Леуметтiк, мораль мәселелерi 5 страница

Тiптi ескi замандағы адамдар да жаратушы туралы әр алуан топшылау ой жүргiзген. Олар о баста бiр нәрсенiң өзiндiк ерекшелiгiне қарап, осында жаратушының қасиетi бар деп, күн, ай, от, ағаш, асыл тас сияқты нәрселерге табынған. Немесе әр алуан жаратушы бар ғой деген оймен бiрнеше сурет салып, соған да табынған, онымен де тұрмай, әдетте сау адамның iстей бермейтiн iстерiн де iстеген: алдамшы, жәдiгөй, бақсы, балгер, дуана сияқтыларды да тәңiрiнiң орынбасары болар деп, сондайларға да табынған.

Сүйтiп соқыр кiсiдей сандалып жүргенде пайғамбар деген шығып, «барлықтың (не нәрсенiң) бәрiн жаратқан ие бар, өлгеннен кейiн болатын бiр тiршiлiк бар, осы өмiрде қылған iсiңе қарай, ол өмiрде өлшеусiз бақ, қиын азап бар; мұны бiзге сол жаратушы ие бiлдiрдi де, сiздерге ұқтыруға бұйырды маған» деген.

Ол кездегi адамдардың бiрқатары бұған нанса да, бiрқатары нана алмай, бұрынғы қалыптасқан әдеттерiнен шыға алмаған.

Ендi бiзге бiлiп жаратушы ие жоқ, өлгеннен соң өмiр жоқ дейтiн ойдың түбiнде осы барлық адам неден бар болды деген ойлаудың жемiсi екендiгi төмендегi сөзден мәлiм болады.

Ескi заманның бiлiмдiлерi әр нәрсенiң түп негiзi неден жаралды дей отырып, яғни жаралысты тексере келiп, тамам нәрсенiң түп негiзi төрт түрлi нәрседен деп бiлген. Олар: от, су, топырақ, ауа. Одан кейiн замандар өте келе әлденеше жүргiзiлген зерттеулер арқылы түп негiздi таба-таба, байымдай жүрiп, жақынғы заманда барлық нәрсенiң түп негiзi 80 шамалы нәрсе екенiн аңғарды. Cүйтiп бiлгiрлер әр дененiң көзге көрiнбейтiн құраулардан қосылып, құралғанын таба бiлдi. «Адам өлген соң дененiң барша құраулары шiрiп, бытырып, шашырап, әрқайсысы өз атомдарына қосылып, ұсақ бөлшектенiп кетедi де, жан деген бiржолата жоғалады. Сондықтан өлген нәрседе қайта тiрiлу жоқ» дейдi.\

Жақын кезде шыққан бiр кiтаптарда Европаның осы кездегi бiлiмдiлерi атомды электр қуатымен әлденеше бөлiп, сол ұсақтың атын электрон қойсын дейдi. Осы бiр майда бөлшектiң аты арабша да болса керек едi. Жақында бiр оқыған кiтабымда мұны «қиқатул камара байбаз» дептi. Мағынасы «электр талқаны-ау» деймiн. Мұндай болғанда, атомдар да бөлiнетiн болғаны ғой. Ал осы кездегi бiлiмдiлер жоғарыда аталған 80 шамалы ұсақ негiздiң бәрiнiң түп негiзi бiр ғана нұр деп жүр дейдi. Олай болса, барлық әлемнiң түп негiзi нұр болғаны да. Нұр жарық қой. Күн жерден бiр миллион үш жүз есе үлкен. Жер мен күннiң арасы 140 миллион шақырым. Нұр күннен, оттан шықса да, жан-жағына күлтеленiп шығады. Нұр секундына 280 шақырым жүредi. Күннiң нұры жерге 8 минут 18 секундта келiп жетедi. Күннен алыс кейбiр планета жұлдызының нұры жерге үш жылда жететiнi бар. Тiптi онан алыстағы аспан денесiнiң нұры жерге бiр мың жылдай уақытта әзер жететiнi бар. Нұрдың жүзiн орысша Юпитер, қазақша Мұштари деген планетаның [...] төрт жолдасының Юпитер айналғанда 12 жылға жақын мезгiлде бiр айналып шығатыны бар.
Бұл нұрдың жайын жазғандағы мақсатым мынау: нұр өздiгiнен пайда болмаған, бiр нәрседен шығатын нәрсе, оның да үнемi қозғалыста болып тұратыны есте болсын. Және бәрiмiзге барлық әлемнiң ұшы-қиыры жоқ зор екенi белгiлi. Осы үлкен әлемге қарағанда, бiзге бiлiнбегендерiнiң есеп-қисабын өлшеуге келмейтiнi оқушының ойында болсын. Жоғарыда айтылған барлықтың барлығы өздiгiнен жаралып жатыр, оны былай деп жаратқан ие жоқ дейтiн болжам әлдеқашаннан айтылып келе жатса да, әсiресе XVII-XVIII-XIX ғасырлардың аяқ шенiне дейiн Европаға көбiрек жайылды. Олардың дәлелдiлерiнiң негiзi жоғарыда азырақ айтылып едi. Солай бола тұрса да, тағы да бiз бiлген дәлелдердiң күштiрек дегендерiн қайта атап өтейiн.

