Даршандар атауы | Негізін қалаушылардың есімдері | Еңбектерінің атауы | Философиялық тұжырымдары |
Миманса | Джаймини | «Джаймини сутра» | - ведаларға қайта оралуды жариялай отырып, ведаларды рационалды түрде негіздеуге тырысқан. - сансара мен карманың торынан құтылудың бірден бір жолы Веда іліміне сәйкес әрекет ету. Ведалар миманса үшін «мәңгі ақиқат» болып табылады. Оларды ешкім жазған жоқ және жазу мүмкін емес, ал қасиеттерін танып білуге болады. - таным теориясы көмегімен заттардың шынайы мәнін дұрыс түсініп және негізгі метафизикалық түсініктерді толық ұғынуға болады деп санайды. Сезімдер арқылы қабылданған материалдық дүние шынайылығын мойындайды. - дүниедегі заттар карма заңына сәйкес атомдардан пайда болады. - жан – тәнмен байланысты өлмейтін, мәңгілік субстанция болып табылады. Ведалардың болуын жан мәңгілігіне байланыстырып түсіндірді. - қабылдаумен қатар, танымның басқа да бастаулары бар, олар: логикалық түйін (анумана), салыстыру (упамана), беделді сөз (шабда, Веданың беделіне сүйену). Яғни, Ведалар танымның бастау көзі, өйткені Ведалар дхармамен (парызбен) тікелей байланысты. Парызды орындау карманың біртіндеп жойылып, жанның азат болуына жетелейді. Кармадан азат болу – Ведалардағы рәсім мен тәртіпті орындағанда мүмкін болады. |
Ньяя | Акшапада Готам (Гаутама) | «Ньяя сутра» | - логика көмегімен метафизикалық мәселелерді зерттеуге назар аударады. - Адамзаттың басты мақсаты – азаттыққа жету, азап-құмарлықтан толық арылу болып табылады. - таным негіздері: сезіну, ой қорыту және аналогия көмегімен ой түйіндеу жатады. Ақиқат танымның шарттары мен әдістері логика және оның заңдары арқылы айқындалады. - Танымның төрт дербес бастаулары бар деп мойындайды, атап айтсақ, қабылдау, түйін, салыстыру және дәлелдеу. Аталған бастауларға негізделген таным дәйекті болып табылады. Дәйекті таныммен қатар дәйексіз таным да болады. Дәйексіз таным адам жадына, қателікке, күмәнға және болжамға сүйенеді. - құдай туралы ілімі бойынша, құдай дүниені жаратушы, сақтаушы және талқандаушы. Құдайдың даналығы мен мейірімділігі адамға берілген ерік бостандығынан көрінеді. Ерік бостандығы көмегімен адам қайырымдылық пен зұлымдықты ажырата алады, өзін және әлемді шынайы тану арқылы азаттыққа қол жеткізеді. |
Вайшешика | Канада | «Вайшишика-сутра» | - таным объектісі ретінде көрінетін шындықтың жеті түрі бар, олардың алтауы жағымды, олар: субстанция (дравьия), сапа (гуна), іс-әрекет (карма), жалпылық (саманья) ерекшелік (вишеша), мәнділік (самавая), ал теріс түрі бейболмыс (абхава). - сапалар мен әрекеттердің субстраты ретінде көрінентін субстанция 9 формада көрінеді, сезім органдарымен қабылданатын физикалық элементтер: жер, су, от, ауа, эфир, сезім органдарымен қабылданбайтындар: кеңістік, уақыт, жан және ақыл. Соңғы төртеуі жеке жанның қабылдауы үшін арналған. Сапа заттардың табиғатын айқындайды. - әрекет Вайшешика іліміне сәйкес төмендегі физикалық қозғалыс ретінде түсіндіріледі, олар: жоғары (өрлеу), төмен (құлдырау), ішке (қысылу), сыртқа (ұлғаю), бір орнынан екіншісіне (жүру) орын ауыстыру. - жан материалды емес, мәңгі және шексіз, екі формасы болады, олар, абсолютті немесе жоғарғы жан және жеке-дара жан. |
