Философияның гносеологиялық (танымдық) қызметін сипаттаңыз.

Енді философияның қоғамдық теориялық санада, ғылымдар аясында қандай қызметтер атқаратындығына тоқталып өтсек, оның басты функциялары былайша көрсетіледі. Бұл тұста, алдымен, функция немесе қызмет ұғымын түсіндіріп өтуіміз қажет. Функция – міндеттілік, әрекет ету аймағы, өзінің мүмкіндігінің шегіндегі болмай қоймайтын басқа салаларға ықпалы, өзінің атқаруы тиісті мазмұны болып табылады

болжалдық қызметі бойынша философия ғылымы әлемнің, қоғамның, адамның дамуының болашақтағы күйін анықтап, өзіндік жобалар мен модельдер құрады;

танымдық қызметі арқылы бүкіл дүние мен адам және оның орны хақында мәліметтер мен ақпараттар жиынтығын тұтастындырып, ғылымиландырып барып ұсынады.

әдіснамалық қызметі ғылым философиясы саласына сәйкес, барлық ғылымдарға жолбасшылық жасап, жалпы бағдарларды, зерттеу әдістері мен әдіснамаларын жинақтап бере алады және ол ғылымдар осы бағдарлардан айнымай өзіндік зерттеу бағыттарын тиянақтайды. Мәселен, герменевтика, феноменология, структурализм сынды философиялық бағыттар қазіргі таңда көптеген ғылымдардың жалпы зерттеу әдіснамаларын құрайды.

рационалды жүйелеу- философия адам тәжірибесін теориялық деңгейде тұжырымдайды, ғылыми емес, қарапайым бақылаулардың және ғылыми танымның нәтижелерін философиялық деңгейде қорытып-сараптайды, оларды белгілі бір жүйеге келтіреді.

сыни- философиялық ұғымдар мен категорияларды, заңдарды игеру, философия тарихымен, оны жасаушы философиялық тұлғалармен танысу, олардың ілімдерін зерттеу адамның өз өміріне, қызметіне, қоғамдағы орнына тереңірек үңілуге, сыни тұрғыдан талдауға үйретеді.

гуманистік-тәрбиелік- философия адамды дүниедегі ең басты құндылық деп таниды және негізінен руханияттық пен адамгершілікті басшылыққа алады.

практикалық -неміс философыГегель философияны өмір көшінен үнемі кеш қалып жүреді деп сынаса да, қазіргі философияның, онымен айналысатын философ мамандардың негізгі мақсат-міндеті оның практикалық сипатын зерттеу болуы болып табылады.Философияның танымдық қызметі дүниеге көзқарспен байланысты. Дүниеге көзқарас ұғымы бір қарағанда тым жалпы болып көрінуі мүмкін. Дүниеге көзқарастың нәтижесі танымға алып келетін және дүние туралы белгілі мағлұматтар алуға қол жеткізетін адамзат санасының мәнді құбылысы. Дүниеге көзқарас – құбылыс, яғни, адамның өзін дүниеден шартты түрде бөліп алып қарастыруына байланысты оны тану, білу, ол туралы белгілі бір ұғымдар мен түсініктір жүйесін қалыптастыру қызметін атқаратын аса маңызды үдеріс болып табылады. Дүниеден өзін ажыратып алған адам, одан оқшаулану, бөлектену немесе оны жоққа шығаруды емес, керісінше, әлем хақында белгілі бір нақты білімдер жүйесін құрастыруға ұмтылады. Себебі, осы әлемде өмір сүріп жатырғандықтан, ол дүние туралы толығырақ білімдер жинақтауы қажет екендігі сөзсіз.

Көне Үнді философиясының негізгі бағыттарына анықтама бере отырып, "джайнизм"және"буддизм"бағыттарындағы болмыс ұғымының айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.

Үнді философиясында чарвака бағытының қағидалары қарапайым адамдардың арасында кең тарағанға ұқсайды.

Олай болса чарвактар өмірдің мәнін байлық пен ләззат алудан көрген, олар о дүниені мойындамаған.