I дәлел: ҚАЙТА АЙНАЛЫС ЖОЛЫ

Барлық нәрсенiң түп себебi бұрыннан бар қуатты дене [...]. Бұл нәрсенi заряд дейдi. Қаншалық ұсақтаса, ақырында тiптi бөлшектеуге келмейтiн болады. Сол бөлуге келмейтiн түп негiздердiң атын европаша атом дейдi. Арабша мадда немесе әсер деп атайды. (Бiздiң қазақ тiлiнде атауы жоқ болғандықтан мен бұл кiтапта атомды мадда, я атом деп атадым).

Сүйтiп сол барша нәрсе сол 80 шамалы атомдардың бiр-бiрiне қосылғанынан дене жасалып, әлденеше түрге бөлiнiп, бiрiнен-бiрi өршiп, жаралып жатқанын тапқан. Мұны алғашқы тапқан Юнан (грек) жұртының Пифагорc деген бiлiмдiсi. Кейiнгi бiреулердiң айтуына қарағанда, Пифагорcты Финикия жұртынан үйрендi дейдi. Ондай болса, алғаш табушы Финикияның Сит деген қаласынан шыққан Мусхус деген адамы болады. Мейлi, кiм бұрын тапса да, бұл атомды басында оның не нәрседен жаралғанын, не iске жарауын бiлу үшiн iздестiрудiң жемiсi деп бiлу керек. Кейiн гректiң Апигорс, Демократис деген бiлiмдiлерi сол атомды дәлел қылып, барлық әлем сол атомнан өршiп-өнiп, оны былай етейiншi деп бiлiп жаратқан ие жоқ дейтiн бiр жолға негiз салды.

Араб жұртының патсалығы зорайып, көп елдi қол астына қаратқан Aббас тұқымы патса болған кезде Юнан бiлiмдiлерiнiң жазған кiтаптарын араб тiлiне көшiргенде осы атом туралы сөз араб тiлiне аударылып едi. Соған байланысты кейiнiрек мұсылман ғұламаларының арасында «осы дәлел бұрыннан бар ма, соңынан жаралды ма» деген даудың енуiне, мiнеки, осы атом ұғымының пайда болуы себеп болды.

Соңғы кезде Европаның Гасти, Дикрит, Ньютон, Ниптон, Юнг сияқты ойшылдары бұрынғы Апигорс, Демократистардан қалған «жаратушы ие жоқ» деген жолды қайта жаңғыртып, Европа арасында сол дәлел пайда болды. Бұл ойшылдардың дәлелдеуiнше, әр нәрседе бiрiн-бiрi тартатын қуат барлығы, оны орысша «притяжение» дейтiнi, ал арабша «тажарлық» деп атайтыны, мұны алғаш тапқан Англияның Исаак Ньютон деген ойшылы екенi айтылады. Бұл түйiндi XVII ғасырда ұлы ойшыл Карде алманың үзiлiп жерге түскенiне қарап ойлап тапқан көрiнедi. Ал бiлiп жаратушы ие жоқ дегендi ұғымдырақ етiп айтсақ, әлемдегi не нәрсенiң түп негiзi 80 шамалы атом, солар бiрiне-бiрi тартылыс қуаты заңымен қосылып, дене жасап, бiрiнен-бiрiне өтiп, өнiп я өзгерiп жатыр, оны былай етейiн деп, әрқайсысын әр бөлек жаратып басқарған ие жоқ. Сондай-ақ жан деген өз алдына бiр нәрсе емес, сол атомдардан жаралған денелердiң қозғалысы өзгерiстерiнен шыққан бiр сипат қана. Не нәрсенi өсiрiп, өндiретiн сол. Дүниеде ешбiр зат жоғалмайды, бiрақ өзгередi. Бар планета (жер, ай, күн) болсын, басында газ түтiнi сияқты бiр жалын болып тұрған, тiптi кейiн көп уақыт өте келе әлгi жалын болып тұрған нәрсе сұйық болып көлкiген. Одан соң тағы көп уақыт өте келе салқындаған, қатты денеге айналған. Осылардың нақ мысалы қазiргi бiз бiлетiн жер, ай, жұлдыз болады. Дaгенмен осы сияқты планета атауының өздерi мәңгi осы бiр қалпында қалмайды. Бұлар да бiрталай ұзақ уақыт өте келе бiрiне-бiрi қозғалыс барысында соқтығысып қалып, белгiлi себептермен тағы да газға айналады. Онан кейiн сұйық затқа айналып, онан қатты дене болып қатаяды. Сүйтiп сол үш өзгерiс күйiне түседi де жүредi. Бұлар қайта қатайып, қатты дене болған кезде бастапқысынан я үлкен, я кiшi, я бұрынғысынан өзгеше дене болып қалыптасуы мүмкiн. Сол сияқты әлгiндей ұлы өзгерiстi қайта жаралыста жер де, айуан да, адам да, өсiмдiктер де болады. Бiрақ өлгеннен соң бiзден сезiм кетiп, бiз сол өзгерiстерден еш нәрсе сезбеймiз. Сол қайта жаралыста бiлiм, шаруа, байлық, дене сияқтылар бүгiнгiден мүлде басқа түрде болады. Сонымен бiрге барлық әлем бiржола газ болмай, бiр жағы газ болып жатқанда, бiр жақтағылары қатайып, қайта жаратылып жатады.

