Курс студенттеріне арналған қорытынды бақылау сұрақтары

Азақ тілі» пәнінен «жалғастырушы» деңгей бойынша

курс студенттеріне арналған қорытынды бақылау сұрақтары

1. Әл-Фараби алғашқы білімін қай тілде алған? қыпшақ тілінде алды

2. Аристотельдің «Риторика» еңбегін екі жүз рет оқып шыққан кім? Әл-Фараби

3. Әл-Фараби ғылым мен өнердің барлық саласы бойынша қаншадан астам еңбек жазған: 150-ден астам еңбек жазған

4. Абай қайсы өлеңінде би-болыстарды сынға алған? «Болыс болдым, мінеки»

5. Араб жазуынан ұлттық әліпби құрастырып шыққан ғалым. А.Байтұрсынұлы

6. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе қай жылы берілді? 1989

7. Нағашы деген кім? ана жағынан туыстар

8. Жігіттің үш жұртын көрсетіңіз. нағашы жұрты, өз жұрты, қайын жұрты

9. Абайдың тікелей тапсыруымен жазылған Ш.Құдайбердіұлының шығармасын табыңыз. «Еңлік-Кебек» дастаны

10. Нәрестелі болғанда, келін түсіргенде оларды бірінші рет көрсету үшін не сұралады көрімдік

11. Келін түсіруге байланысты сөз: беташар

12. Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қай жерде басылып шықты? 1909 ж. Петербор

13. М.Әуезовтің ең алғашқы шығармасы қалай аталады? «Дауыл»

14. Алыс жерден жолаушылап жүрген, аяқ астынан келген қонақ қалай аталады? құдайы қонақ

15. Ж.Аймауытов «Жан жүйесі және өнер таңдау» ғылыми еңбегін қай жылы жазған? 1926

16. «Қонақкәде» дегеніміз не? Қонақтың үй иесінің өтінішімен ән айтуы, күй шертуі

17. Ж.Аймауытовтың шығармасына жатпайтын шығарманы табыңыз. «Қазақ салты»

18. Ақсақ Темір нешінші ғасырда Қожа Ахмет Яссауиге арнап күмбез тұрғызды? ХІV ғасырдың аяғында

19. Ш.Құдайбердіұлының шығармасына жатпайтын туындыны көрсетіңіз. «Мансапқорлар»

20. Құрманғазының Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліске арнап шығарған күйі қалай аталады? Кішкентай

21. Ұлттық құндылықтарға нелер жатады?рухани дүниелер

22. Отбасылық құндылықтарға нелер жатады? балаларға жақсы тәлім-тәрбие беру

23. Қожа Ахмет Иасауи кесенесі қай жерде орналасқан? Түркістан қаласында

24. Отырар маңында Орта ғасырда қай ғалым дүниеге келген? Әл-Фараби

25. Қожа Ахмет Иасауидің еңбегі:«Диуани Хикмет»

26. «Жиенқұрық» қандай дәстүрге жатады? қыздың балаларына берілетін сыйлық

27. Cәйкес жауабын табыңыз. Сыралғы – ........аңшыдан сұралатын кәде

28. Мына дәстүрлердің қайсысы қонақжайлылыққа қатысты? ерулік

29. Абайдың өлеңін атаңыз: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

30. «Қазақтың ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңдері» атты кітабы қай жылы, қай қалада шықты? 1909 ж., Петербургте

31. Әз (данышпан) атағын иемденген хандар:Тәуке хан мен Жәнібек хан

32. «Енші беру» қандай дәстүр? баланы үйлендіріп, жеке үй етіп, бөлек шығару

33. «Дарабоз» есімі қай батырға берілген? Қабанбай батыр

34. Абайдың неше қара сөзі бар?45

35. Абайдың тапсыруымен Шәкәрім қандай шығарма жазған? Еңлік-Кебек

36. Мақалдың екінші жартысын көрсетіңіз: «Батыр туса – ел ырысы, …» жаңбыр жауса – жер ырысы.

37. Мына мақалдың: «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі»тақырыбын анықтаңыз.

38. Батырлық, ерлік тақырыбы.

39. «Біржан мен Сара» айтысы айтыстың қай түріне жататындығын анықтаңыз. Қыз бен жігіт айтысы.

40. М.Әуезовтің Ж.Аймауытовпен бірігіп жазған алғаш мақаласы қалай аталады? Қазақтың өзгеше мінездері

41. Ж.Аймауытовтың романын атаңыз? Ақбілек

42. Шетелдерде білім алуға арналған қандай бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының Президентінің қаулысы қабылданды? Болашақ

43. Ойқұдық жайлауында алғаш рет сахналанған пьеса: Еңлік-Кебек

44. Құрманғазы оркестірінің алғашқы дирежері. Ахмет Жұбанов

45. Сөйлемді аяқтаңыз: Егер жаңбыр жауса, ...қолшатыр керек болады.