Дүниеге құмарту, одан ләззат алудан ол бізге зардап әкеледі деп неге қашамыз? Біз өмірден ләззат алып, зардаптан құтылуымызға болады. Ол балықты ұстап алып етін жеп сүйегін лақтырып, күрішті қабығымен алып оны тазалап жеген сияқты,- деген пікір айтады.

Чарвактар, әсіресе, брахман дініне қарсы шығып, о дүние, жұмақ, тозақ ұғымдары адамдарды қорқытып, сондай көзқарсты тарату арқылы өзін асырап жүрген, ақылы мен еңбекқорлығы жоқ адамдардың айласы,- деген пікір айтады.

Үнді философиясында Дүниенің негізін екі бастамадан – пракрити (материя) және пурушадан (жан) шығармақ болған ағымды да кездестіруге болады.

“Білгің келсе, пракрити мен пуруша, - екеуінің де бастауы жоқ; біл, сананың өзгеруі пракритиден шығады; себеп пен іс-әрекет қайнар көзі – пракритиде. Пуруша пракритидің тудырған гундарынан ләззат алады², - дейді.

Үнді халқының, көрші Қытай елі сияқты 4-5 мыңжылдық өркениеттік тарихы бар ел. Олай болса, оның өзіне тән ерекшеліктері біршама.

Үнді елінің ғажап ерекшелігі – оның әлеуметтік ұйымдастырылуында. Ондағы адамдар үлкен жабық әлеуметтік топтардан тұрады. Оны – варна, я болмаса каста дейді.

Негізінен алғанда, Индия қоғамында 4 каста тарихи пайда болды. Олар:

Брахмандар (ақтар) – айналысатын істері – ой еңбегі, негізінен діни қызметкерлер, ел басқарушылар.

Кшатрилер (қызылдар) – айналысатын істері – жауынгерлік істер.

Вайшьилер (сарылар) – еңбек етеін адамдар, негізінен егін егу, мал бағу, қолөнермен айналысу т.с.с.

Шудралар (қаралар) – ең ауыр, кір жұмыстармен айналысатындар.

Джайнизм философиясы.

Джайнизм (Джина – жеңіс) философиясының негізін қалаған Махавира деген ойшыл болған.

Джайнизм ²жеңіс² деген сөзден шыққан. Адам кімді жеңу керек? Басқаларды ма, әлде бүкіл Дүниені ме? - Жоқ, бұл Дүниедегі шынайы жеңіс – ол адамның өзін-өзі жеңуі.Джайнизм философиясында 9 ұғым бар. Олар – тірі (джива), өлі (аджива), ізгі, күнә, жанның бұзылуы (ашрава), самвара – жанның тазалануы, тәуелділік, карманы бұзу – нирджара, жанның денеден құтылуы – босау.

Джайнизм философиясының негізгі ұғымдарының бірі – святвада (свят – белгілі бір жағдайда). әрбір заттың шексіз әртүрлі қасиеттері мен белгілері бар. Уақыттың шеңберінде олардың бәрі өзгеріп отырады. Сондықтан, бірде-бір затты толығынан танып-білу мүмкін емес. Зат жөніндегі біздің тұжырымдарымыз щектелген болу керек.

Джайнизмнің “үш маржаны², - ол – дұрыс сенім, дұрыс білім, дұрыс жүріс-тұрыс.

Адам өзін-өзі жеңуі үшін бірнеше қағидаларды ұстауы керек. Олар:

Апариграха – дүниедегі заттарға қызықпау, байланбау, самарқау қарау;

Сатья - әрқашанда ол қандай қиын болса да шындықты айту;

Астея - ұрламау, өлейін деп жатсаң да ешнәрсені рұқсатсыз алмау, сұрап қана алу;

Ахимса – ешнәрсеге зәбірлік жасамау, өйткені барлық тіршіліктің жаны бар.

Тарихта мыңдаған жылдар өтсе де, джайнизмнің адам алдына қойған талабына әлі де болса қазіргі өркениет жеткен жоқ.

