Ріс. Орыстың революционер - демократ философтары. 1 страница

Сабақтың мақсаты:

Студенттерді орыс философиясымен таныстыру.

Жоспар:

1. XV-XVII ғасырлардағы орыс философиясының қалыптасуы. Славияндардың, визиантиялық мәдениеттің және неоплатонизмнің көзқарастарының әсері

2. XVIIIғ. Философиясы. А.Радишев. М. Ломоносов

3. XIX-XXғ. Басындағы философиясы. П.Чаадаевтың историософиясы. Славиандық және батысшылдық бағыттар. А.Хомяков, И. Киреевский, Н. Чернышевский философиялық идеялары

4.Діни –идиалистік философия: Ф. Достоевский, Л. Толстой , В.Соловьев, Бердяеев және т.б.

5.Орыс космизмі: Н.Федоров, В.Вернадский, К.Циколковский Рессейдегі мистикалық философия: Е.Блаватский, Н.Рерих, Е.Рерих, Д. Андреев

XVIII-XIX ғасырларда орыс халқының ілгері дамуына кедергі болған үш жауы болды. Олар: шаруалардың басыбайлығы, шіркеу және патша өкіметі. Сондықтан орыс халқының алдыңғы қатарлы ойшылдары бұл үшеуіне де қарсы шықты. Ол ресми халықшылдық теориясы деп аталды. Ең алдымен ұлы орыс ғалымы М.В Ломоносов (1711 - 1765) Ресей патшасының төңірегін жайлап, Ғылым академиясын билеп алған немістерден оны аластатып, тазартып, Ресей ғылымын дамытуда, физика, химия, лингвистика, басқа да ғылымдардың дараланып, ілгері басуына, дүние жүзілік деңгейге жақындауына үлесін қосты. Әсіресе, оның 1748 жылғы Л.Эйлерге жазған хатында зат пен қозғалыстың сақталу заңын табмғаттың ешуақытта жойылмайтын, жалпы заңдылығы деп қарады. Бұл материяның ешқашан жойылмайтындығы туралы пікір болатын. Осыдан келіп, әрбір, зат материядан тұрады деген ұғым туындайды.

А.Н Рашидов (1749 - 1802) өзі дворяндар әулетінен шықса да, шаруалардың басыбайлы құқығы қарсы алғаш батыл пікір айтты. Оның «петербург пен Мәскеуге саяхат» атты кітабында Ресейде шаруаларды басыбайлықтан құтқарудың бағдарламасы жасалды. Бірақ сол кітабы үшін патша үкіметінің шешімімен А.Н. Рашидов Сібірге мәңгілікке жер аударылды.

А.Н.Радишев алғаш дворяндардан шыққан революционер еді. Ол ресейде патшаның жеке билеуін революция арқылы қиратып, саяси - әлеуметтік реформа жасауға шақырды. Сібірден қайтып оралған соң император I Александрдың тапсыруымен ол 1801-1802 жалдары жобасын жасауға қатыстырылды. Бірақ сол кезде де өзінің бұрынғы идеаларын өткізбек болып тырысып, ақыр - соңында Сібірге қайтадан жер аударылу қаупі төнгендіктен, у ішіп өлді.

XIX ғасырда Ресей жағдайлы бұрынғыдан да ауыр болды. Қайшылықтар күшейді. Басыбайлылық Ресейге үлкен тұсау болды. Ол Ресей ірі ғылым, мәдениет қайраткерлерін, жазушы, ақындарды дүниеге келтірді.Бұл үшін А.С Пушкин, М.Ю. Лермантов, Н.А Несрасов, И.С Тургенев, И.Е Репин, М.И Глинка, Д.И Менделеев, Н.И Лобачевский есімдерін атаудың өзі -ақ жеткілікті.

