Оған: ''анализ'', ''синтез'', ''индукция'', ''дедукция'' жатады. 3 страница
-психоәлеуметтік фактор- нақты отбасы қажеттіліктерінің арасында денсаулықтың алатын орны;
-психологиялық фактор- денсаулықтың денсаулық иерархиясындағы орнын анықтау мәселесіндегі тұлғалық бағдарлары;
-қауіптілік факторы- тәуекелділік факторларының көрінуінің шынайылығы мен шарттарының болуы.
Жеке тұлға қалыптасуының биологиялық және әлеуметтік факторларының арақатынасының бірлігі адамды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың негізі болып табылады. Осы әдіснамалық тұрғыдан алғанда жеке тұлғаның қалыптасуын зерттеуде кешенді тұрғы болуының қажеттілігі айқын.
Жалпы алғанда, бүгінгі таңда биологиялық және әлеуметтік детерминацияның арақатынасы (теориялық және әдіснамалық мәселелерді қосқанда) күрделі және көп аспектілі болып келеді. Дамудың сапасы жағынан әр түрлі екі факторының–биологиялық және әлеуметтік –ролін зерттеу, детерминизм қағидасын ұсынады. Психологиялық тұрғы биологиялық және әлеуметтік адам дамуының біртұтас үрдісінің жүйелік детерминизмінің бөлімдері ретінде қарастыруды пайымдайды; биологиялық пен әлеуметтіктің өзара жанама түрленуі анағұрлым толық формада оның психикасына көрінеді. (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн,) П.В.Симонов атап көрсеткендей, жеке тұлғаның әлеуметтік меңгеру ерекшелігі генетикалық фактордың рөлін, яғни әлеуметтік және биологиялық бірлікті сипаттайтын жеке ерекшеліктерге тәуелді, бірдей әлеуметтік әсердің әр түрлі әсер етуі мүмкін екендігін жоққа шығаруға болмайтындығын атап көрсетеді. Шеткі жүйкелік-психикалық бұзылыстардың туындауындағы орта факторларының мәні бар ортаның психозақымдаушы әсерлерін анықтайды. Психикалық зақым кез-келген жаста бала үшін естен танарлықтай әрекет болуы мүмкін, эмоционалды депривация, мектептегі қарама-қайшылықтар, неврозбен мінез-құлықтың бұзылыстарын тудыруы мүмкін.
36. Орыс философиясындағы адам мәселесінің мәнін анықтаңыз.
Философиялық әдебиетте ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы орыс философиясының негізгі екі бағыты атап керсетіледі: славянофил бағыты және батысшылдар бағыты (кейбір зерттеушілер бұл бағытқа марксизм бағытын да енгізеді). Біздің ойымызша, осы кезеңдегі орыс философиясын даму ерекшеліктеріне және мазмұнына байланысты үш бағытқа бөліп қарастырған жөн.
Славянофил бағыты өкілдері көзқарасының негізі – православие. И.В.Киреевский, К.Аксаков, В.С.Соловьев тағы басқа көрнекті тұлғалар дін арқылы өмірді өзгертуге болады, діни озгеріс халықтың, қоғамның өміріне керемет өзгеріс әкеледі деп сенді. Бұл түсінікті де, себебі орыс халқының санасында ғасырлар бойы діннің ғажайып күМарксизм бағытынын негізгі өкілдері В.И.Ленин, Л.Д.Троцкий, Н.Бухарин, А.В.Луначарский болғанымен, орыс философтарының бәрі дерлік әуелі марксизм кезеңіне өтті. Марксизмнің ерекшелігі – философияны жұмысшы табының идеологиялық қызметшісіне айналдыруы. Бұл бағыт ақырында жеңіске жетіп, кеңес заманында философия мемлекеттің біртипті ойлауға негізделген идеологиялық қүралына айналды.шіне, «идеалға» деген сенім өмір сүрді.
