Антика классикалық философиясының ерекшеліктері. Платон, Сократ, Аристотель
Гректердің антика философиясы б.э.б. VII-VI ғғ. пайда болды. Өзінің сипаты және мазмұнының бағыты, философиялық ойлау методтарының өзгешелігіне байланысты шығыс философиясынан өзгеше, тарихта алғаш рет қоршаған ортаны рационалды тануға тырысты. Антика философиясының дамуының 4 кезеңін атап көрсетуге болады:
1 кезең – Сократқа дейінгі кезең. Бұл кезеңнің орталық мәселесі космос, табиғат мәселесі болды.
2 кезең – классикалық кезең. Ол Сократ, Платон және Аристотель сияқты көрнекті философтардың шығармашылықтарымен сипатталады. Адам мәселесіне, оның мәніне және танымдық мүмкіндіктеріне негізгі көңіл бөлінді.
3 кезең – эллинистік кезең – бұл кезеңде көптеген философиялық бағыттар мен мектептер қалыптасты, олардың көпшілігі Плотон мен Аристотель философияларының ықпалымен пайда болған этикалық мектептер.
4 кезең – антикалық философияның дамуының соңы – бұл кезеңде грек демократиясы құлап, грек полистері Рим империясының қолына өткен кезі еді. Бұл кезде (І-ІІ ғғ.) христиандық философия басталды.
Сократ (б.з.б.469-399 жж.) жасында мүсіншілікпен айналысқан, кейін философ, қоғам қайраткері. Сократ софистер бастап бірақ аяқтай алмай кеткен адам туралы ілімге ерекше назар аударды. Таным мен философияның негізгі мәселесі адам болуы керек. Негізгі принципі «Өзіңді өзің таны». Екінші қағидасы «менің білетінім – менің ештеме білмейтінің, ал басқалар мұны да білмейді».
Сократ философиясның негізгі тақырыбы – этика. Адам жаны «Мен танушымын» деген бағыттағы және ол парасатты және адамгершілікті. Адамның мәні оның жанында, «жан -тәнді құраушы». Сократ жандағы ұжданның маңызын ерекше көрсетті, «ішкі дауыс» ретінде «даймонион» деп атады және ол ақиқатқа жетудің негізі болып табылады.
Материалды дүниені тануға байланысты агностик болған, оны толығымен тануға болмайды, бірақ адам жанын тануға болады, бұл философияның пәні болып табылады. Слкрат философиясының негізгі мақсаты адам әрекетінің адамгершілік негіздерін ашатын философиялық әдісін табу.
Философия тарихында Сокракттың адамды тану және рухани дүниесін ашу үшін пайдаланған әдісі өте бағалы, ол маевтика деп аталады. Онымен ол ойлау процесіндегі индуктивті әдістің ашылуына жол ашты, анықтаушы ұғымдарды тудыруда ерекше құнды. Сократ қортынды жасау өнеріне үйретті, ол жалпы ұғымдарға дұрыс анықтама бере білуге көмектеседі. Ол әңгімелесу формасында өтілді, шәкірттері білетін ұғымдарының анықтамасын жасауға үйренді. Сонымен, Сократ оларды логикаға үйретті. Сократа ілімі ертедегі Грек жеріндегі этикалық мектептердің пайда болуына ықпал етті. Мысалы, олар: Гедондық мектеп Аристипп, Эпикур мектебі – Эпикур, Киникалық мектеп Антисфен, Стоиктер мектебі – Сенека, Марк Аврелий, Мегар мектебі, Платона академиясы - Платон
4. Сократтың дана шәкірті, ізбасары, оның философиялық ілімін жүйелеуші Платон (б.з.б. 427-347 ж.ж.) атақты және аса ауқатты жанұядан шыққан.Шығармашылық жолы үш кезеңнен тұрады. 1-ші кезеңі – Сократ шәкірті, оның идеясын насихатаушы. 2-ші кезең – Сократ ықпалынан бірте-бірте босанып шығып өз жүйесін негіздеуге ұмтылған кезеңі. 3-ші кезең - философиялық жүйесі толығымен анықталып, объективті идеализмі толығымен қаланды. Оның философиялық мұралары «Сократа апологиясы», «Заңдар» трактатары, хаттары мен эпиграммларынан басқа, ол 34 еңбегін диалог формасында жазған: «Софист», «Парменид», «Мемлекет» және т.б..
