Формациялық және цивилизациялық-мәдени тұрғыдан қарағандағы Қазақстан қоғамы
Енді бүгінгі таңдағы Қазақстан қоғамына формациялық және цивилизациялык тұрғыдан қандай баға беруге болар екен деген сұрақ туады. Егерде біз формациялык тұрғыдан талдау жасасақ, онда социализмнің пісіп-жетілмеген ерте түрінен буржуазиялық-демократиялық сатыға қайта оралғанымызды байқаймыз. Оның себебін анықтау жолында XX ғ. бас жағына қайта оралуға тура келеді.
Өйткен себебі, патшалық Ресей осы кезде бұрын-соңды оның тарихындағы болмаған терең де жүйелі дағдарысқа тап болғанын байқаймыз. ¥лттық буржуазия табы әлсіз, сонымен қатар билікпен өте тығыз байланыста болғаннан кейін, олар заман талабына (ол елдегі феодалдық қатынастарды түбірімен жойып, буржуазиялық-демократиялық жолға түсу қажеттілігі болатын) тиісті жауап берудің орнына, «кішігірім жеңісті соғыс арқылы» ішкі қайшылықтарды шешкілері келді. Бұл жолда олар ең алдымен орыс-жапон соғысында өздерінің алып денесі болса да, аяқтарының саз екенін көрсетті, өйткені бір ғана айдың ішінде жапондықтар Ресейдің бүкіл теңіз флотын суға батырып, құртып жіберді. Соңынан Бірінші дүниежүзілік соғыста екінші рет соққы алып, қайшылықтың өте өрбуі себепті большевиктер өкімет басына келген болатын. Көп жылдарға созылған дағдарыстан ашынған ауыр жағдайдағы халықтың көңіл күйін пайдаланып, большевиктер социалистік бетбұрыс арқылы барлық мәселелерді шешуге ұмтылды. В.И.Ленин оны марксизмге енгізілген шығармашылық жаңалық ретінде есептеді.
Қалай дегенде де, большевиктер бүкіл ұлттық байлықты мемлекеттің қолына өткізіп, барлық табиғи және адами ресурстарды «жаңа қоғамды орнатуға» жұмсады. Бұл ауыр да тайғақ жолда миллиондаған адамдарды құрбан етіп, олар заман талабына өзінше жауап берді, яғни елді индустриялап, халықтың сауатын ашты.
Бұл төңкерісте әсіресе орны толмас апатка ұшыраған казақ халқы болды. Оны «жаңа өмірге» большевиктер бүкіл малын тартып алып, зорлап жерге отырғызудан бастады. Малынан айырылған халықтың жартысына жуығын геноцидке ұшырап, тіпті
кейбір ауылдарда өлгендерді жерлейтін адамдар да калмады. Егер осы апаттан халық аман қалғанда, бүгін Қазақ елінде 20 млн. артык қазақтар өмір сүретін еді (басқа халықтардың өкілдерін есеп-темегеннің өзінде). Сонымен бүгінгі демографиялық мәселелердін түп-тамыры сол өткен ғасырдың 20-шы жылдардың аяғы, 30-шы жылдардыд басында жатқанын байқаймын.
Бұл тарихи кезекті жаңарудың, көрініс, оң жактары да болды, оны ешбір адам терістей алмайтын болар. Ол Совет елінің қуатты индустриалдық елге айшлуы, көп қалалар мен ауыл кешендерінің пайда болуы, бүкіл халықтың сауатының ашылуы, жогары білім беестін мекемелер, театр. консерватория, кітапханалардың пайда болуы Т.с.с.
Алайда тарихи уақыты әлі келмеген, жасанды түрде зорлық-зомбылық арқылы орнатылған бүл коғам XX ғ. 70-ші жылдарынан бастап-ақ үлкен дағдарыска ұшырады. Оның жағдайын түснікті болу үшін былайша салыстыруға болады. Егер сіз көктемде екі жас алма ағашын: біреуін құнарлы жерге, екіншісін сортаңға отырғыз-саңыз, бір-екі жылдың ішінде бірінші ағаш тез қарқынмен өсіп, жемісін бере бастайды, ал екінші ағаш біршші жылы сарғайған жапырақтарын шығарып күзге шейін тұрады да, келесі көктемде өмірден кетеді. Міне, жасанды түрде артта қалған мемлекетте тарихи кезекті сатыларды аттап өтіп, зорлық арқылы орнатылған социалистік қоғам сортаңға егілген ағаш сияқты өмірден кетті. Біз бүгін уақытында большевиктердің аттап өткен сатысына қайта оралып, буржуазиялық-демократиялық жолмен жетіліп келе жатырмыз.