II дәлел: ЖАРАТЫЛЫС ЖОЛЫ

Мұқым барлықтың бәрiн бар қылып тұрған жаратылыс жолы. Ол сондықтан соның бәрiн өзгертiп жатқан түп негiзiнде, өзiнен не шығып, өзiнде не болып жатқанын да сезбейдi дейдi. Сондай-ақ бiлiп жаратушы ие бар деген бекер сөз. Ол жаратылыс жолымен жаралғандардың өзiнен бөлек нәрсе емес, осыдан бөлiнбейтiн заң. Осы әлемдегi барлықтың бәрi де сол заңмен ерiксiз жаралып жатыр. Ол заң өсiп-өнуге, жоғарылауға ұмтылып, ең жақсысын жайлап алады. Сондықтан бұл әлемдегi планета жұлдыздарының жаралысы, жүрiсi, адамның, айуандардың, өсiмдiктегi әр нәрсенiң дене бiтiмi, жаралыс реттерi толық жарасымды, мақсатты жолмен жаратылған.

Бұл айтылғандар – философ Ламетри сөзi.

III дәлел: ТҰҚЫМДАСТЫҚ ЖОЛЫ

«Жоғарыда айтылғандар: бар нәрсе өздiгiнен жаралып жатқан соң жаратушы деген жоқ, құрлықтағы хайуандар, ағаштар, құстар, адамдар, өсiмдiктер – бәрi теңiзден туған. Теңiз жердi орап алғандықтан су хайуандары, өсiмдiктерi құрлыққа шыққан. Жер жүзiнде өсетiн жандылардың бәрi о баста су хайуаны болған. Неге десең, қырда не түрлi жандылар болса, теңiзде де соған ұқсас жандылар бар. Теңiзде жылан, ит сияқтылар болумен бiрге, құс сияқты жандылар да бар. Сондықтан бұларды өз алдына бөлек-бөлек тұқым етiп жаратқан ие жоқ» дейдi философ Майе.

IV дәлел: ДЕНЕ СЕЗIМI

Бiз әр нәрсенi денедегi сезiмiмiз арқылы бiлемiз. Мұқым барлықтың бәрi жаратылыс жолымен ерiксiз бар болып жатқанын көрiп отырмыз. Бiз оны жаратып жатқан құдайды ешбiр дене сезiмiмiзбен сезгемiз жоқ. Егер шын бiлiп жаратушы ие болса, бұл жаратылыс себептерiнiң еш керегi жоқ болар едi. Егер бiр жаратушы тiлдi құдырет бар болған соң, бұл себептердiң керегi не? Сондықтан бiлiп жаратушы жоқ.

Бұл айтылғандар – Фошна сөзi.

V дәлел: ӘР ТҮРЛIЛIК

«Әр түрлi дүниеге қарасаң, мысалы, тас, ағаш, басқа өсiмдiктер, хайуандар, адамдар, су, от сияқты бiр-бiрiне ұқсамайды. Бұл ненi көрсетедi? Бұл нәрселер қалай болса солай, кез келген себебiне қарай жаралып жатыр. Оны былай болсын-ау дейтiн нақты жаратушы жоқ екенi, мiне, осыдан мәлiм» дейдi ұлы ойшыл Демокрит. (Бұл Ғайса пайғамбардан 300 жыл бұрынғы грек философы).
Жоғарыда айтқанымыздай, мiне, осындай бiлiп жаратушы жоқ деген сөздер XIX ғасырдың аяқ шенiне дейiн Европа iшiне көбiрек жайылды. Онан кейiн бұл көзқарас нашарлады. Оның себебi – магнитизм, спиритизм, телепатия дегендердiң шыққаны болды. Мұның мәнiсiн мынадай ұғымдарынан көрелiк:
Магнитизм – бiр адамның жанына жанның қуатымен әсер берiп, ерiксiз ұйықтатып, сонан өткен бiр iстi немесе келесiде болатын бiр iстi сұрап, ғайыптан хабар айтқызады, тағы басқа iстер iстейдi.
Спиритизм – өткен адамдардың жанын шақырып алып, кейде ғайыптан хабар алғызады, кейде қағаз да жазғызады.
Телепатия – тiптi алыстағы тiрi адам жаны мен өз жанын хабарластырып, оған ойлағанын iстете алады.
Осындай адам таңғаларлық, бұрын сыры беймәлiм метафизика – жаратылыс жолынан жоғары қуат барлығы анықталған соң, бұрынғы дене сезiмiне ғана нанып, онымен бiлiнбеген нәрсенi жоқ деп жүргендердiң ойын шатастырып, басқа ойға түсiрдi. Олар анықтап бiлдiк деседi. Сонда да бұларға жанның түп негiзi бiлiнбегенмен, сау сияқты дене өлгеннен соң да сол жанның өз алдына бiреу болып, бұл дүниеде жәрдемшi екенiн бiлдiк дейдi.

