ХҮ-хvіiғғ. қазақ жырауларының шығармашылығы

XV ғ. қарай тарихының тамыры көне заманға кететін түркі тайпаларының өмірінде елеулі өзгерістер басталады. Мыңдаған жылдар бойы лек-легімен сонау Байқал көлі мен Алтайдан бастап Балқан тауларына шейін ағылған, ерікті өмір сүрген, басқа белгілі бір жерлерде орын тепкен мемлекеттердің аузы батпаған, керісінше, сол мемлекеттерді әрқашанда қорқынышта ұстаған көшпенділер тарихының сарқылу кезеңі басталады. Өйткені осы кезде дүние-жүзілік тарихта, нақтылай келе, Еуропа топырағында, Жаңа дәуірге өту кезеңі - Қайта өрлеу заманы басталады. «Ұлы мәртебелі Табиғаттың» балалары - көшпенділер - өзінің өмір аясының сарқыла бастағанын ішкі көкей көзімен болса да бірте-бірте сезіне бастайды: садақ пен найзаның, шоқпар мен білектің күшінің мүмкіншілігі азая түседі. Батыс қоғамдарында машиналық өндірістің негіздері қалыптаса бастайды, зеңбіректер мен мылтық оқтары соғыс технологиясын күрт өзгертеді.

Әңгімені нақтылай келе, Еуразия топырағына келер болсақ Алтын Орда мемлекетіне екі ғасыр бойы салық жинап келген Мәскеу князьдығы, барлық орыс жерлерін қол астына біріктіріп кушейіп, Шығысқа қарай қол сұға бастайды. Ежелгі турік бабаларымыз иемденген Еділ мен Жайықтың екі ортасындағы жайылымдарға үлкен қауіп төнеді. Ал Шығыс жақты алар болсақ, Түркі тайпаларынан кейінгі Азияның ұлы көшпенділері - ойраттар да Қытай жағынан қысылып, бері қарай жылжи бастайды. Ал мұның өзі XVIII ғасырда екі кешпенді халықтың бір-бірімен маңдайларымен соқтығысуына, олардың тарихында болмаған қантөгіске, апатқа әкеліп соғады. Әрине, Бұл қақтығыс жаңа ғана күшін алып, Шығыстағы жаңа жерлерге қолын сұға бастаған Ресей мемлекеті мен Қытай әміршілерінің мүдделеріне сай келгені сөзсіз еді. Ал енді Орта Азиядағы жерге отырын, тұрақтанып, халықтық дәрежеге көтерілген түбі бір түркі ұлыстары да көшіп-қонған, әлсіреп жатқан өз ағайындарына - көшпенділерге - қысым жасай бастайды.

Сол себепті Жәнібек пен Керей бастаған көшпенді тайпалары олардан үзілді-кесілді бөлініп, қазіргі Қазақстан жерінде өзмемлекеттігініңтуын тігеді де, өзінің жаңа этнониміне - «қазақ» деген атқа ие болады. Алайда «...елдің басы қосылған соң да, бұрыннан бар ру-тайпалық кұрылым, сондай-ақ шаруашылық типі мен мәдениет дәстурлер жүйесі негізінен сақталады» (Н.Назарбаев. Тарих толқынында. Алматы. Атамұра, 1999, 2116.) Оның себебі -көшпенділік өмір формасының қайсыбір өзгеріске ұшырамауында,оның қонсервативтіктабиғатында болса керек. Әскери-демократиялық деңгейде, одан асса, ерте феодалдық қатынастардың негізінде өмір сүретін көшпенділер сол байырғы бытыраңқы жағдайда қала берді. «Ал әр ұлысқа кіретін әр тайпа, әр ру жалпақ елге ортақ күн туған кезде болмаса, өз ноқтасын өзі ұстап, ешкімге билік бере қоймайды. Бұл оғыз, тіпті қазақ хандығы тұсында да қала берді» (Ә.Кекілбаев. Түркістан тағлымы. Егемен Қазақстан. 12 сәуір, 2000 ж., 36.). Жоғарыдағы көрсетілген жаңа геосаяси жағдайларға,жалпы алғанда, жер бетінде қалыптаса бастаған Жаңа дәуірдің талаптарына сай жауапқайтару үшін, шынайы ел тұтастығы, халық бірлігіқажет еді. Бірақ ол іске аспады, тіпті Абылай ханның заманында, елге қатерлі қауіп төнген кездің өзінде бүкіл қазақтың басы бірікпеді. Ұлы Шыңғысханның өз уақытында қурған алып «Алтын Орда» империясының да түбіне жеткен әлсіз жері - осы өзіне-өзі жеткілікті, бір-біріне күні түсе бермейтін көшпенділік өмір салты, соның негізінде қалыптасатын бір орталық билікке бағынбаушылық,оны керек қылмаушылық еді. Әрине, Сары-Арқа даласының ойшыл-даналарының балтырын сыздатқан негізгі мәселе, міне, осы болатын.

