Орытынды бақылау сұрақтары
1. Ғылым тарихы және филсоофиясы пәні.
2. Ғылыми білім дамуының заңдылықтары.
3. Ғылымның әлеуметтік институт ретіндегі бөлшектері.
4. Мәдениеттегі ғылымның орны мен ролі: сциентизм және антисциентизм.
5. Ғылым феномені айырықша талдау пәні ретінде: интернализм мен экстернализм.
6. Ғылыми танымның ерекшеліктері.
7. Ғылым дамуындағы философияның дүниетанымдық ролі.
8. Ғылымның адамның рухани шығармашылығының басқа да түрлерімен ара-қатынасы.
9. Ғылым және өнер.
10. Ғылым және дін.
11. Ғылымның гуманисттік көкжиектері.
12. Шынайы білімді өндіру мен көбейту - ғылымның басты қызметі ретінде.
13. Ғылымның жалпы қызметтері.
14. Ғылымның әлеуметтік қызметтері.
15. Ғылымның қоғам қажеттілігіне тигізетін әсері.
16. Ғылым және қазіргі заманның жаһандық мәселелері.
17. Ғылым және қазіргі білім беру жүйесі.
18. Адамзаттың көне мәдениеттегі өмірге қатынасы мен әлемді бейнелеудегі ерекшеліктері және алғығылым.
19. Антикадағы ғылыми-зерттеу бағдарламалары.
20. Ортағасырдағы араб-мұсылман ғылымы.
21. Ортағасырдағы Батыстық ғылыми таным.
22. Ортағасырлық университеттер білім ордасы ретінде.
23. Коперник әлемінің гелиоцентрлік жүйесі.
24. Эксперименталды тәсіл туындауының алғышарттары.
25. Жаңа заман ғылымының қалыптасуы.
26. Ғылымның әлеуметтануы және институциализациясы.
27. Ғылымдағы әдіс мәселесі.
28. Ғылымның рационалды және эмпирикалық әдіснамалары (Рене Декарт және Френсис Бэкон).
29. Исаак Ньютонның әлемнің механикалық бейнесі.
30. Неміс классикалық философиясы және классикалық ғылым.
31. Ғылым концепциясы: ғылым философиясы мен әдістемесіндегі негізгі бағыттар.
32. Неокантшылдық эпистемологиясы: Баден және Марбург мектептері.
33. Ғылым философиясындағы позитивисттік дәстүр.
34. Позитивизм, эмпириокритицизм және неопозитивизм.
35. Постпозитивизмнің әдістемелік концепциялары.
36. Постмодернизм және ғылым.
37. Қазіргі ғылымның амбиваленттік сипаты.
38. Ғылыми білім күрделі дамушы жүйе ретінде.
39. Ғылыми білім түрлерінің көпбейнелілігі.
40. Эмпирикалық және теоретикалық деңгейлер, оларды айыру критерийлері.
41. Ғылыми тәсіл түсінігі.
42. Әдіс және әдіснама.
43. Ғылыми зерттеулердің көпбейнелі әдістері.
44. Диалектика, жүйелі бағыт және жүйелі анализ.
45. Синергетикалық парадигманың қалыптасуы.
46. Ғылым - кәсіп және шығармашылықтың ерекше түрі ретінде.
47. Ғылыми қауымдастықтың ережелері мен құндылықтары.
48. Универсализм, коллективизм, риясыздық және ұйымдасқан скептицизм ғылыми этостың сипаты ретінде.
49. Ойлау стилі және оның мәдени-тарихи шарттары.
50. Қазақстандағы ғылым.
51. Қазақстан Республикасындағы ғылымның басым бағыттары.
52. Философиялық идеялар ғылымның онтологиялық постулаттары, ғылыми ізденістің гносеологиялық нормативтері және аксиологиялық мақсаттары.
53. Әлемнің ғылыми бейнесі түсінігі.
54. Әлемнің ғылыми бейнесінің тарихи түрлері.
55. Жаһандық эволюционализм қазіргі әлемнің ғылыми бейнесі ретінде.
56. Космологиядағы антропты принцип.
57. Дәстүрлер қарым-қатынасы және жаңа білімнің туындауы.
58. Ғылыми революциялар ғылым негіздерін қайта қарау.
59. Ғылыми революциялар типологиясы мәселелері.
60. Жаһандық революциялар және ғылыми рационалдылық түрлерінің ауысуы: классикалық, классикалық емес және постклассикалық емес ғылым.
61. Жаратылыстану және техниканың дамуы.
62. Жаратылыс ғылымдарының жіктелуі.
63. Физика жаратылыстану ғылымдарының іргетасы ретінде.
64. Биология және қазіргі әлемнің эволюциялық бейнесінің қалыптасуы.
65. Математикалық әдістер және ғылыми білімнің қалыптасуы.
66. Қазіргі техника философиясының негізгі мәселелері.
67. Философия ғылыми білімдердің интегралды түрі ретінде.
68. Әлеуметтік-гуманитарлы топтамадағы ғылыми пәндердің қалыптасуы.
69. Әлеуметтік-гуманитарлы ғылымдар феномені және оның өркениеттілік мағынасы.
70. Әлемдік ғылыми қауымдастықтағы әлеуметтік ғылымдар.
71. Қазіргі жаһандық өркениет және оның ерекшеліктері.
72. Өркениеттердің тарихи концепциялары және олардың ғылыммен өзара байланыстары.
73. Өркениеттік дамудың дәстүрлі және техногенды типтері және олардың негізгі құндылықтары.
74. Қазақстандық өркениеттік бірегейліктің қалыптасуы.
75. Ғылымның жаһандық контексті.
Орытынды бақылау
"Ғылым тарихы және философиясы" пәнінен ауызша емтихан қарастырылған. Магистрантарға таңдау бойынша билеттер ұсынылады. Әрбір билет емтихан сұрақтары тізіміндегі үш сұрақтан (ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистранттарды) немесе екі сұрақтан (профильды бағыттағы магистранттарда) тұрады. Магистрантқа дайындық үшін 20- минуттан 30- минутқа дейін уақыт беріледі. Билетке жауап беру магистрант дайындығының деңгейіне қатысты болады.
95-100 балл – А (билет сұрақтарына жауап беруде аналитикалық және сыни көзқарастардың болуы, сұрақ мәнін толықтай ашу, оқытушының қосымша сұрақтарына жауап беру);
90-94 балл – А- (билет сұрақтарына жауап беруде сыни көзқарастың болуы, сұрақтардың толықтай ашылуы, оқытушының қосымша сұрақтарына жауап беру);
85-89 балл – В+ (билет мағынасын толықтай ашу, оқытушының қосымша сұрақтарына жауап беру);
80-84 балл – В (билет мағынасын толықтай ашу, оқытушының қосымша сұрақтарына толық жауап бермеу);
75-79 балл – В- (билет мағынасын жеткілікті түрде ашу, оқытушының қосымша сұрақтарына толық жауап бермеу);
70-74 балл – С+ (билет мағынасын жеткілікті түрде ашу, оқытушының қосымша сұрақтарына жауап беруге қиналу);
65-69 балл – С (билет мағынасын жеткілікті түрде ашпау, оқытушының қосымша сұрақтарына жауап беруге қиналу);
60-64 балл – С- (билет мағынасын жеткілікті түрде ашпау, оқытушының қосымша сұрақтарына жауап бермеу);
55-59 балл – D+ ( билет сұрақтарының мағынасын жартылай ашу, оқытушының қосымша сұрақтарына жауап беруге қиналу);
50-54 балл – D (билет сұрақтарының мағынасын жартылай ашу, оқытушының қосымша сұрақтарына жауап бермеу);
0-49 балл – F (сұрақтар мағынасы ашылмаған, оқытушының қосымша сұрақтарына жауап бермеу).