Үшінші багыт – біз сөз еткелі отырган батысшылдар, немесе экзис-тенциалистер багытының негізгі объектісі – адам және оның өмірінің мәні болды. Атап көрсететін бір ерекшелік – жалпы философия тарихында өмірдің мәні мәселесін талдаумен түбегейлі айналысқан орыс философтары деуге болады. Бұл құбылыстардың себептері әр түрлі. Бірақ біздің ойымызша, басты фактор – Ресейдің трагедиялық тағдыры. Адам, оның өмірінің мәселесі қоғам дағдарысқа ұшыраған кезеңдерде өткірлене түседі. Тығырыққа тірелген қоғам мүшелерінің бойында бүрыннан да бар уақытша бұғып жатқан өміртуралы сауалдар тізбегі адамды осындай қиын кезендерде қатты мазалай бастайды. Сондықтан да өзінің даму тарихында талай рет тағдыр тәлкегіне ұшыраған, сан түрлі соққыларды, қайшылықты қоғамдық өзгерістерді басынан кешірген Ресей мемлекетінің ойшылдарын осы тақырып толғантуы кездейсоқ емес.
Орыс философиясының жалпы сипаты:
- діни ықпалдың (провославияның) әсеріне бейімділік;
- халыққа жақындығы және кең таралуы;
- нақтылық;
- адмгершілік, моарль мәселелерін кеңінен қарастыру;
- философиялық зерттеу аясының кеңдігі;
Орыс философиясының қарастырған мәселелері:
- адам мәселесі;
- космизм (космосты біртұтас организм ретінде қарастыру;
- адамгершілік, мораль мәселесі;
- Ресейдің даму жолын таңдау;
- билік мәселесі;
- Мемлекет, әлеуметтік әділетілік мәселе;
- Идеалды қоғам мәселесі;
- Болашақ мәселесі.
Л.Толстой адам өмірінің мәнін руханилықпен тығыз байланысты түсінеді, көп адамдардың бойында табиғат берген руханилықтың «жануарлық өмір» сатысында қалып қойғандығына өкініш білдіреді. Күйбең тіршілік ағымына ермей, материалдық байлықтан рухани байлықты жоғары қоя білген адам ғана мәнді өмір сүруге ұмтылады, ақыл-ой, парасат биіктігіне жетеді, өмірден өз орнын таба алады. Рухани дүниесі мықты адамның өмірі де жақсы өтеді, сондықтан ол өлімнен де қорықпайды. Осының бәрін Толстой санадагы өзгерістермен түсіндіреді. Оның өмірдегі өзгерістердің ешқайсысы санадағы өзгерістермен теңдесе алмайтындығы туралы ойы аса құнды. Ұзақ жылдар бойы «Тұрмыс сананы билейді» қағидасымен өмір сүрген біздің қоғамға бұл пікір таңсық керінуі де мүмкін, бірақ қоғамды, адамды өзгерту үшін сананы торбиелеудің маңызы зор екендігін мойындау қажет. Белгілі қазақ зиялылары Ә.Бөкейханов. А,Байтұрсынов, М.Дулатовтар да ғасыр басында осыны қайта-қайта ескертіп, қоғамды төңкеріс жолымен емес, адамдардың санасына ықпал ету арқылы өзгерту жолын ұстануға ұмтылған екен.
Адамзат үшін жаңа жол табуға тырысқан В.Соловьев А.Блоктың сезімен айтсақ, «барлық жерде қолына үлкен қоңыр май шам ұстап жүрген секілді болды». Бұл жол ретінде Соловьев Шеллинг философиясының ізімен «жалпы бірлік» идеясын ұсынады, оны философияның жаңа түрі, ұнамды философия деп атайды. Бұл философия адамгершіліктік бастауды жоғары қояды, «жалпыбірліктің» жеке адамнан басталатынын жақсы керсетеді.
Жеке адамның адамгершілігі ұялу, аяу ризашылық секілді үш қасиеттен тұрады, олар адамның рухани өміріні байлығын ашады деп түсінген Соловьев ұятты өте жоғары бағалайды. Декарт «Мен ойлаймын, яғни мен емір сүремін» демекші, Соловьев «Мен ұяламын, яғни мен өмір сүремін» дейді. Ұят – адамның іс-қылығын, бүкіл өмірін реттеуші.