ХҮ-ХҮІІІ ғғ. дүниеге келген философиялықой-талғамдар, негізінен алғанда, жыраұйықтүрде таралып өмір сүрді. Өйткені көшпенділердің арасында сауаты ашылған, жазылған сөзді оқитын адамдардың саны көп болмай, олар кебіне ақсүйектерге ғана тән болатын. Қарапайым сөзбен жеткізілген ой біреуден-екіншіге тарау жолында өзгеріп, алғашқы мән-мағынасын тез жоғалтатыны баршаға мәлім. Тек қана өткірде терең, нақышына келтірілгенөлең шумақтары адамның ақыл-ойымен қатар, оның сана-сезіміне өзінің зор әсерін тигізіп, халықтың жадында сақталып, оның дүниеге деген көзқарасы мен іс-әрекетіне өзгертулер енгізе алды. Жалпы алғанда, бұл тек қана қазақ халқына ғана тән нәрсе емес. Қай заманда да, қай халық, өз поэиясын жан-тәнімен сүймеген, ол әрқашанда адамның жан-дүниесін билейтін әміршісі емес пе?! XX ғ. өмір сүрген неміс философы М.Хайдеггердің ез өмірінің соңына қарай поэияға бетбұрыс жасап, болмыс жөніндегі нағыз терең ойларды ұлы өлеңшілердің шығармаларынан іздегені осыған байланысты болса керек. Сол себепті де біз қазақ халқының қалыптасу жолындағы терең философиялық мәселелерді жыраулардың шығармашылық жолдарынан іздеуіміз керек.

Қазақ халқының ақын-жырауларының ішінен аса көрнекті тұлғалар ретінде Сыпыражырауды (XIV ғ.), Асанқайғы, Қазтуған Сүйінішұлын(XV ғ.), Доспамбет пен Шалкиізжырауларды (XVI ғ.), Жиембет пен Марғасқажырауларды (XVII ғ.), Ақтамбердімен Тәтіқара, Бұқаржырау мен Шалақынды (XVIII ғ.) атап өтуге болады.

Сыпыражырау Тоқтамыс хан билеген сұрапыл күңгірт уақытта өмір сүрген жырау болса керек. Ол тарыдай бытыраған, басы бірікпеген халықты бірлікке шақырған, аңыздар бойынша «тоғыз ханды түзеткен» тұлға болған. Бейбіт өмірді уағыздаған ақын, өткен баяғы заманды аңсап былай дейді:

«Отырушы едік жайласып,

Шалғында бие байласып,

Құлын-тайдай ойнасып,

Иіндесіп, сырласып...».

Қандай қиын заманды халық басынан өткізіп жатса да, Сыпыра жырау оның жарқын болашағына сенеді:

«Көп ішінде сөйлесем, Жас жігіт саған қарасам,

Қара лашын түйғынсың,

Асылыңа қарасам,

Құс алатын қырғисың.

Қызыл тілге келгенде,

Сар садақтың оғындай,

Көлденеңдеп зырғисың», - деп сүйсіне қарайды.

XV ғ. өмір сүрген Қазтуған Сүйінішұлы- Еділ мен Жайық арасын мекендеген ұлыстарды өмір бойы бірлікке шақырып, ел-жұртына тыныштық, бақ-дәулет тілеген жырау.

«Алаң да алаң, алаң жұрт,

Ақ ала ордам қонған жұрт», - деген ақынның екі жолынан, бір жағынан, оның халқына деген махаббатын, екінші жағынан, оның оған деген аяныш сезімін байқауға болатын сияқты. Жырау өзінің жеке өмірін халқының тағдырымен ажырамастық тұрғыдан қарап:

«Кіндігімді кескен жұрт,

Кір-қоңымды жуған жұрт», - деп оны биік бағалайды. Жырау өз жұртын Отанды сүюге, ата-бабалардың ғүмыр кешкен айнала ортасын әлпештеуге, оны қорғауға шақырады. Оның қадірін ол мынандай өлең жолдарымен суреттейді:

«Салп-салпыншақ анау үш өзен,

Салұлы менің ордам қонған жер...

