Мектептерінің дуние тусініктері
Астика –Ортодоксалды (Веданы мойындайтын) философиялық мектептер
Вайшешика
Вайшешика – атомистикалық ілімге негізделген мектеп. Мектептің атауы «вишеша» - «ерекшелік» деген мағынаны білдіреді. Вайшешик мектебі б. з.д.VI-Vғ.ғ. п.б. Вайшешик философиясы бүкіл дүниенің пайда болуы мен ыдырауын атом ілімі арқылы түсіндіруге көңіл бөледі. Атомның төрт түрлері – жердің, ауаның оттың және судың атомдар байланысы дүниенің тұтастығын құрайды. Осындай тұжырымы үшін вайшешиктерді атомистер деп атайды.
Ньяя
Ньяя - гносеологиялық мектеп. Ол б.з.д. III ғ. пайда болған. Ньяя философиясының негізі Готаманың (немесе Гаутаманың) «Ньяя- сутр» шығармасында қаланған. Ньяя философиясын көбінесе ойлану туралы және сыни талдау туралы ілім деп жатады. Осындай ұйғарымға жетелеген себеп те бар. Готама дұрыс танымның жағдайына және шындықты танудың тәсілдеріне айрықша мән берген. Ньяя философиясы логикалық проблемалармен көп шұғылданған.
Йога
Йога – адам психологиясы, түрлену дөңгеленген азат болу ілімі. Йога б.з.д. II ғ. пайда болған. «Йога» сөзі «шоғырлану» деген мағына береді, оның негізін қалаушы болып кемеңгер Патанджали есептелінеді. Йога жүйесі ведалық дәстүрді іс жүзіне асыруға, күнделікті тіршілікте үйретуге ерекше мән берді. Йога жүйесі рухты дене арқылы, дененің сыртқы қызметін барлық шектеулерден босатпақ, тіпті босататын теориялық нұсқауымен және практикалық негізімен тартымды. Йога жүйесіндегі басты мәселе - жаттығу тәсілдері мен практикасы арқылы жеке адамды өзін-өзі ұстауға, өзінің сезімі мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін баулуға үйрету. Йоганың мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне жету. Денені шынықтыру арқылы жан саулығы мен сергектігін жетілдіру.
Миманса
Миманса – таным мәселесімен айналысты. Ол б.з.д. III ғ. пайда болды. Мимансаның негізі Джайминидің «Сутрасында» қаланған. «Миманса» сөзі «кейбір проблеманы ойлану және сыни талдау арқылы шешу» деген мағынаны білдіреді. Мимансаның пәні - карма немесе рәсім-салт мәселелері. Мимансаның бастапқы мақсаты - ведалық салт-рәсімді сақтау және қорғау. Сонымен қатар, Миманса философиясында таным теориясы, метафизика, этика теориямен қатар қарастырылады.
Санкхья[
Санкхья – қос реализмді, пуруша мен пракританы қабылдаған философиялық жүйе. Оның негізін қалаған Капила. Санкхья терминінің мағынасы туралы көп болжамдар таралған. Санкхья дегеніміз - сан, танымның объектілерін санау арқылы тану.
Веданта
Веданта философиялық толғаныс пен талдауға толы бағдар. Веданта идеясы мынандай қағидаға сүйенеді: тұтас және елестеулі дүниенің, күллі нәрсенің түп негізі – Абсолютті шындық, Брахман. Ол — бөлінбес тұтас біреу. Әр адамның рухани «Мені», оның Атманы осы түп негізбен бара-бар.99Джайнизм ілімі мен діни тусініктері
Жайнизм –б.д.д.. V ғ. діни ағым ретінде қалыптасады. Негізін қалаушы – Махавира. Жайнизм мына идеяларға сүйенді: Адамның жаны, рухы оның тәнінен, дене терісінен нәзік, биік, құдіретті. Оның басты мақсаты – қасірет деп түсінген, өмірден азат болу. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз қылықтарының теріс салдарын осы өмірде жеңуге болады.»100 Ортагасырлык Б.Еуропалык философиясынын негизги фазалары мен формалары патристика сохластика-Схоластика (лат. shola – мектеп) – ортағасырлық Еуропадағы философияны теологияға бағындыруымен сипатталатын философиялық мектеп. Ерте және кейінгі cхоластика болып бөлінеді.