Бердяев тұлғаның ең басты сипаты – Еркіндік деп пайымдайды. Адамды жануардан ерекшелендіретін сана және еркіндік деп түсінген еркіндікті болмыстан жоғдры қояды. Құдай еркіндікте ғана өмір сүре Ақиқат еркіндікте және еркіндік арқылы танылады. Еркіндік тұлғаны, өзімен-өзі тұйықталуы емес, керісінше, творчестволық ашылуы. Осылайша пайымдай отырып, Бердяев социализм адам еркіндігін тежейді, себебі бұл қоғамда пролетариат басқа таптардың бәрінен жоғары қойылға» деген тұжырым жасайды. Бұл пікірін, жалпы социализм мен коммунизмге көзқарасын ол өз шығарма-шылығының эмиграциядағы кезеңінде нақтылай түседі: «Орыс революциясы көрсеткендей, коммунизм еркіндікті тұлғаны, рухты теріске шығарды. Мен коммунизмді экономикалық жән саяси ұйым ретінде қабылдай алар едім, бірақ рухани жағынан мүлдем қарсымын. Себебі, мен антиколлективистпін. Ұят коллективтік категор» емес, жеке тұлғаның Құдаймен тоғысу сәтінде болатын сипаты».
37.Орыс космизмі идеясын сипаттаңыз.
Орыс касмизмі –космосты, қоршаған дүниені адамды өзара байланысты тұтастық ретінде қарастырған бағыт. өкілдері:Н.В.Бугаев, В.И.Вернадский, К.Э.Циолклвский, А.Л.Чижевский.
(қазақша мәлімет таппадым, қазақшаға сөзбе сөз мағыналы қылып аудара алмаймын. Это то что смогла! Жанымай
Русский космизм — течение русской религиозно-философской мысли, основанное на холистическом мировоззрении, предполагающем телеологически определённую эволюцию Вселенной. Характеризуется осознанием всеобщей взаимообусловленности, всеединства; поиском места человека в Космосе, взаимосвязи космических и земных процессов; признанием соразмерности микрокосма (человека) и макрокосма (Вселенной) и необходимости соизмерять человеческую деятельность с принципами целостности этого мира. Включает в себя элементы науки, философии, религии, искусства], а также псевдонауки, оккультизма и эзотеризма[4]. Данное течение описано в значительном количестве российских публикаций по антропокосмизму, социокосмизму, биокосмизму, астрокосмизму, софиокосмизму, светокосмизму, космоэстетике, космоэкологии и другим близким темам, но не имеет практически никакого заметного влияния в западных странах
Интерес к учениям космистов сложился в СССР в связи с развитием космонавтики, актуализацией социальных и экологических проблем. Термин «руский космизм» как характеристика национальной традиции мысли возник в 1970-е годы, хотя выражения «космическое мышление», «космическое сознание», «космическая история» и «космическая философия» (фр. philosophie cosmique) встречались ещё в оккультной и мистической литературе XIX века (Карл Дюпрель, Макс Теон, Елена Блаватская, Анни Безант, Пётр Успенский), а также в эволюционной философии]. Термин «космическая философия» употреблялся Константином Циолковским]. В 1980—1990-х годах в российской литературе первоначально преобладало узкое понимание русского космизма как естественнонаучной школы (Николай Фёдоров, Hиколай Умов, Николай Холодный, Константин Циолковский, Владимир Вернадский, Александр Чижевский и другие)]. Однако впоследствии всё большее значение начинает приобретать широкая трактовка русского космизма как социокультурного феномена, включающая указанное «узкое» понимание в качестве своего частного случая, наряду с другими направлениями русского космизма, такими как религиозно-философское], поэтически-художественное, эстетическое, музыкально-мистическое], экзистенциально-эсхатологическое, проективное и другими]. При этом исследователи отмечают разнообразие и условность классификаций этого феномена по двум причинам: все «космисты» были одарены талантами в различных сферах культуры, и являлись оригинальными мыслителями, создававшими достаточно независимые системы, требующие индивидуального анализа].