Енді бүгінгі күрделі өзгерістегі Қазақстан қоғамын цивилизациялық жолмен талдасақ, онда біз казіргі постиндустриалдық елдердің қолы жеткен өндіргіш күштерінен анағұрлым артта қалғанымызды байқаймыз. Сондықтан негізгі мақсат дамыған елдердегі жаңа экономикалық жағынан тиімді, экологиялық таза технологияларды игеріп қана коймай, қоршаған ортамызға сай келетін өз технологияларымызды жасау болмақ. Біз кедей елдердің қатарында болғаннан кейін, ол үшін шетелдерден инвестицияларды (қаражат) тартып және жекеменшіктің негізінде қорланған ұлттық капиталды тиімді пайдалануымыз кажет. Сонымен қатар, әрине, біз бүкіл дүниежүзілік қарым-қатынастарға толыкқанды дербес мемлекет ретінде кіру жолымызда өзіміздің төл мәдениетіміз бен рухани кұндылықтарымызды жойып алмауға тырысуымыз керек.
Осы ауыр да жауапты жолда біздің жас мемлекетіміз біршама ауқымды істерді жасап та үлгерді. Үлкен жетістіктердің бірі – экономиканы нарыктық жолға кою. Мыңдаған жылдардағы даму үрдісінде адамзат нарықтық экономикадан басқа тиімді жолды таба алмады. Бұрынғы Совет елінде жасалған жоспарлы экономика нарыққа қарағанда өзінің әлсіздігі мен тиімсіздігін ашык көрсетті. Енді, міне, бүгінгі таңда жер бетіндегі басқа мемлекеттер Қазақ елін нарықты мемлекет ретінде мойындап отыр. Тоталитарлық жоспарлы экономикадан үзілді-кесілді бас тарту, мемлекеттік меншікті жекешелендіру біршама қателіктермен жүргізілсе де, белсенді топтарды тудырып, аударылып жатқан экономиканы аяғына түрғызды. Кіші және орта іскерлікті дамыту саясаты миллиондаған адамдарды жаңа ахуалға тартып, олардың өмірге деген белсенді талпынысын тудыруда. Нәтижесінде, соңғы жылдары халыктың әл-ауқаты жоғарылап, елдің жаркын болашағына деген сенім карапайым халықтың жүрегінде ұллады.
Әсіресе қомақты өзгерістер қоғамның саяси-құқтық салаларында байқалады. Демократиялық принциптерге негізделген жас мемлекет бірте-бірте өз күшіне енуде. Елді нақтылы басқарып отырған атқару билігі өзінің кәсіби шеберлігін шыңдау нәтижесінде бүл салаға талантты көп жастар тартылды. Екі палатадан тұратын кәсіби парламент заң шығармашылығымен айналысуда. Сот билігі де біршама терең өзгерістерге түсіп, халықтың сеніміне кіруде. Ақпарат тарату саласына келер болсақ, бүгінгі таңда сан алуан жекеменшіктік газет-журналдар, радио және телестансалар жұмыс істеуде. Жеке адамдардың бас бостандығы мен құқтарыньщ қорғалу деңгейі жыл артып өсуде.
Бүгінгі дамыған коғамдарда заттык қорланған байлық емес, адам факторы негізгі қоғам дамуының кайнар көзіне айналуда. Әр адамның табиғи дарынын талантқа айналдырып, оны шығармашылық деңгейге дайындайтын — университеттер. Олай болса, тәуелсіздікті алғаннан бері білім беру жүйесін дамытуға да көп көңіл бөлінді. Көп жоғары оқу орындары университет болып қайта күрылды, жекеменшікке негізделген оқу орындары жүмыс істеп бәсекелестік бұл салаға да жетті.
Дербестік алған халыктың тез арада шығармашылык мүмкіндіктері гүлдеп, казак мәдениет қайраткерлері бүкіл дүние жүзіне халқымыздың өз ерекшелігі, қайталанбас жақтарымен танылатын асыл мұраларын, бүгінгі күнмен үндесіп жаткан жаңа туындыларын таныстырды. Айман Мұсаходжаева, Жәния Әубәкірова, Марат Бисенғалиев, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Майра Мұхамедқызы т.с.с. мәдениет қайраткерлері көп елдердің үлкен сахналарына шығып, еліміздің ғажап мәдени кұндылықтарын басқа халықтарға ұсынып, солардың кошеметіне бөлінді.
Әрине, қайсыбір қоғамның жүйелі дағдарысы сан алуан қайшылықтарға толы, оның негізгі ауыртпалығы қарапайым адамдардың еншісіне өтеді. Әсіресе тоталитарлық социализм жүйесінен демократиялық қоғамға өтудің бұрын-соңды адамзат тарихында болмаған қиындықтарға әкелгенін 90-шы жылдар айкын көрсетті. Алайда бас бостандығына ие болған халқымыз оның бәріне де шыдап, шығармашылық жолмен оларды жене білді.
Келесі даму сатысындағы негізгі мәселелер - шикізат өндіретін елді жаңа технологияларға негізделген өндірісі бар, дүниежүзілік бәсекелестікке сай келетін заттарды шығара алатын қоғамға айналдыру болмақ. Сонымен қатар ұлттық тілімізді толыққанды дәрежеге көтеріп, салтымыз бен әдет-ғұрпымызды жаңа өмірге сай келтіріп, біздің рухымызға жат шетелден кірген тұрпайы мәдени туындыларды сырттататын ахуалға жетсек дейміз.