Уақытында үнді елінің ХХғ. ұлы азаматы Махатма Ганди ахимса қағидасына сүйене отырып, өз халқын бейбіт жолмен ағылшындардың бодандығынан алып шыққан болатын.

Сонымен, джайнизм философиясының гуманистік моральдық құндылықтары - ұлы үнді халқының рухани ақмаржаны, ол бүгінгі таңға шейін қоғамдық сананың ажырамас бөлігі. Үнді елінде пайда болып, Дүниежүзілік үшінші дінге айналған философия ілімі- ол буддизм.

Буддизмнің негізін қалаған үнді елінің шакья тайпасынан шыққан Гаутама Сидхартқа (563-483 б.ғ.д.)Будда жөніндегі аңыздарға қарағанда, ол үлкен гүлдеген бақтың ішінде туып-өсіп тәрбиеленіпті. Үйленіп, балалы болыпты. Бірақ, күндердің бір күнінде қалаға келіп, халықтың шексіз зардабын көріп, 29 жасында тәтті өмірден бас тартып, ел аралап кетеді. 6 жыл ел кезіп өзінің тәнін қинап, ел кезген брахмандармен сұхбаттасып, Дүниенің терең мәнін іздейді.

Бірақ, одан ешнәрсе шықпағаннан кейін, ол адамның зардап шегуінің себебі неде және одан қалай құтылу керектігі жөнінде ойланады.

Күндердің бір күнінде ол алып ағаштың түбіне келіп отырып ақырында ақиқатқа жетеді – ол Буддаға – яғни ағарған, даналық деңгейге көтерілген әулиеге айналады. Сол күннен бастап ол өзінің ашқан ілімін кеңінен халыққа тарата бастайды.

Будданың ашқан “Төрт ақиқаты²:

Бұл Дүниедегі өмір зардапқа толы. Оның көбін ешбір адам аттап өте алмайды, өйткені, адам бұл дүниеге жылап келеді, жылап кетеді; адам ауырып зардап шегеді; әке-шешесінен, ағайын туғанынан, сүйген жарынан, жолдас-жоралардан айырылып қайғырады. Мұның сыртында өмірден тілегеніне жете алмай қиналады. “Адам болу өте қиын. Өтпелі пәнденің өмірі қиын².

Зардапты жеңу үшін оның шыққан қайнар көзін, себебін білу керек. Оның себептері өмірге деген құштарлық, өмірде болуға деген іңкәрлік, ләззатқа тоймаушылық. “Құмарлықтан күшті от жоқ; жеккөруден артық пәле жоқ; денеден артық бақытсыздық жоқ; тыныш өмірден артық бақыт жоқ². “Ол мені аяғына басты, ол мені ұрды, ол мені жеңді, ол мені жалаңаш қалдырды², - мұндай ойларды ішінде сақтаған адамның жеккөруі тоқталмайды. “Адамдар дамыл таппай, қорқып қашқан қояндай, жағалай жүгіріп жүр².

Буддизм.

Үнді елінде пайда болып, Дүниежүзілік үшінші дінге айналған философия ілімі- ол буддизм.

Буддизмнің негізін қалаған үнді елінің шакья тайпасынан шыққан Гаутама Сидхартқа (563-483 б.ғ.д.)

Будда жөніндегі аңыздарға қарағанда, ол үлкен гүлдеген бақтың ішінде туып-өсіп тәрбиеленіпті. Үйленіп, балалы болыпты. Бірақ, күндердің бір күнінде қалаға келіп, халықтың шексіз зардабын көріп, 29 жасында тәтті өмірден бас тартып, ел аралап кетеді. 6 жыл ел кезіп өзінің тәнін қинап, ел кезген брахмандармен сұхбаттасып, Дүниенің терең мәнін іздейді.

Бірақ, одан ешнәрсе шықпағаннан кейін, ол адамның зардап шегуінің себебі неде және одан қалай құтылу керектігі жөнінде ойланады.