Біріншісі – XI–XII ғасырларды, екіншісі – XIII–XIV ғасырларды қамтиды. Ерте схоластиканың философиялық негізі – Платон мен неоплатоншылардың ілімін христиан діні тұрғысынан талдаудан тұрады. Христиандық доктринаға формальды сипат беру схоластикалық іс-әрекеттің басты құралы логика болуын қамтамасыз етті. Сондықтан схоластикада Аристотельдің логикасын пайдаланды. Ерте схоластиканың өкілдерінің бірі – Ансельм Кентерберийский. Ол христиандық ілімдегі әлемнің жоқтан жаратылуы, қасиетті үштіктің бірлігі мен бір-бірінен бөлектігі, жанның мәңгілігі туралы догматтарды рационалдық жолмен, логиканың көмегімен дәлелдеуге тырысты. Оның Құдайдың болмысын дәлелдеуі кеңінен танымал.
Схоластиканың пайда болуынан бастап, бүкіл орта ғасырлар бойы оның өкілдерінің арасында универсалиялар туралы деп аталатын дау пайда болды. Латынша “универсалис” дегеніміз – “жалпы”, “бәріне ортақ” деген мағына береді. Дау “универсалия қалай өмір сүреді?” деген сұрақ төңірегінде болды. Бірден екі қарама-қарсы жауап бөлініп шықты. Біріншілері “универсалия шын мәнінде өмір сүреді” деп санады, сондықтан олар “реалистер” деп аталды. Екіншілері “объективті шындықта “жалпылық” жоқ, онда тек жеке құбылыстар ғана өмір сүреді” деген қорытынды жасады
Патристика деп шіркеу әкейлерінің діни философиялық ілімдерін айтады (IV—VI ғғ.). Негізгі өкілдері: Климент Александрийский, Амвросий Майландский(340—397 жж.), Августин Блаженный (III—VI ғғ.), т.б. III—IV ғғ. жүйеленген бұл діни ілімде алғашқыда Христостың табиғаты туралы пікірлер (құдайшылдық, немесе адамдық табиғаты туралы), ал 323 ж. император Ұлы Константин христиандықты мемлекеттік дін ретінде қабылдағаннан кейін, саяси-шіркеулік мәселелер алдыңғы шепке шығып, шіркеу әкейлерінің көзқарастарында өз көріністерін тапты. Мысалы, Августиннің көтерген басты мәселесі христиан дінінің артықшылығын дәлелдеу арқылы, шіркеудің жанды билеуге құқықтығы және ол – аспан мен жер арасын байланыстырушы деген сияқты идеяларды дәлелдеу үшін манихеялық, скептицизмдік және неоплатонизм қағидаларын басшылыққа алды. Оны осы ілімдердің кейбір элементтерін сақтай отырып, христиан дінінің жаңа бағытын қалыптастырғаны үшін, кейін августинизм деп
аталып кеткен ағымның негізін қалаушы деп мойындайды. Негізгі еңбектері: «Тәубеге келу», «Құдай қаласы туралы», т.б.101Легизм философиясыЛегизм. Ерте легизмнің ірі өкілі ШАНЬ ЯН (б.з.д. 390 — 338 жылдар шамасы) ұсынған реформалардың жобалары мен жарлықтары "Шань цзюнь шу" трактатына ("Шань облысының әміршісі кітабы") енген. Легизм ілімі оның алдындағы тұжырымдамалардан едәуір өзгеше болды. Легистер саясатты дәстүрлі моральдық баяндаудан бас тартып, билікті атқару техникасы туралы ілімді жасады. Саяси теориядан олар басқаларға қарағанда ізгілікті ақыл-өсиеттерді аз күтті.Легизмнің ерекшеліктерін қоғамдыққұбылыстарға тарихи көзқарастардың элементтері құрады. Легистер қауымдық өзін-өзі басқаруды шектеу, отбасылық-рулық қауымдар мен патронимияларды жергілікті әкімшілікке бағындыру қажет деп есептеді.. Занды ол қуғын-сүргін саясаты (қылмыстық заң) және үкіметтің әкімшілік өкімі деп түсінді.Билік пен халық арасындағы ұарым-қатынастарды Шань Ян жауласушы тараптардың бір-біріне қарсы тұруы деп қарады.. Жалпы бұқараның легистік тәртіпке наразылықтарын ескере отырып, Шань Янның ізбасарлары неғұрлым жексұрын жағдайлардан бас тартып, легизмді моральдық мазмұнмен толықтырып, оны даосизммен немесе конфуцийшілдікпен жақьіндастырды. Б.з.