Некоторые философы находят созвучие главных принципов философии космизма со многими фундаментальными идеями современной научной картины мира и их позитивный потенциал для разработки новой метафизики как философского основания нового этапа развития науки. Сторонники] видят актуальность идей космизма в разрешении вызовов современности, таких как проблемы поиска нравственных ориентиров, объединения человечества перед лицом экологического кризиса, преодоления кризисных явлений культуры.Приверженцы считают космизм оригинальным плодом русского разума, существенной частью «русской идеи», специфически национальный характер которой предполагается укоренённым в уникальном русском архетипе «всеединств
С другой стороны, русский космизм тесно связан с псевдонаучными, оккультными и эзотерическими течениями философской мысли и признаётся некоторыми исследователями умозрительной концепцией, сформулированной в весьма неопределённых терминах.
38.Прагматизм философиясын сипаттаңыз.
Прагматизм (pragma — іс-әрекет) — қазіргі заманғы философиядағы субъективті-идеалистік бағыт. Прагматизмді таза АҚШтық философия деп түсінуге болады, ол күні бүгінге дейін АҚШ қоғамында ықпалға ие Американдық төл философия.Прагматизм терминін мәдени айналымға 19 ғ-дың 70-жылдары америкалық философ Ч.С. Пирс (1839 — 1914) енгізді. Прагматизм негізінде ақиқаттың мәнділігі оның прагматикалық тиімділігімен анықталады деген “прагматизм принципі” жатыр. Прагматизм іргелі ақиқатты іздестіру қажеттілігін мойындамайды және абстрактылы философиялық жүйелер жасаудан бас тартады. Мұның орнына ол нақты тәжірибе мен тілге негізделген, өзгеріп отыратын көптеген ақиқаттарды қарастырып, онда ақиқат практикалық нәтижелерінің құндылығына қарай анықталады.
Прагматизм бойынша қазіргі заман философиясы екі бағытта дауласуда, бірі рационализм (ақылшылдық), ол идеалды, сезімге бай, ақылға жүгінеді, үміткер, дінге сенеді, еркін ерік-жігерді дәріптейді. Енді бірі, эмпиризм (тәжірибешілдік), олар материалистер, суыққанды, сезімдік танымға мән береді, үмітсіз, атеист, себеп-салдар заңын (детерминизм) ұстанады. Прагматистер осы екеуінің арасынан жаңа жол тапқысы келеді, "тәжірибешілдік ойлау әдісі мен адамзаттық діни сенім дәстүрін лайықты үйлестіруді" дәріптейді.
Прагматистер шындыққа адал болуды жақтайды, бірақ дінге де сын айтқысы келмейді. Егер діндегі кейбір ұғым-түсініктердің тұрмыс үшін құнды екені мойындалса, онда діннің де рас екені дәлелденеді. Олар философиялық ойлауды жеке адамдық өмірдің нақты кешірмесіне дейін төмендетуді дәріптейді, бірақ діни сенімді сақтауды жақтайды. Олар әрі Дарвинизмді жақтайды, әрі дінді жақтайды, олар өздерін плюралистер деп атағанды ұнатады. Дегенмен, мысалы У.Джеймс те, басқа прагматистер де дінді этиканың тағаны деп есептемейді.
