МӘТІН – СЕМИОТИКА МЕН МӘДЕНИЕТТАНУДЫҢ ҰҒЫМЫ
Л-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Филология және әлем тілдері факультеті
Азақ тіл білімі кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Мәтіннің функционалдық және прагматикалық аспектілері
Орындаған: Лепесбай Г.
Тексерген: ф.ғ.к.Жусанбаева С.Б.
Алматы-2016
Мәтіннің функционалдық және прагматикалық аспектілері
Мәтін (лат. textus -тін, өрілім, бірігу сөздерінен шыққан «text» еуропа тілдерінде қолданылуда-Ә.Ә.) термині лингвистикада, әдебиеттануда, эстетикада, семиотикада, мәдениеттануда, сондай-ақ, философияда кеңінен қолданылады. Бұны Ю.М. Лотман, «дауысыз гуманитарлық циклдар ғылымдарындағы ең көп қолданылатын терминдердің бірі. Ғылымның дамуы өзінің әр сәтінде жоғарғы қабатқа белгілі бір сөздерді лықсытып шығарып отырады; ғылыми мәтіндердегі сел көшкіні қажетті бір мәнділікті шайып кетеді. Олар тек ғылыми ұғымының терминологиялық дәлдігін таңбалауға ғана тырыспайды, сонымен қатар, проблеманың өзектілігі турасында дабыл қағып, жаңа ғылыми идея туындаған саланы да нұсқайды» деп атап көрсетті. «Мәтін» сөзінің астарында бірнеше түрлі, бірақ та өзара байланыстағы мағына жатыр.
МӘТІН – ФИЛОЛОГИЯЛЫҚ ҰҒЫМ
Бір кешенді қасиетке ие табиғи тілдің қолданыс табуы. Оған байланыстылық пен аяқталушылық тән. Мәтін сыртқы, өзін қоршаған тілдік және бейтілдік реалдылықтан айқындықпен шектесіп тұрады. Басқаша айтар болсақ, біршама (бөлінбес) коммуникативтік бірлік болып табылатын сөйлемдер тізбегін (тобын) құрап, өзінің ұғынықты таңбаланған басы мен соңына ие болып келеді. Мәтінді лингвистикалық жақтан ұғыну бір жағынан – өте тар (мәтін «белгілі бір мағыналық қатарды тілдік айшықтау» болып табылады, басқа жағынан алғанда – өте ауқымды. Осылайша мәтіндік лингвистика деп аталатын ғылыми пән мәнді тлдіік түзілім (туынды) ретінде оны тілдік «тіні», құрылымы және мәнімен бірге алып қарастырады.
«Мәтін» термині әдебиеттануда да кеңінен қолданылады. Бұл дегеніміз – әдеби туындының тақырыптық-образдық аспектісімен (туынды әлемі) және идеялық-мағыналық аясымен (көркем мазмұн) бірге бөлініп көрсетілген өзіндік тілдік қыры. 1970-ші жылдардың басында теориялық поэтиканың мәселелерін талқылаған Ю.М. Лотман: «Мәтін мен көркем туынды бір ғана дүние деген ұғымнан түбегейлі бас тарту керек. Мәтін дегеніміз – көркем туындының компоненттерінің бірі <…> көркемдік эффекті тұтастай алғанда мәтіндер бойындағы өмірілік және идеялық-эстетикалық күрделі кешендік ұғымдардан туындайды» деп жазды.