д. II — I ғасырларда легизм идеясымен толықтырылған конфуцийшілдік Қытайдыңмемлекеттік діні ретінде бекіді. Моистер мектебі біртіндеп келмеске кетеді. Даосизм буддизммен және жергілікті нанымдармен астарласып магия белгілеріне ие бола бастайды жөне уақыт өте келе саяси идеологияның дамуына ықпалын жоғалтады. Конфуцийшілдік 1911 — 13 жылдардағы Синхай революциясына дейін императорлық Қытайдың ресми ілімі болып келді102Ортагасырлык Араб-мұсылман философиясы - Орта ғасырда мұсылман дінін қабылдап, араб тілін қолданған Шығыс халықтары ойшылдарының философия ілімдерінің жүйесі. Араб философиясы шығу тарихы мутазилиттер («ерекшеленушілер») қызметімен байланысты. IХ ғ-да арабтар антик. дәуірдегі жаратылыстану және философия ілімдеріне қатысты мұраларымен кеңінен таныса бастайды. Басты назарда Аристотель философиясы болды. Аристотель философиясы кейде мұсылман философиясы немесе араб тіліндегі философия деп те аталды. Себебі бұл ұғымға арабтардан өзге парсы, түркі, т.б. халықтар өкілдерінің философиялық көзқарастары да енеді. Мысалы: түркі жұртының ғұламасы Әбу Насыр әл-Фараби, парсылық Әбу Әлгі ибн Сина - оқулықтарда «Араб философтары» болып аталады. Сондықтан бұлардың бәрінің басын қосып айтқанда «Араб философиясы» деуден гөрі, «Араб тіліндегі философия» деген шындыққа сыйымды. Осы тұрғыдан қарастырсақ, X - XIII ғ-ларда араб тіліндегі философияның мынадай бағыттары болған: 1) Шығыс перипатетизмі; 2) «Таза ағайындар» ілімі; 3) Сопылық ілім; 4) Мұсылман философиясы; Шығыс перипатетизмі - Аристотель еңбектерін насихаттау талқылау жасаған философиялық мектеп. Мұның басында әл-Кинди (IX ғ.), әл-Фараби, ибн Сина, ибн Бадж, ибн Туфейль және ибн Рушд (Аверроэс) тұр. «Таза ағайындар» ілімі - оқу жүйесіне арнал жазылған 51 томдық энңик. еңбекте жинақталған. Бұл алғаш рет ғылым түрлерін жүйелеу, әрі оны оқыту мәселе- сіне арналған. Сопылық ілім - Шығыста кеңінен дамыған ілім. Бұл бағыттан аса көрнекті өкілдері А. Ясауи, ибн Араби, т.б. мұсылман философиясының аса көрнекті өкілі - Әбу-л-Уәлид Мұхаммед әл-Ғазали. Ол әл-Фараби, ибн Сина сияқты ғалымдармен болмыс туралы бел шешіп айтысқа түскен. Сопылық ілім мен мұсылман философиясының ұқсастықтары көп. Араб тіліндегі философияны ғылымда фәлсафа деп те атайды. Бұл, әсіресе, шығыс перипатетиктеріне тән. Фәлсафа тарихы әл-Киндиден бастадың, ибн Рушдпен аяқталады. Фәлсафаның философиядан өзгешелігі - ол Платон, Аристотель еңбектерін мұсылмандық негізінде зерттей отырып, жоғарыда айтылған ойшылдар ойлаудың ерекше жүйесін жасаған. Бұл - грек философиясын тек қайталау немесе оған еліктеу емес, философияның ерекше тарихи типі. Араб тіліндегі философиялық тарихи маңызы - Ф.Бэконнан (1561 - 1626) Спинозоға (1632 - 77) дейінгі мерзімді қамтиды. Жаңа заман философиясы көтерген басты-басты мәселелерді Шығыс перипатетиктері мен мұсылман дінтанушылары өз кездерінде-ақ күн тәртібіне қойған. Фәлсафа мен Батыс философиясы арасындағы сабақтастық схоластар (схоластика) мен Сигер Брабантский, Роджер Бэкон еңбектерінен айқын аңғарылады. Араб философиясының тарихи кезеңдері немесе оныңорталықтары өзгеріп тұрған. IX - X ғ-да араб философиясы орталығы Халифатта болса, саяси себептерге байланысты X - XI ғ-да ол Орта Азия мен Иранға ауысқан. Бұхара, Самарқанд, Мере, Нишапур, Исфаһан, Рей, Хамадан, Отырар сияқты қалаларда ғылым, білім өріс алды. Араб философиясының үшінші орталығы мұсылмандық Батысқа (Испанияға) ауысты. Осыдан әрі қарай араб философиясы тұтастығынан айырылыс ұлттық сипаттарға ие бола бастады. Бұл тұста тек Мағриб ойшылы Абд әр-Рахман Әбу Зейд ибн Халдун (1332 - 1406) есімін ғана атаймыз. Араб философиясы тіліндегі философия түркі жұртында кеңінен өріс алды. Түркістан сопылық ілім орталығына айналды. Йасауи ілімі бүкіл түркі халықтары мәдениетінің дамуына елеулі әсер етті.103 Жаңа заман дәуіріндегі Неміс философиясы –неміс халқының философиялық білімдер жүйесі. Неміс философиясы дүниежүзілік философиялық ойдың дамуына зор әсер етті. Рухани өмірге терең талдау жасау, тиянақты филос. жүйе құруға бейімділік – неміс ойшылдарының көбіне тән ерекшелік.