Жабағылы жас тайлақ,

Жардай атан болған жер...»

«...Боз сазаны тоқтыдай,

Балығы тайдай тулаған,

Бақасы қойдай шулаған», - деген шумақтардан біз оның өз Отанына деген шексіз махаббатын көре аламыз. Мұндай әсем табиғатта өмір сүріп жатқан елдің «... Жарлысы мен байы тең,

Жабысы мен тайы тең,

Жары менен сайы тең», - дейді ақын. Бұл сөздерден біз «дала демократиясының» шеңберінде ерікті өскен жыраудың қоғамдық қатынастардың қандай болуы тиістігі жөніндегі ой-арманын байқаймыз. Бірақ елде тыныштық жоқ, қырғын-тартыс бір де толастамайды:

«Бекіре ойнар ақ Жайық,

Бес қаруын асынып,

Батырлар жауға жортқан жер...

Көрінген мынау көк Нарын,

Ойран салып өткен жер», - деген жолдардан жыраудың, бір жағьнан, дала батырларының ерлігіне сүйсіне, екінші жағынан, тоқталмайтын тартысқа өкіне қарайтынын сезгендейміз...

XV ғ. аса көрнекті жыраулардың бірі - Асан қайғы.Оның аты ғасырлар бойы халықтың жадында сақталып, аңызға айналып кеткен. Жырау өмір сүрген уақыт - Алтын Орда мемлекетінің ыдырап, жаңа қазақ хандың мемлекеттігінің қалыптаса бастау кезеңі болатын. Міне, Асан қайғы осы күрделі де жауапты іске атсалысып, жаңа мемлекеттің ірге тасын қаласқан ұлы тұлға. Халықтың қамын көп ойлап, сол кездегі ел басындағылардың кемшіліктерін, кейбір тайыздықтарын көрсетіп, оларға ақыл беріп, дұрыс жол сілтегені үшін оны халық Асан қайғыдеп атап кеткен. Жырау өзінің ішкі көкей көзімен болса да халықтың тарихындағы шешуші кезең келгенін сезіп, жаңа мемлекеттілікті құру жолында кетіп жатқан қателіктерді әшкерелеп, Жәнібек ханға былай дейді:

«... Ай, Жәнібек хан!

Айтпасам білмейсің,

Жайылып жатқан халқың бар,

Аймағын көздеп көрмейсің.

Қымыз ішіп қызарып,

Мастанып қызып, терлейсің.

Өзіңнен басқа хан жоқтай Өзеуреп неге сөйлейсің?».

Әрине, мемлекетті құру үшін халықтың алып жатқан жерін анықтап, оны қорғай білу керек, оны жырау жақсы тұсінеді. Ал «қымыз ішіп, қызарып» деген жолдары тіпті қазіргі заманға дейін өзекті: бүгінгі халық тарихының шешуші кезеңінде, осындай ауқымды көлемде қазақ жерінде тарихи алғашқы рет халықтың басы бірігіп, жаңа заманға сай мемлекеттілігін орнатып жатқан кезде, қаншама ірі-кіші лауазым иелері әлі де болса өз қалтасын мемлекеттің қазынасымен шатыстырып, «мастанып, қызын», қызмет бабын өз мүддесіне жаратып, жаңа мемлекеттің абыройына нұқсан келтіруде! Бұл да болса ұлы жыраудың даналығын көрсетеді.

Ал «Аққу құстың төресі,

Ен жайлап көлде жүр еді.

Аңдысып жүрген көп дұшпан,

Еліңе жау боп келеді», - деген жолдардан жыраудың

қазақ халқының болашақтағы қалмақтармен қақтығысын, бодандыққа ұшырайтынына алаңдап, сезгені сиякты ой келеді. Ол жаулардан құтылудың негізгі жолы - бейбіт өмірді қамтамасыз ету.

«Еділ бол да Жайық бол,

Ешкімменен ұрыспа,

Жолдасыңа жау тисе,

Жаныңды аяп түрыспа», - деген ақыл айтады ұлы жырау. Қазақ халқына нағыз керек нәрсе - ол ел бірлігі,рулар мен тайпалардың арасындағы тартыс, қантөгіске тыйым салу. «...Есенің де тірін де, Бір болыңыз бәріңіз!» - деп ұран тастайды Асан қайғы. Асан қайғы халықты бірлікке шақырып қана қоймай, оны қалай қамтамасыз ету керектігін талдайды, ел бастайтын топты халық қамын ойлауға, әділеттілікке шақырады.

«Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтып күн көрер...

Хан мен билер қысқанда, халық қайтып күн көрер?

Онда халық түнерер.

Халыққа қысым күш берер,

Халықтың кегі күшке енер» - деп, ұлы жырау ұстем тапқа халық атынан қатты ескертужасайды.

Сонымен қатар Асан қайғы қоғам өміріндегі моральдық қағидаларға да кеп көңіл бөледі. Оның ойынша, әділдік - өтірік-өсекпен, алдау-арбаумен қабыспайды; даналық - өткен күндегі шындықты іздеу; қорқақтық - жау мен жауыздың алдында қашқақтау; залымдық - әлсізге жәбір көрсету; ақымақтық - айтқан ақылға көнбеу; т.с.с.

Асан қайғы - қазақ жерінен шыққан алғашқы утопист.Елдің ауыр тұрмысы, табиғат қатаңдығы, оқтын-оқтын болатын жұт, аштық т.с.с. оны қатты күйзелтеді. Табиғатқа қарсы тұру, оны өзгерту керектігі сияқты Батыс қоғамдарында пайда болған идеялар көшпенділерге тән нәрсе емес еді. Сондықтан ұлы жыраудың назары «жерұйықты»іздеуге бағытталады. Оның суы сүт, топырағы - май, тасы - алтыға, онда халық зардабы, соғыс, тартыс-қырқыс дегендер жоқ, бай да, кедей де жоқ, бәрі де - жеткілікті, бәрі де - бақытты. Ол мұндай «жұпар қорығын» өмір бойы іздеді. Ол, әрине, қай халық болмасын, бақытты өмірді аңсаған армандарының бір көрінісі еді.

Жоғарыда көрсетілген ой-толғаулар XVI ғ. өмір сүрген жыраулардың шығармашылығында өз жалғасын тапты. Бұл кезеңнің көрнекті өкілі өмірден жастай кеткен Доспамбетжырау болды (30 жасқа келгенде, Астрахан манындағы бір шайқаста қаза табады). Оның толғауларынан өткен әскери-демократия кезеңіндегі көшпенділердің ерік пен теңдік, өз елін қорғаудағы ержүректік қасиеттерін, мақтаныш еткенін байқаймыз.

«...Айнала бұлақ басы тең,

Азаұлының Стамбұлдан несі кем? - деген сұрақ қойып, олай болса, «...Ер Доспамбет ағаның Хан ұлына несі жоқ,

Би ұлынан иесі кем!

Тәңірінің өзі берген күнінде,

Хан ұлынан артық еді менің несібем!» - деп, өзін ең жоғары тұрған тұлғалардан кем санамайды. Шіркін, осы белгілі бір орталыққа бағынбауды мойындамайтын еркөкіректік болашақта халықты қандай апатқа әкелетінін, әрине, ол сезіне алмады: айнала қоршаған әлеуметтік ахуал оны мүмкін кьглмады.

Ел-жұрт үшін ерлік жасағанын мақтаныш етіп, өз өмірінің әрбір күніне қанағат етеді:

«Тоғай, тоғай, тоғай су.

Тоғай қондым өкінбен,

Толғамалы ала балта қолға алып,

Топ бастадым, өкінбен.

Бүгін-соңды өкінбен,

Ер Мамайдың алдында Шахид кештім, өкінбен».

Жыраудың ойынша, әңгіме бұл өтпелі фәниде ұзақ та солғын өмір кешуде емес, оны мазмұнды өткізуде. Яғни ол қазіргі тілмен айтсақ, өмірден алу,иелену, байлыққа масаттану емес, керісінше, болудыаңсаған ержүрек батыр.

XVI ғ. көрнекті жырау Шалкиіз Тіленшіұлыболды. Жыраудың ой-толғаулары ел-жұртты қорғау, адамның қысқа өмірін той-думанмен өткізу, әлсізге қол ұшын беру т.с.с. әдеттегі тақырыптарға арналса да, өзінің ерекшеліктерімен сипатталады. Мысалы, халықтың белгілі бір орталық билікке бағыну керектігі. Темір биге арналған толғауында жырау:

«Сен алтынсың - мен құлмын,

Сен жібексің - мен жүнмін,

Сен сүлтансың - мен құлмын», - деп, оның лауазымын мойындайды. Басқа жағдайда өзара қырылыс-тартыстың жойыл-майтынына оның көзі жетеді. Жыраудың ойынша, халықтың бірлігін арттыратын - жақсылық жолы, сондықтан ол «жығылғанды тұрғыз, жылағанды уат, қисайғанды түзет», - дейді.