Кебірде замана ғалымдары қаламгер суреттеген әдеби-көркем мәтіннің (сөзден өзге) «кеңістігіне» тіпті ол айшықтаған идея, концепция, мәндерді де, яғни, көркем мазмұнды енгізеді. Бұндай жағдайда «мәтін» және «туынды» сөздері синонимдес болып табылады. Бірақ та, мәтін жайындағы оның қатаң реттілікпен ұйымдастырылған тілдік бірлік екендігі әдебиеттанудағы ең орныққан ұғым-түсінік. Осыған байланысты көбіне, туындының негізгі мәтіні оның қосымша мәтінінен (арнайы зерттеу тақырыбына айналған тақырыптық атаулары мен ескертпелер, эпиграфтар, аранулар, авторлық алғысөздер, уақыт мерзімін және жазылған жерді нақытлаудан, сондай-ақ, драмалық туындылардағы қатысушы тұлғалардың тізімі мен ремаркалармен) ерекшеленіп тұрады. «Мәтін» термині мәтінтанудағы ең бастысы болып табылады. Бұл филологиялық пәннің бұл аясына – мәтіндердің тарихи аспектідегі өмірге келу тарихтары, олардың нышан-белгілері және олардың жазылған уақытын анықтау мәселелері, туындының жариялануын нақтылау принциптері, мәтіндік нұсқаларының болу-болмауы, негізгісін (канонданғанын) бөліп көрсету кіреді. Мәтінтану проблемаларына теориялық сипаттағы бірқатар іргелі еңбектер арналған.
МӘТІН – СЕМИОТИКА МЕН МӘДЕНИЕТТАНУДЫҢ ҰҒЫМЫ
Соңғы он жылдықтарда «мәтін» термині филология (лингвистика мен әдебиеттану) аясынан тысқары да кеңінен қолданыла бастады. Мәтін «таңбалық кешенмен байланысты» семиотикалық құбылыс ретінде қарастырылады, тек бір ғана табиғи тіл түрінде туындамайды. Сөздік емес тікелей көруге арналған (географиялық карталар, бейнелеу өнерінің туындылары) немесе естуге арналған (дыбыстық дабыл, музыкалық туындылар), не болмаса екеуіне де бірдей арналған (жорғалғылық тіл, оынң ішінде, литургия, театр өнері, кино және теле ақпараттық) мәтіндерде бар.
«Мәтін» сөзі мәдениеттану, қарым-қатынас теориясы, аксиология (құнділіқ ілімі) аяларына енді. Бұл арада олар түр жағынан өзгеріп, өз мәнін біршама ықшамдады: мәнеди құндылықтың мәтініне кез келген байланыстағы кешен жата бермейді. Мәдениеттану ракурсындағы мәтін дегеніміз – бұл жағдаяттан тысқары құндылыққа ие тілдік (немесе оданда кең мәнінде: таңбалық) түзілім. Айтылым болса, тек қысқа уақыт бойында және тек аталған жерге қатысты ғана маңызды болып келіп, мәдениеттанушылар көзімен қарғанда мәтін болып табылмайды. Мысалға, тоңазытқыштан таңғы асты ал, нені сатып, неден тамақ әзірлеу керектігі жазылып, анасының қызына тастап кеткен жазбасы лингвист үшін толық қанды мәтін болып табылса, мәдениеттанушы үшін еш керегі жоқ дүние. Соңғысы үшін мәтін тілдік актідегі іс-әрекеттің айтылуының сақталып қалынуы болып табылады. Ю.М. Лотманның айтуынша, мәтіндер дегеніміз – бұл жай ғана қылаң беру емес, сонымен қатар, жазылған барлық нәрсе емес, соның ішіндегі ең мәнділері «мәдени ұжымдық жадыға енетін» тілдік құрылымының сақталынуы да болып табылады. Жазылғандардың бәрі ерек мәдени құндылыққа ие болып, мәтінге айналады». Басқаша айтар болсақ, мәтін мәдениеттің (талай мәрте қайталап және өзгерте айту, не болмаса, қатаң қайталаушылық және көбейтушілік жолымен) туындаушы құбылысы болып келеді. Сақталатын және туындайтын таңбалық-тілдік кешендер түрлі мақсатта қолданылады. Оларды екі топқа біріктіруге болады.