Лейбниц – монадологиясы субстанциялардың көптігі туралы теория.Лейбниц монадологиясының негізгі қағидалары:1.Бүкіл дүние көп санды субстанциядан құралған, субстанциялардың табиғаты дуалистік (Декарт пен Спинозада екіұдай) емес;2.Ол субстанциялар монадалар деп аталады (греу тілінен аударғанда «бір», «біреу»);3.Монада қарапайым, бөлінбейді, дәйекті емес, материалды-заттық құрылым емес;4.Монадологияның 4 сапасы бар: ұмтылыс;әуестену4қабылдау;елестету.5.Мәні бойынша монада – өзжағынан үздіксіз өзгертетін, ьіртұтас әрекет.6.Өзінің үздіксіздігіне байланысты монада өзін-өзі сезінеді;7.Монадалар абсолютті тұйық және бір-біріне тәуелсіз (Лейбниц пікірінше: бір нәрсе кіретін, бір нәрсе шығатын терезелері жоқ.105Неміс классикалық философия – Жаңа заман батыс философиясының жоғарғы жетістігі.XVIII ғ. аяғы мен XIX ғ. басында Батыс Еуропа елдерінде көптеген өзгерістер мен жаңалықтар болды. Ғылым мен техника жоғарғы дәрежеде дамыды. Осы кезе Неміс жерінде әдебиет пен өнер, ғылым мен мәдениет ерекше даму деңгейін көрсетті. Сөйтіп неміс жерінде жаңа класикалық философияның озық үлгісі жасалды.
Неміс классикалық философиясының әрбір өкілі ерекше бай идеялар мен концепцияларға толы етіп жасады, соымен қатар олар өздерінің рухани бірлігін көрсете білді. Неміс классикалық философиясына мынандай жалпы сипаттар тән болды:1. философияның рөлін өзіндік ерекшеліктермен түсіндіру, олар философияның рөлін мәдениетке сыни көзқарастармен түсіндіріп, философияның негізгі сұрағы ойлаудың болмысқа қатынасы екендігін анықтады; 2. Неміс классикалық философиясы бүкіл философия тарихындағы мұраны игеріп, алдыңғы қатарлы мәдениет пен ғылымға сүйене отырып, сол кедегі қоғамдық дамуды терең талдады; 3. Неміс классикалық философиясы жаңа диалектикалық әдістің, таным теориясының, логиканың шығуына түрткі болды. 4. Неміс классикалық философиясы ойлау мен болмыстың диалектикалық байланысын аша отырып, танымдағы субъектінің рөлін айқындады. 5. Неміс классикалық философиясы таным теориясындағы субъект пен объектінің диалектикалық арақатынасын ашып, теоретикалық ойлау формасын жаңа сатыға көтерді. 6. Философияға нақты катигориялар мен идеялардан тұратын ерекше философиялық пән ретінде қарады, сөйтіп философиялық катигориялардың атқаратын рөлін көрсетті. 7. Неміс классикалық философиясы гуманизм мәселесінің философиялық рөхлін айқындай отырып, адамзат өмірінің әрекетін талдауға тырысты. ХVІІІ ғ. Француз ағартушыларынан кейін адамның табиғат пен рухқа қожайын екенін айтты, ақылдың жасампаздығын, тарихи процесстің заңдылыққа сүйенетіндігін тұжырымдады. Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы – Иммануил Кант (1724-1804) болды. Қолөнершінің семьясында, Кенигсберг қаласында туылған. Оның өмірлік ұраны: «Шыдамдылық және өзіңді ұстай білу». Канта философиясы трансцендентальды идеализм деген атау алды.Гегельдің ілімі XIX—XX ғғ. философиясына үлкен әсер етіп, осы кезеңге дейін маңызын жоймай келеді. Неміс классикалық философиясының көрнекті өкілі Людвиг Фейербах 1804 ж. Ландсугутта туып, 1872 ж. Нюрнберг қаласының маңында, Рейхенберг деген жерде қайтыс болған. Негізгі еңбектері:. «Христиан дінінің мәні», «Діннің мәні», «Гегельге қарсы сын», т.б.