46. «Бодандық» сөзінің мағынасы қандай? Бағыныштылық.

47. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қай жылы алды? 1991

48. «Аяғы аспаннан келу» деген тұрақты сөз тіркесінің мағынасы: Сәтсіздікке ұрыну.

49. «Мұрнын шүйірді» – тұрақты сөз тіркесінің мағынасы: Менсінбеу

50. «Қой аузынан шөп алмас» – тұрақты сөз тіркесінің мағынасы: Момындық

51. «Айылын жимау». Тіркестің түрін ажыратыңыз.Тұрақты тіркес

52. Қазақстан қай жылы БҰҰ-ның толық мүшесі болды? 1992

53. ҚР-ның елтаңбасының авторы: Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков

54. ҚР-ның туының авторы: Шәкен Ниязбеков

55. «Мен қазақпын» өленінің авторы: Жұбан Молдағалиев

56. Адам өмірінде қандай 3 фактор дұрыс өмірді қамтамасыз етеді: Тамақ, киім, тұрғын үй

57. Көшпенділердің өмір салтына қандай тұрғын үй ыңғайлы болған: Киіз үй

58. Бір бөлмелі және пішіні тік төртбұрышты үйлер қай жерде кеңінен таралған: Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия

59. Тараз қаласында қанша ортағасырлық монша қалдығы табылды: 2

60. Киіз үйдің неше негізгі әбзелі бар: 4

61. Ас, тағам салуға арналып жасалған сандықтың үлкен түрі:Абажа

62. Еңселі, салтанатты үлкен киіз үй: Орда

63. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неде? Мақал – тура мағына, мәтел – ауыспалы

64. Мақал-мәтелдерге құрылымы мен ұғымды беру жағынан... жақын: Тұрақты тіркестерге

65. «Азды аяған көптен құр қалар» деген мақал қай тақырыпқа байланысты: Адамның мінез-құлқы туралы

66. «Заман түзелсе, жаман да түзеледі» аудармасы: Изменится век, изменится и плохой человек

67. «Бірлік болмай, .............» деген мақалды жалғастырыңыз «тірлік болмас»

68. Қадим мектептері қандай мектептер: Мұсылмандық дәстүрлі діни

69. Жәдид мектептер: Жаңа бағыттағы мұсылмандық мектептер

70. Кадим мектептерінде мектепке неше жастан бастап қабылданған: 7

71. Шетелде білім алуға арналған қандай бағдарлама бойынша ҚР-ның Президентінің қаулысы қабылданды? Болашақ

72. Қорық дегеніміз: Ғылыми және мәдени жағынан айрықша құнды, қорғалатын табиғи аумақ

73. Қазіргі таңда Қазақстанда ерекше күтімге арналған қанша қорық бар?10

74. Қазақстанның ұлттық паркі: Бурабай

75. Тараздан 12 шақырым қашықтықта орналасқан ХІ-ХІІ ғғ сәулет ескерткіштерінің бірі: Айша бибі кесенесі

76. Ең алғашқы бағдаршам қай жылы, қай қалада пайда болды? Лондонда, 1868 жылы

77. Бағдаршамды ойлап тапқан ағылшындық инженердің есімі кім? Найт

78. Джонатан Ценнек пен Фердинанд Браун не құрастырды? Лампалы теледидарды

79. Кеңес Одағы Жердің жасанды серігін қай жылы ұшырды? 1957

80. «Қазақ» газетін редакторы: Ахмет Байтұрсынұлы

81. Алашорда автономиялы үкіметінің тұңғыш төрағасы: Әлихан Бөкейханов

82. Голландиялық ғалым Х.Гюйгенс 1657 жылы қандай сағатты ойлап тапты? Маятникті сағат

83. Отыз жылда бір секундқа ғана қателесуі мүмкін сағат түрі: Кварцты сағат

84. Қазақстанның тұңғыш астанасы: Орынбор

85. Қызылорда қай жылдары Қазақстанның астанасы: 1925-1929 жж.

86. Алматыға алғашқы пойыз қай жылы келді: 1929 ж.

87. Мамандық туралы мақал мәтел тап: Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл!

88. Ұйымдастырушылық қабілет дегеніміз: Тапсырмаларды іске асыру барысындағы орындаушылық шеберлік

Наши рекомендации