Саяси өмірге келетін болсақ, ең алдымен ауызға алатынымыз - ресми халықшылдық теориясы. Бұл теория екі бағытта уағыздалды. Бірі - славянофилдер - А.С Хомяков, ағайындағы Аксаклвтар, И.В. Икревский Ю.Ф. Самарин т.б Олар орыс халқы құдайшыл, патшашыл, діншіл, төзімді, көнбіс, олай болса Ресей сол патриархилдық жағдайда қала бермекші, деді. Екінші - бағыт - батысшылар деп аталды. (В.П.Боткин, П.В.Анненков Б.Н.Чечерин, К.Д.Кавелин, А.В Дружинин, т.б) Олар Ресейді батыс Европа сияқты буржуазиялық жолдармен дамытуға шақырды.

Бірақ бұл екі бағыт та үстем таптардың билігін сақтап қалуды көздеді. Осындай шым-шытырық тартыс кезеңінде орыстың революционер - демократтары ресми халықшылдық теориясына қарсы шығып, Ресейді революциялық жол арқылы азаттыққа жеткізуге шақырды. Олар В.Г. Белинский (1811-1848), А.И.Герцен (1812-1870), Н.Г Чернышевский (1828-1889), Н.А Добролюбов (1836-1861) еді. Оларды әртекті революционерлер деп те атайды. Өйткені шыққан тектері жағынан жәй халық өкілдеріне жатады. Бірақ олар өз заманының жоғары білімді адамдары болды. Белинский мен Герцен Мәскеу университетін, Чернышевский Петербург университетін Добролюбов петербургтегі Бас педагогика институтын бітірді. Олар өз дәуірінің батыл күрескерлері, озық ойлы қоғам қайраткерлері еді. Елинский мен Добролюбов бірі XIX ғасырдың 40 - жалдарында, екіншісі - 60жалдарында әдебиет сыншылдары ретінде мақалалар жазып, орыс халқының санасын оятты. Герценнің басты еңбектері: «Табиғатты ұғыну туралы хаттар», «Болған жағдайлар мен ойлар», Чернышевский «Философиядағы антропологиялық принцип», «Адам білімінің сипаты» сияқты философиялық еңбектер мен «не істеу керек?» деген роман жазды. Мәселен, А.Н Герцен «Болған жағдайлар мен ойларында» өз өмірін қоғамдық құрылыс пен байланыстыра қарап, оған философиялық талдау, тұжырымдар жасаған болса, Н.Г Чернышевский «Не істеу керек?» романында өз заманы алдында тұрған қасиеттерді ойлап, не істеу керек деген сұрауға жауап іздеді. Әсіресе, ол келешек қоғамның бағдарламасын «Вера Павлованың түсі» деген тарауына ашық баяндап берді. Ең алдымен олар Ресей патшасын тақтан құлатуға, басыбайлық құқығын революционер - демократтары қиын да қайшылықты өмір өткізді. Белинский ағартушылықтан революциялық демократизмге көшті. Герцен мен Чернышевский шаруалар көтерілісіне үміт артты. Олар социализмді армандады. Бірақ оған тек шаруалар қауымы арқылы ғана жетуге болады деп ойлады. Бұл олардың утопистік пікірі еді. Бірақ Батыс Европаның социалистік - утопистерінен өзгешілігі, бұлар мақсатқа шаруалар революциясы арқылы жетпек болды. Н.Г Чернышевский «Шонжарлар шаруаларын олардың тілектестерінен тағзым», «Солдаттарға», «Жас буынға» деген, т.б үндеулерінде Ресей халқын патша үкіметіне қарсы батыл күреске шақырды. Философияда олар материалист болды. Белинский оған Гегель идеализмін жеңу арқылы Герцен мен Чернышевский материализмге Фейербах философиясын зерттеп - білу арқылы жетті. Дегенмен орыстың революционер - демократты табиғатты баяндауға материалист болғанмен, қоғамды түсінуде, Маркске дейінгі материалистер сияқты, идеалист болып қала берді. Герцен «Диалектика - революция алгебрасы» деп дұрыс бағалады. Материя мәңгі, ол қолдан жасамайды жойылмайды да, ол тек түрін өзгертіп отырады, деп жазды. Н.