. Ақиқатты жалғаннан қалай айыру керек деген сұрақ ойшылдардың бәрін толғандырып келді. Декарт, Спиноза, Лейбниц ақиқаттың өлшеуіші ретінде ойлау нәрсесінің айқындылығы мен анықтығын ұсынды. Ақиқаттың өлшеуішінің мұндай түсінігі біздің ойлауымыздың логикалық күшіне және сеніміне сүйенеді. Қабылданатын және ойланатын нәрсенің айқындылығы ақиқатты анықтауда белгілі бір өлшеуіш бола алмайды. Кезінде айқын болып көрінген көптеген ақиқататр кейіннен жалған болып шықты, мысалы, жердің жазық сияқты болып көрінуі, күн мен жұлдыздардың жерді айналуы т.б. сондай «ақиқат» еді.
Практиканыақиқаттың өлшеуіші деп жариялаған прагматизм деп аталатын философиялық бағыт бар. Бірақ ол практиканы пайда табуға бағытталған іс-әрекет мағынасында түсінді: не нәрсе практикалық пайда келтірсе, сол бірден-бір ақиқат деп жариялады бұл идеалистік философиялық бағыт. Маркске дейінгі философтардың бәрі бірдей практика ақиқаттың өлшеуіші екенін мойындамады немесе оны тәжірибе, бақылау жүргізу мағынасында түсінді.
К.Маркс пен Ф.Энгельстің нағыз ғылыми гносеология жасауда сіңірген аса зор еңбегі сол, олар адамзаттың қоғамдық ой-пікірінің тарихында тұңғыш рет қоғамдық практиканың таным процесіндегі шешуші ролін ашып берді. Олар қоғамдық еңбек практикасы және ең алдымен өндірістік қызмет таным процесінің негізі ғана емес, сондай-ақ шешуші өлшеуіші екенін дәлелдеп берді. Қоғамдық практикада расталған теориялар ған ақиқат деп саналады. Практика өлшеуішінде абсолюттік те, салыстырмалы да кезеңдер бар, өйткені ол біздің барлық білімдеріміздің абсолюттік және салыстырмалылылық сипатын айқындап береді. Ақиқаттың өлшеуіші ретіндегі практиканың абсолюттік кезеңі мынада: қазғылап келгенде практикада ақиқатты жалғаннан, шынды өтіріктен айырып беретін бірден-бір өлшеуіш болып табылады. Ғылыми зерттеуші ұсынатын ақиқаттың қайсысы болмасын, практика растаған дәрежеде ғана шындыққа сәйкес келеді. Субьективтік идеядан адам обьективтік ақиқатқа практика арқылы барады.
Таным, білімнің формалары мен түрлері көп. Ең алдымен таным ғылыми және ғылыми емес болып екіге бөлінеді. Ғылыми емес танымның түрлеріне күнделікті тұрмыстағы танымдар, көркемөнерлер бейнелері, діни танымдар т.б. жатады. Ғылыми танымның міндеті- заттар мен құбылыстардың ішкі мәнін, олардың өмір сүру мен даму заңдылықтарын ашу. Ғылыми таным негізгі екі деңгейден тұрады: эмпириялық және теориялық.
Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның эмпирикалық және теориялық деңгейлерін ажыратқан әлбетте дұрыс, себебі әр деңгейдің өзіндік ерекшеліктері мен әдістері бар. Эмпирикалық деңгейде білімнің мазмұны тәжірибе негізінде жинақталады. Бұл деңгейде таным объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет тұрғысынан қабылданады. Әрине, ғылым мен техниканың дамуына байланысты адамның сезімдік танымының көкжиегін әлдеқайда кеңейтетін аспаптар, құралдар, компьютерлер іске қосылып жатқанын айта кеткен артық емес. Теориялық деңгейде таным объектісінің маңызды байланыстары мен заңдылықтары тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады.
1. Біз білетін әлем дүниесінде санадан гөрі ауқымды философиялық ұғым жоқ. Сана ғажап дүние. Бүкіл өнер, дін, әдебиет, философия, техника әлемі және ғылым адам миының, яғни санасының нәтижесі.
Әлемді бейнелейтін сана. Сана бүкіл философияда, ғылымда және дінде әлеуметтік өмірде түрлі ой туғызып, оларды бір-бірімен айиыстырып қояды. Рухани дүние материалданған, сана солардың бәріне нұр төгіп тұр.