106И..Кант таным теориясыфилософиясының жарты кештігі неміс бюргерінің жалтақтығымен де тығыз баланысты. Канттың өзі мойындағандай, ол дінге орын қалдыру үшін ғылымның ауқымын тарылтқан. "Сыни" идеализмнің өзекті мәселесі мынада: танып-білуге кірісудің алдында танымның не екенін, таным құралдарын зерттеуіміз қажет. Шын мәнісінде мәселені осы тұрғыдан қою бәлендей жаңсақтық та емес, қайта философияның негізгі мақсаттарының бірі де осы мәселені шешу.Таным Канттың пікірінше үш сатыдан өтеді. Біріншісі — сезімдік түйсіну, екіншісі - сараптаушы парасат, үшіншісі — ең жоғарғы сатысы — ақыл. Сонымен, Кант логиканың жоғарғы формасын (трансцендентальды логиканы) тағы екіге бөледі. 1) трансцендентальды сараптама, 2) трансцендентальды диалектика. Біріншісі - парасат туралы ілім. Ал парасатты Кант танымның екінші сатысына жатқызғаны белгілі. Танымның бірінші сатысында (сезімдік түйсіну) біздің сезім мүшелерімізге "өзіндік заттың" әсер етуінің нәтижесінде түйсіктердің бей-берекет жиынтығы пайда болады. Олар сезімдік түйсіну қабілеттілігінің априорлық формалары _ кеңістік пен уақыттың арқасында белгілі бір жүйеге келтіріледі. Мұның бәрі - танымның алғашқы сатысы. Танымның екінші сатысы парасат арқылы етеді, онда белгілі бір жүйеге келтірілген түйсіктер жиынтығы ойша қорытылып, сарапқа түседі. Логиканың қарапайым түрі Трансцендентальды сараптаманың бұл орайда атқаратын қызметі ерекше.107 И.Канттын этикалык илимиӨзінің «Таза ақыл-ойды сынау» деген еңбегінде Кант: «...құдайдың, мәңгі рухтың я бар екендігін, я жоқ екендігін теориялық жолмен дәлелдеу еш мүмкін емес», - деген тұжырым жасаған. Ал «Практикалық ақыл-ойды сынау» деген еңбегінде олардың бар екендійн «дәлелдемек» болады. Ар ілімі (этика) ғылым мен дінді жарастыру, дәлірек айтқанда, ғылымды дінге бағындару үшін ат салысуы тиіс болды. Алайда, Канттың ар ілімі адамдардың күнделікті өмірде жолбасшылыққа алатын адамгершілік қағидалары емес, практикалық ақыл-ойдың «жарлыққа сай талаптары туралы». Ар-ұят өлшемдері категориялық императивтің (адамгершіліктің ең жоғарғы қағидасы) талаптарыиа сай келіп отыруы тиіс. Басқаша айтқанда, адамдардың іс-әрекеттері жоғары мәртебелі заңдардың үдесінен шығып отыруы тиіс. Әрине, Канттың бұл ойы үстем таптардың құлағына майдай жақты, сондықтан да олар Кантты марапаттап, басына көтерді. Еңбекші халықты уыстан шығармай ұстап отырудың бірден-бір рухани құралы болғандықтан, Канттың ар ілімі (этикасы) әлі күнге дейін үстем таптарды енжар қалдыра алмайды. Дсрексізденген парыз ұғымы - Канттың ар ілімінің ішкі өзегі. Әрекет бостандығы дегеніңіз оған мүлдем қарама-қайшы ұғым. Адамдардың шынайы іс-әрекетінен тыс, жасанды жолмен туындаған мұндай ар ілімі кезінде замандастырының сынына да ұшыраған еді. Соның ішіқде Шиллердің пікірі ерекше көзге түседі. Ол Кант ілімінің қисынсыз, сырдаң екендігін өткір өлендермен әжуа етқен болатын. Кант езілген таптың өз бақытын о дүниеден табатынын ғылыми негізде дәлелдемек болған еді. Ол үшін бұл дүниеде парызынды орындап, ешкімнің бетіне жел боп тимесең болғаны, қандай зорлық-зомбылық көрсең де, іштен тынып, орнаған тәртіпті бұзбауың керек. Эстетика және көркемөнер фплософиясы Кант дүниетанымының шыңы есепті. Ол бұрын ара-жіктері ажырап кеткен сананың салаларын байланыстыруға арналды. Көркемдік - Кант эстетикасының негізгі ұғымы. Алайда, Кант айнала қоршаған шындықтың көркемдігін сөз етпекші емес, оның барлық зейіні эстетикалық талғамға ауған. Мұның мәнісі негізінен көркемдік туралы субъективтік пікірлер жүйесіне келіп саяды. Пікірлесудің эстетикалық қабілеттілігін сынау Канттың ойынша екіге бөлінеді. 