Күндердің бір күнінде ол алып ағаштың түбіне келіп отырып ақырында ақиқатқа жетеді – ол Буддаға – яғни ағарған, даналық деңгейге көтерілген әулиеге айналады. Сол күннен бастап ол өзінің ашқан ілімін кеңінен халыққа тарата бастайды.

Конфуцийдің әлеуметтік - адамгершілік іліміндегі және даосизм философиясындағы негізгі ұғымдарға сипаттама бере отырып, салыстырыңыз.

Кон-фу-цзы (551-479 б.ғ.д.) - Қытай халқының ұлы ойшысы, саяси қайраткері, тәрбиешісі, осы уақытқа дейін өзінің ықпалын тигізіп келе жатқан философиялық ағымның негізін қалаушы. Негізігі еңбегі “Лунь-уй² (әңгімелер мен пікірлер).

Кон-фу-цзы философиясында қойылған онтологиялық (болмыс) мәселелерге келер болсақ, ойшы өзінің болмысқа, дүниеге деген жалпы көзқарасында сол кездегі қалыптасқан ой-өрісінің шеңберінде болған. Аспандағы дао заңдылықтарына табынып, тағдырға сенген. Мысалы, Лунь-уй кітабында ол кісі былай дейді: “Аспан жөнінде не айтуға болады? Жылдың төрт маусымының ауысуы, болмыстың дүниеге келуі. Басқа не айтуға болады Егер кімде-кім тағдырды мойындамаса, оны нағыз ерге жатқызуға болмайды, - дейді ұлы ойшыл.

Кон-фу-цзы еңбектерінен біз “бес тұрақтылықты² (у-чан) табамыз. Олар адамгершілік, адамды сүю (жень), әділеттілік (и), әдеттілік (ли), даналық, ақыл-оймен тоқулық (чжи), сенімділік (сань). Осы бес тұрақтылық арқылы адам дао жолына шыға алады.

Кон-фу-цзы моральдың “алтын ережесін² алғаш көрсеткен деген пікір әдебиетте бар. Оқушы бұл кісіге: “Бір сөйлеммен сіздің моральдық ілміңізді бізге жеткізе аласыз ба , - деген сұрақ қойыпты. Оған ол “Өзіңе тілемейтінді басқаға да жасама²,- деген екен.

Кон-фу-цзы өзінің моральдық ілімінде “адамдардың өзаралықтығына² “алтын ортаңғылыққа², әке-шеше мен аға-апаны сыйлауға, адамдарды сүюге шақырады. Ол кісі жақсылықтың жақсылық болып қайта оралуына сенген.

Лао-Цзы философиясының негізгі ұғымы – Дао- Қытай тіліндегі көп сөздер сияқты өзінің бойына әр-түрлі мағна сіңірген ұғым.

Дао- бір жағынан, Дүниенің қайнар көзі, алғашқы негіз ретінде түсіндірілсе, екінші жағынан ол - аспан заңдылықтары, бүкіл Дүниедегі заттар мен құбылыстар оған бағынышты.

Дүниенің негізінде жатқан Даоны біз мәңгілікті, өзгермейді, бітімсіз, танылмайды,- дейміз. Оған қаншалықты мұқият қарағанмен ол көрінбейді, зер қойып тыңдасақ - естілмейді, оған ат қояйық десек, қалай атарымызды білмейміз - оның аты жоқ. Ол – ешнәрсе, бейболмыс. Дао- бүкіл өмірге келетіннің терең қақпасы.

Ал біз өмір сүріп жатқан нақтылы Дүниеге, бізді қоршап жатқан сан-алуан заттарға келер болсақ, олардың әр-қайсысының аты бар. Олардың бәрі де қозғалыста, өзгерісте, олар- уақытпен шеңберленген- бұл Дүниеге келіп, аяғында Даоға айналып мәңгілікке кетеді.

Дао тудырған болмысты, заттар әлемін Лао-Цзы “Де² деген сөзбен береді. Дао заттарды тудырса Де - оларды асырайды. Денелік заттардың бітімін құрайды, инь мен янның күштері арқылы зат қалыптасады. Сондықтан бұл Дүниеде Даоны құрметтейді, Дені бағалайды.