Сана қалай пайда болады? Бұл туралы ғылымда пікір талас көп: Адам баласына ой қалай келеді және рухани дүниемен тәндік дүниенің арасындағы айырмашылық қандай? Жеткілікті білім болмағандықтан, алғашқы ададмдар сананы адам денесінен бөлек өмір сүретін «жанның» қасиеті деген қорытындыға келеді. Сондықтан, оны бөлек өмір сүретін шыбанға теңеп, жан ұшып жүреді, бақыттың болуы оның қонуына байланысты дейді.
Діни-идеалистік түсініктерде сана қайдағы бір материалистік емес, субстанция «жанның көрінісі, ол жалпы алғанда материядан (мидан), санадан тәуелсіз өмір сүретін, өлмейтін және мәңгілік құбылыс болып табылады.
Танып білудің алғашқы негізінде «жан» туралы идея ежелгі заманнан келеді: 1) Түс көру, 2) талып қалу, өлу: түрлі таным және эмоциялық ырықтық процестердің табиғи себептерін түсіндіре алмаған адамдарға бұл құбылыстар жалған көзқараста болды. Ұйқы кезінде түс көру, ол денені жан тастап түрлі жерлерде болуын көрсетеді. Періште мен жын-шайтандар, адам санасының туындысы, қорқу бірдеңеге сену әсерінен туатын құбылыс деп есептеледі.
Космостық (құдайшыл) тәсіо бойынша сана өзінің материалдық негізі- тірі организм, адамнан тәуелсіңз, өзінше өмір сүреді. Сана тікелей космостың нәтижесі, басқаша құдайдың ақылына, байланысты бірыңғай бөлінбейтін өзінің мәнінде бүтін «әлемдік» сана оның бөліктері тірі организм мен адамға сана ретінде таралған.
Тейяр де Шарденнің теориясы бойынша сана адамнан жоғары мән, мидың материяның ішкі жаны.
Орта ғасыр философиясының өкілі Дунс Скоттың пікірінше, тіпті таста ойлай алады.
Сана ми арқылы пайда болады. Адам ақыл – ой арқылы ойлайды, жоспарлайды. Ми материя. Ми жануарларда да бар. Жануарлардың өмірі спонтандық (ішкі себептермен пайда болған, сыртқы әлеумет әсері мен болмаған) емес, өзінің санасына бағынған, мәні бар. Жануарлар өз тәжірибелерін жинақтап, оны ебін тауып қолданады. Жануарлардың бір қатар әрекеттері күрделі әлеуметті саналы болады. Ми дегеніміз шыныдықты психикалық бейнелеудің жоғарғы формасы болып саналатын сананың орны. Сана – жоғарғы ұйымдасқан материяның, адам миының қасиеті, ол күрделі материалдық, физиологиялық жүріс болып табылады. Мидың қызметі шындықты бейнелейтін жоғарғы түр ретінде сана сыртқы дүниенің бейнесі. Бұл субъективтік дүние мен анықталғанмен өзінің табиғаты жағынан қайталанбайтын құбылыс. Сана адамның еңбек ету процесінде қалыптасады. Еңбектің дамуын және онымен байланысты адамның қатынастарының дамуы тілдің пайда болуына алып келді. Тіл белгілер жүйесі, адамдардың байланысуы, ойлауы мен ойды жеткізу құралы ретінде қызмет етеді.
Өзіндік сана. Өзіндік сана – адамның танымдық өнегелі, діни эстетикалық және саяси өзінің іс әрекетін субъект ретінде түсінуі және ұғынуы. Басқа сөзбен айтқанда, өзінің адамгершілігін, мақсатын, идеалын және жүріс-тұрысын ұғынуы. Өзін басқа біреулермен салыстыру арқылы кім екенін түсіну. Өзіндік сана әр уақытта жеке кісіге байланысты. Оның философиялық түсінігі, оның өзі жай білім емес екенін мойындау, бірақ білімнің субъектівтік мазмұны сыртта болып жатқан қандай да бір оқиғаға бьайланысты болғандығын мойындау. «Өзіндік сана-білім Менен басқа жерде еркін өмір сүре алмайды»-Гегель. Бұның мәні кісінің күйзелісіне байланысты, сондықтан объективтендіру қиын. Басты қызметі өзін-өзі тануы және өзін-өзі реттей білуі қысқаша айтқанда өзіндік сана – табиғаттан және адамдар әлемінен бөлінген бірегей құндылығын және өзінің біртума тұлға екенін сезіну.