А Добролюбов. Олар дүниенің танымдылығын мойындады. Н.Г Чернышеский сол тұрғыдан сол тұрғыдан И.Канттың агностицизмін сынады. Сондай-ақ, ол субъективтік идеализмді де сынға алды. Сол үшін оларға нақты баға беріп, «иллюзионист» деген ат қойды. Бұған Чернышевскийдің «Адам білімінің сипаты» деген еңбегі дәлел болады. Орыстың революционер - демократтары материяны - алғашқы, сананы - соңғы деп таныды. Белинский тұрпайы материализмді сынады. Сондай-ақ олар жауынгер атеистер де болды. Әсіресе, бұл оның «Гоголге хатынан» айқын байқалады. Н.Г Чернышевский Мальтустың теориясын сынап, оны «құзғындық теория» деп әшкереледі. Дж. Милльді, т.б капитализмді мәңгі өмір сүретін қоғам дегені үшін қатты сынға алды. Ондай теориясымақтардан керісінше Чернышевский «жәй халықтың теорисын» жасамақ болды. Белинский каитализмді феодализм сияқты уақытша, оның да күні өтеді деп түсінді. Добролюбов жеке адамдар мен халық бұрақасының тарихтағы рөлін дұрыс түсінді. «Магомет (Мұхаммед - Д.К) өмірі» деген мақаласында «ұшқын оқ - дәріні жарады, бірақ тасты жандыра алмайды» деп қорытты. Эстетикада олар «өнер өнер үшін» деген пікірді сынады. Белинский олардың мағынасыз болуын қатты сынға алды. Диалектика тұрғысынан Чернышевский нағыз сұлу - өмірдің өзі, деді. Бірақ осыдан келіп өмірдегінің бәрі бірдей сұлу деген ұғым тумас үшін, ол сұлулық өмірде халықтық болуға тиіс, деп қорытты. Маркс пен Энгельс орыстың революционер - демократтарын жоғары бағалады. Мәселен, Н.Г Чернышевскийдің еңбектерін түнұсқасынан оқып - білу үшін олар елуге толған шақтарында орыс тілін үйренді. Әрине, орыстың революционер - демократтары осы айтқандары үшін қуғынға салынып, қыспаққа ұшырады. А.И Герцен шетелге кетіп құтылды. Лондонда тұрған ол газет, журнал шығарып, Ресейде болып жатқан барлық әділетсіздікті сынап отырды. В.Г Белинский атышулы «Гогольге хатын» жазып, онда патша өкіметінің тірегі болған басыбайлықты, дінді, патшаны сынады. Оны сол хат үшін «тұтқынға алудан өлім ғана құтқарып қалды». Добролюбов ерте дүние салып, патша өкіметінің құрығынан құтылды. Н.Г Чернышевский 1862 жылы Петропавловск қамалына отырғызылды, 1864 жылы сотталып, Сібірге каторгаға жер аударылды, сонда тұтқында, айдауда 27 жыл бойы қорлық, азап шекті. Тек, өлерінен 2 ай бұрын ғана туған жері Саратовка қайтып оралды.

Әрине, олардың пікірлерінде кемшілік, қателіктер де болды. А.И Герцен идеализмді - рационализм, материализмді - эмпиризм деп санады, ал Н.Г Чернышевский Л.Фейербахтың ықпалынан шыға алмай, өз материализмін «антропологизм» деп атады. Л.Фейербах антропологизмін сынай алмады, оның кемішілігін көрсетпеді. Дегенмен, олар философия тарихында өз орнын алды, диалектикалық материализмге жақындап келді. Қоғамтануда да көптеген көрегендік пікірлер айтты. Сондықтан олар сепкен революциялық тұқым арадан жарты ғасырдай уақыт өтсе де, өніп, көгеріп, өсіп шықты. Сол үшін де прогресшіл адамзат оларды орынды бағалайды. Оларды адам баласының болашағы үшін өмірін құрбан еткендер деп есептейді. өйткені, прогерстің іске асырылуы оңай емес. Ол үшін жанын пида ететін ерлер болған. Оны бүкіл философия таризы дәлелдеп келеді.