Прагматизм себепке қарағанда мақсатқа айырықша мән беруімен ерекшелеенеді. Олардың ойынша адам мақсат үшін өмір сүретін нәрсе. Адамның мақсаты адамның шындығын сомдайтын негізгі тетік. Ендеше мақсатты тану адамды танумен бірдей маңызға ие. Дегенмен, олар мақсат категориясы шегінде қамалып қалмай адамды өз мақсатына тегі қандай әрекет жеткізеді дегенді қазбалайды, мақсаттың адамда сенім болып орнығуына, белгілі бір әрекетте табысқа жеткізетін қозғалыс болып орындалуына айырықша назар аударады. Олардың ойынша ақиқат басқа емес, мақсатты дұрыс танытатын, адамға сенім беретін, практикалық тұрғыда адамды белсенді және табысты ететін білім. Егер кез келген білім адам үшіндік сипатқа ие болмаса, онда оның ақиқаттылығы да күмәнді. Ақиқаттың қайнары мақсатқа талпынған практика, ақиқаттың өлшемі, қозғаушы күші, бәр бәрі практика. Ендеше адамды өз мақсатына ең тез жылдамдықпен, ең қысқа уақытта, ең аз шығынмен, ең ыңғайлы жолмен мақсатына жеткізген нәрсе - шынайы құндылық, шынайы ақиқат. Адам баласы сондай ақиқатқа, құндылыққа талпынуы керек. Жалпы, АҚШ қоғамының табысты өмір салты қалыптастыруының негізгі тетігі прагматизмнің мақсатты негіз еткен өнімді қозғалыс идеясын ұстаным етуіне қатысты деп айтуға болады.
Прагматизмнің негізгі ұстанымдары:
· білім шындықты меңгерудің құралы, шындықты өзгертуге болады;
· нақты тәжірибе бәрінен маңызды, ереже мен ұстаным екінші орында;
· сенім мен түсініктің рас-жалғандығы оның әкелген нақты игілігіне байланысты;
· ақиқат идеяның табысты түрі, нәтижеге ие ететін, мақсатқа жеткізетін сана қозғалысы;
· теория әрекеттің болжалды қорытындысы, ол да құрал. Оның құндылығы әрекетті табысты ете алуына қатысты;
· адамның шындықты түсіндіруі шындықтың адамға пайдасы мен игілік өніміне байланысты;
· әрекет ережеден маңызды, ол қатып қалған ережені үздіксіз бұзып отырады;
· ұғымның мәні оның нәтижеге ие етуі, ақиқаттың құны оның қысқа уақытта, аз шығынмен, өте мол табысқа жеткізуі.
Прагматизм — шапшаң әлеуметтік өзгерістер кезеңінде дүниеге келген практикалық философия, ол парасатты ой мен логикалық әдісті практикалық істермен астастыруға тырысып, тәжірибеге жүгінеді. У.Джеймс (1842 — 1910) өзінің “Прагматизм” (1907) атты еңбегінде “Прагматикалық әдіс… әрбір ұғымды тиісті практикалық нәтижелерімен түсіндіруге тырысады. Егер бұл ұғым емес, басқа бір ұғым ақиқат болған күнде де біреу үшін одан қандай практикалық мән болар еді” деген пайымдауды тұжырымдап, бұл философия туралы анық түсінік береді. Джеймс еңбектерінде прагматизм қандай да бір теориядан туатын “практикалық нәтижелерді” салыстыру жолымен филоселосы таласты шешу тәсілі және ақиқат теориясы ретінде тұжырымдалады: ақиқат дегеніміз — “біз үшін тиімді болатын, өмірдің әрбір сәтіне сәйкес келіп, біздің бүкіл тәжірибеміздің жиынтығымен ұштасып жатқан әрекет” дейді. Сөйтіп, прагматизмның “практика” мен ақиқатты субъективті тұрғыдан түсінуі оның ұғымды (идеяны) әрекет “құралы” (Дж. Дьюи) деп, ал танымды субъективтік “ақиқаттардың” жиынтығы (Ф.К.С. Шиллер) деп анықтама беруіне әкеліп тірейді. Бірақ прагматизм практикалық пайдалылық деп объективті ақиқатты практика өлшемімен дәлелдеуді емес, адамның жеке басының субъективті мүддесін қанағаттандыруды түсінеді. Шындықты түсіндіруде Прагматизм эмириокритицизммен үйлес “радикалды эмпиризм” позициясын ұстанады. Прагматизм объективті шындықты “тәжірибемен” барабар деп санап, танымның субектісі мен объектісін бөлуді тек тәжірибе шеңберінің ішінде жүргізеді.
39.Философиялық антропологияның негізгі мәселесін алыңыз.