Қоғамдық сана.Қоғамдық сана – қоғамның өзін-өзі, өзінің қоғамдық болмысын және қоршаған ортаны түйсінудің нәтижесінде пайда болатын қоғамдағы әр түрлі пікірлердің, теорияларды, идеялардың, діни сенімдердің жиынтығы. Ол қағамдық болмыстың бейнесі, сонымен қатар қоғамдық болмысты бейнелеп қана қоймай, өзі де қоғамдық болмыстың дамуына белсенді әсер етіп отырады. Қоғамынң материалдық өмірі қоғамдық болмыс, ал рухани өмірі қоғамдық сана деп аталады.
Жеке сана мен қоғамдық сананың ара қатынасын жеке мен тұтастың ара қатынасы ретінде қарастыруға болады. Әр бір адамның ой-өрісі қоғамдық сана мен ғана толысып кемелденбейді. Қоғамдық сана мен бірге әрбір адамның жеке санасы болады. Жеке сана объективтік шындықты жалпыға белгілі ұғымдармен категорияларды ұғыну мен шектелмейді, сонымен бірге объективті өмірді тікелей тану арқылы әр адамның жеке басына, біліміне, өмір жағдайына, мінезіне, қабілетіне, тәрбиесіне т.б. байланысты қалыптасады. Бірақ жеке адам қоғамдық сананың принциптерәмен және шектеулерімен санасуға мәжбүр болады. Осы тұрғыдан алғанда қоғамдық сана біршама өзінділікке ие, жеке санадан тәуелсіз одан жоғары тұрады. Сонымен қатар қоғамдық сананы жасаушы жеке адамдар, яғни қоғамдық сана мен жеке сана өзара диалектикалық байланыста. Жеке сана қоғамдық сананы байытады, ал жеке сана қоғамдық сананың жетістіктері арқылы жетіліп, дамып отырады.
Қоғамдық сананың құрылымы.Қоғамдық сананың құрылы әр түрлі. Қоғамдық санаың құрылымында қарапайым және теориялық қоғамдық психология және қоғамдық идеология деп бөлуге болады. Қоғамдық психология дегеніміз – адамдардың әлеуметтік көңіл-күйлерімен сезімдері, қоғамдық пікірлері, салт-дәстүрлерімен мінез-құлық нормаларының жиынтығы. Қоғамдық психология немесе адамдардың күнделікті санасы, күнделіті өмірді тікелей бейнелендіреді. Ол шындықты теориялық жағынан ұғыну дәрежесіне жетпеген, күнделікті тәжірибенің шеңберінде шектелетін сана. Қоғамдық психология қоғамдық сананың төменгі сатысы. Ал идеология жоғарғы сатысына жатады. Идеология дегеніміз – қоғамдағы экономикалық қатынастарды белгілі бір әлеуметтік таптың тұрғысынан бейнелейтін идеялар мен теориялардың жүйесі. Идеологияға саяси ілімдер құқықтық көзқарастар, адамгершілік принциптері эстетикалық және философиялық көзқарастар, діни идеялар жатады. Идеологияның өзіне тән ерекшелігі сол, ол қоғамдық таптармен әлеуметтік топтар мүдделлерінің бір жүйеге келтірілген және теориялық жағынан қорытылған бейнесі болып табылады. Сондықтан ол стихиялық түрде өздігінше қалыптаса алмайды, оны сол таптың идеологтары, «таптың ойшыл өкілдері» жасап шығарады.
Қоғамдық сананың формалары.Қоғамдық сананың формаларына: саяси сана, құқықтық сана, діни сана, өнер, мораль, ғылым және философияны жатқызуға болады. Қоғамдық сананың әрбір формасының өз ерекшеліктері, қоғам өмірінде өз орны бар, өйткені олардың әр-қайсысы қоғамдық болмыстың бір жағын ерекше түрде бейнелендіреді. Сонымен бірге қоғамдық сана формаларының қоғамның экономикалық базисімен байланысу сипаты да әр түрлі, олай болса қоғам дамуында атқаратын ролі де әр түрлі болады. Қоғамдық сананың формалары тарихи өзгерістерге түсіп, нақтылы дәуірде осы формалардың бірі қоғамның рухани өмірінде үстем болып, қалғандарын өзіне бағынышты етеді.