Материализм бар жерде идеализм де бар. Өткен Ф.М.Достоевский мен В.С Соловьевті айтуға болаы. «Қылмыс пен жаза», «Нақұрыс», «Ағайынды Қарамазовтар» деген, т.б романдардың авторы. Шығармаларында ол Ф.Ницшенің И.Кант философиясының ықпалында болды. Оның шығармаларының желісі - адамның ішкі дүниесі, психологиялық күйзелістері. Мәселен, И.Кант филсофиясындағы «антиномизмді» (ұғым қарында кеңінен пайдаланып, полифония көзқарасын ұстанды. Айталық, ол адам психологиясындағы әділдік пен зұлымдық, тазалық пен арамдық, жақсылық пен жамандық қарама - қарсылықтарын өмірден алып, өз кейіпкерлері арқылы көрсете білді. Сондай-ақ әлеуметтік зұлымдық тамыры адам антропологиясында деп білді. Бір жағынан, адам құндылығы оның азаттығында болса, екінші жағынан, оның ішкі имандылығында деп санады. Ішкі имандылығы жоқ адам бар азаттықты бағаламайды, ондай азаттық тіпті «шектен тыс жоғары адамды» да бұзады, ірітеді, деп білді ол. Оның мақсаты христиан дініне негізделген, құдайға сенген қоғам құру болды. Ол мұны жердегі жұмақ немесе «орыс социализмі» деп түсінді.

В.С Соловьев (1853-1900)-орыстың діни философы, ақын, сыншы. Материализм мен революциялық - демократиялық ой-пікірге қарсы тұрып, В.С Соловьев христиан дінін платонизммен, классикалық неміс философиясын (әсіресе, Ф.Шеллинг философиясын) және ғылыми эмпиризимді біріктірмек болды. Бұл шын мәнінде мүмкін емес, метафизикалық әдіс болатын. «Жер бетінде шындық бола ма, әлде болмай ма?» - деген сұрауды ол христиан діні тұрғысынан шешпек болды. Әлеуметтік мәселелерге тоқтала келіп, елдің тыныштығын сақтау үшін Рим папасы мен орыс патшасы арасында одақ жасалуын жақтады. В.С.Соловьев философиялық ойларын «Теократия тарихы мен болашағы», «Платонның өмір драмасы», «Үш әңгіме» сияқты еңбектерінде баяндады. Ол христиан дінін, материалдық өмірді уақыт пен кеңістіктің қиратуынан құтқарып, тозбйтын ғарыш сұлулығына айналдыруды мақсат етті. В.С Соловьевтің пікірінше, жетілдірілген жыныстық махаббат адам бүтіндігі мен дүниені сақтап, мәңгі өлместікке жеткізеді. Осылардың бәрі философиядағы туып келе жатқан революциялық - демократиялық қозғалысқа, материалистік, атеистік пікірлерге қарсы бағытталған іс-қимыл еді.

ӨЗ БЕТІНШЕ ОҚУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР

1. XVIIIғ. Философиясы. А.Радишев. М. Ломоносов

2. Ф.Достоевский шығармашылығының философиялық мазмұны

3. Толстойдың адамгершілік философиясы

№14-15. Дәріс. XX ҒАСЫР ФИЛОСОФИЯСЫ

Сабақтың мақсаты:

Студенттерді Батыс Еуропа философиясымен таныстыру.

