Ылым дамуындағы философияның дүниетанымдық ролі.

Философия, ғылым әдістемесі бола тұра ғылыми танымның тұғыры болып табылады. Ғылымның философиялық негіздемесінің бірнеше түрлері бар. Ғылымның онтологиялық негіздемесі - әлем бейнесі, қызмет ету және даму заңдылықтары жайында түсініктер. Ғылымның эпистемологиялық негіздемесі - ғылыми таным үрдісінің сипаты туралы ережелер. Ғылымның логикалық негіздемесі - ғылымда қабылданған абстракциялау, түсініктер мен тұжырымдар туындауы жайлы ережелер.

Ғылымның әдістемелік негіздері - дәлелдеу тәсілдері, жаңалықтар ашылу әдістері және білім алу тәсілдері жайында түсініктер. Ғылымның аксиологиялық негіздемелері - толықтай бір ғылым немесе жеке ғылымдардың жалпы ғылыми жүйедегі ғылым мақсаты, ғылыми прогресс жайлы практикалық және теоретикалық маңыздылығы туралы түсініктер.

Дүниетанымдық негіздемелер, сонымен қатар, ғылымның философиялық негіздемесінің бір түрі болып табылады, өйткені философия ғылымға қатынасында дүниетанымдық интерпретация қызметін атқарады. Философия пікірлерді негіздеуге, жеке көзқарасты қайта қарауға итермелейді және адамда стихиялық жағдайда туындаған көзқарастарды мұқият ойланған, негізделген дүниені түйсінуге көмектеседі.

Ғылымның гуманисттік көкжиегі.Қазіргі постмодернизм философиясы ғылымды жалпы адамзат мәдениеті мен дүниетаным жүйесіндегі орнын сезінуі керек деп шешеді. Постмодернизм мәжбүрлі түрде адам қызметінің аумағы немесе дүниетанымның бір қырын ғана басты деп санаудан алшақ. Адамзат тудырғанның барлығы оның мәдениетінің бір бөлшегі болып саналады және адам үшін маңызды, әрі қажет, ол өз міндетін орындауда. Дәл осыны постклассикалық емес ғылым жасауы қажет - өз тиімділігінің және нәтижелігінің шегін сезіну, адам қызметтерінің мәдениет, дін, философия, өнер секілді аумақтарының теңдігін, болмысты игеру тәсілдеріне қатынасында рационалды емес тәсілдерінің мүмкін болуын және нәтижелігін мойындауы тиіс. Сонымен қатар, постмодернисттік ғылым өзінің әлеуметтік мәдени ақиқат ретіндегі бейнесіне өте тәнті, объективті шынайы білімде субъективтілік элементтерін мүмкін етіп өз ішіне адамды қосады.

Бұл ғылым гуманизациясының қазіргі кездегі бағыты. Алынған бейне қатып қалған, соңғы емес, ол үздіксіз жаңаруға бағытталған, инновацияларға ашық. Постмодернизмде байқаушы өзін зерттеп жатқан әлемнің бөлшегі ретінде санайды, ол бақылаушы объектпен белсенді түрде қарым-қатынас жасайды, постклассикалық емес ғылымды тану - диалогтық.

Постмодерн негізінде жаһандық эволюционизм идеясы жатыр - барлығын қамтитын, біркелкі емес, өзара өзгеріп тұратын, өзін - өзі ұйымдастыратын, өзін - өзі реттейтін жүйе, оның өне бойында физикалық дене мен элементарлы бөлшектер бүтіндігінен бастап биосфера мен одан да күрделі жүйелерге дейін тұтастықтар туындап жойылады. Бұл түсінікке, сонымен қатар, біркелкілік емес идеясы да, сонымен қатар, әлем дамуының вариациялығы, кері әсер бере алатын мүмкіндігі идеясы да кіреді. Біздің әлем кірпіштер - элементарлы бөлшектерде ғана емес, үрдістер жиынтығы - құйын, толқын, турбулентты қозғалыстардан құралған. Осы әлем кері байланысы бар өзара әрекеттесетін әр түрлі шексіз ашық жүйелермен байланысуда. Бұл әлем ендігі жерде объект емес, субъект.

Постклассикалық емес ғылымның маңызды қыры кешенділік болуы тиіс - жаратылыс, қоғамдық және техникалық ғылымдар арасындағы дәстүрлі оқшауланған шекаралар мен бөлгіштерді жою, пәнаралық зерттеулерді интенсификациялау, басқа ғылымдар мәліметтерінсіз ғылыми мәселелерді шешу мүмкіндігінің болмауы қажет.

Сонымен қатар, ғылыми әрекет математиканың ролін арттыру мақсатында білімдерді алу және сақтау тәсілдерінің революциясымен байланыста (ғылымды өндіруші өнеркәсіпке жақындататын ғылымды компьютеризациялау, қымбат әрі күрделі аспаптарды пайдалану). Жаңа заман ғылымы таным субъектісін дайындау алғышарты және іс жүзіндегі өндіруші қызметтің алғышарты болды. Қазіргі таңдағы білім - адамды тарихи үрдіс субъектісі, тұлға ретінде, индивидуалдылық ретінде жасау және қайта жасау алғышарты, бұл маңызды түрде ғылымның гуманисттік көкжиектерін мәнді тұғырда кеңейтеді.

Наши рекомендации