Фейербахтың философиясының негiзгi мәселесiне келiп тiрелсек – ол адам мәселесi. "Жаңа философия адамды, және соның негiзi ретiндегi табиғатты философияның ең негiзгi универсалды пәнiне айналдырады". Сондықтан бiз Фейербахтың iлiмiн антропологиялық философия деймiз. Ол адамды негiзiнен психо-физиологиялық пәнде ретiнде қарайды. Фейербахты немiс философтарының адамды тек қана рух ретiнде түсiнуi қанағаттандырмайды. Оның ойынша, адам бiр жағынан материалдық дене болатын болса, екiншi жағынан - ойлайтын рух. Фейербах көбiне адамның табиғи-биологиялық жақтарын қайта орнына келтiруге тырысады. "Мен" дегенiмiз – ол ойлайтын рух қана емес, ол денесi мен ойлай алатын басы бар, нақтылы кеңiстiк пен уақыттың шеңберiнде өмiр сүрiп жатқан тiрi адамның өзi.
Фейербах адамның негiзгi мiнездемесi ретiнде оның сезiмдiгiн келтiредi. Гегельдiң ойлау мен болмыстың теңдiгiне Фейербах болмыс пен сезiмдiктiң теңдiгiн қарсы қояды. Оның ойынша, тек қана "сезiнетiн пәнде ғана шынайы ақиқатты пәнде". Сезiмдiк болмыс деп Фейербах бiздiң санамыздан тәуелсiз өмiр сүрiп жатқан материалдық дүниенi айтады. Олай айтқан себебi, Дүниедегi материалдық заттар мен құбылыстардың өзiндiк өмiрiне Фейербах онша көп мән берген жоқ, ол олардың бәрiн тек қана адамға деген байланысы арқылы қарады, соңғының өзi сезiмдiк деректер арқылы адамға берiлетiнi сөзсiз. Екiншiден, адамның өзiнiң материалдығын, денелiгiн ойшыл сезiмдiк арқылы түсiнедi. Адам түйсiктерi мен сезiмдерiнiң өзi оның материалдық дене екендiгiн көрсететiн бiрде-бiр дәлелдеме. Сонымен, "мен" –сезiмтал пәнде, олай болса, дене –адамның мәнiне толық түрде кiредi. Егер табиғатты Фейербах өз болмысынан өзiн айыра алмайды деп түсiнсе, адам өзiнiң мәнiн болмыстан айыра алатын пәнде.
Фейербахтың сезiмдiк қағидасының гносеологиялық (танымдық) жағы да бар. Жағалай қоршаған ортаны танып-бiлу сезiмдiк қабылдау, түйсiктер, аңлау арқылы жүредi. Оның айтуынша, тек сезiмдiк аңлаумен анықталған, бағытталған ойлау ғана шынайы. Егер ойлау сезiмдiктен алыстаса, онда ол шындықтан да қол үзiп, өзiнiң шеңберiнен шыға алмай адасады.
Сезiмдiктiң тағы да бiр аса мәндi жағы – оның iшiне қажеттi түрде сүюдiң енуi. Фейербахтың ойынша, "бiздiң сүймейтiн, сүюге болмайтын нәрсемiз – ол жоқ" , "сүю жоқ жерде - ақиқат та жоқ", "сүю – заттардың бiзден тыс өмiр сүруiнiң шынайы онтологиялық дәлелдемесi". Әрi қарай өз ойын жалғастырып, Фейербах сүюдi iңкәрмен теңейдi. Олай болса, тек iңкәр ғана заттың өмiр сүруiнiң анықтамасы. Тек iңкәрдiң ұмтылған заты қана ақиқатты. Фейербахтың бұл сөздерiн субъективтi-идеалистiк бағытта қарауға болмайды. Оның айтқысы келгенi – адам өзiнiң керек қылатын заттарына, өмiрлiк құндылығы бар құбылыстарға немқұрайлы қарамайды, ол оларды сүйедi, оларды игеруге, иеленуге тырысады, тек осы сәтте ғана олардың адамнан тыс өмiр сүрiп жатқаны оған айқын көрiнедi. Егер ол өзi сүйетiн, керек қылатын заттарға жете алмаса, ол онда қайғырып - қамығады, зардап шегедi. Оның өзi шынайы өмiрде керек нәрсенiң жоқтығын, оның бiздiң жан-дүниемiзден тыс өмiр сүретiнiн көрсетедi.