Платонның филосоиялық ілімінің орталығы эйдос (идея) теориясы болды. Платон бойынша идея адам ақылымен байланысты ұғым емес. Идея барлық заттардың негізі, мәні, себебі. Ол объективті, тәуелсіз, салыстырмалы емес, денесіз, мәңгі, сезімдік қабылдауға келмейтін, тек ақыл арқылы танылатын бастама. Идея заттар болмысының түпнегізі, олардың идеалды бейнесі сипаттас, Демиург (жаратушы) сол арқылы нақты сезімдік заттарды жасайды. Сезімдік заттар оның көлеңкесі, көшірмесі, заттар идеялардың анықты үлгісі.
Таным теориясында Платон идеалистік позицияны ұстанды. Оның идея туралы ілімі оның таным ілімімен ұштасып жатыр. Платон сезімдік танымды рационалды танымнан бөліп алды. Сезімдік танымның пәні материалды әлем деп алып, оны мәнсіз екінші дегейлік деп қарастырып, ол тек болмыс болып көрінетін шынайы емес болмыстан хабардар еткізеді. Ақиқат, шынайы таным – бұл идеялар әлемінне ену, тану, оны ақылмен тану.
Платонның гносеологиялық концепциясы еске түсіру теориясы болып табылады. Жан идеяларды еске түсіреді, жан онымен тәнге енбей турғанда идеялар патшалығында жолыққан. Платон нақты адамдардың идеяларын абстракциялап, идеялар әлемін құдайлық патшалық деп жариялады, адам дүниеге келгенге дейінгі ажалсыз жаны сол әлемде болатындығын айтты. Содан ол жерге түсіп, шектеулі уақыт адам тәнінде жүреді, сонда ол идеялар әлемін «еске түсіреді». Платон бойынша, таным жанның жерге түскенге дейінгі тіршілігін еске түсіруі болып табылады.
Платон жақсы өмір сүру мәселесінде ақылды жоғары деңгейге көтеретін мемлекеттің моделдерін жасауға тырысты. Мемлект туралы негізгі идеясында – ізгілік, ақиқат білімге сүйенді, мемлекетті идалды басқару осыларға байланысты, оның мақсаты адамның ажалсыз жанын құтқару. Оны қызықтырған мәселе мемлекеттің мәні мен формаларын басшының тұлғалық қасиеттері тұрғысынакн түсіну болды.
Жанның үш жағдайы
Үш әлеуметтік топ
Үш негізгі ізгіліктер
1. Ақыл
1. Басқарушылар – философтар
1. Ақылдылық
2. Аффективті
(эмоционалды)
2. Стратегтер - әскерилер
2. Батырлық
3. Сезімдік
3. Өндірушілер –жерөңдеушілер жәнеқолөнершілер
3. Өлшемділік
4-ші ізгілік ретінде – әділдікті алды, әділдік барлығынан жоғары тұрады, өйткені ол «ізгіліктерді құраушы негіз» .
Платонның мемлекет жөніндегі құнды көзқарасы, мемлекеттің жетілген, идеалды және жетілмеген формаларын анықтау. Оны екі топқа жіктеп көрсетуге болады:
мемлекеттің жетілген, иеалды формалары:
а) Платонның идалды мемлекеті – құрыламынгың ең негізгі принципі - әділдік
б) Аристократия (аристократиялық республика)
жетілмеген, құлдыраушы мемлекеттік формалар:
а) Тимократия – баққұмарлардың билікті өз қолдарына алуы, онда қоғам іштей іріп-шіриді, өйткені билеуші топ дүниеге ие болуға, баюға ұмтылады.
б) Олигархия – (грек «азшылық»), азшылық көпшщілікке үстемдік жүргізуі, байлардың кедейлерді басқаруында, өшпенділік, қастандық жасау орын алады. Одан ысырапсыздық кең орын алады.
в) Демократия – мемлекеттік құрлыстың ең шашар түрі, , көпшіліктің билік жүргізуі, онда кедейлер мен байлар арасында өшпенділік өрши түседі. Өрескел түрдегі бостандық, еркіндікке бастан тиранияға жол ашады.