ГЛОССАРИЙ
АБСОЛЮТ(лат. absolutus - шартсыз) - мәңгілік, шексіз, өзгеріссіз, тұрақты деген ұғымдар жиынтығын білдіретін түсінік. Абсолют — жалқы, мәңгі және ол барлық салыстырмалы шарттылықтарға қарама-қарсы.
АБСОЛЮТТІ ЖӘНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ АҚИҚАТ - диалектикалық материализмнің категориясы, танымның даму процесін бейнелейді: 1) танылған және алда танылатын нәрселердің; 2) сондай-ақ таным-түсінігімізде өзгеріске ұшырауы мүмкін және ешбір өзгеріссіз қалатын ақиқаттардың ара-қатынасын айқындайды. Болмыс пен ойлау заңдылықтарының өзара сәйкестілігін көрсетеді.
АБСТРАКТІЛІК ЖӘНЕ НАҚТЫЛЫҚ- А. (лат. Abstractio - дересіздену) - сторона, бүтіннің бөлігі, бір жақтылық, қарапайымдық, дамымағандық; К. (лат. concretus - қоюланған, біте қайнасқан) - көпжақтылық, күрделілік, дамығандық, тұтастық. Гегельге дейін философия тарихында дара заттар мен құбылыстардың сезімдік тұрғыдан белгілі бір көпжақтылығы ретінде, А. –ойлаудың ереше жемісінің сипаттамасы ретінде түсіндірілді.
АБСТРАКЦИЯ(лат. аbгtrаtсіо— ойша бағамдау) — шынайылықтың бейнесін ойша бағамдау және толтыру арқылы құрастыру.Жеке мақсатқа қатысты ақпаратка жұмылдырылған және басқа ақпаратты ескермейтін көзқарас.
АВЕРРОИЗМ - 13-16 ғ.ғ. орта ғасыр философиясындағы бағыт, негізін қалаған - араб ойшылы Ибн Рушд (Аверроэс). Дүниені мәңгі екенін (демек, құдай жаратпағанын), жанның өлетінін дәлелдейтін, ақиқаттың екі жақтылығы жайындағы теорияны, білімді діни сенімнен, философияны теологиядан бөліп, тіпті оларды қарама-қарсы қоятын идея ойлап шығарды.
АГНОСТИКТЕР- объективті әлемді, ақиқаттың объективті белгісін мойындауды жоққа шығаратын, оларды жай елес етіп түсіндіру арқылы ғылымның рөлін шектейтін философтар.
АГНОСТИЦИЗМ- әлемді мойындауды жоққа шығаратын ілім.
АКСИОЛОГИЯ – құндылық туралы ілім.
АКТУАЛИЗАЦИЯ - потенциалды қасиеттерін сөзде жүзеге асырады.
АЛОГИЗМ (греч. а – терістеу және logos - ақыл) - таным процесіндегі логиканың рөлін теріске шығаратын, логикалыққа, діни сенімге қарсылықты білдіретін термин. Ғылыми дәлелдерді мойындамай, ескермей, таным құралы ретінде сезімді, интуицияны дәріптейтін ағым.
АНАЛИТИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ – әртүрлі философиялық бағыттардың біріктіреетін философиялық дәстүр,(логикалық позитивизмді, лингвистикалық талдау философиясын, тілдік актілік теорияны).
АНТИНОМИЯ – бірін - бірі теріске шығаратын ой.
АНТРОПОМОРФИЗМ– адамда болатын қасиеттерді табиғат құбылысында бар деп түсінетін алғашқы адамдардың ойлауы.
АНТРОПОСОЦИОГЕНЕЗ–адам мен қоғамның қалыптасуы.
АПЕЙРОН – көне грек философиясының термині, «шексіздік» деген мағынаны білдіреді.
АПОЛОГЕТИКА-ақыл-парасатқа жүгінген дәлелдердің көмегімен дін ілімін қорғау және ақтауға негізделген христиандық ілім.
АПОРИЯ – шешімі қиын немесе шешілмейтін мәселелерге байланысты қолданылған ұғым. Ол, негізінен бақылау және тәжірибе жасау аркылы алынған қорытындылар мен сол қорытындыларды ойша талдап көрудің арасында туатын қайшылықтарлы білдіреді.
АПОСТЕРИОРИ ЖӘНЕ АПРИОРИ – тәжірибеге қатысты, олардың ақиқаттылығы туралы білім алатын тәсіл бойынша тұжырымдар немесе пікірлердің түрлері арасындағы айырмашылық. Априорлы білім - өмір тәжірибесіне тәуелсіз, оған дейін танылатын ұғым. Апостериорлы – тәжірибеден алынған білім.
АТАРАКСИЯ – рухани тыныштық және наразылықтың болмауы күйі, әлемнің барлық мәселелерінен бас тарту. (Эпикур).
АТРИБУТ - субстанцияның ерекше белгісі, тұрақты қасиеті, заттың бөлінбес бөлшегі.
АҚИҚАТ- таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі. Ақиқат танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды. Ақиқат — салыстырмалы, себебі ол ішкі қайшылықта үнемі дамып, толықтырылып, тереңдетіліп, түзетіліп отыратын процесс.
АҚИҚАТ КРИТЕРИІ(гр. krite-rion –бір затты бағалау өлшемі) – бекітуді, гипотезаны, теоритикалық қырылымды тексерудің құралы. Ақиқат критериі қоғамдық практика болып таббылады.
АДАСУ- бұл сананың мазмұны,шындыққа сәйкес келмейтін, ақиқат болып танылмайтын білім.
АДАМ– жер бетіндегі материалдық және рухани мәдениеттің тарихи процесінің, дамуының субьектісі, өмірдің басқа формаларымен генетикалық жағынан байланысты, еңбек құралдарын өндіру қабілеті арқасында олардан бөлініп шыққан, анық сөйлей алатын, санасы бар биологиялық-әлеуметтік тіршілік иесі.
ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР- адамдардың жеке мінез-құлқы мен қарым-қатынастарын реттеудің тарихи бекітілген формасы. Әлеуметтік норма тек заң және адамшылық нормалар ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрып жосындары мен дәстүрге де арқа сүйейді, әлеуметтік нормаларды туыңдатып, негіздеме калайды.