1) сараптау (аналитика), 2) диалектика. Сараптау өз кезегінде үшке бөлінеді: а) көркемдік сипаттау; ә) көңіл көтеріңкілігін сараптау; б) эстетикалық пікірлер тұжырымдары. Көркемдік Канттың категориялар жүйесіндегі сапа, сан, қатынас және модальность арқылы сарапталады. Сапа тұрғысынан талғамдық пікір енжарлық сипатта болады. Бір нәрсенің көркем немесе көркем еместігін сыртқы заттар туралы біздің ойымызды сол заттардың өзімен салыстырмаймыз, керісінше, адамның өзімен, қанағат (немесе қанағатсыздық) сезімімен салыстырамыз. Бұл орайда парасатпен байланысты қиялдаудың да жәрдемі тиюі керек. Талғамдық пікірді Кант адамдардың қажеттіліктерімен, көңіл-күйлерімен тіпті де байланыстырмайды. Көркемдік, өйткені ешқандай мүддесіз-ақ ұнауы тиіс. Ал сан категориясы тұрғысынан; көркемдік барлық адамдарға бірдей ұнауы тиіс. Ал қатынас категориясы тұрғысынан алғанда эстетикалық пікір дегеніміз мақсаттылық туралы мақсатсыз пікір.108.XVIII ғ. француз материализмі – материалистік философияның жаңа тарихи баспалдағы. Аталмыш философия табиғат, адам және қоғам туралы материалистік ілімдергесүйенді. XVIII ғ. француз материализмінің негіздеушісі Жюльен Офре де Ламетри (1709 – 1751) философ, дәрігер. Декарт философиясы мен Локктің сенсуализміне сүйене атырып, дүниені созылып жатқан, іштей белсенді, материалдық субъстанцияның көрінісі ретінде қарады.. Материалистік философияны жүйелеп көрсеткен Поль Анри Гольбах (1723 – 1789) болды. Оның ең ірі трактат «Табиғат жүйесі» (1770). Оның негізгі идеясы – материя біздің сезім түйсіктерімізге әлдеқандай жолмен әсер ететін нәрселердің бәрі. Ол өзгермейтін және бөлінбейтін атомдардан тұрады, олардың негізгі қасиеттері – ұзындық салмақ, пішін, бітеулік. Қозғалыс ол да материяның атрибуты, оны денелердің кеңістікте жай ғана орын ауыстыруы ретінде қарады. П. Гольбахтың табиғат туралы іліміні француз материалисті Дени Дидро (1713 – 1784) еңбектерінен жалғасын тапты. Басқа француз материалистері сияқты, Д. Дидро табиғатың мәңгілігі мен шексіздігі туралы тұжырымынан бастады. Табиғатты ешкім жаратпаған, одан басқа, одан тыс ешнәрсе жоқ. Материалистік ілімінде кейбір диалектикалық элементтерін – материя мен қозғалыстың, табиғатта жүріп жатқан процестердің өзара байланыстарын, табиғи формалардың мәңгі өзгерісте болатындығы туралы идеяларын енгізді. Андриан Гельвеций (1715-1771) «Ақыл туралы» трактатының авторы. Гелвеций Бойынша, объективті өмір сүретін материя сезім – түйсік арқылы танылады. болды.КЕйнги Қайта Өрлеу дәуірінің натурфилософиясы – жаратылыстану ғылымдарының пайда болып, дамуын жүзеге асырды. Натурфилософиясы дүниенің суретін қайта жасауға тырысты. Қайта Өрлеу дәуірінің натурфилософиясының негізгі сипаттары:Пантеизм – Құдай мен табиғаттың өзара теңестірілуі;Микро және макро космостың теңдігі идеясы, бұл дүниетаным адамның шығармашылық қабілетін табиғатпен теңестіруді негіздейді;Гилозаизм – барлық болмысты жанды деп ұғыну;Табиғатты сапалық тұрғыдан түсіндіру;Материяның өздігінен әрекетшілдігін тұжырымдау.