Адам жерге бағынады, жер - аспанға, аспан - Даоға, Дао - өз-өзіне.

Дао - мәңгілік және аты жоқ-ты. Солай бола тұра оны ешбір бұл Дүниедегі нәрсе өзіне бағындыра алмайды.Даосизмде дүниенің қайшылығы, қарама-қарсылықтың бір-біріне айналып жатқаны айқын көрсетіліп, адам өзінің жүріс-тұрысында, іс-әрекетінде оны қалай ескеру керектігі айтылады. “Сұлудың сұлулығы білінген кезде, түрсіздік те пайда болады. Жақсылықтың жақсылығы білінген уақытта жамандық-та пайда болады... Сондықтан болмыс пен бейболмыс бірін-бірі тудырады, ұзын мен қысқаны бір-бірімен салыстырап қана білеміз, биік пен аласа бір-бірімен майысады, әр-түрлі дыбыстар бір-біріне қосылып гармонияны (harmonіa- грек сөзі,-үйлесімді) тудырады. “Қарама-қарсылыққа айналу- даоның қозғалысы². “Мінді мінсіздікті сақтайды²- бұл бос сөз бе? Ол- адамның жетілуінің жолын көрсететін қағида. Сондықтан қиындықтан өту үшін жеңілден бастау керек. ұлы нәрсе кішіден басталады, көп нәрсе аздан тұрады, бақытқа жету үшін бақытсыздықтан өту керек… кім көп жинаса, соншалықты көп жоғалтады. Кім өлшемді сақтаса- сәтсіздікке ұшырамайды. Кім өз шегін білсе - қауіптен құтылады. Егер жеңілдікті іздесең, қиындықтар өз-өзінен пайда болады².

Орта ғасырлық христиан философиясының "болмыс" ұғымына баса назар аударып, өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып өтіңіз (А. Аврелий, Фома Аквинский).

Христиандық философияның негізгі мәселесі - олболмысты тану болып есептеледі. Е.Жильсон оны былайша тұжырымдайды: «егер екі философ болмысты түсінуде екі жақта болса, онда барлық жағынан да олар бір-біріне қарама-қарсы.

Бұл философия «болмыс» (esse) және «дүниедегі бар», өмір сүріп жатқанды (ens) бір-бірінен айырады. Болмыс категориясы тек қана мәңгі, абсолютті, құдіретті өмір сүріп жатқан Кұдаймен теңелсе, нақты бұл дүниеде өмір сүріп жатқан заттар - жаратылған, өтпелі, олардың болмысқа тек қатысы ғана бар, яғни уақытша келген.