БОЛМЫС 1.Барлық тіршілікті қамтитын, обьективті санадан тәуелсіз философиялық. 2. Неғұрлым жалпы және абстрактілі ұғым, сонымен қатар, тіршілік деген мағынаны білдіреді.
БІЛІМ- белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады.
БЕЙНЕЛЕУ– бұл екі жүйенің өзара әрекеті, нәтижесінде бір жүйенің ерекшелігі басқа бір жүйе ерекшелігінде жаңғыртылады.
ВЕРИФИКАЦИЯ – пікірді шындықпен салыстыруда, нақты шартты көрсетуде, ол ақиқат әлде жалған екендігін көрсетеді.
ГНОСЕОЛОГИЯ - (гносис - білім) таным туралы ілім, адамның тану қабілеті, танымның бастауы, формалары, әдістері туралы, ақиқат және оған жетудің жолдары туралы. Білім алу және дамыту үдерісі үнемі тереңдетіліп және кеңейтіліп отыратын, нәтижесінде, жаңа білім алынатын таным объектісі мен субъектісінің әрекеттесуі.
ҒЫЛЫМИ ТАНЫМ ЛОГИКАСЫ – философиялық пән, ғылыми танымда қазіргі логиканың құралдарын және әдістері мен идеяларын қолдану негізгі мақсат болып табылады.
ДУАЛИЗМ - монизмге қарама-қарсы философиялық ілім,дүниенің негізінде бірдей және тәуелсіз екі бастама бар: ол матери және рух. Плюрализмнің әртүрлілігі. Терминді Х. Вольф енгізген. Көрнекті өкілдерінң бір-Р. Декарт.
ДЕДУКЦИЯ - жалпы білім негізінде белгілі бір объект туралы жаңа білім тұжырымдалатын ой қорытындыларын пайдалану. Мұнда материалға сәйкес логикалық процесс пен мазмұндау жолы жалпы қағидалардан басталып, оларды сол немесе басқа нәрсеге пайдаланумен аяқталады.
ДЕТЕРМИНИЗМ (лат. Determino- анықтаймын), барлық құбылыстардың себепті және өзара байланысты заңдылықтары туралы философиялық ілім; индетерминизмге қарама-қарсы,жалпыға ортақ себепті-салдарлы анықтылығы жөніндегі ілім.
ДИАЛЕКТИКА [гр. dialektike (techne) пікір талас өнері], таным мен болмыстың қалыптасуы туралы және ойлау әдісіне негізделген философиялық ілім.
ДҮНИЕГЕ КӨЗҚАРАС- қоғамдық сана мен жеке адам санасының ең жоғарғы деңгейі. Ол өзінің қызметі мен мәдени міндеті бойынша адамның біртұтас дүниедегі бағдарларының кешені болып табылады. Дүниеге көзқарас — дүниедегі ұсақ-түйек мән-жайларға қатысты емес, біртұтас дүниеге қатысты бағдарлар кешені. Сонымен бірге бұл бағдарлар әлгі ұсақ-түйек мән-жайлар туралы ой түюге аса қасаң болмаса да белгілі бір бағыт сілтейді. Дүниеге көзқарас бағдарлары кешеніне, ең алдымен, болмыстың жалпылама-әмбебап көріністері, яғни философияда категориялар деп аталатын көріністер енеді.
ДІН (лат. religio – құдайға сиыну, киелілік) - адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі. Дүниетаным не дүниені қабылдау, сондай ақ Алланың барлығына сену негізіне сәйкес өзін өзі ұстау, соған қатысты адамның «табиғи» ұғымынан, танымынан биіктігі «қасиетті» бастау, барлығының бастауы, Жаратушыға тән құбылыс ретінде қабылданады.
ДОГМАТИЗМ (гр. dogma - пікір, ілім, шешім) – тексерусіз, зерттеусіз соқыр сенімге ғана сүйенген, дәлелденбеген қағида негізінде теориялық және саяси мәселелерді зерттеп шешуде нақтылы жағдайларды ескермейтін абстрактілік ойлау әдісі.
ЕЛЕСТЕТУ— бұрыннан бар тәжірибе негізінде жаңа түсініктер, ойлар мен бейнелер жасауға болатын процесс. Елестету — болмысты жаңа ұштасулар мен байланыстарда бейнелеу. Елестетудің ең маңызды мәні сонда, ол еңбек басталғанға дейін оның нәтижелерін көз алдына келтіруге мүмкіндік береді, осы арқылы қарекет процесінде адамды бағдарлайды. Елестету арқылы еңбектің түпкі не аралық өнімнің моделін жасау олардың заттық жүзеге асырылуына жағдай жасайды.
ЖАЛҒАН- белгілі бір іс-әрекет немесе құбылыс мәнінің шындықтан алшақтатылып, бұрмаланған көрінісі, ақиқатқа қарама-қарсы ұғым. Адам баласының ақиқатты тану жолындағы шындыққа сай келмейтін, бірақ ақиқатқа баланатын адасуы тәрізді жалғандық та қоғамдық сананың жемісі.
ЖАТСЫНУ– әлеуметтік процесс, адамның іс-әрекеті мен оның нәтижелерінің ерекше, дербес күшке айналуын бейнелейтін философиялық категория. Белгілі жағдайларда бұл күштер өзін тудырған адамға қас болып, оған үстемдік ету дәрежесіне жетеді. Соның салдарынан адам белсенді субъекті болудан қалып, қоғамдық процестің объектісіне айналады.
ЗАТ – материалды дүниенің бөлімі, салыстырмалы түрде басқа нәрседен тәуелсіз, орнықты жеке бір нәрсе, дене, адам іс-әрекетінің құралы.
«ӨЗІНДІК ЗАТ» ЖӘНЕ «БІЗДІК ЗАТ»- философиялық терминдер, бірінші – заттар өз өзімен өмір сүреді, олар бізден және біздіңн танымыздан тәуелсіз; екінші–заттар адамда таным процесінде танылады.
ИДЕАЛИЗМ - материя мен сана жағдайында бірінші болып сана (идея, рух) пайда болады деп, ал материя рухтың көрінісі, туындысы деп есептейтін философиялық бағыт.
ИДЕОЛОГИЯ–қоғамдық идеялардың жиынтығы, теорияны, көзқарастарды терістейді және әлеуметтік шындықты бағалайды.
ИДЕАЛДЫЛЫҚ–сананың мәні болып табылады.Адамның мақсатты көздеген іс-әрекетінде пайда болатын обьективті нақтылықтың субьективті бейнесі. Идеалдылық адамға тәуелсіз болмыстың формалары және адамның саналы іс-әрекеттерінің мақсаттары мен дәлелдерін құрастыратын олардың барлық қоғамдық мәтіндерінің жиынтығы
ИНДЕТЕРМИНИЗМ(лат. in- сөздің алдындағы қосымша, терістеу деген мағынаны білд.), дүниедегі құбылыстардың себебі мен заңдылығын теріскешығаратын философиялық ілім, (немесе ғылымдағы себепті түсіндіру). Ерікті автономды өзіндік күш ретінде қарастырады.