Біріншісі (жаратылыстану және математикалық ойлаудың жемісі, құқық заңдары, кәсіби іс-әрекеттің ережесі т.б.) – индивидуалды-тұлғалық және бағалаушылық сипатқа ие болып келмейді. Олар еркін үн қосатын әлдекімнің рухани тәжірибесінен, тұлғаларға арналулардан, шығармашылық бастамалардан келіп шықпайды, басқаша айтар болсақ, ішкі монологтық. Бұл жерде не фактілердің қарапайым дәйектелуі (құжаттылық, хаттамалық), не әлдебір амаляттық іс-әрекеттің нормативі (мысалы, көліктегі көтерілетін жүктің нұсқауы) немесе дерексіз ақиқаттар (жаратылыстану және математика ғылымдарының аксиоматикасы) тұжырымдалып, бір сөзбен айтқанда, таңбалық-тілдік аяғадығы баршасы, оның үстіне, «айтушы» және «қабылдаушы» тұлғалар бейтарап болып келеді. Бұндай мәтіндер тірі адам дауысының өкілі болып табылмайды. Олар интонациялықтан ада.
Гуманитарлық аяға қатысты мәтіндерге істің мәнісі пайымдаушы маңызды және тұлғалық реңкте мүлдем өзгеше. Оларды сөз саптаушы мәтіндер деп айтуға толық негіз бар. осындай мәтіндердегі ақпарат бағалаушлыық және эмоционалдылықпен ілесе жүреді. Бұндағы маңыздысы авторлық бастау көз (индивидуалды немесе топтық, ұжымдық) өйткені: гуманитарлық аядағы мәтіндер әлдекімге тиселі болып келіп, әлдекімнің үннің көрініс табуы және қылаң беруі болып табылады. Көсем сөздегі, эссеистикадағы, мемуардағы және ең бастысы көркем шығармашылықтағы істің мәнісі осындай болып келеді. Біздің ірі мәдениеттанушы ғалымдар М.М. Бахтин мен Ю.М. Лотман «жағдаяттан үстем» тілдік құрылымдардың екінші тегі негізінде өздерінің мәтін туралы теорияларын түзді. В работе «Лингвистика, филология және басқа да гуманитарлық ғылымдардағы мәтін проблемалары. Философиялық талдау тәжірибесінде» (1950-ші жылдардың соңы мен 60-шы жылдардың басындағы) Бахтин мәтінді «кез келген гуманитарлық пәндердегі ілкі болмыс және түп» «Адам мәтінен тыс одан тәуелісіз зерттелетін болса, бұл гуманитарлық пәнділік еместік» ретінде қарастырады. Мәтінге «субъектілік, авторлық» сөз саптаушылық сипатында өз назарын аударған ғалым «шынайы шығармашылық мәтін» «тұлғаның <…> ерікн сыр шашуы» болып табылып: мәтіннің мәні «өзінің қатысы бар: ақиқаттан, шындықтан, жақсылықтан, әдемілікпен, тарихтардан тұрады» деп атады. Бахтин өз табиғатына адал мәтін «сұхбаттылық қарым-қатынасты» жүзеге асырып: алдыңғы сөз саптаулар мен рухани-бастамашыл, шығармашыллық үнденімдерге үн қосу деп атап көрсетті. Сұхбаттылық қатынастың субъектілері Бахтинше тең құқылы. Бұл тұлғалық қатынастар адамдардың ішкі байығуымен, әлдебір мәнділікке қол жеткізуімен, өзара түсіністікпен біртұтастыққа ұмытылуымен ілесе жүретін: «Келісім – сұхбаттылық қарым-қатынастың ең маңызды формаларының бірі».
Ю.М. Лотман басқа мәндік нұсқада мәтінді гуманитарлық маңызды құбылыс деп айтты. Мәдениетті «ақпараттың өрістеу тетігі», «мәтіндер жиынтығы немесе күрделі құрылымды мәтін» ретінде қарастырған ғалым, мәтін өзінің табиғаты жағынан беделділікке ие, сондықтанда өзінің мәнісі жағынан ақиқат болып келгендіктен жалғандыққа жол беруі мүмкін емес: «Жалған мәтін дегеніміз – бұл жалған ант, дұға, жалған заң сияқты терминдердегі қарама-қайшылық. Бұл мәтін емес, мәтіндердің талқандалуы» деп тұжырымдады.