Көшпенді замандағы ер жігіттің аяұлы да нәзік қысқа өмірін толғай келе, Шалкиіз діни бейсаналық (иррационализм)бағытын ұстайды. Жыраудың ойынша, бәрі де Тәңірдің жазғанымен болады:

«Жапырағы жасыл жаутерек,

Жайқалмағы желден дүр.

Төренің кежігуі елден дүр.

Байлардың мақтанбағы малдан дүр...

Жалаңаш барып жауға ти,

Тәңірі өзі біледі,

Ажалымыз қайдан дүр».

Адамды аспанға көтеретін де, құзға құлататын да - Тәңір. «Тең атаның ұлы едің, дәрежеңді артық етсе - Тәңірі етті», - дейді жырау. Мүндай көзқарастың жұрнақтары осы күнгі қазақтардың да бойында бары сөзсіз. Өмірі толығынан қауіп-қатерге толы, ертеңгі күні не болатынын білмейтін көшпендінің дуниесезіміне мүндай өмір философиясы оған тірек болып, оны батырлыққа итерді.

Табиғатжәне оның ажырамас бөлігі - адам- Шалкиіздің шығармашылығының өзекті тақырыбы. Қазіргі тілмен айтсақ, жырау - философиялық антропологизмбағытын ұстаған ойшыл. Адам - табиғаттың төл туындысы, сондықтан ол оның қасиеттерін табиғатпен салыстырып қарайды. «Алма мойын сам үйрек,

Ана Еділден көксіген

Көлді тастап қырға ұшса,

Бір тарланға жолығар!...». Сондықтан ер-жігіттер әрбіреуі әр жаққа тартпай, біріккенде ғана, елді жаудан аман сақтап қала алады:

Атаның ұлы ерлерге,

Малыңды бер де, басың қос.

Басыңды қос та бек сыйлас,

Күндердің күні болғанда,

Басың жауда қалар ма!» - деп қорытады жырау. Шалкиіздің ойынша, адамдар өз табиғаты бойынша жамандар мен жақсыларға бөлінеді:

«Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса,

Қоңқалаған көп жаман, сол жақсыны көре алмас...».

«Құсты жисаң бүркіт жи, қыстауыңды түлкі етер.

Бір жақсымен дос болсаң, азбас, тозбас мүлік етер,

Бір жаманмен дос болсаң, күндердің күні болғанда,

Жұмыла ғаламға күлкі етер», - дейді ақын.

Бұл дүние өтпелі, «...мынау жалған дүние, кімдерден кейін қалмаған», - дейді жырау. Сондықтан адам Бұл дүниедегі қызықты тегіс көріп, өмірді думандатып өткізу керек. Бірақ оның да өлшемі бар:

«...Жүйрікпін деп мақтанба,

О дағы бір құба арланға жолығар,

Еріккенде қызыл тілін тыймаған,

О дағы бір пәлеге жолығар.

Салмақтама немеңді,...

Тәңірі тесер төбеңді!» - деп, жырау адамды өлшемдікке, ұстамдыққа, әдет-ғүрыпты бүзбауға шақырады.

Тарих сахнасына келген XVII ғ.әлі басы бірікпеген қазақ халқына жаңа қиындықтар әкелді. Бір жағынан, кұннен-күнге күшейіп келе жатқан Ресей мемлекетінің суық лебі бұрынғыдан да гөрі айқын сезіле басталса, екінші жағынан, осы ғасырдың бірінші жартысында Шығыста жатқан Жоңғарлардың ру-тайпалары бастарын біріктіріп, өз хандығын дүниеге келтіреді. Шығыста жатқан Қытай мемлекетіне бата алмаған қалмақтар өз өрісін қазақ жерлерін жаулап алу арқылы кеңейткісі келді. Осыдан қазақ халқының басына орасан зор қауіп туады. 1723 ж. ойраттар қазақ жеріне бас салып, бытырап жатқан қазақ руларын орасан зор күйзеліске ұшыратады, халықтың үштен бірі қырылып, қыруар мал жау қолына тұседі. Халықтың санасында Бұл апат «Ақтабан шұбырынды, Алқақөл сұлама»деген атпен тарихқа кірді.