ИНДИВИД–адамзат тегінің жеке өкілі, адамзаттың барлық психофизиологиялық және әлеуметтіксипаттарын: ақыл, ерік, қажеттілік, қызығушылық т.б.таратушы.
ИНДИВИДУАЛДЫ БЕЙСАНАЛЫҚ – жеке адамның тұлғалық тәжірибесін бейнелейді және ол әсерленушіліктен тұрады, бұрын саналы болған, бірақ басу мен естен шығаруда өзінің саналы мінезін жоғалтты. (Юнг)
ИНТЕЛЛЕКТ, Бергсон бойынша–бұл саналы және пайымдық таным, физика-математика ғылымдарындағы ең жоғарғы әдістердің бірі. Интеллект денеде әлемнің тұтастығын, денені элементтерде ыдыратады.
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ИНТУИЦИЯ–бұл нақты және айқындалған көрініс, сананың көмегімен таза санада туған, қарапайым және анық, ешқандай күмән туғызбайды.(Декарт). Ең жоғарғы философиялық шығармашылық және өзіндік бағыттауы мүмкін теп теңдік негізде болуы мүмкін құрал ретінде қызмет атқарады. (Шеллинг).
ИНТУИЦИЯ, Бергсонинтуицияны талдаудың нәтижесін іштей көре білу, сезіну деп қарастырады. Қарастыру, көру, андау, сонымен бірге рухани көру, ұғыну, шабыттану, түсіну, ұғыну. Ақиқатты дәлелсіз тура нақты қабылдау қабілеті.Интуитивті білім:заттың мәнін ұғыну. Жаңа замандағы философияда интуиция таным қызметінің ерекше түрі ретінде қарастырылды.
ИРРАЦИОНАЛИЗМ –ақылдың, тәжірибелік ойлаудың танымдық мүмкіндіктері шектеулі деп санайтын және руханилықты, сезімді, түйсікті, қиялды дүниетанымның негізі деп есептейтін рационализмге қарама-қарсы таным жүйесі.
КАТЕГОРИЯ (гр. kategoria – пікір айту, куәгерлік) –дүниедегі заттар мен құбылыстардың және таным процесінің неғұрлым ортақ және елеулі байланыстарын көрсететін бірегей, іргелі логикалқы ұғымдар. Ежелгі заман ғылымынң осы саладағы жетістіктері грек ойшылы Аристотельдің «Категориялар» деген еңбегінде жинақталған.
КОНВЕНЦИОНАЛИЗМ - ғылымның философиялық талқылауындағы идеалистік бағыт, материалдық және жаратылыстану ғылымы ілімі негізіне еркін келісім жататын, таңдау тек қана жайлықты ойлаумен жан-жақтылық, «ой экономиясы қағидасымен» және т.б. реттеледі. Негізін қалаған - А. Пуанкаре; оның принциптері Р. Карнап және К. Айдукевичтің еңбектерінде көрініс тапқан. Неопозитивизм, операционализм, прагматизм үшін конвенционализм элементтері сипатталады.
КОНЦЕПТУАЛИЗМ - схоластикалық философияның бағыты; өкілдері- Абеляр, Иоанн Солсберийский және т.б.. Универсалиялер туралы дауда концептуалистер, номиналистер сияқты (Номинализм), реализм ілімін терістейді. (Ортағасырлық реализм), жеке заттардан шынайы тәуелсіз өмір сүретін жалпылықты терістеді, бірақ номиналистерден ерекшелігі санада жалпы ұғымдардың өмір сүруін мойындады.
КҮМӘН – ерекшелігі сол, жалпы жұрт танығандығында, (пікір) сонымен қатар, нақ өзі (білім).
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ПЕН ЗҰЛЫМДЫҚ- моральдық-этикалық категориялардың бірі, яғни адам-мінез құлқының адагершіліктік құндылығы бағаланады.
ҚАБЫЛДАУ- сыртқы дүниенің сезім мүшелерінеәсерінен туған заттың тұтас бейнесі. Біз дүниедегі заттар мен құбылыстарды белгілі бір уақытта және кеңістікте қабылдаймыз. Уақыт пен кеңістіктен тыс жатқан нәрсе болмайды.Кеңістікте қабылдау деп – дүниедегі заттар мен құбылыстардың белгілі бір орнын, мөлшерін, көлемін, алыс-жақындығын санамызда бейнелеуін айтамыз.
ҚҰДАЙ–бүкіл әлемнің жаратушысы және соны басқаратын бейне; иудаизмде - Яхве, исламда - Аллах, христианда – қасиетті үштік (құдай-әке, құдай-ұлжәнеқұдай-қасиетті рух). Құдай туралы түсінік қазіргі кездегі дін формасының негізін құрайды.
ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ МАҚСАТ- әлеуметтік-детерминдендірілген әлеуметтік субьектінің бейімделуі алдын ала обьектіге, заттарға, адамға, құбылысқа, оқиғаға айқындалған қатынасы.
ҚАБЫЛДАУ– бұл жеке жақтың, процестің, обьективті дүние құбылысының сезімдік бейнесі.
ҚОРҚЫНЫШ– барлық тіршіліктің негізінде жатқан, бастапқы уайым.
ЛОГОС – ақыл.
ЛОГИКАЛЫҚ ПОЗИТИВИЗМ - философияның және таным теориясының пәні болып табылмайды, оның шешімі дүниеге көзқарастық мәселеге енуге мәжбүр, ал бұл метафизикалық мәселелер аумағындағы философиялық ойлауды қозғамаудан құтыла алмайды.
МӘҢГІЛІК АҚИҚАТ- танымның даму барысында ақиқатты жоққа шығаруға болмайтындығын білдіретін термин. Осы мазмұнда мәңгілік ақиқат абсолютті ақиқатпен бара бар.
МӘҢГІЛІК-дүниенің, болмыстың, материяның шексіз өмір сүруін білдіретін философиялық категория. Материя уақыт жағынан да, кеңістікте өмір сүруімен де мәңгі болып есептеледі. Мәңгілік дүниенің материалды екендігін дәлелдеп, оның өзара бірлікте екенін көрсетеді.Мәңгілік өзі адамдардың рухани, материалдық байлығының өміршеңдігімен, олардың үнемі дамып, жетіліп, өркендеуімен тығыз байланысты.
МИФТІҢ ДИАХРОНИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ – өтіп кеткен өмір жайлы.
МЕТАФИЗИКА–алғашқы себеп, болмыстың алғашқылығы туралы ілім (Аристотель).
МИЛЕТ МЕКТЕБІ- ежелгі Грекиядағы көне философиялық мектеп (б.з.б. 6 ғ.). Негізгі өкілдері – Фалес, Анаксимен, Анаксимандр. Милет қаласының атымен аталған. Милет философтары құбылыстың мәніне байсалдылықпен қарап, барлық заттар біртұтас алғашқы негізден пайда болған, әр алуанқұбылыстардың ар жағында онан өзгеше заттардың мәні (“алғашқы негіз”) бар деп білді.