Лотман мәтіндерді пифия көріпкелдігі, дін иелері уағызы, дәрігерлер рұқсаты, әлеуметтік, заң нұсқаулығы, сондай-ақ, өнер туындысы сипатында қарастырып, мәтіндік негізде бір-бірімен қарым-қатынас жасайтындар өзара өзгешеленеді: мәтін туындыгерлері (жасампаздары) басқалар үшін жөнді ұғынылмайтын жұмбақталған формадағы әлдебір ақиқатты («мәтін ретінде қабылдануы үшін, хабарламаны не мүлдем түсініксіз, не шала түсінікті етіп») жеткізушілер деп атап көрсетті. Ал, кімнің маңдайына мәтінді тұтынушылықтың рөлі жазылып қойғандықтан олар оның туындыгеріне беріле сеніп қабылдайды, кейбірде тәпсірлеушілердің көмегіне жүгінеді де: мәтіндер ары қарай «тәпсірленуге (басқа семиотикалық кодқа. — В.Х.) немесе ұғындырылуға» ұшырайды. «Өзара түсіністік орын алуы үшін коммуникацияға қатысушылар «түрлі тілде сөйлеуге» тиісті» деп мәлімдейді ғалым. «Басқа тілге аударылу мен шығармашылық түсіндіруге жүгінуші мәтін мазмұны жағынан әрі ашық, әрі көп мәнді болып келеді де «тек қана мағыналардың <…> бәсең сыйымдылығы емес», сонымен бірге «мағыналық генератор» болып табылады деп ғалым тарапынан тәпсірленеді.
М.М. Бахтин мен Ю.М. Лотманнның біз келтірген тұжырымдарын есепке ала отыра айтарымыз, мәтін мәдениеттің ең толық және айқын көрініс беруінің феномені ретінде өзінің өмірге келу уағы мен орынының шегінен тыс «жұмыс істеуге» (функция атқаруға) қабілетті және міндетті тілдік іс-әрекеттердің жауапкершілігі, сондықтан да, оны туындыгері егжей-тегжей ойлап, әрі қырнаған. Бұл дегенміз – өтпелі емес маңызды тілдік ойлау тәжірибесінің ұйысуы, іс-әрекет үстіндегі тілдік квинтэссенция, бірде кездегі сөз саптаушылығының ескерткішке айналуы болып табылады. А.А. Ахматова (орыс тіліне –Ә.Ә.) аударған көне мысырлық «Көшірмешілерді көкке өрлету» өлеңінде «жазабалар» туралы пирамида кейіптес ата-баба мұрасы ретінде: «Кітапта жазылғандар жүректерде үй мен пирамида тұрғызып, / Көшірушінің атын еске алсаң, / Ойыңа келер ақиқат». Поэзиядағы мәңгілік тақырып (Горацийден Державин мен Пушкинге дейін) – ғаырлардан ғасырларға ұласар сөзден тұрғызылған ескерткіш.
Гуманитарлық аяға жататын мәтін оның рухани-бастамашылықпен қабылдануын қолдапбелгілі бір топтың немесе тағдыр шынайы дарынын аямаған шығармашыл жеке тұлғалардың рухани-амаляттық тәжірибесіне иек сүйеген тұрақты да, қалыпты, жағдаяттан тыс маңызды мәліметтердің, идеялардың, көңіл ауанының, мағыналардың өкілі болып табылады. Ең айшықты мәтіндік үлгілер әрі аз шамалы адами ортақтықты, әрі кең ауқымды халықтық пен адамзаттықты еркін біріктіре алады. Міне, олардың мәдениет құрамындағы ұлығ миссиялары тап осындай болып келеді.
