Азiргi қалыпты медицинада өте қызық жағдай қалыптасқан

Кейбiр адамдар, жұрттың көзiне пейiштi елестететiндей жұмыстар iстейдi, бiрақта ол әрекеттер дозақы әрекеттер. Кейбiр адамдар қиын iстер iстейдi, бiрақ олар адамдарға пейiштей жағдай жасауға арналған. Әрине, iстелген iстер бiткен қортындысы мен бағаланады.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

Қазiргi қалыпты медицинада өте қызық жағдай қалыптасқан. Жаңа дәрi-дәрмектердi, жаңа емханаларды, зерттеулердi жасау үшiн, аса көп мөлшерде қаржы жұмсалады. Өкiнiшке орай, ауру азайғанның орнына күн санап өршiп, созылмалы түрге ауысып, мүлдем жаңалары туындап жатыр. Ауруды емдемейдi – тұншықтырады. Тiптi қазiргi құрал-жабдықтар адамның нәзiк денелерiне әсер ете алмайды. Олар ауруды Ғазиз жанның түбiне тығып тастайды.

Қалыпты медицина өзiнiң химиялық т.б. әдiстерiн ғана қолданып, адамның iшкi жан дүниесiне үңiлмейдi. Бұған аса маманданудың тигiзiп жатқан ықпалы орасан. Дәрiгер бiр мүшеге немесе жүйеге ғана жауапты. Екiншi шырылдаған шындық – медицинаны ақшаның, сауданың көзi дәрi-дәрмектерге тәуелдi етiп, матап тастаған. Олар ана дәрi, мына дәрi жақсы деп, адамның ашып жүрген миын, онан әрман ашытады. Түкке тұрмайтын дәрi-дәрмектерiн жаңғыртып жарнамалап, науқас сорлының қалтасындағы қалған тиiн-тепшiгiн қақшып алады. Өздерi түк болмағандай безiрейiп отыра бередi.

Хирургтер пышақтарын жалаңдатып, ақша үшiн: «Сенiң ана мүшең, мына мүшең артық, балаңды iшiңдi жарып алмасақ өздiгiңнен туа алмайсың», – деп төндiрiп, сау адамды сойып кембағал, жас келiншектердi қайта бала көтермейтiн бедеу етедi. Бұл да ұлтымыздың басына төнген бiр қатер! Науқасқа ешкiмнiң жаны ашымайды, адам туралы қамқорлық ұмытылған!

Көпшiлiк хирургтардың өз дәрiханасы бар. Дәрiнi тек өзiнiң дәрiханасынан ғана сатып алуға мәжбүрлейдi. Бәрiнiң ойлайтыны – ақша, ақша, ақша! Науқас мүлдем ұмытылған. Жаңадан жасалған дәрi-дәрмектермен алдымен хайуанаттарға сынақ жасалады. Сондықтан, дәрiнiң салдары өте қатерлi, қауiптi. Бұлай деп қазiргi медицинаны мүлдем жоққа шығаруға да болмайды. Медицина ауруды жеңiлдетедi, бұның өзi жақсы. Адамның жүрегi қысса, басынан жарақат алса, апатқа түссе т.б. шұғыл жағдайларда тез арада медициналық жедел жәрдем қажет.

Бұл арада жан туралы әңгiменiң өзi артық. Жоғарыда жазылған әдiстер арқылы, ауруыңыздан жазылып қана қоймай, үнемi сау қалыпта болуды үйренесiз. Бұл сананың жаңа қалпы.

Бiздiң ата-бабаларымыз табиғатпен үйлесiп, тепе-теңдiк қалыппен өмiр сүрiп, жарық дүниеге: Елубай, Алпысбай, Жетпiсбай, Сексенбай, Тоқсанбайларды әкелдi емес пе?! Өкiнiшке орай, қазiргi таңда қамал алар қырықтан кейiн белден айырылып, атқа айланған азаматтарымыз жыртылып айырылады.

Дәрiгер философ болу керек (фило – сүю, софия – даналық)

Дәрiгер философ болу керек. Немесе даналық iлiмiн терең игерсе одан артық емшi болмайды! Рухани надандықтың салдарынан, көптеген сырқат адамдар ауруының iшкi жан-дүниесiнде пайда болатынын қабылдай алмайды. Олар бұған дайын емес. Бұлар «сиқырлы дәрi», «ғажайып қондырғы» арқылы емделгiсi келедi. Пенде ауруды өзi тудырып, сонан соң осыны басқа бiреу жазса екен дейдi. Дәрi-дәрмектер әсер етпеген соң дәрiгердi кiнәлайды. Дәрiгер әлi бiрде-бiр адамды емдеген емес. Ұлы адамдардың бiреуi айтқан екен: «Табиғат емдейдi, ал дәрiгер марапатталып атақ алады», – деп.

Дәрiгер науқастың сауығуына көмектесуiне мiндеттi немесе денсаулығын бiрқалыпты ұстап жүруiне. Дәрiгер ең алдымен емшi болуы қажет. Егер бiз өз әлемiмiздi, өмiрiмiздi өзiмiз құратын болсақ, онда ауруымызды да өзiмiз тудырамыз. Өмiрiмiзде неге ие болсақ, ол бiздiң Ғазиз жанымызбен, санамызбен үйлескен. Бiздiң ауруымыз да – ойымыздың ұстанған тәртiбiмiздiң фәни-заттық әлемдегi шағылысы. Ауруымыздың себебi, бiздiң iшкi жан-дүниемiзде бұғып жатыр.