МАТЕРИАЛИЗМ(лат. materialis - заттық) - идеализмге қарама - қарсы философиялық бағыт. Материалистер дүниенің алғашқы бастамасы деп материяны есептейді.
МАТЕРИЯ - бұл философиялық абстракция, табиғат құбылыстарының және процестерінің көп қырлылығын білдіретін ұғым.
МӘН – белгілі бір нәрсенің мазмұны, барлық басқа заттармен салыстырғанда белгілі бір жағдайдың әсерімен өзгеріске ұшыраған қалпыен салыстырғанда оның ешнәрсеге қатынассыз бірегейлігі. Мән ұғымы кез келген философиялық жүйе үшін, мәннің болмысқа және зат мәннің санаға, ой тұжырымдауға қатысы тұрғысынан алғанда бұл жүйені ажырату үшін өте маңызды. Обьективті идеализм үшін болмыс, шындық және өмір сүру ешнәрсеге қатыспайтын, мызғымайтын абсолют деп қаралатын мәнге тәуелді. Мұндай жағдайда заттың мәні барлық затта туындап, соны басшылыққа алатын ерекше идеалды шындықты құрайды (Платон, Гегель).
МӘН ЖӘНЕ ҚҰБЫЛЫС– дүниедегі барлық обьектілер мен процестердің аса қажетті жақтарын бейнелейтін философиялық категория. Мән материалдық жүйенің дамуының негізгі қасиеті мен қалыпты бағдарын айқындайтын тамырлы байланыстардың, қатынастардың және ішкі заңдардың жиынтығы. Құбылыс – шындықтың сыртқары жақтарын байқайтын және кейде мәннің байқалу формасын алға тосатын дәне анықтайтын нақты оқиғалар, мәндер немесе процестер. Мән менқұбылыс өзара тығыз байланысты. Дүниеде нәрседен тыс болмайтын және танылмайтын мәннің болмайтыны сияқты, өз бойына мән туралы ешбір ақпаратты сіңірмейтін құбылыс жоқ.
МИФ–дүниеге көзқарастың ерекше түрі, ұжымдық өмір мен табиғат құбылыстары туралы синкретті, бейнелі, айырықша көрінісі.
МИФОЛОГИЯ - адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы. Миф сананың әлі толық жетілмеген біртұтас ең көне формасы. Мифология гректің mifos – аңыз, ертегі және logos – ілім, білім деген сөздерінен шыққан. Қоғам дамуының бастапқы сатыларында қоғамдық сананың формасы мифтер барлық халықтарда болды. Мифологияда сыртқы дүние мен адам, ой мен сезім, зат пен идея, объективтік және субъективтік дүниелер арасында айқын шекара болмады.
МИФОЛОГИЯЛЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ – теориялық пікірлер мен дәлелдерге негізделмеген дүниеге көзқарас, көркемдік-эмоционалды әсіреленушілікке, немесе қоғамдық елеске сәйкес емес қабылдауларымен туған үлкен адамдар тобы мен әлеуметтік процестер (кластармен, ұлттармен) және өзінің олардағы ролі.
МӘДЕНИТ–ұжымдық ойды, құндылықтарды, мінез құлық нормалармен бөлісетін және индивид пен қауымға тән жүйе.
МИСТИЦИЗМ–адамзаттық танымдағы құдіреттілік туралы терең ой.(ортағасыр философиясы).
МОДУС–өзімен өзі өмір сүре бермейді, ол басқаша айтқанда, шынайы әлемде атрибуттар нақтылыққа айналады.
МОНИЗМ (гр. monos - бір, жалғыз) –дуализмге қарама қарсы, дүниенің екі бастамасы бар деп есептейтін философиялық бағыт.(материя немесе рух).
«МАТЕРИАЛДЫ СУБСТАНЦИЯ» – тәндік субстанция, кеңістіктегі тартылыстың қасиетіне ие болады. (Декарт). Мұндай субстанцияның тіршілік етуін дәлелдеу қажет. Ол геометриялық жолмен дәлелденеді. Оны физика зерттейді.
МИФТІҢ СИНХРОНИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ–осы шақ пен болашақтың түсіндірілуі.
НЕОГЕГЕЛЬЯНДЫҚ–19ғ. аяғы мен 2ғ. әртүрлі философиялық ағымдардың бірі. Г.В.Ф. Гегель ілімін жандандыру негізінде тұтас дүниетанымды жасауға ұмтылды.
НЕОСХОЛАСТИКА,жинақталған ұғым, католиктік философияның әртүрлі ағымдарын біріктіруші, ортағасырлық схоластиканы қайта жасауға ұмтылған бағыт. 19ғ. басында пайда болды, неосхоластиканың басты бағыты неотомизм болғанда 19ғ. аяғында ерекше дамуда болды.
НОМИНАЛИЗМ - ортағасырлық схоластикалық философияның бағыты, реализмге қарсы, жалпы ұғымдардың шынайы өмір сүретінін жоққа шығарды, (универсалий), тек атаулар ғана жеке қмір сүреді деп есептеді (лат. nomen ат, nominalis атау).
НИГИЛИЗМ - (лат. nihil ештеңе), жалпы қабылданған құндылықтарды терістеу: идеалды, моральдық нормаларды, мәдениетті, қоғамдық өмір формалары.
НАНЫМ– субьектінің жағдайы, ол жеке адамның рухани дүниесімен тығыз байланысты болады, идеяларда бейнеленетін, обьект туралы белгілі бір ақпарат хабарының негізінде пайда болады. Басқа да сезімдермен қатар наным сезімімен қосарласып, адам қызметінің мотиві, стимулы, мақсаты және бағдары болып табылады.
НАТУРФИЛОСОФИЯ - (нем. Naturphilosophie), табиғат философиясы, табиғатты тұтастықта қарастыра отырып, ойша талқылайды.
НАТУРАЛИЗМ- (франц. naturalisme, лат. Naturalis-табиғи)философияда табиғатты барлық нәрсенің түп негізі, тану мен түсіндірудің әмбебап принципі ретінде қарастыратын философиялық бағыт.
НЕОТОМИЗМ, Фома Аквинскийдің іліміне негізделген католик шіркеуінің философиялық қағидасы, қазіргі заманғы философияның басты бағыттарының бірі. Неотомизмді папа Лев ХІІІ (1879) христиандық қағидаларға сәйкес келетін бірден-бір ақиқат философия ретінде мойындады. Неотомизм – қазіргі объективті идеализмнің діни формасы. Неотомистер ең жоғары шындық ретінде “таза болмысты” мойындайды, ол – рухани, құдайлық бастау. Олар үшін онтологияның негізгі категориялары “құдай” мен “әлем”.
ОЙЛАУ-объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген.
ОБЪЕКТ-зат, іс әрекетке бағытталған. Субъектінің танымдық және өзге де қызметі бағытталған. Әмбебап объектісі табиғат, қоғам мен адам болып табылады.