Мәдениеттану аспектісінде қарастырылатын мәтін лингвистер табандап тұрып алған сөйлемдер тізбегімен байланыста болып табылуы міндетті емес. Ол шағын («бір фразалық») мақал, афоризм, ұран және де бір сөздік мәселен, мысалға, Козьма Прутковтың ирониялық «Бди!»-і түрінде де болып келуі де әбден мүмкін. Ұзақ өмір сүру маңдайына жазылға мәтінге өзінен кейін ештеңе қалмайтын ішкі жағдаяттық сөз саптаулардағы тіріг сөздер қарама-қарсы қойылады. Ең алдымен, адамның тілдік ойлау іс-әрекетінің негізі мен орталығы және тіл мәдениетінің іргетасы, оның мәуесі болып табылатын әңгімелесу тіл қатымдары тап осындай болып келеді. Тіріг сөзге қарағанда мәтіндік ая туынды болып саналып, одан нәр алады. Сонымен қатар, мәтіндер мәдениет пен тұлғалық тіл қатымдардың бөлінбес қырын құрайды. Тілдің осы формасы іс-әрекет үстінде бір-бірінен алыс қашықтықтағы көзбе көз тікелей қарым-қатынас жасауының мүмкіндігі жоқ дәуірлестердің немесе араларын тарихи уақыт бөліп жатқан жандардың басын біріктіреді. Мәтіннің тап осы жағы өткен замандардағы адамдардың ойын ұрпақтарының ұғынуына мүмкіндік беріп, буындар арасындағы дәстүр жалғастығын жүзеге асырады. Өз міндетіне адал мәтін дегеніміз – бұл кейбірде барша адамзаттық мәнділікке ие жалпы мәдени құндылық болып табылады. Ұлы діндердің канондық мәтіндері, даңқты философиялық шығармалар, өнер жауһарлары тап осындай.
Таза мәтін мен беймәтіндік (таза локалды, «ішкі жағдаяттық») сипатындағы тілдік түзілімдер арасындағы меже көбіне айқын емес, бұлдырлау болып келеді. Бір жағдайда сөз саптаушылық мәтін мәртебесіне үміткерлікте «өмірге келушілікте» ондай деңгейге жет алмайды (әдебиетшінің толық жүзеге аспаған ойлары, графомандық штудиялар және т.с.с.). Басқа жағдайда керісінше, әлдекімнің не сұхбаттасына, не ұжымдық топқа қарата айтқан, суырып салмалықпен тіл актісінің еркіндігін сақтауды ойға алмаған арнауы мәтіндік қасиетті иеленеді. Осылайша, әңгімелесу үстінде аяқ астынан тауып айтылған фраза көп айтылушы және жұртқа әйгілі бола түседі (тап осындай түзілім француз тілінде mots деп аталады). Кейбірде мәтіндік мәртебеден дәмесі боламаған сөз саптаулар кейіннен толық мәнінде ұзақ ғұмырды иеленіп, кең танымалдыққа қол жеткізеді (Платон және Ксенофонт жазып алған Сократтың ауызекі әңгімелесуі; әдетте, өлгеннен кейін жарық көрген танымал мәдениет қайраткерлерінің хат жазысулары). Әдебиеттану үшін мәтінді семиотикалық және мәдениеттанушылық ракурста қарастыру, оны дәстүрлі филологиялық түсінікте қарастыруға қарағанда маңызды болып келеді. Ол авторлықтың табиғатын айқын ұғынуға және тұлғааралық тіл қатымның әдеби феномен екеніне толық пайымдама жасауға мүмкіндік береді.
Мәтіннің (кез келген: лингвистикалық, семиотикалық, мәдениеттанушылық ракурстарында қарастырылатын) әмбебаптық қасиеті дегеніміз – бұл өз-өзіне теңдестіктегі тұрақтылық, өзгермеушілік болып табылады. Өзгеріске ұшыраған шақта (қайыра түзеуде, пародиялық өңін айналдыруда және кездейсоқ ағаттық жіберіп алғанда) мәтін көп нәрсе жоғалтады, не болмаса, бұрынғысынша өмір сүруін тоқтатып, басқа (мейлінше, ілкі негізіне жуықтау) мәтінмен ауысады. Кейде мәтіндер, бір-біріне сырттай ұқсағанымен, іштей бір-бірінен бөлектеніп тұрады. Осылайша, сот шешімінің «казнить, нельзя помиловать» және «казнить нельзя, помиловать» екі түрлі түйінделуі тек үтірдің орын ауыстыруы арқылы қарама-қайшы ұғынылады.