Әрбіреуі өз жағына бұратын қазақ билерінің есі енді ғана жиналып, жоңғарларға төтеп беру үшін біріге бастады.Мүндай қауіп-қатер туған жағдайда халық өз ішінен ұлы саясаткер-билерді: Төле, Қазыбек, Айтеке т.с.с.тудырды. Халық арасынан Отан үшін өз жанын беруге даяр Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Жәнібек, Қарасайт.с.с. мыңдаған батырлар шығып, халықтың басын біріктірді. Шешуші кезең де келіп қалды. 1730 ж. Балқаш көлінің төңірегіндегі шайқаста қазақтар жоңғарларға ойсырата соққы беріп, күйрете жеңіп, өз жерін жаулардан босатты. Халық бұл шайқасқа Аңырақай жеңісідеген ат қойды.

Әлсіреген қазақ халқы екі жаққа бірдей тойтарыс бере алмады. Сондықтан осы кезден бастап, Ресей қазақ жерлерін өзіне қоса бастады.

Міне, жоғарыдағы көрсетілген ауыр қайғы-зардапқа толы тарих кезеңдері халықтың өзіндік сана-сезімін жаңа деңгейге көтерді. Сол уақытта өмір сүрген жыраулардың, ойшыл-билердің де шығармаларындағы халық тарихы, тағдыры жөніндегі ойлары пісіп-жетіліп, жаңа сапалық деңгейде көріне бастады.

Осы кездегі жыраулардың ішінен Ақтамберді, Үмбетей, Қожаберген, Бұқар, Шал ақындыерекше атауға болатын сияқты. Сол кездегі халықтың ауыр жағдайы, арманы мен мұны бұл жыраулардың шығармаларында кеңінен орын алды. Өкінішке қарай, оқұлықтың көлемі жыраулардың бәріне де тоқтауға мүмкіншілік бермейді.

Бұл Дүниеде ұзақ өмір сүріп, XVII ғ. екінші, XVIII ғ. бірінші жартысын қамтыған - жыр алыбы Бұқар жырауболды. Жырау өмірінің жас кезінде Тәуке ханның жанында болса, өмірінің

соңында - Абылай ханның ақылшысы, кеңесшісі. Сол кездегі сұрапыл заманды жырау былайша суреттейді:

«Ай, заман-ай, заман-ай,

Түсті мынау тұман-ай,

Істің бәрі күмән-ай...

Арғымағын жоғалтып,

Тай жүгірткен заман-ай», - деген жолдардан сол кездегі халық тағдырындағы қайғылы да күңгірт ахуалды көзге елестетуге болады.

Осы ақынның сөзімен айтсақ:

Асан атты іспетті

Ен жайлауынан көшкен жұрт.

Зар илеп, баспай өксікті,

Ауыр күнді кешкен жұрт», - дейді.

Ол неге соншалықты қамықты, оның себебі неде болды деген сұрақ қойсақ, оған жырау былайша жауап береді:

«Ақтың жолын күзетпей,

Жамандықты тұтқан жұрт.

Сабыр етпей сандалып,

Сайда көшіп, жортқан жұрт.

Өз ағасын сыйламай,

Өзгенің соңынан ерген жұрт.

Ханына тізгін бермеген,

Орысқа ырғын болған жұрт.

Ханның ойын білмеген

Жауына таланып қалған жұрт...

Бірауызды болмаған,

Тозуды тосқан біздің жұрт...».

Бұл шумақта жырау халықтың арасындағы бітпейтін алауыздықты, бір орталық билікке бағынбай, оның әлсіз болып қалғанын, сол себепті әрбіреудің сілтеген жағына ауытқып, өз-өзін жоғалтқанына тоқтала келе: «Өзіңнен-өзің безбе жұрт», - деген терең нақыл сөздер айтады.

Сол себепті де, Бұқар жырау барлық жан-тәнімен Абылай ханның бүкіл халықтың басын біріктіруге бағытталған саясатын қолдап, өзінің жыр-толғауларында оның тұлғасын мақтаныш етеді:

«Басына біткен күніңіз,

Құтты болсын ұлыңыз.

Хан Абылай атанды...

Алтын тақтың үстінде

Үш жүздің басын құрадың.

Жетім менен жесірге

Ешбір жаман қылмадың.

Әділетпен жүрдіңіз,

Әдепті іске кірдіңіз,

Арманым бар ма, хан ием», - деп, өзінің қанағат еткенін білдіреді. Сонымен қатар жырау елбасының кемшіліктерін әшкерелеп, саяси батылдық көрсетіп, адал ниетпен кейбір уақытта оны қатты сынай білген:

«Ай, Абылай, Абылай,

Ал тілімді! Аласың,

Егер тілімді алмасаң,

Жалғыз жәутік қаласың...».