Жоспар:

1. XX ғасырдағы батыс фидлософиясының мәні және бағыттары.

2. Позитивизм және оның тарихи түрлар

3. Неокантианшылдықтардың Марбург және Баден мектебі:

Қазіргі идеализм.Философия дүниені қиял, ой түрінде қамтиды. Классикалық емес ойлау мен классикалық философия принциптері арасындағы қақтығыс олардың парасатқа қатынасынан басталды. Әрине, бұл кездейсоқтық емес. Парасат проблемасы классикалық философияның өзегі десе де болады. Бұл философия өкіодерінің ұйғаруы бойынша ақыл - санаға жан-жақты талдау қажет, өйткені табиғатқа, қоғам тарихына, азаматтық іс-әрекетке ішкі саналылық, парасаттылық тән. Сөйтіп сана жөнінде әңгіме қозғау ол философияның терең тамырлы - мәселелерін талқылау болып табылады. Жаңа дауір философиясы ақыл - ойлы кеңінен зерттеді. Өйткені, адам санасынан тыс, одан басқа, жоғары тұрған сана жоқ.

Дегенмен XVIII және XIX ғасырларда классикалық философияның ой өкілдері ақыл парасатты сынаумен қатар, адамнан тыс тұрған сана бар деп, соны дәріптеп, соған табынған. Ақыл нәтижесі (идея, ұғым, теория, мұрат, дәріптеу) адамзат мәдениетіне жататын болғанмен, ол жеке, нақты адамнан тыс өмір сүреді деп түсінген. Жеке адам және одан тыс пайда болатын рухани әрекет арқылы философияда ақылға табыну салты қалыптасты. Сондықтан да XVIII ғасырдағы француз филисофтары азаттық, теңдік, туысқандық деген ұран көтеріп, сол арқылы ұлы француз революциясын жасады.

И. Канттан Г.гегельге дейінгі дәуір ақылды ең жоғары сана ретінде түсінуден оны жаратушы құдіреттің ақыл - параматы деуге жеткен дәуір. Ал одан кейінгі кездерде ақылдың шыңдалып жетілуін ғылыми прогреспен байланыстырады. Ол пікір кездейсоқтаққа, санасыздыққа, тобырлыққа қарсы қойылды.

XIX ғ. 40-50 жылдарында Маркс пен Энгельс дәл осындай пікірді қуаттады. Бірақ маркстік пікірге қарама-қарсы пікірлер де сол кезде қалыптаса бастады. Бұл бағытты қолданғандар саналылықты жақтамады. Олар, керісінше, санасыздықты, ретсіздікті, кездейсоқтықты дәріптеді. Өйткені, олардың пікірнше, дүниеде ешқандай реттілік, қисындылық жоқ. Ол алогизмге негізделген. Олай болса, ол ретсіз, түсініксіз, тобыр дүниені реттеп, қисындап түсіну мүмкін емес. Бұл пікірдің уәкілдері: неміс филсофтары Ф.Ницце (1844-1900), дат философтары С.Кьеркегор (1813-1855), әсіресе неміс философтары А. Шопенгауэр (1788-1860), О. Шпеннглер (1880-1936). Бұл сияқты философтар болмыстың өзіндік заңдылығы бар екенін, оны санасыздық, ақылсыздық, интуинтивизм, ерікті, былайша айтқанда, соқыр сезімге негізделген қара күшке сену пайда болды.