Санкхья | Капила (б.з.б ҮІІ-ҮІ | Пракритий туралы ілім | - әлемнің алғашқы материалды негізі пракритий (материя, табиғат), ол белсенді, тәуелсіз, бірақ санасы жоқ. Пракритий барлық объекті тіршілігінің негізі. Үш сапалы элементтер ұмтылу (раджас), қараңғылық (тамас), айқындылық (саттва) ықпалымен пракритий заттар мен жандардың әлеміне айналды. Әрбір затта осы үш сапалы элементтің біреуі басым болады. Әсемдікке, даналыққа ақиқатқа бейім заттарда айқындылық (саттва) басым болса, шектеулі, енжар заттарда қараңғылық (тамас) басым болады. - пракритий мен прушаның қосылуы нәтижесінде бастапқы 25 қағида пайда болады. Олардың ішінде материалды (су, ауа, топырақ) қасиеттерімен бірге рухани (сана, интеллект, өзіндік сана) қасиеттер бар. Пруша (Мен) – рух, сана, енжар. Прушаның мәнін сана құрайды. - Үнді мәдениеті мен діни философиялық жүйелерге ықпал етті. Құдайды мойындамайды, кейбір өкілдері құдайды жаратушы ретінде емес, бақылаушы ретінде бар деп есептеді. |
Йога | Патанджали (б.з.д. ІІ ғ.) | | – дене мен ақылды тазартудың озық тәсілі ретінде де қабылданады. Психологиялық категорияларды зерттеуге және практикалық психологиялық ілімге назар аударады. - басты категориясы – читта – барлық психикалық күйдің формасын қабыл алады. - болмыс туралы және таным туралы іліміСанкхьия іліміне ұқсас. Йоганыңерекше жетістігі тән мен жанды жүйелі жаттықтыру арқылы азаттыққа жету болып табылады. Йоганың дене жаттығуларын Миманса және Чарвака мектептері ғана мойындамайды. - Йогаазаттыққа жетудің үш жолын ұсынады, олар: 1) джняна йога (таным жолы), 2) бхакти йога (қасиеттілікке эмоциональды қатынас), 3) карма йога (белсенді іс-қимыл жолы). - ақылдың нұрлануы мен тазаруының тұтас жүйесін тұрады, олар: өзін меңгеру (яма), дененің нақты бір жағдайында тыныс алуды меңгеру (асана), тыныс алуды реттеу (пранаяма), сезімді сыртқы ықпалдан оқшаулау (пратьяхара), ойда шоғырлау (дхаран), ой толғаныс (дхьяна), тән қабықшасынан арылу (саматхи). Йогажүйесінде этикалықмінез-құлық ережесі жасалды: ахимса – тіршілікке қиянат жасамау, сатья – сөз бен ойдағы ақиқат, астья – ұрлық жасамау, брахмачарья – сезімді құрықтау және т.б. |
Жайнизм | Махавира Вардхамана (б.д.б. ҮІ). | «Таттвархадхигама-сутра», «Йогоашастра» | - солтүстік шығыс Үндістанда пайда болып, кейін бүкіл ел аумағына таралды. Ұзақ жылдар бойы ауызша түрде таралды. Б.з. Ү ғасырында жазбаша каноны құрастарылды. - екі мәңгі жаратылмаған және жойылмайтын: тірі (джива), өлі (аджива) субстанциялар бар деп есептеген ілім жатыр. - Адам мәні материалды (аджива) және рухани (джива) негіздерден тұрады. Екеуін байланыстыратын карма болып табылады. Карма арқылы жан материямен байланысады. Өлі материяның жанмен қосылуы индивидтің пайда болуына әкеледі. Карма адам жанын қайта туылудың шексіз тізбегінде болуын қамтамасыз етеді. - карманың сегіз түрі бар: зұлым карма жанның негізгі қасиетіне теріс ықпал етеді. Қайырымды карма адам жанын қайта туылу айналымынан сақтайды. Адам зұлым және қайырымды кармалардан құтылғанда ғана, сансара торынан азат болуына мүмкіндік туады. Джайнизм ілімі бойынша адам рухани мәнінің көмегімен өзінің материалды мәнін қадағалайды және оны басқара