Нақтылы дүниеге келген заттардың «өмір сүруі» (existentia) мен мән-мағынасы (essentia) бар. Олар бір-бірімен қосылып, соны­мен қатар бөлініп жатады. Бұл дүниеде өмір сүру, яғни болмысқа қатысты болу дегеніміз - жаратылғандықтың белгісі. Екінші жағынан, мән-мағынаға ие болу дегеніміз - нақтылы, белгілі зат болумен тең, олай болса, ол әрқашанда шектелген, өтпелі, ол - жалпы болмыс емес, тек қана нақтылы болмыс. Жак Маритеннің айтуына қарағанда, әрбір болмыс өмір сүру мен мәнділіктен тұрады. «Мәнділік бұл зат не деген сұрақка жауап берсе, мысалы, тас, «өмір сүрудің» қоятын сұрағы тіпті басқаша: Ол бар ма, яғни дәл қазір өмір сүріп жатыр ма, әлде жоқ па? Олай болса, бұл дуние кездейсоқ оның шеңберінде әрбір заттың болуы да, болмауы да мүмкін. Нақтылы дүние тәуелді, өз-өзіне жеткіліксіз, тек қана Құдай толыққанды кемеліне келген болмыспен тең», - деп қорытады өзінің ойын Ж.Маритен. Фома Аквинский (1221-1274 жж.) Италия елінде бай ақсүйектердің жан-ұясында дүниеге келген. Неаполь университетінде оқыған 1256-59 жж. Париж университетінің теология кафедрасын басқарған. Өмірінің соңында ел аралап Европа университеттерінде лекциялар оқиды. “1323ж. әулие докторұ атағы беріліп, шіркеудің бесінші ғұламасы болып есептелген. Фома Аквинскийдің болмыстық ілімінің қайнар көзі Аристотельдің “потенция² және “акт² деген ұғымдарына кетеді. Потенция (мүмкіндік) дегеніміз ол болуы да болмауыда мүмкін, шайқалған, тұрақталынбаған, өзгеруге ашық, аяқталынбаған, кемеліне келмеген. “Таза потенциалдық²- ол материя, болмыстың ең әлсіз түрі. Ол тек өзгертіледі, сыртқы әсерлер қабылдайды. Актуальдықты (шындық) алатын болсақ - ол іске асқандық, өмірге кіргендік, аяқталғандық, кемеліне келгендік. Актуальдық - ол форма (бітім) - сол арқылы заттар өзінің болмыстық дәрежесіне көтеріледі. Абсолютті актуальды - Құдай, қайсыбір бітімнің қайнар-көзі. Олай болса, Құдай - болмыстың өзі де, ал Дүние - болмысқа ие ғана. Тек Құдайда болмыс пен мән-мағна бір-біріне сәйкес келеді, сондықтан, ол таза акт (шындық), өзіне-өзі жеткілікті болмыс. Ал Дүниедегі жаратылғандардың бәрі өмір сүруге бағытталған ғана. Дүниедегі заттар бұл Дүниеде болуы да, болмауы да мүмкін, ол қажетті емес. Олардың өмір сүруімен мән-мағынасы толығынан бір-біріне сәйкес келмегеннен кейін, оны бүкіл жаратылған дүниеге таратып, ол болуы да, болмауы да мүмкін еді, онда бұл Дүние мүмкіндік пен кездейсоқтықтан пайда болды,- деген пікір айтады. Фома Аквинскийдің бұл ұлы ойларын талай ғасырлар өткеннен кейін ХХ ғасырда ғалымдар растады. Қазіргі Дүние жөніндегі түсініктер бойынша Дүние - өзінің ішінде орасан зор потенцияны (мүмкіндікті) сақтайды, соның кішкентай ғана бөлігі кездейсоқтық арқылы іске асады (актуальділікке айналады) потенция-шындықтың толқыны, қай-толқын дүниеге айналады - ол кездейсоқпен байланысты. Толық болмыс тек Құдайда ғана болса, жаратылған дүние болмыстыққа қатысады. Сондықтан болмысқа келген заттардың өзінің мән-мағынасын ашудағы, шындыққа айналдырудағы мүмкіндігі зор - олай болса Фома Аквинскийдің философиясы - оптимистік философия. Өйткені, біз бұл Дүниеге келуіміз де, келмеуіміз де мүмкін еді. Бірақ біз бағасы жоқ қымбатты сыйға - өмірге ие болып көз алдымыздағы болмыстағы таңғажайып құбылыстарға шаттанып караймыз, өзіміздің ішкі мүмкіндіктерімізді табиғи дарындарымызды өмірге өткізуге, іске асыруға тырысамыз.

Адам ақыл-ой иесі болып жаратылғаннан кейін, ол әр заттың ішкі мақсатын, не үшін жаратылғанын біле алады. Сондықтан адамның іс-әрекетінің алдында не істейтінін түсіну жатыр. Жердегі заттар мен адамдар жаратылған Дүниеге жатқаннан кейін (жаратушы біреу ғана, ол - Құдай) олар әр түрлі сатылық деңгейде болады, ал ақыл-ойға келер болсақ, оның әртүрлі құндылықтарының ішінен өзіне керектерін таңдап алуына мүмкіншілігі бар. Ақыл-ойдың осы еріктігінде зұлымдықтың түп-тамыры жатыр, - дейді Фома Аквинский.

Наши рекомендации