Абылай хан өлгенде, жырау қазақ халқының орны толмайтын қазаға ұшырағанын терең түсініп, оны жоқтады:

Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай,

Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай...

Үш жүздің басын қосқан, Абылай!

Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам,

Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай?! - деп зар жылады.

Таңғаларлық нәрсе, Бұқар жыраудың тарихи көрегендігін төмендегі жолдар айқын дәлелдейді:

«Күнбатыстан бір дұшпан

Ақырда келер сол тұстан.

Өзі сары, көзі көк,

Діндарының аты поп...».

Егер сол кезде тіпті қазақ жерінде Ресей мемлекетінің суық желі байқалып тұрған деп есептесек те, боданданған халықты олардың қалай өз еркіне көндіріп, басқаратыны жөнінде айтқан жыраудың сөздері өзінің асқан көрегендігімен адамның жан-дүниесін дүр сілкіндіреді:

«Жемқорларға жем беріп,

Азды көпке теңгеріп,

Ел қамын айтқан жақсыны

Сөйлетпей ұрар ұртына!

Бауыздамай ішер қаныңды,

Өлтірмей алар жаныңды,

Қағазға жазар малыңды,

Есепке салар барыңды...». Тарих беттері соңынан толығымен бұл болжаудың даналығын көрсетті. Мына жыраудың геосаяси көзқарастарна көз жіберсек, ол бүгінгі қазаққа да үлкен ой тастайды:

«Шүршітпенен құлақтас,

Қырғызбенен жұбаптас.

Ортасында үйлығып,

Кетпейін десе, жері тар,

Кетейін десе, алды-артын

Қоршап бір алған кәуір бар.

Ұйлыққан қойдай қамалып,

Буйірінен шаншу қадалып,

Сорлы бір қазақ қалды, ойла!». Әрине, бүгінгі таңдағы егемен Қазақ елі Дүниедегі ең беделді ірі мемлекеттерден өзінің дербестігі жөнінде кепіл алды. Сонымен қатар біз екі бүйірде жатқан екі алып мемлекет бар екенін ұмытпай, соған сәйкес ақылды да икемді саясат жүргізуіміз керек, сонда ғана біз жыраудың өсиетін орындаймыз.

Енді Бұқар жыраудың әлеуметтік-саяси көзқарастарынан өтіп, оның болмыс, адамжөніндегі ойларына келер болсақ, ол бұл Дүниені өтпелі жалған ретінде қарайды. Еш нәрсе бұл дүниеде мәңгі емес, сонымен қатар өмірге келген кұбылыс өзінің белгілі бір заңды сатыларынан өтіп барып, дүниеден кешеді:

«Он екі айда жаз келер,

Құс алдында қаз келер.

Айтын-айтпай немене,

Дәуреніңіз аз келер...».

Жыраудың ойынша, адам да басқа кұбылыстар сияқты, өз өмірінің саты-сатыларынан өтеді. Оны ол ғажап шеберлікпен, қазіргі тілмен айтқанда, экзистенциалды түрде қарайды:

«Балалық он жасыңыз

Балғын өскен кұрақтай.

Жиырма деген жасыңыз

Жарға ойнаған лақтай.

Отыз деген жасыңыз

Таудан аққан Бұлақтай.

Қырық деген жасыңыз

Ерттеулі түрған кұр аттай.

Алпыс деген жасыңыз

Күзгі сокқан жел екен.

Жетпіс деген жасыңыз

Жетім қалған күң екен...».

Жырау дүниенің қайшылықты екенін, олардың бір-біріне өтіп жататынын басып айтады:

«...Айнала ішсе таусылмас

Көл суалмас демеңіз.

Құрсағы құшақ байлардан

Дәулет таймас демеңіз...».

Жыраудың ойынша, бұл дүниеге келіп, уақыты келгенде бәрі де кетіп жатыр. Сонымен қатар өлместік дәрежеге жететін бір-ақ нәрсе бар. Ол - адам:

«...Ай мен күннің өлгені -

Еңкейіп барып батқаны.

Айдын шалқар өлгені -

Мұз болып тастай қатқаны.

Қара жердің өлгені -

Қар астында жатқаны.

Өлмегенде не өлмейді?

Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді»,- деп қорытады ұлы ойшыл. Тек адам ғана өзінің шығармашылығымен, жақсы істерімен, өмірде өзінің ізін қалдыра алады. Сонымен қатар адам өзінің өмірінің соңы болатынын білетін пенде болғандықтан, ол өмірге ешқашанда тоймайды, оның арман-қиялдары, үміті таусылмайды, ол шексіздікке ұмтылған жан:

«Аруды таңдап сүйсе де,

Алтынды үйге кірсе де,

Аспанда жүлдыз аралап,

Ай нұрын ұстап мінсе де,

Арманын қоймас адамзат!

...Қапалы күні қабарып.

Қайғының күні төнсе де,

Үмітін жоймас адамзат!

Жақындап ажал тұрса да,

Жаныңа қылыш ұрса да,

...Өмірге тоймас адамзат!- деп қорытады ойшыл. Бұқар жырау өзінің нақыл сөздерімен, терең де әсем жырларымен «халық атасы» дәрежесіне көтерілген ғұламалардың қатарында қала бермек.

XVIII ғ. қазақ халқының ой-өрісіне жыраулармен қатар өзінің үлесін қосқан дана«қара қылды қақ жарған» билерболды. Атақты Қазыбек, Айтеке мен Төлебилерді қазақ халқы өз жадында сақтап, олардың қазақ халқының мемлекеттігіне қосқан үлесін ешқашан есінен шығармаған. Сол заманда өмір сүрген Жаңыл ақын:

«Төле би, ер Қазыбек, тілді Әйтеке Асқартау - Қазықұрттай білімді еді, Бірі күн, бірі туған айдай болып, Заманға сәйкесімен келіп еді», - деген екен.

Қазіргі тілмен айтсақ, Бұл билердің шешімдері адамдардың «табиғи құқтарына», олардың бір-біріне деген теңдігі мен еріктігіненегізделген болатын. Сонынен қатар олардың өмір, адамдардың қарым-қатынастары жөнінде айтқан талай-талай нақыл сөздері осы күнге шейін бізді таңғалдырады, олардың әрбіреуі үлкен кітапқа парапар. Мысалы, әйгілі батыр Шақшақ Жәнібек Төле биден ақыл сұрауға келгенде, соңғының айтқаны:

«...Өгізді өрге салма, қанатың талар,

Наданға көзіңді салма, сағың сынар,

Досыңа өтірік айтпа, сенімін кетер,

Дұшпаныңа сырыңды айтпа, түбіңе жетер.

...Тұмар түбі құрт болар,

Тұман түбі жұт болар.

Ақылдың түбі құт болар,

Елге бай емес, би - құт...», - деген екен. Қандай асыл, әрбір адамға керек сөздер! Төле бидің мына айтқан ақылы қазіргі мемлекет басында жүргендердің біршамасына әдейі жазылған сияқты:

«Лауазымың өссе зорайып,

Адалдықты тұншықтырсаң сол айып.

Елді билеп өскеніңнен не пайда,

Рақатыңды көрмесе,

Ағайын мен халайық!

Көпшіл болған ер дана,

Достары болар әр сала.

Өнерліден үлгі алып,

Салдырар сәнді мол қала...».

Ақтабан шұбырындыдан кейін халық тағдырын терең ойлағаи Төле би көшпенділік өмір салтының тарихи сарқылысқа түскенін айқын сезінеді. Сондықтан ол халықты жерге тұрақтатусаясатын алғашқы бастағантүлға десек, артық айтпаған болармыз:

«Шығарсам арық қазып, Сырдан бойлап,

Ел болсақ отырыстыболар еді-ау,

Қыстасақ Алатауды жазда жайлап.

Бір жағымыз қалалы диқан болсақ,

Көшпелі, бір жағымыз бие байлап,

Елдерден қатар жатқан үлгі алайық,

Болашақ келер ұрпақ қамын ойлап»,- деген даналық ойлар айтады. Алайда әлсіреген халық көшпенділіктін шеңберінен өз ішкі күшімен шыға алмады: оған «ұлы мәртебелі Тарих» та уақыт бермеді, тек Ресей империясының құрамына кіріп, сан қилы киындықтардан өтіп барып, оның бүгінгі Егемендікке қолы жетті. Сондықтан әрбір саналы жас өзін қазақ халқының бейбіт, бақытты өмірін арман еткен бабаларының өсиетін жадында сақтап, Елді қорғауға, оның бірлігі мен іргетасын нығайтуға белсенді атсалысуы қажет. Ол үшін ең алдымен терен де сапалы білімалып, оны шынайы өмірде пайдалану жолдарын игергенжөн сияқты.

Наши рекомендации