алады. Жанның карма мен сансара ықпалынан азат болуы, тек тақуалық өмір кешу және қайырымды істер жасау арқылы қол жеткізеді. Содықтан да, Жайнизм ілімі этикаға ерекше мән береді. - Жайнизмде «үш асыл» туралы ілім бар, олар: дұрыс сенім, дұрыс білім, дұрыс өмір сүру. Алғашқы екі қағида Жайнизм іліміне деген сенім және осы ілімді білуге қатысты. Ал дұрыс өмір тақуалық өмір сүрумен байланысты. - адам тек өзі, ешкімнің көмегінсіз құтқарылуы керек. Адам өзін құтқару үшін бірнеше қағидаларды ұстану керек, олар: Апариграха – дүние заттарына қызықпау, байланбау, самарқаулық таныту; Сатья – ешбір қиындыққа қарамастан шындықты айту; Астья – ұрлық жасамау; Ахимса –еш нәрсеге зәбірлік көрсетпеу. - екі бағыт қалыптасты: дигамбарлар (киінуді мойындамайтындар) және шветамбарлар (ақ киімділер). |
Буддизм | Гаутама Сиддхартха (б.д.б.563-485 жж.) | «Трипитака» («Үш себет ілім») | - үш асыл (Будда, Будданың ілімі, буддалық қауым) туралы догмат кең таралған. - Будда ашқан төрт ақиқат: 1. Өмір қасіретке толы – үміт пен үрейдің байланысында; 2. Қасіреттердің себебі бар – олар тілектер, қалаулар, құмарлықтар. 3. Құмарлықтарды тыюға болады, ол – нирванаға қол жеткізу арқылы жүзеге асады; нирвана (санскр. сананың өшуі, сөнуі) дүние қызығынан бас тарту. 4. Қасіретті тоқтатудың, нирванаға жетудің жолы болады, бұл Будда ілімін ұстану. Ол Буддизмнің сегіз түрлі жолын ұстану арқылы мүмкін болады. Олар: дұрыс түсінік, дұрыс ниет, тура сөйлеу, дұрыс іс-әрекет, дұрыс өмір салты, дұрыс ынта-жігер, дұрыс ой, дұрыс зейін. Буддистік ілімде сегіздік жолды ұстанған адам кемелдікке жетіп, әулие (архат) атанады. - Буддистік этика он өсиетке сүйенеді, олар: жалған сөйлемеу; байлыққа құмар болмау; жұбайына адалдық; есірткі, ішімдік қолданбау; тамақсау болмау; ән салып, би билеуден сақтану; иіс су, әшекей бұйымдарды қолданудан сақтану; жұмсақ төсек пен биік орындықтан бас тарту; асыл тастарды сыйлық ретінде алмау; тіршілік иелеріне зияндық келтірмеу. Монахтар аталған он өсиетті орындауға міндетті. |
Чарвака | Брихаспати. | | - брахманизм догматикасына күмәнді көзқарас айқын көрінеді. - сезім органдары арқылы қабылданатын заттар ғана өмір сүреді. - Локаята бағыты құдай, жан, жұмақ, тозақ және карма туралы заңды теріске шығарып, сезімдік материалды ғана шынайы деп мойындайды. - әлем – жер, су, от және ауаның қосылуынан пайда болған. Өмір мен сана осы элементтерідің қызыметтернің нәтижесі. Сана тәнсіз мүмкін емес, тән өлгенде сана да жойылады, ведалардағы жанның мәңгілігіне сенудің қажеті жоқ, ол абыздардың тұжырымы деп көрсетеді. - о дүниенің емес, қазіргі нақты өмірдің игілігі туралы ойлануға шақырады. Ақылды адам осы өмірде ләзаттанып өмір сүруге ұмтылады, рахатқа апаратын кез-келген іс – жақсы, қайғы әкелетіні – жаман деп есептеген. Чарвака мектебінің этикасы – гедонизмді (ләззатты) дәріптеді. - әлемдегі әрбір заттың құрылысы мен тағдырын айқындайтын жеке табиғаты болады деп санайды. - танымның сенімді көзі – сезімдік қабылдау, сезімдік қабылдауға негізделген тәжірбие ғана нақты білім береді деп есептеп, дүниенің – материалды екендігін дәлелдейді, ал Құдай – сезім арқылы қабылданбайды, сондықтан ол негізссіз деп тұжырымдайды. |