ОНТОЛОГИЯ - (онтос - болмыс)болмыс туралы ілім, әлемдегі заттардың фундаменталды мәні (мысалы, саналылар бар ма) табиғаты айқындаумен айналысатын философияның (және метафизиканың) бөлімі.Жалпылық негізін, болмыс принциптерін, оның құрылымы мен заңдылықтарын қарастырады.
ОЙ ҚОРЫТЫНДЫСЫ – алғышарттар делінетін бір немесе бірнеше пікірлерден жаңа пікір туады да «қорытынды немесе нәтиже деп аталады), оның алғы шарттардан логикалық түрде қорытылып шығуының барысында келіп тірелетін пікір қорыту. Алғышартардан қорытындыға ауысу процесі логиканың белгілі бір ережесі бойынша жүзеге асады.О.қ. – ның алғышарттары мен қорытындыларының өзара шектелуі және оның құрылымынң айқындалуы ой қорытындысының логикалық анализін құрайды.
ОЙ ТҰЖЫРЫМЫ- берілген бір немесе бірнеше өзара байланысты пайымдардан жаңа пайым қорытып шығаратын ойлау формасы.
ОЙШЫЛ СУБСТАНЦИЯ- бұл идеалды субстанция, ойлаудың қасиетін иеленуші. Декарт «Мен ойлаймын, олай болса өмір сүремін, ал ойлау, нақтылық». Оны метафизика зерттейді.
ӨРКЕНИЕТ – тар мағынада: бұл материалдық мәдениет, кең мағынада: - бұл материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. «Өркениетті» түсіндірудің төрт тәсілі:
§ мәдени (әлеуметтік-мәдени білім). Вебер, Тойнби: өркениет – ерекше әлеуметтік-мәдени феномен, шектеулі анықталған кеңістіктік-уақыттық шекпен, дін оның негізін құрайды. Тайлор: Өркениет - білім, наным, өнер, адамгершілік және әдеттер, адаммен игерілген қоғамның мүшесі ретінде.
§ әлеуметтік (әлеуметтік білім). Уилкинсон: Әлеуметтік білім, ортақ уақыттық және кеңістіктік параметрі бар, қалалық орталық маңына жинақталған, олардың әрекеті механизмнің арқасында, әлеуметтік-саяси бірінші кезекте болады.
§ этнопсихологиялық: өркениет ұғымы этникалық ерекшеліктермен, халықтың мәдени және психологиясымен байланысты (Л. Гумилев),
§ географиялық: географиялық ортаға әсер етеді.
ӨЛШЕМ – заттың сапалық және сандық сипаттарының бірлігі, берілген сапаның өзін сақтай отырып, сандық өзгерістердің шегін білдіреді. (Гегель).
ПАНТЕИЗМ(гр. pan – бәрі және theos - құдай) - құдай мен әлем біртұтас деп танитын, құдіретті табиғатпен бірлікте қарастыратын философиялық ілім; Құдай барлығы деген ілім; бар ғаламды, табиғатты дәріптеу ілімі. Пантеизм табиғаттың ішкі сырларын бейнесіз әлемдік рух деп танып, табиғаттан тыс бастамалардың барлығын жоққа шығарады. Еуропада 16 – 17 ғасырларда пантеистік бағытты дамытқан Д.Кардано, Т.Кампанелла, Дж.Бруно, т.б. болды. Бруноның пікірінше, “табиғаттан тыс ешқандай күш жоқ. Табиғат өз заңдылығымен дамиды.Нидерланд философы Б.Спиноза пантеистік дәстүрге сүйене отырып, өзінің жан-жақты материалистік философиялық жүйесін қалыптастырды.
ПАНПСИХИЗМ(гр. pan-барлығы және psyche-жан) – барлық табиғатқа жандылық, психикаға тән делінетін идеалистік көзқарас, анимизмнің философиялық тұрғыдан айтылуы. ІІ-ге Бруно 19ғ.-да Герберт, Фехнер және т.б. жақын болды. Бұл көзқарасты көптеген философ-идеалистер (персоналистер, Уайтхед, сыншыл реалист Ч.Отронг, аналитикалық психологияның негізін салушы К.Г.Юнг және т.б.) ашық жақтады.
ПАРАДИГМА(гр. paradeigma -үлгі) - теориялық көзқарастардың, методологиялық принциптердің, әдістемелік қабылдаудың және эмпиризмдік нәтижелердің бірігу жүйесі; ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған және болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиыны.
ПОСТКЛАССИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ – гегельдік кезеңнен кейінгі XIXғ.аяғы мен –XXғ.басындағы батысевропалық философия кезеңі.
ПРАВОСЛАВИЕ(гр. orthodoxia) - христиан дінінің бір тармағы, Шығыс Европа, Таяу Шығыс және Балкан елдерінде кең тараған. П. 11ғ. Батыс пен Шығыс Европада феодализмнің даму жолы барысында толығымен бөлініп шықты.
ПРАГМАТИЗМ (гр. pragma - әс, әрекет) – қазіргі заманғы философиядағы субъективті-идеалистік ағым ретінде кең тарады. Прагматизм негізінде ақиқаттың мәнділігі оның прагматикалық тиімділігімен анықталады деген “прагматизм принципі” жатыр. Прагматизм іргелі ақиқатты іздестіру қажеттілігін мойындамайды және абстрактылы философиялық жүйелер жасаудан бас тартады.
ПАТРИСТИКА – пұтқа табынушылыққа қарсы христиан дінінің догматтарын қорғайтын, діни нанымның ежелгі философиямен үйлеспейді дейтін «шіркеу әкейлері» ілімі.
ПРАКТИКА - қоғамдық өндірісте табиғатты, қоғамдық қатынастарды өзгертуге бағытталған адамның мақсатты мәнді қызметі тарихи қалыптасқан өмір сүру әрекетінің сезімдік заттық нысаны, адамның дүниеге қатынасы, адамдық болмыстың тәсілі, тәжірибесі.
ПСИХОАНАЛИЗ – З.Фрейд ұсынған жүйке және психалық ауруларының жалпы териясы мен емдеу әдісі, фрейдизмнің теориялық негіздерінің бірі.
ПСИХОЛОГИЯ (гр. psyche – жан және logos - ілім) – адам қызметі мен жануарлар құлқындағы обьективті шындықтың психикалық бейнеленуінің пайда болу және әреке заңдылықтары туралы ғылым. П. өте ертеде тұрып, ұзақ уақыт бойы философия қойнауында дами отырып, П.ұғымдарын алғаш жүйелеген Аристотель еңбектерінде жоғары деңгейге дейін көтерілді.
ПОЗИТИВИЗМ (лат. positivus – оң, жағымды) –шетел философиясының нақты ғылымдарды нағыз, шынайы білімнің бірден-бір көзі деп жариялайтын және философиялық зерттеудің танымдық маңызын теріске шығаратын бағыты. Нағыз ақиқат ғылымның жеке салаларында ғана пайда болып, қалыптасатын, философиялық зерттеулердің ешқандай танымдық құны жоқ деген тезиске сүйенетін философиялық бағыт.