Қайта Өркендеу дәуірі шамамен алғанда ХІV-ХVII -ғасырлар аралғын қамтиды. Бұл кезең мәдениеттің барлық саласында керемет жетісті терге қол жеткізілген, прогрессивті төңкеріс жасалған кезең. Осы дәу философиясы да өзінен кейінгі философиялық жүйелердің негізін қалған, әлемдік философия тарихындағы маңызды кезең болып есептеледҚалыптасу жағдайлары:1) Европаның алдыңғы қатарлы елдерінде капиталистік қатынастардың негіздері қаланды. Ауыл шаруашылығынан — өнеркәсіпті дамыту ауыл-селодан — қалаға көшу кезеңі басталды;2) Ұлттық мемелекеттер мен абсолюттік монархия қалыптасты;3) Жаңа тап — буржуазия пайда болды;4) Терең әлеуметтік конфликтілер: Германияда Шаруалар соғысы Фраиция мен Нидерландыда діни және буржуазиялық соғыстар жүрдіОсы әлеуметтік-тарихи жағдайлардың бәрі жаңа көзқараст қажеттілігін туғызды. 111Философия жане алеуметтик утопияУтопиялық-социолизм . Т.Мор.,Т.Компанелла. 1) Қоғамдық меншік пен қанау жоқ; 3) барлығы қоғамға пайдасын тигізу керек. 2) еңбек ету барлық қауым мүшелеріне міндетті. Ағылшын гуманисті Томас Мор (1478-1535) әйгілі «Утопия» еңбегінің авторы. Латын тілін жақсы меңгерген, заң мектептерінде білім алып, мұғалімдік және адвокаттық қызметтер атқарған. Батыл саяси көзқарастары үшін 1535- жылдың 6-шілдесінде жазаға тартылады. Мордың «Утопия» еңбегі мемлекеттің ең жақсы құрылымы туралы пайымдауға арналған. Утопия деген термин грек тілінен алынған, «жер бетінде жоқ жер» дегенді білдіреді. «Утопияның» бірінші бөлімінде Мор Англиядағы капитал қорының қалыптасуының алғашқы кезеңдерін суреттейді: қоғам мүшелерінің барлық мүшелері баюды ғана көздейді және мемлекет атын жамылып, өз құлқынының қамын ойлайтын байлар мемлекеттің сорына айналады. Ал кітаптың екінші бөлімінде осындай мемлекетке қарама-қарсы мемлекет туралы баяндалады. Бұл бөлімнің мазмұнынан Інжілдің, Платонның «Мемлекет» еңбегінің, Эразм Роттердамскийдің христиандық гуманизмнің әсері сезіледі. Келесі өкілі Томмазо Кампанелла (1568-1639) – философия, жаратылыстану мәселелерін әлеуметтік мәселелермен байланыстыра білген, Испания монархиясына қарсы күрескен, сол үшін 30 жылдай түрмеде отырған монах. Басты еңбегі – «Күн қаласы» деп аталады. Т.Кампанелла «Күн қаласы» еңбегінде қоғамды қалай қалай өзгерту туралы ойларын баяндайды.112Кайта орлеу дауиринин еформацмя философиясындагы негизги идеялары онын батыс адамнын рухани омириндеги роли-Реформацияның негізін теология докторы Мартин Лютер (1483-1546) салды. Ол 1517 жылы 31 қазанда Германиядағы Виттенбергтік замоктың шіркеу есігіне индульгенцияға қарсы бағытталған 95 тезисті қағып койды. Бұл католизмге қарсы идеологиялык (кейбір елдерде қарулы) күрестің басталуы еді. Мартин Лютердің негізгі идеялары: Құдай мен сенушілердің қауышуы тікелей өтуі керек;Құдай мен сенушілердің арасында католиктік шіркеу сияқты дәнекер болмау керек; діни ырымды азайту (жеңілдету) керек; шіркеу демократиялы,ал ырымдар-адамға түсінікті болуы керек; Рим Папасы мен католиктік діндарлардың мемлекет саясатына ықпалын азайту керек;мемлекеттік институттар мен зайырлы биліктің беделін көтеру керек; Құдайға кұлшылық ету ісі - дін иелері иемденіп алған тек кәсіп қана емес, ол христиандардың бүкіл өмірлерінін уәзипасы; мәдениет пен білім ошағын католиктік догмалардан тазарту керек; индульгенцияға қатаң тыйым салу керек. Жан Кальвин (1509-1564) Лютердің ісін жалғастырып, оның идеяларын