Фейербахтың философиясында әлеуметтiк, моральдық мәселелерге көп көңiл бөлiнген. Ол өз заманындағы қоғамдық қатынастарға қанағаттанбайды. әсiресе, христиан дiнiнiң – осы Дүниенiң құдiреттi жаратушысы Құдайдың өзiне сенiп адал болған адамдарға мәңгi рахатқа бөлiнген о дүниедегi өмiр берiледi – деген негiзгi қағидасына терiс баға берiп, ол қарапайым адамдардың осы өмiрдегi жағдайларын жақсартуға бағытталған ұмтылысына кедергi келтiредi деген пiкiр айтады. Фейербахтың ойынша, аспандағы мәңгiлiк өмiрге сену жердегi өмiрдiң құндылығын жояды.
Бiрақ, Фейербах христиандықты қатты сынға алғанмен, қоғам өмiрiне бәрiбiр дiннiң керектiгiн мойындайды. Оның ойынша, тарихтағы бiрiн-бiрi ауыстыратын үлкен дәуiрлер дiндердiң ауысуымен тығыз байланысты. Олай болса, өзiнiң мүмкiндiктерiн сарқыған христиан дiнiнiң орнына жаңа дiн керек. Ол дiн Құдайға деген сүйiспеншiлiктiң орнына адамды сүюдi қоюы керек. "Христиандықтың мәнi" деген негiзгi еңбегiндегi соңғы тарауында Фейербах "Адам адамға - Құдай" деген пiкiр айтады. Сонымен, бүкiл философиясы материалистiк бағытта болған философ мұндай көзқарасқа неге келедi,- деген сұрақ бiздiң ойымызға ерiксiз келедi. Оның ойынша, адамдардың бiр-бiрiне деген қатынастарына дiни бiтiм берiлмесе, олар өзiнiң гуманистiк (адамгершiлiк) қасиеттерiнен жұрдай болады, өйткенi, ондай жағдайда адамдар өздерiнiң табиғи өзiмшiлдiгiнен арыла алмай қалады. Дiнсiз болу – тек адамның өзiн ғана ойлауымен тең, дiнге сену – басқаларды да ойлаумен бiрдей,- дейдi Фейербах.
Ендi, мiне, Жаңа замандағы материалист-ойшы Фейербах бұл мәселеге қандай жаңалық әкелдi екен? Оның ойынша, еркек пен әйел арасындағы жыныстық сезiмге негiзделген сүйiспеншiлiк осы жаңа дiннiң арқауы болуы керек. Өйткенi, адам табиғи-биологиялық пәнде болғаннан кейiн оның түйсiктерi мен сезiмдерi оны алдамайды, тек қана сүйiспеншiлiктен басқа шынайы практикалық және органикалық нәрсе адамдар арасында жоқ деген өз пiкiрiн айтады. Олай болса, "аспандағы ләззаттан" гөрi адам жердегi "сезiмдiк бақытқа" ұмтылуы қажет. Ол, әрине, бiр-бiрiн сүйетiн "сен" мен "меннiң" қарым-қатынасы. Адамдардың бiр-бiрiне деген қажеттiктерi оларды бiр-бiрiмен теңеп топтастырады. Егер адамдар Құдайға сенуден гөрi өздерiне сенiп, адамның өзiн Құдай ретiнде қараса, онда барлық адамдардың арасында, олардың жынысына қарамай, достық қарым-қатынастар қалыптасып, коммунизмге жол ашылар едi,- дейдi ұлы ойшыл. Осындай өздерiнiң рухани-адамгершiлiк ойларымен Фейербахтың есiмi бiздiң санамызда сақталып қалады.