Тақырып: Эллиндік және римдік философия.
Скептицизм философиясы.«Скептицизм» термині ежелгі гректің «скепсис» - «қарастыру», «талдау», «толқу» мағынасындағы сөзінен шығады. Скептицизм – күмәндану – басты, универсалды қағида болып табылатын, яғни, кез-келген білімнің шындық екендігі жүйелі түрде терістелетін философиялық бағыт.Антикалық скептицизмнің негізін қалаушы – Пиррон, рим философиясындағы скептицизмнің көрнекті өкілі – Секст Эмпирик болып табылады.
Пиррон.Ғұмыртарихы. Пиррон (б.д.д 360-270ж.ж) – Элида қаласында туылып, софист Брисоннан ілім үйреніп, Македондық Александрдың досы Анаксархпен бірге Үндіге дейін жаугершілік сапарларға шығып, соның ықпалында болған философ. Пирронның «күмәндану қағидасын» қатаң ұстанғаны соншалықты, «Пиррон, сен тірісің бе?» деген сұраққа да «Білмеймін» деп жауап береді екен.Негізгі еңбектері. Пиррон әдейі жазбаған ештеңе.Философиялық көзқарастары. Пиррон философиясының орталық сұрағы – «Адам қалай бақытты бола алады?» Және бұл мәселені шешу үшін ол үш сұраққа жауп беру жеткілікті деп санайды. Олар: 1. Бізді қоршап тұрған не? 2. Қоршаған ортаға қалай қарауымыз керек? 3. Тиісті қатынастан не туады?.1.өзіне дейінгі философияны қарастыра отырып Пиррон «түрлі даналар дүниені түрліше қарастырып, оның мәні мен шығуын түрліше түсіндіріп келгендіктен» бір пікірді екіншісімен алмастыру мүмкін еместігін тұжырымдайды. 2.екінші сұраққа жауап бірінші жауаптан туады: біз дүниеде бар нәрселер туралыпікірлерден тартынуға тиіспіз. 3.бұдан үшінші сұраққа берілетін жауап туады: толық мызғымастық, (атараксия) – яғни, бақыт. Секст Эмипирик.Ғұмыртарихы. Өмір сүрген жылдары, шамамен, ІІ ғасырдың екінші жартысы – ІІІ – ғасырдың басы аралығы. Тарихи мәліметтерден оның дәрігер болғаны, лақап атының Эмпирик екені ғана белгілі. Негізгі еңбектері. «Пиррондық қағидалар», «Ғалымдарға қарсы», «Математикатерге қарсы». Бұл еңбектер антикалық скептицизм туралы бізге жеткен бірден-бір жалғыз дерек көзі болып табылады.Философиялық көзқарастары. Философия тарихы. Түрлі философиялық ілімдерді талдай отырып, Секст олардың ақиқат еместігін негіздеді. Сондықтан оның кітаптары антикалық философиядан мәлімет беретін құнды дерек көзі болып табылады.
Стоялық философия.Киниктер идеясының дамуына жауап ретінде стоя философиялық мектебі (б.д.д 300 жыл) қалыптасты және дамыды.«Стоя» - Афиныда осы мектептің идеялары насихатталатын орынның – портиктің (үй алдында тіреумен көтерілген төбесі жабық, қабырғасыз қалқа) аты.Негізін қалаушы – китиондық Зенон (антикалық философиядағы Зенондар – екеу. Біріншісі: Элейдік Зенон – апрориялардың –парадокстардың авторы – басқа!). Стоялық философия өз дамуында мынадай кезеңдерден өтті: 1. ерте стоя (б.д.д ІІІ – ІІ ғ.ғ), өкілдері – Зенон, Клеанф, Хрисипп .т.б 2. орта стоя (б.д.д ІІ – І ғ.ғ) – Панетти, Посидоний; 3. кейінгі стоя (б.д.д І – б.д ІІ ғ.) – Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий. Китиондық Зенон .Мектептің негізін қалаушы – Китиондық Зенон болды (б.д.д 300 жыл)Негізгі еңбектері: алғашқы екі кезеңнен жекелеген фрагменттер ғана жетті. Есесіне соңғы кезеңінен – Сенеканың «Луцилийге адамгершілік хаттары», Рим императоры болған Марк Аврелийдің «Оңаша қалғанда» атты күнделігі.Философиялық көзқарастары. Ғылымдар классификациясы. Стоиктер ғылымды жұмыртқамен немесе бақшамен салыстыра отырып, барлық ғылымдарды үшке: логикаға, физикаға (натурфилософияға) және этикаға бөледі. Эпикур ілімі.Эпикуреизмді, тұтас алғанда, эллиндік дәуірдің атомизмі деп атауға болады. (Алайда Эпикурдің өзі Демокрит ықпалын ешқашан мойындамаған).Негізін қалаушы. Эпикур (б.д.д 342/341 – 270/271 жылдар аралығы) – Самос аралында афинылық кірме, тәрбиеші отбасында туылып, 18 жасында Афиныға келіп, одан кейін Кіші Азияға қоңыс аударған философ. Б.д.д 307 жылы Афиныға қайта оралып «Эпикур бақшасын» ашады. Мектеп қақпасында «Жиһанкез бұл жерде сенің көңілің жай табады; мұнда сен жоғарғы игілікті-раһатты табасың» деген жазу болған. Негізгі еңбектері. Эпикур 300 ге жуық еңбек жазған. Бірақ олардан бірнеше хаттар мен үзінділер ғана сақталған. Эпикур ілімі Лукрецийдің «Заттар табиғаты» поэмасынан белгілі.Эпикур философиясы 3 бөлімнен тұрады: 1.Табиғат және космос туралы ілім («физика»);2.Таным туралы ілім («каноника»);3.Адам және оның тәртібі туралы («эстетика»).Киниктер мектебі. Киниктер – ежелгі грек философиясының Сократтық кезеңіндегі (б.д.д ІV ғ.) мектептердің бірі Негізгі өкілдері: Антисфен, Синоптық («бөшкедегі»), Диоген, Кратет. Мектептің («киниктің»-«ит») атының шығу тегі екі түрлі:1.Антисфеннің Афиныдағы Киносарг қыратында орналасқан философиялық мектебінің (гимнасийнің) орны. 2.Диогеннің лақап атының бірі («кинос»-«ит»). Антикалық философияның римдік кезеңі.Римдік кезеңіндегі ойшылдардың көпшілігі эллиндік кезеңін концепцияларын ұстанды. Ал бұл кезеңде қалыптасқан мектептерге неоплатонизм мен гностицизм жатады.Римдік кезеңдегі философтар:Сенека; Марк Аврелий (161-180 жылдардағы Рим императоры); Тит Лукреций Кар;Неоплатонизм.. Философиялық көзқарас. Неоплатонистер пікірінше, мектептің өмірін космостан тысқары және керісінше, космос тіршілігін философиясыз түсіну мүмкін емес. Тіршілік иерархиялар түрінде құрылған: Біртұтас-Игілік, Ақыл, Жан және материя. Ең жоғарғы орынды Біртұтас Игілік иеленген. Біртұтас – нағыз бастапқы мән, ал барлығының бір нүктеге шоғырлануы. Егер сіз түрлі нәрселердің (ақылды – ақылсыз ) бар екенін мойындасаңыз, жоғарғы дүниеде олардың дәл өзі болып табылмайтын бейнелері орналасқан. Біртұтас – Игілік образы – ақылмен емес, жоғары ақылды экстаз арқылы танылады.