ПІКІР– заттар, белгілер немесе зет пен оның белгілері арасындағы қарым қатынаста (терістеу не қостау) түрінде бейнелейтін ойлау формасы.
РАЦИОНАЛИЗМ - болмыстың, танымның, моральдың негізі ақыл деп санайтын философиялық ілім.
РЕАЛИЗМ- (лат. realis шындық, заттық), - әдебиет пен өнерде өмір құбылыстарын шынайы қалпында, нақтылық белгілерін сақтай отырып, жинақтап бейнелейтін көркемдік әдіс. Реализм әдісі өмір құбылыстарын, маңызды қоғамдық мәселелерді, күнделікті тұрмыстағы сан алуан жайттарды мейлінше кең қамтып, әлеуметтік қайшылықтарды, адам бейнесін терең ашып көрсетуді мақсат тұтады. Реализмнің өмір шындығын бейнелеудегі әдісі, стильдік формасы алуан түрлі.
РЕАЛДЫЛЫҚ - заттылық, шындық. Объективті реалдылық– адам еркінен тәуелсіз өмір сүретін объктивті дүние. Субъективті реалдылық - керісінше.
РЕЛЯТИВИЗМ - дүниедегі барлық заттар мен құбылыстар өзара тек салыстырмалы қарым-қатынаста болады деген методологиялық қағида. Релятивизм заттардың, құбылыстардың, ғылыми теорияның, адамгершілік құндылықтардың, моральдық нормалардың, т.б. баяндылығын, тұрақтылығын, абсолютті мәнін жоққа шығарады.
РЕФЛЕКСИЯ (ІШКІ)– бейнелеуді, сондай-ақ таным актісін зерттеуді білдіретін термин. Сананы өз өзіне үңілдіруді өз психикалық күйіне ой жүгіртушілікті сипаттайды.
РУХ ФЕНОМЕНОЛОГИЯСЫ – бұл бір уақытта бүкіл әлемдік мәдениеттің даму процессі, адамзаттың рухани тәжірибесінің жинақтауы және осы тәжірибені нақты индивидтің меңгеруі (индивидтің әлеуметтену процессі).
СЕКІРІС-сандық өзгерістер нәтижесіндегі зат немесе құбылыстың түбегейлі, сапалы өзгеруінің сатысы, ескі сапаның жаңа сапаға айналуы сәті немесе кезеңі. (Гегель)
СКЕПТИЦИЗМ (гр. skeptikos - қараймын, зерттеймін) - объективті шындықты дұрыс тану мүмкіндігіне күдікпен қарайтын философиялық бағыт.
САПА–бұл заттың ішкі айқындылығы, белгілі бір материалдық және рухани қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін пайдалы қасиеттердің жиынтығы. Беріктік, төзімділік, үнемділік, көркемдік-эстетикалық, т.б. көрсеткіштерімен сипатталады. Сапаны айқындайтын қасиеттер абсолютті, салыстырмалы немесе үлестік болуы мүмкін және субъективтік, объективтік немесе сараптамалық жолдармен өлшенеді
САН – сыртқы болмыс үшін анықталғандық, басқа зат үшін әлдебір нәрсе, мөлшерді сипаттайтын, санауда пайдаланылатын абстракт нәрсе (Гегель).
САНА- тек адамға ғана тән, оның тілімен байланысты, адам миының жоғары функциясы. Ол нағыздықтың бейнеленуінің жалпылама және мақсатты бағытталғандығынан, жоспарлы әрекеттің адамның тәртібінен, өзін-өзі ақылмен реттеуінен және бақылауынан көрініс табады.
СОЛИПСИЗМ–тек адам және оның санасы ғана өмір сүреді, ол обьективті дүние, оның ішінде адамдар да бар, жеке адам санасында ғана өмір сүреді дейтін субьективтік-идеалистік теория. Солипсизмдік көзқарас адамның іс әрекеті мен ғылым мәнін жоққа шығарады.
СОТЕРИОЛОГИЗМ–жанды құтқарудағы адамның барлық өмірлік іс әрекетінің бағдары.
СТРУКТУРАЛИЗМ- қазіргі ғылым мен философияның тоғысындағы бағыт, гуманитарлық ғылымдарға нақты ғылым ретінде мәртебе беруге ұмтылуды қөрсетеді.
СУБСТРАТ– бірліктің, тұтастықтың негізі, әртүрлі заттардың және жеке бір зат қасиеттерінің, нәрселер мен олардың жиынтығының т.пкі біртектілігі.
СУБСТАНЦИЯ–ішкі бірлік тұрғысынан барлық формаларымен оның өздігінен дамуының табиғат пен тарихтың барлық алуан түрлі құбылыстарының, соның ішінде адам мен оның санасының обьективті реалдылығы, сол себепті ғылыми танымның, нақтының теориялық бейнеленуінің іргелі категориясы.
СУБЪЕКТ - материалды мақсатты әрекетті тасушы, оны обьектімен байланыстырушы. Бұл белсенді, харекетшіл мән, осуществляющее шындықтағы мақсатты тұжырымдап және қайта жасап жүзеге асырады.
СЕЗІМДІЛІК– «адам табиғатының», оның тәнінің, санасының, еркінің, «жүрегінің» синтетикалық, антропологиялық қасиетінің жалпыланған сипаттамасы. (Л.Фейербах)
СЦИЕНТИЗМ– мәдениет жүйесіндегі, қоғамның рухани өміріндегі ғылымның рөлін абсолюттендіруге негізделген концепция.
СЫНИ РАЦИОНАЛИЗМ– оқып үйренудің пәні пікір айту емес, тұтас, дамитын жүйе ретінде ғылым болып табылады.(К.Поппер, Т.Кун, И.Лакатос, П.Фейерабенд).
ТҰЛҒА –бұл жасампаз толыққанды және мәдени-тарихи іс әрекеттің өкілі.Тұлғаның іргелі қасиеті - еркнідік.
ТЕРІСТЕУДІ ТЕРІСТЕУ ЗАҢЫ–диалектиканың негізгі заңдарының бірі. Алғаш рет Гегельдің идеалистік жүйесінде тұжырымдалған. Т.Т.З. сабақтастықты, дамудың спиральтектестігін, жаңаның ескімен сабақтастық арқылы байланысын, дамудың жоғарғы сатысында бірқатар төменгі сатыларға тән кейбір қасиеттердің ерекше түрде қайталанатындығын көрсетіп, дамудың прогресті сипатын көрсетеді. Диалектиканың үшінші заңы. Даму процесінің бағыттылығы және жалпы нәтижесі.
ТАНЫМ - адам іс әрекетінің шығармашылығындағы қоғамдық-тарихи процесс, адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы түрі. Адам таным бойынша қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері арқылы таниды
ТҮСІНІК- заттың, кұбылыстың ең елеулі касиеттерін, байланыстарын, қатынастарын көрсететін ойлаудың формасы. Түсініктің негізгі қызметі - берілген топтың жеке заттарының барлық ерекшеліктерінен назарын аударту арқылы жүзеге асатын жалпылылықты бөлу.