бір жүйеге келтірді: протестантизм идеясының негізі - алдын ала білу (жазмыш, тағдыр) идеясы; Құдай адамдарды құтқаратынын немесе құтқармайтынын алдын ала анықтап койған; 0 адамдар өздерінің кұтқарылатынынан үмітін үзбеу керек; адамның Жер бетіндегі өмірінің мәні - кәсіпке (мамандықка) ие болу; кәсіп (профессия)- бұл тек күн көріс ғана емес, сонымен бірге ол Құдайға құлшылык ету орны; өз ісіне ынтамен, жауапкершілікпен қарау- құтылудың жолы; жұмысыңдағы жетістік - Құдайдың мейірімінің белгісі; жұмыстан тыс жерде қарапайым, аскет бол. Кальвин Лютердін идеяларын бір жүйеге келтірумен, әрі өзінің теориялық діни - философиялык ілімімен бірге протестантизмді практикада, іс жүзінде жүзеге асырды: Женевада протестандык қозғалысты басқарды; Женевада католиктік Шіркеу мен Рим Папасының билігін (Кальвиннің өзі «Женевалық Папа» деген атқа ие болды) жойды, реформаланған (кальвинистік) Шіркеуді ресми түрде мойындаттырды; зайырлы билікті кальвинистік Шіркеуге бағындырды; тек Шіркеуде ғана емес, сонымен бірге қалада да реформа жүргізді: католиктік мерекелерге, ырымдарға, жылтырақ киінуге, думан- сауыққа, әшекей-бұйымдарға тыйым салды; азаттарды аскетизм, пуританизм, өз жұмысына ұкыпты қарау рухында тәрбиелеу мақсатымен тұрғындарға катаң пасторлық бақылау койды. Реформацияның халықтың бағытына Томас Мюнцер (1490-1525) жетекшілік етті. Томас Мюнцердің өзіндік Реформация идеялары: тек Шіркеуді ғана емес, бүкіл қоғамды реформалау керек; қоғамды өзгертудің мақсаты-әмбебаптың әділеттілікке, жер бетінде «Құдай патшалыққа» жету; барлық зұлымдылықтың басты себебі- теңсіздік, таптық бөліну, оның негізінде жеке меншіктік пен мүдде жатыр; жеке мүддені шектеп, барлығын жалпы ету керек; адам өмірі мен қызметі қоғам мүддесіне бағышталуы керек, бұл Құдай қалауы; билік пен меншік қарапайым халыққа - «кәсіпкерлер мен егіншілерге» тиесілі болу керек. Реформацияның нәтижесі көптеген еуропалық елдерде католицизмнің әлсіреуіне, діни бәлініске әкелді:113 XIXғасырдағы орыс философиясының негізгі бағыттары:славянофилдік жане батысшылдық.
Орыс философиясының орталық идеясы адамзат тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен ролін негіздеу және іздестіру болды. Және бұл орыс философиясын түсіну үшін маңызды, өйткені ол тарихи дамуының өзгешелігіне орай өзінің ерекше белгілерімен көзге түседі. Орыс философиялық қызықты ізденістер XVI-XVIII ғасырлар бойында жалғасын тапты және екі үрдістің қарама- қайшылығы негізінде өтті.Мұның алғашқысы орыс ойының тілтумалығына басты назар аударып, бұл тілтумалылықты орыстың рухани өмірі өзгешелігімен байланыстырылады.Екінші үрдіс Ресейге еуропалық мәдениеттің даму үрдісін тануға тырысты. Бұл үрдіс өкілдерінің айтуы бойынша Ресей Еуропаның даму жолына барлығынан кейін түскендіктен , Батыстан көп нәрсені үйреніп сол өткен тарихи жолды қайталауы тиіс.Батысшылдық(XIX ғ. 40-50 ж.ж.) – Ресейді «еуропашыландыруды» насихаттаған бағыт. Оның өкілдері – А.И. Герцен, В.Г. Белинский, Н.П. Огарев, К.Д. Кавелин, П.В. Анненков, В.П. Боткин, Т.Н. Грановский. Славянофильшілдік(XIX ғ. 40-50 ж.ж.) – Ресей мен өзге славян елдерінің дүниедегі ерекше орнын дәріптейтін, православие мен қауымдастық өмірді аңсайтын философиялық бағыт. Оның өкілдері – А.С. Хомяков, И.В. Киреевский, Ю.Ф. Самарин, А.Н. Островский, ағайынды К.С. мен И.С. Аксаковтар.