Әрине, солармен қатар саналылықты қолданғандар да болды (неотомизм). Орыс топырағында дәл осы шамада космизм теориясы дүниеге келді. Оны қолдаушылар: В.С Соловьев , Н.А Умов, К.Э. Циолковский, В.И Вернадский, П.А. Флоренский, Н.Г Холодный, А.О. Чижевский еді. Олар адам мен ғарыш арасында байланыс бар, бірлік бар деп уағыздады (дәл осы пікірді ертедегі шығыс философтары да айтқан болатын). ең алдымен олар адамның тегі ғарыштан жаратылған деп түсіндірді. Адамзат тіршілігі ғарыш өлшемімен белгілендігі жан-жақты талқыланды. Одан соң адамды ерекше әлеуметтік атом іспетті өзіндік сипаты бар дамыған құбылыс деп тану қажет, деді. Бірақ космизм теориясынан екі түрлі бастама, екі бағыт туындайды. Оның бірі фантискаға тіреледі. Екіншісі - жаратылыстану ғылымымен тікелей және тығыз байланыстырады. Соңғысының өкілдеріне жататындар: К.Э Циолковский (1857-1935), оның ғарышты игеру теориясы; В.И Вернадский (1863-1945), оның биосфера, ноосфера теориясы. Бұлар Жер мен Әлем тарихын, даму заңдарын зерттеуге үлкен үлес қосты. К.Э Циолковский теориясы негізінде ғарышкерлік ғылыми мен теориясы дамыды. В.И Вернадский теориясы негізінде экология ғылымы дүниеге келді.

Классикалық неміс филсофиясы И.канттың сана жөніндегі ойын қуаттай отырып, теориялық ақыл - парасатынан (логикалық, методологиялық мәселелерден) практикалық ақыл-парасатты (мораль, право, адам мәнін) жоғары санады.

Бірақ бұл пікірден К.Маркс ғылыми жолға түсті, ал марксшіл еместер басқа бағыт ұстады. Соңғысына жататындардың бірі - А. Шопенгауэр, оның басты еңбегі - «Дүние - ерік пен елес ретінде» деп аталады. Ол уағыздаған «Өмір философиясы» оның басты мақсаты болған. А.Шопенгауэрдің пікірінше, ерік, яғни адамның нәпсісі, делебесінің қозуы, қобалжауы, әрекеттік процесстер - ерекше, барынша дербес, адамдардың саналы іс-әрекетін басқаратын күш. Оның пікірінше, ақыл - жалған тұрлаусыз құбылыс. А. Шопенгауэр саналылықты жан - жақты сынап, оны жоққа шығарды. Оның орнына ол ерікті, қара күшті алға тартты. А. Шопенгауэрдің пікірінше, біріншіден, ерік санадан тыс, оған бағынбайды, тек адам зауқына тән, себепсіз, негізсіз құбылыс. Екіншіден, ерік - дүние құрылымы сияқты, түсініп, танып ұмтылыс. Дүниенің өзі де А. Шопенгауэр пікірінше, «ерік пен елес». Ерік органикалық емес өмірде де, органикалық өмірде де бар. А. Шопенгауэрше, тау - таста, өсімдік, ағаш, жануарлар - бәріненде де ерік бар, оларды билейтін сол. Ф.Ницце алғашында Шопенгауэрді қолдады, бірақ кейіннен «билікке жету еркі» теорисынан уағыздады. «Неліктен алғашқы жабайы тоғай ағаштары бірімен -бірі таласады, күреседі?» - деп сұрақ қоя отырып, оған «билік үшін, үстемдік жүргізу үшін»,-деп жауап қайтарады. Байқап отырсақ, Ф. Ницшенің пікірінше, ондай ерік тек тірі құбылыстарға тән. Осыдан келіп адам да табиғаттың бір бөлігі ретінде сол заңдылыққа бағынады, деп жады ол Ф. Ницше, бір жағынан, буржуазиялық қоғамды оның руханисыздығы, өмірде моральсыздығы, діни екі жүзділігі үшін әділ сынға алады, екінші жағынан, шектен тыс, құдіретті күші бар адамды дәріптейді. Тек билікке сондай еркі бар, жоғары адамға табынуды уағыздайды. Ф. ницшенің басты еңбектері «Билікке жету еркі», «Жақсылық пен жамандық сыры».

