Ашығу– холестериннiң ағымын реттейдi

Үмбеттерiм үшiн ең қатты алаңдайтын жайларым: қарын шығарып семiру, ұйқышылдық, жалқаулық және өзiнiң әлсiздiгiне сенiмдi болу.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

Ашығу – мидың, гормондарының жұмысын жақсартып, майларды қорытады. Сондай-ақ, адамның бас сүйегiнiң iшiндегi қысымды (внутричерепное давление) қалпына келтiрiп, қан тамырларын тазалайды, тамыр қабырғасына қатып қалған холестерин қағын ерiтiп, қан тамырларын жас күнiңiздегiдей серiппелi қалпына келтiредi. Қан тамырыңыздың таза әрi серiппелi болуы – ұзақ өмiрдiң кепiлi.

Бүкiл әлемдiк денсаулық сақтау ұйымының дәйегi бойынша, адамдардың басым бөлiгi жүрек-қан тамыры ауруларынан өледi екен.

Ашығу – әр түрлi деңгейде бiздiң жүрегiмiз бен қан тамырларымызды қорғайды.Нелiктен? Қазiр түсiнесiз. Аздап сабыр сақтаңыз.

Сiздiң ойыңызшахолестерин зиян ба? Осының деңгейiн төмендету үшiн, арнайы дәрiлер жасалған. Не себептi? Әйелдердiң эстроген гормоны холестериннен, сондай-ақ бiздiң миымыздың жасаушалары да холестериннен тұрады. Холестерин запыран (желчь) қышқылдарын бөлшектеп, майларды қортуға жәрдемдеседi. Бұл бiзге өте қажет.

Барлық келеңсiздiк, бiз тамақтанғанда холестерин – баратын жерi бауырға емес, керiсiнше қан тамырларына барып, қабырғаларына қақ болып жабысып қалғандықтан тамырларымыз жiңiшкерiп, бiтелiп қалады. Бұл дегенiңiз – инфаркт және инсульт (жүрегiңiз қысып, миыңызға қан құйылады). Бұл – тiл аузыңыздың байлануы, одан әрi өлiм. Холестерин өз бетiнше ағзада жүрiп тұра алмайды. Ол iшекпен сiңiрiлген кезде, оны жоғарғы және төменгi сатыдағы липидтер (жабысқақ май қалдықтары) көлiк сияқты керектi жерiне тасымалдайды. Әр липидттiң бағыты әр түрлi. Жоғарғы сатыдағы липидтер холестериндi – бауырға, ал төменгi сатыдағы липидтер – қан тамырларына жеткiзедi. Ашығу – жоғары сатыдағы липидтердiң деңгейiн көбейтiп, төменгi сатыдағылардың санын күрт азайтады. Осының әсерiнен бiздiң жеген холестеринiмiз қан тамырларына емес, бауырға тiкелей барады. Сөйтiп қан тамырларымыз қоқыстан таза болады да, қан тамырларының қабырғасына қақ тұрып қалмайды (атеросклероз болмайды).

20 сәуір, сәрсенбі. Ашығуымның 3-ші тәулігі. Таңғы сағат (құрғақ ашығу яғни су ішпей ашығу)

Кім тамақты көп ішпейді, сол ерінбейді. Даналық дарбазасы ешуақытта жабылмайды.

Бенджамин Франклин

Салмағым 92, 5 кг. Бір тәулікте 1,5 кг салмақ жоғалттым. Түні бойы кіші дәретке барған жоқпын.

Сол қолымның қан қысымы 159/101. Пулсь – 80;

Таңғы 8-де ұйқыдан тұрдым. Түнде мазасызданбай орташа ұйықтадым. Денемдi бiр зiл басып тұрса да, өзiмдi жақсы сезiнемiн. Денемдегi уларды ағзаның өзi жеп жатқанын бар болмысыммен сеземiн. Белiм мен бүйрегiм аздап ауырып, керемет бiр жеңiлдiк әкелуде.

Күндiз-түн су iшкен жоқпын. Түстен кейiн қатты әлсiредiм, бiрақ қарным ашқан жоқ. Кiшi дәретiмнiң түрi күңгiрттенiп қып-қызыл болып кеттi. Денемдегi улар бұрқырап шыға бастады. Белiм аздап ауырады. Ашығуда бүйрек ең маңызды жұмыс атқарады. Мiне сондықтан да, бүйрегiмнiң көрсеткiшi жоғары болып тұр. Кешеден берi қақырық тастап, өкпем тазалана бастады.

Бiрақта, қазiр денемнен улар мен қалдықтарды тез талқандау үшiн құрғақ ашығу әдiсiн қолданудамын. Бұрынғы кездегi сияқты қазiр де, ашыққан адамның айналасына қорқыныш пен үрей туғызатындар табылады. Ара-тұра естимiз, ашығудың ғылымға жат екенiн дәлелдегендердi. Бiз олардан, бұрын ашығып көрiп пе едiңдер деп сұрасам, жауаптары: «Ешқашанда!». Осы надандар күштi сақтау үшiн жеу керек деген аңызды ұстанады, әйтпесе қайтсең де ауырасың. Ақиқатқа қалай жанаспайды! Ашығу кезiнде болатын кейбiр мазасыздықтың себебi – бiз әдеттiң құлымыз. Егер бастапқы 3 күнге шыдасаң, кейiннен қанағатқа бөленесiң. Ашқарақтығың жоғалады, тамақ туралы ойламайсың, мол мөлшерде қуат құйылады. Әрине, сiз улы заттармен толып тұрсаңыз, ашығу осыларды денеден шығара бастағанда, кейбiр жайсыздықтар болуы мүмкiн. Бiрақ бұл ұзаққа созылмайды, мазасыздануға себеп жоқ. Бұл ашығудың сiзге жұмыс iстеп жатқанын бiлдiредi.

Ашығу – денеңiздi жиналған улы қалдықтардан тазалап жатқанын сiз бiлесiз. Кейбiр ыңғайсыз жайттарды сезгенде өзiңiзге айтуыңыз керек: «Бұл уақытша. Барлық ескi улар денемнен шыққан кезде жоғалады». Есесiне, аздаған жайсыздықтың орнына, қандай ғажайыппен марапатталасыз! Барлық сезiм мүшелерiңiз жетiлiп, жанарыңыз жалт-жұлт ететiн болады! Ашығудан кейiн, сiз тамақты басқаша қабылдайсыз, жемiс-жидектер керемет дәмдi болады, себебi дәм сезуiңiз жаңаланады. Сiздiң тәнiңiз шаршауды бiлмейдi, ұйқыңыз бала күнiңiздегiдей болады. Осы артықшылықтарды тек ашыққан адам ғана нақтылы бағалай алады, себебi өзiне де осы қасиеттер дариды.

Наши рекомендации