Мәдениеттің конфуцийлық-даосистік типі

Жоспар:

1. Ежелгі Қытай елінің мәдениеті.

2. Ежелгі қытай қоғамы мәдениетінің өзіндік ерекшеліктері, діни наным-сенімдері, салт-дәстүрлері.

3. Ежелгі Қытай мәдениеті жетістіктерінің дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесі.

4. Конфуцийшілдік-даосизм философиялық ілімінің қытай қоғамын қалыптастырудағы ролі.

Жер бетіндегі алғашқы мемлекеттердің бірі – ежелгі Қытай елінің тұрғындары – ерекше материалдық және рухани мәдениетті жасаушылар болды. Олар өмірді – құдайдың табиғаттан тыс күштерінің сыйы екендігіне кәміл сеніп, дүниедегінің бәрі де ұдайы қозғалыста болады және жарық пен қараңғылық атты бір-біріне қарама-қарсы екі космостық күштердің өзара қақтығысымен нәтижесінде әлем ұдайы өзгерістерге ұшырап отырады деп санады. Көне замандық тарихта жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты табиғат күштеріне, яғни жердің, күннің, айдың, таулардың, өзендердің, желдің, жаңбырдың және т.б. рухына табынды және олардың құрметіне құрбандықтар шала отырып, халықтың қажеттілігіне байланысты игі өтініштер жасады. Солардың ішінде барлық рухтар мен о дүниедегі адамдардың жандарын өз ырқында ұстайтын “жоғарғы құдай” ерекше бағаланды.

Конфуцийлік-даосистік мәдениет:

Қытай этносы қытай халқының басқа халықтардан өзгеше мәдениетінің қалыптасуына ерекше ықпал жасады.Қытайлықтар болмыс құпиялары мен өмір және өлім мәселелерінен гөрі жарылқаушыларға бас иіп, оларға еліктеуді өздеріннің қасиетті парызы деп санады. Қытай елінде о дүниедегі рахат өмірді уағыздаушылардан гөрі,осы нақты өмірдің мән-мағынасын терең түсіне отырып «өмір үшін өмір сүругең үйретушілерді ұлылар қатарына жатқызып, олардың даналық қағидаларына бас иген.Дәстүрлі қытай мәдениетінің өзіндік бет-бейнесінің қалыптасуына діннен гөрі, салттық этиканың ерекше әсер етуі де осы жағдайға тікелей байланысты болса керек.

Олай болса, қытай халқының салт-дәстүрінде, әдет- ғұрыптарында және т.б. дін этикалық нормаларға айналды. Ерекше атап өтетін бір жайт, Қытайда халық аспан еркінің жаршысы деп жарияланып, рухтарға қарағанда халықтың жағдайына ерекше мән берілді, ал бұл жағдай қытай мәдениетінің дамуына өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Мәдениет тарихына тереңірек үңіліп қарасақ, табиғат дүниесімен етене, байланыста болып, ерекше сезіммен, әрі сеніммен қарау қытай халқының бойында қалыптасқан табиғи қасиет екендігін аңғарамыз. Табиғат пен адам жанының үндестігі, табиғатты аялау, оған деген сәбилік махаббат сезімі халықтық мәдени туындыларды одан әрі нәрлендіре түсті. Демек, қытай халқының түсінігіндегі дүние бейнесі өзінің тұтастығымен, өзара үйлесімділігімен таң қалдырады. Қытай халқы табиғаттың бес қайнар бұлағын бес қасиетпен байланыстырады. Олар – адамгершілік (жень), парыз сезімі (и), әдепті қылық (ли), ізгілік (синь) және даналық (чжи).

Ұлы уағыздар Конфуцийдің көзқарасынша, адам бойындағы қасиеттердің барлығы да табиғатпен тығыз байланысты. Табиғат адамға дарын береді, ал дарындылық- табиғатты шығармашылық процестердің заңды нәтижесі болып табылады. Демек, қоғам мен табиғаттың өзара үйлесімділігі негізіңде Аспан әлемімен, оның табиғи іс-әрекеттерімен байланыстыра қарастырылаттын әлеуметтік-этикалдық мазмұндағы идеялар жатыр. Бұл идеялар даосизм және Конфуций ілімінде одан әрі түрлендіріліп, толықтырыла түсті. Халық тарапынан қолдау тапқан бұл идеяны қытай мәдениетінің рухани өзегіне айналған будда діні де кеңінен пайдаланып, одан әрі дамыта түсті .Соның нәтижесінде будда діні даосизм мен Конфуций ілімдерімен қосыла отырып философиялық- діни үштікті (саньцзяо) құрады.

«Ата-бабаларғаң табыну- ежелгі Қытайда кеңінен орын алғаны тарихтан белгілі. Осы бір ежелден қалыптасқан дәстүрдің мазмұны мен түрін ғана өзгерткен Конфуций оған ерекше мән бере отырып, бұл табынушылықты әрбір қытай азаматының қоғамдағы басты міндетіне, тәртіп нормасына айналдырды.Сөйтіп, осындай мақсатты жүзеге асыруға негізделген «Сяоң- яғни «Балалар құрметің ілімі өмірге келді. Конфуцийдің пайымдауынша, «сяо»- адамгершіліктің негізі болып саналады. «Сяо» ережелері- ата-анаға қалтқысыз құрмет көрсетуді, оларды «лиң дәстүрімен жерлеуді және дәл осы тәртіппен ата-аналар құрметіне құрбандықтар шалып отыруды қатаң талап етеді.

Конфуцийдің «ата-бабалардың құрметтеу және «сяо» ережелері қытайлықтарды отбасын ыдыратпай , тату-тәтті өмірге тәрбиеледі. Отбасы- қоғамның негізгі тірегі деп саналды, отбасылық мүдделер жеке адамдардың мүддесінен жоғары қойылды.

Қытай ғалымдары ғылым мен техника саласында қомақты табыстарға жеткен. Тіпті Конфуций өмір сүрген кезеңнен бір мың жыл бұрын Хуанхэ жазығының байырғы тұрғындары күнтізбені, иероглифтерді және т.б. білген. Одан кейін олар компасты, оқ-дәріні ойлап тапқан, фарфор және жібек жасауды меңгерген. Конфуций адам бойындағы қателік- кемшіліктерді сырттай бақылап қана қоймай, оның жіберген қателіктерін мұқият зерттеуді өз шәкірттерінен қатаң талап етіп отырған. Ол кітаби білімді өмірден алшақ, сондықтан да ол ақылды адамның өзін де ақымаққа айналдырып жібереді деп есептеген.

Кілт сөздері:Конфуцийлық, даосизм, адамгершілік, парыз, сяо.

Наши рекомендации