ТАНЫМ - адам іс әрекетінің шығармашылығындағы қоғамдық-тарихи процесс, адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы түрі. Адам таным бойынша қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері арқылы таниды
ТҮСІНІК- заттың, кұбылыстың ең елеулі касиеттерін, байланыстарын, қатынастарын көрсететін ойлаудың формасы. Түсініктің негізгі қызметі - берілген топтың жеке заттарының барлық ерекшеліктерінен назарын аударту арқылы жүзеге асатын жалпылылықты бөлу.
УНИВЕРСАЛИЗМ – шындықты танудың философиялық тәсілі.
УНИВЕРСАЛИИ (лат. universalis - жалпы), жалпы ұғымдар. Универсалийдің онтологиялық статусы ортағасырлық философияның басты мәселелерінің бірі. (10-14ғ.ғ. универсалийлер туалы дау): мәңгі идеалды бейне ретінде, универсалийлер «заттарға дейін» өмір сүреді, (платонизм, соңғы реализм), «заттарда» (аристотелизм, қалапыты реализм), «заттардан кейін» адамның ойында (номинализм, концептуализм).
ҰЛТ(лат. nati'o - халық) - қандай да бір аумақта тұрақты дамыған немесе бүкіл жер шарын жайлаған адамдар жиынтығы. Белгілі бір аумақта тарихи қалыптасқан, оның өмір сүруін қамтамасыз етіп, оған өзіндік түр беретін субстанционалды-рухани негізі бар, бірыңғай тіл, мәдени, психологиялық, ділдік (менталитет), өмір салты сияқты ерекшеліктер тән әлеуметтік қауым.
ҰЖЫМДЫҚ БЕЙСАНАЛЫҚ- адамның өткен өміріндегі сананың жасырын іздері, сонымен қатар адамға дейінгі хайуандық күй. Ол зафиксировано в мифологияда, халық эпосында, діни нанымдарда жазылған және пайда болады, яғни қазіргі адамдарда түс көру арқылы сыртқа шығады. (Юнг).
ХАЛЫҚ- қарапайым мағынада - қандай да бір аумақта тұрақты дамыған немесе бүкіл жер шарын жайлаған адамдар жиынтығы; ал ғылыми мағынада, адамдард қауымының тарихи өзгергендігі, өзінің обьективті жағдайымен білгілі кезеңде белгілі бір мемлекеттің прогрессивті дамуын шешуде қауым болып қатысуға қабілетті.
ТАБИҒАТ:
1) кері мағынада – өзінің шексіз көптүрлілігімен көрінетін бізді қоршаған дүние; Табиғат осы мағынада, материя, универсум, Жер жүзі ұғымдарымен бір қатарда тұрады.
2) Неғұрлым тар мағынасында – ғылым объектісі, нақтырақ – жартылыстанудың тұтас объектісі («табиғат туралы ілім»).
3) Табиғат ұғымын талқылаудың неғұрлым кең қолданысы, ол адам қоғамының тіршілік ету шарттарының жиынтығы.
ТЕИЗМ (гр. theos - Құдай) – ақыл-ойы мен ерігі бар жұмбақ түрде барлық материалдық және рухани процестерге ықпал ететін жаратылыстан тыс тіршілік иесі ретіндегі және құдайды иойындайтын діни-философиялық ілім. Дүниеде болып жатқанның бәрін Т. Құдайдың құдіреті деп қарастырады.
ТІЛ– белгілер мен символдардың жүйесі, анықталған мағынамен жасалған.
ТЕОЛОГИЯ (гр. theos – құдай және logos - ілім), немесе құдай туралы дін ілімі – белгілі діннің ілімдерін жүйелеу. Таураттың алғашқы дүние жүзі соборлар қаулылары мен «шіркеу аталарының» ілімдеріне («киелі жазбалар» мен «киелі аңыздарына») сүйенетін христиан теологиясы негізігі діни ілімге (іргелі теология, апологетикаға), догматтық діни ілімге және т.б. бөлінеді.
ТОМИЗМ, Фома Аквинский ілімі және католиктік философия мен теологияға негізделген, христиандық догматтарды Аристотель әдісімен біріктіруші бағыт. 13ғ. августиндік платонизмді бағалап әрі аверроизмге қарсы шығып, схоластикада басым жағдайды иеленді.
ФЕНОМЕНОЛОГИЯ(гр. phainomenon — являющийся) — ХХ ғ. философиялық бағыттардың бірі, Эдмунд Гуссерль мен Мартин Хайдеггердің есімдерімен байланысты. Ф. ерекшелігі философиялық ілім ретінде зерттеушінің назары әлемге емес, әлемдегі заттарға емес, соларды ұғынудағы сананың әрекетіне аударылуы тиіс. Әлемнің санада құбылуы феномен деп аталады.Егер санадан тыс болмыс жоқ десек, іс жүзінде таза сананың болуы да мүмкін емес. Сана тек бір нәрсе жөніндегі сана ретінде тірлік етеді. Басты негізгі методологиялық қабылдау Ф. — феноменологиялық редукция — санамен рефлексивті жұмыс, таза сана немесе сана мәнін анықтау бағыты.
ФИЛОСОФИЯ (гр. phileo – сүйемен және sophia - даналық) –адамның қоршаған дүниге қатынасының жолпы формаларымен заңдылықтарын зерттейтін ілім.
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АНТРОПОЛОГИЯ - адам мәселелерін жан жақты қарастыратын,философиялық білімнің бөлімі.
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БАҒЫТТАР - философиялық ағымдар жиынтығы (демек ілімдер мен мектептер), бір бірінің қарауындағы барлық айырмашылықтарды, приципиалды мәні бар, кейбір жалпылықты сақтап қалады.
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ІЛІМ – бұл анықталған логикалық бір бірімен байланысты көзқарастар.
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МЕКТЕПТЕР – қандайда бір негізгі идеялық принциптерді біріктіретін, философиялық ілімдер жинағы.
ФОРМА – Аристотель бойынша, өмір бастауы мен әрекетінің белсенді бастамасы.
ФРАНКФУРТ МЕКТЕБІ20ғ. неміс философиясы менәлеуметтануында 30ж.ж. басында пайда болды, Франкфурте-на-Майнеде әлеуметтік зерттеу институты (1931, 1934-39ж.ж. Женева менПарижде, 1939-46ж.ж. АҚШ-та),көрнекті өкілдері: М. Хоркхаймер, Т. Адорно, Г. Маркузе, Э. Фромм, Хабермас.
ЭКЛЕКТИКА (гр. ekiego - таңдаймын) – әртүрлі, көбінесе қарама қайшы көзқарастардың, теориялық алғышарттардың, саяси бағдарлардың және т.б. тоғысуы. Мәселен, материализм мен идеализмді ұштастыру сипаты да бар.