г) Тирания – қоғамдық биліктің бір адам қолына көшуі.
Аристотель (б.з.б. 384-322 ж.ж.) – «Физика», «Механика», «Органон», «Жан туралы», «Никомахова этикасы», «Саясат», «Риторика» еңбектерінің авторы. Аристотель көне заманның энциклопедисті және өзіне дейінгі философия мен ғылыми білімді жүйеге келтіруші, танымал тұлға.
Аристотель шығармашылығын үшке бөліп қарастыруға болады:
теоретикалық – болмыс мәселесін, барлығының пайда болу мәселесін қарастырған;
практикалық – адам әрекеті, мемлекет құрылымы мәселесін қарастырған;
поэтикалық
Аристотель философиялық ілімінінің негізгі жақтары ретінде мына төменгілерді алып қарауға болады:
Категориялар туралы ілім. Бұл ілім Платонның идеялар теориясына негіделіп, түрлі сападағы идеялар туралы ілім болды. Аристотель ең алдымен екі катигорияны ажыратып айтты: мән («субъстанция») және сапа («акциденция»). Мысалы, ізгілік идеясы және идеяның өзі мән мен сапаны көрсетеді. мән өзінен өзі өмір сүреді, ал сапа (немесе сан) қандайда бір мәнге сәйкес өмір сүреді, өзімен өзі бола алмайды. «Ізгілік» сапа катигориясы, ол өзімен өзі бола алмайды, біреудің қасиеті (ізгілікті адам, ізгілікті іс) ретінде өмсір сүреді.
Материя және форме туралы ілім немесе әрбір заттың екі себептілігі туралы ілім. Аристотель материя ұғымын ендірген алғашқы философ, онда ол қарапайым тіл және «материал» ұғымын пайдаланды. Форма Аристотель бойынша – заттың бейнесі, материядан белгілі бір затты тудыру үшін керекті әрекеттіліктің бастауы. Аристотель тілімен айтқанда форма әуелгі кезе болмыс «мүмкіндігі». Ал оның мүмкіндіктен шындыққа айналуы форма болып табылады. Материя Аристотель бойынша, бір жағынан субстрат, яғни негіз, бірдеңенің ішкі астары, яғни таза мүмкіндік. Екінші жағынан мүмкіндік қана емес, таза шындық.
Логика. Болмысты тану тек логика көмегімен мүмкін болады. Логиканы «органикалық» ғылым ретінде қарастырды, яғни ол болмысты танудың құралы («органон») деп есептеді. Логика, Аристотель бойынша таным үшін методологиялық мәнге ие. Ол жалпыны жекеден, ақиқат білімді жалған білімнен ажыратуға көмектеседі. Жалпыны ажырататын әдісті Аристотель индукция (жекден жалпыны ажырату) деп атап, кейін ол жеке факторды түсіндіруге мүмкіндік береді деп тұжырымдады. Силлогизмдерден дәлелдеуді негіздейтін әдіс, яғни, жалпы тұжырымдардан – жекелеген пікірлерді алуды ол дедукция деп атады.
Жан туралы ілімі. Адамның өзге тіршілік иелерінен жануарлардан негізгі ерекшелігі оның ақылында.
Ақыл жалпылама ойлаудың мүмкіндігі. Адамның сөйлеу қабілеті осыған негізделген (сөйлеуде жалпылықтар туралы ойлар байқалады) ал жануарларда бұндай қабілеттілік жоқ. Адамда ғылым бар (яғни жалпы бастау туралы білім) және бұл жануарларда болмайды. Ақыл адм әрекетін шартты етеді, оның еркін қалыптастырады. Ерік адамның талпыныстарынан құралады және адамгершілік таңдауына (ол жалпы білімге негізделіп жасалған) дайындығын көрсетеді .
Аристотель бойынша адам жанында екі түрлі бөлгі бар: жануарлық және ақылды. Ақыл – индивидуалдылыққа жатпайтын, жалпылық, өзгермейтін және мәңгі. Ақыл барлығына ортақ, оның индивидуальды ерекшеліктері болмайды. Ол тәндік процестермен байланысты емес, жан тек ақылды бөлігінде ғана ажалсыз.