27. Ғылыми танымның эмперикалық деңгейінің әдістерін сипаттаңыз: бақылау, сипаттау, өлшеу, салыстыру, эксперимент.

Әдіс – бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы. Эмпирикалық ғылымның негізін салушылардың бірі - Ф.Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстырған. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әр түрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек. Ғылыми әдіс осындай құрал болып табылады. Сондай – ақ, әдіс адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қана қоймай, олардың іс - әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға ықпал етеді.

Қазіргі заманғы ғылым белгілі методологияға, яғни қолданылатын әдістердің жиынтығына негізделген. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады.

Ғылыми танымның әдістері жалпы деңгейлеріне, ғылыми зерттелу үдерісіне, қолданылу ауқымының кеңдігіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Сондай-ақ олар: жеке, жалпы ғылыми және жалпылама (философиялық) әдістерге бөлінеді. Жеке әдістер нақты зерттеулердің тар шеңберінде қолданылады және зерттелетін объектілердің сапалық ерекшеліктерімен тығыз байланыста болады. Пәндік бағдарына қарай зерттелу үдерісіне: физикалық, биологиялық, әлеуметтік әдістері қолданылады. Мысалы, химиядағы валенттілікті табу, социологиядағы анкета жүргізу әдістері сияқты. Зерттелетін объекті мен оны зерттеу арасындағы тәуелділікті ескере отырып, зерттеуші объект пен әдістің сәйкестілігін қадағалау керек. Жалпы ғылыми әдістер ғылыми зерттеулер аясында кең қолданылады. Ғылыми таным эмпириялық және теориялық деңгейлерге бөлінеді. Жалпы ғылыми әдістердің кейбірі тек эмпириялық деңгейде (бақылау, эксперимент, өлшеу), басқалары тек теориялық деңгейде (идеалдау, формалау), тағы бірқатары эмпириялық және теориялық деңгейде (модельдеу) қолданылады.

Танымның эмпириялық деңгейінің әдістері

Эмпириялық танымның бастау алатын әдісі — бақылау. Ол айналадағы нағыздық объектілері туралы бірқатар алғашқы ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Бақылау белсенді танымдық үдеріске жатады және нәрсе мен сыртқы дүние құбылыстарының сезімдік (көбінесе көру) бейнеленуі болып табылады. Бұл әдісті қолданған кезде танушы адам белгілі бір тану мақсатына сүйенеді. Әдетте, ойша әрекет бағдарламасын жоспарлайды және алынған айғақтарға, демек, реалдылық туралы білімдерге сәйкес келетін түсінік береді. Бақылау үдерісінде зерттеуші салыстыружәне өлшеу операцияларын қолданады. Зерттеуші объектіні белгілі бір белгісі бойынша салыстырады, сонан кейін оны өлшейді. Өлшеу барысында субъективтілікті мейлінше азайтады. Ал өлшеу кезінде өлшеу құралдарын қолдану зерттеушіні физикалық үдерістерді тіркеудің; сезім органдары сияқты сенімсіз құралдарынан бас тартқызады. Эмпириялық танымның бұдан да күрделі әдісі тәжірибе болып табылады. Тәжірибе деп объектінің өзіне сай қасиеттерін айқындау зерттеушінің оған жасанды жағдайлар жасау жолымен әсер етуін айтамыз. Мұндай жағдайда зерттеуші алдын ала объектінің белгісіз (жасырын) сипаттарын ашу үшін, оның өту жағдайларын өзгерте отырып, табиғи үдеріс барысына енеді.

28.Танымның теориялық деңгейінің әдістерін сипаттаңыз:анализ, синтез, индукция, дедукция, аналогия, абстрактілеу,идеалдау, тарихилық,логикалық, модельдеу.

Наши рекомендации