Екiншi жағынан, ауру – келеңсiз тәртiбiмiзден, қара ниетiмiзден, қоршаған ортаның табиғат заңдылықтарын түсiнбеуден қалқан болады. «Экология мен тамақ қайда қалады?», – деп сұрарсыз. Қоршаған орта, тек қана ауруды жетiлдiретiн, өсiрiп-өрбiтетiн негiздi ғана құрайды.

Адам ағзасын көз алдымызға елестетейiк. Онда тән, жан, Ғазиз жан, сана, нәзiк денелер және рух бар. Бiздiң дене мүшелерi туралы, сана жайлы аз-мұз хабарымыз бар. Ғазиз жан туралы бейхабармыз. Бұл тақырып ұзақ уақыттар бойы құлыптаулы болды. Бұлай болуы өте жақсы. Осылайша адамзаттың киесiнiң киелiсi сақталды. Соңғы кезде адамның Ғазиз жанына тереңдеп ену белең ала бастады.

Теледидар, радио, баспасөз беттерi арқылы: аурудан, көз-тiлден, қара дуадан т.б. зиянды заттардан, әдеттерден құлыптаудың (кодирования) әртүрлi әдiстерi пайда болды. Бұл жағдайда Ғазиз жандағы, санадағы аурудың негiзгi себептерi ескерiлмейдi. Осыны жүргiзетiн дәрiгерлердiң, бақсы-балгерлердiң өздерi де толық бiлмейдi. Бiлiмдерi таяз. «Аңқау елге арамза молда» болып жүр.

Мысалы, дәрiгер-психотерапевт маскүнемдердi емдейдi, ал өзi iшiмдiк iшедi. Дәрiгердiң өзi ауру – екiншi ауруды емдеуге тырысады. Көз дәрiгерi көзәйнек тағады. Көптеген экстрасеанс жүргiзетiндер өздерiн-өздерi емдей алмайды. Бiрдеңе дұрыс емес! Олардың қолданып жүрген әдiстерi нағыз емдiк әсер етпейдi, әйтпесе өздерiн емдеп алмай ма?!

Ауру дегенiмiз не?

Ауруды жаратқан – Құдай, ауыртқан – Құдай емес.

Абай (28-шi қара сөз)

Өмiрдiң негiзгi заңы – бiрқалыпты тепе-теңдiктi сақтау (гомеостаз). Қандай жан иесi болмасын, өзiнiң iшкi өмiр заңдылығымен тепе-теңдiкке ұмтылады. Бұл заң қандай жан иесiне болмасын, алғашқы жарық дүниеге келген сәтiнен бастап әсер етедi. Бұл өмiрдiң тепе-теңдiк қалпы қандай жағдайда болмасын мүлтiксiз сақталады. Тiрi жан иесiне Ақиқат – сыртқы жағдаймен әсер етедi. Ол осыған жауап бередi. Тiрiлер мен өлiлердiң айырмасы осында. Сау ағза – үйлесiмдiлiк пен тепе-теңдiк сақталған қалып. Қазiргi өмiр сүру жағдайында тепе-теңдiктi сақтау оңай емес. Егер осы тепе-теңдiк бұзылса, оны жөндеуге болады. Ағзаның өзi де осы тепе-теңдiктi үнемi бiрқалыпта ұстауға тырысады.

Ауру – тепе-теңдiк қалпының бұзылғанының белгiсi. Жүйке жүйемiздiң ұшы, белгiлi бiр мүшеде жағдайдың дұрыс болмай жатқанын бiлдiредi. Ауырсыну – сау қалыптың бiзге айтқысы келген әрекетi. «Ей, пенде! Сен назар аударатын бiрдеме бар». Егер адам осыған көңiл бөлмей, ауырсынған мүшесiн дәрi-дәрмектермен тұншықтыра берсе, онда адамның Ғазиз жаны ауырсынғанды үдетiп, қоздырып жiбередi. Осы белгiнiң көмегiмен Ғазиз жан – өзiнiң қамқорлығын бiлдiрiп, бiзге жайлы жағдай жасау мақсатымен, «сенiң бiр мүшең дұрыс емес» деп жеткiзедi. Сондықтан, өз ауруыңызға құрметпен қараңыз.

8 мамыр, жексенбі. Ашығуымның 21-шы тәулігі

Ерiншектiктен – салақтық,

Салақтықтан – надандық...

Бiрiнен-бiрi туады,

Жоғалар сүйтiп адамдық.

Шәкәрiм

Сол қолымның қан қысымы 161/103. Тамыр 1 мин соғысы 62.

Оң қолымның қан қысымы 122/106. Тамыр 1 мин соғысы 60.

Өзiмдi өте жақсы сезiнемiн. Түнде бiрнеше қабат кiшi дәретке шықсам да, таңертең сергек тұрдым. Түнде далаға жиi шығуымның себебi, кеше жатар алдында сұйықты мол мөлшерде iшкенмiн. Екi бүйрегiм қарқынды жұмыс iстеудi. Таңереңгi кiшi дәретiмнiң түрi аздап қана сарғыштау, яғни денемдегi қалған уларды бүйректерiм бұрқыратып шығарып жатыр. Улардың шығып жатқанын өзiңiз анық сезетiн боласыз. Осы ағзаға шөгiп қалған улар шыққан сайын жеңiлдей бересiң.

Наши рекомендации