XX ғасырдың кезінде «Өмір философиясын» жақтағандардың бірі - француз философы А.Бергсон (1859-1941). Ол шала саналылықты, тіпті санасыз рухты жақтады. Интеллект, дейді ол, өмірді кинотаспа сияқты санасыз қабылдайды. Өмір дегеніміз, А. Шопенгауэрше, шексіз творчестволық қалыптасу. Ал Бергсонның пікірінше, өмір тұтас, үздіксіз, қайталанбайтын, өздігінен, творчестволықпен пайда бола беретін жаңаша түрлер. Н. Винер Бергсонның осы пікірін кибернетикаға қолданды.

Сонымен, XX ғасыр философиясында санасыздық, ақылсыздық проблемасына классикалық философияда кезіндегі саналылыққа, санаға берілген мен сияқты, бірақ оған керісінше баға беріледі. Мәселен, Ф.Ницшенің пікірінше, дүние заңсыз құбылыс, тобыры. Оны тәртіпке келтіру, реттеу, жобалау, бағдарлау мүмкін емес. Шымшытырық дүниені уақытша бастайтын «шектен тыс жоғары адам, жол сілтейтін де сол. Ондай адамдар мағынасыз, мақсатсыз, бір орында айналсоқтап, ақыр-соңында сөніп, бататын дүниені сақтап, оған рухани дем береді. Тек шектен тыс, құдіретті адам ғана дүниені жаңғыртып, оның құндылығын белгілеп, бүтіндей бір кезеңге мән беріп, билікке жету еркін жүзеге асырады. Ондай адамға жәй қарапайым адам - «кесіп, әрлейтін ұстасын күтіп тұрған жәй тас, түрсіз материал ғана. Тарихты жасайиын да «шектен тыс жоғары адам. Сондықтан да оны үшінші Рейх басшылары, әсіресе Гитлер мемлекеттік философия дәрежесіне көтерді.

Санасыздықтың тағы бір өкілі З.Фрейд (1856-1939) - австриялық физио -психолог. Ол сананы мүлде адам өзін қоршаған айналаны түсінеді, өзінің «мен» екенін пайымдайды. Сондай-ақ ол тағы да екі түрлі сана құрылымын мойындайды: бірі - «шектен тыс мен» және санасыздықтың микродүниесі. Санасыздық пен саналылық бірге жүреді, айырмашылығы жарық пен қараңғылық секілді. З.Фрейдше, біздің білмейтініміз бұлыңғыр, күңгірт сана, бірақ оны анықтауға, айқындауға болады. Санасыздық дегеніміз жаттандыға айналдырылған, дағдыланған, автоматтандырылған сана. Оған кейбір ойланбай-ақ атқаратын әрекеттер жатады. мәселен, жаңылыс, не абайсыз айтылған сөз, байқамай істелген іс, не көрген түс, т.б. Санасыздықтың ең жоғары түрі - шығармашылық, кенеттен келген ой, интуиция, инстикт, т.б. Сөйтіп З.Фрейд классикалық философия көтермеген, олардан қалтарыс қалған мәселелерді қозғайды. Бұл жөнінде З.Фрейдке ой салған А. Шопенгуаэр, Ф.ницше топшылаулары еді.

Әрине, ғылым санасыздықты жоққа щығармайды. Бұл жөнінде З.Фрейдтің сіңірген зор. Бірақ оның санасыздыққа көп орын бергеніне, оны кейде санадан жоғары санағанына қосылуға болмайды. З. Фрейд жөнінде әңгіме кітаптың арнайы «Сана» тарауында айтылады.

XX ғасыр-ғылыми техникалық революция дәуірі. Рационализм мен иррационализм арақатынасын ғылыми - техникалық прогреске көзқарасын да байқауға болады. Біріншісін сцентизм деп атайды. Ол бағыт ғылымға, ғылыми - техникалық прогреске сенеді. Ғылым адамға қызмет етеді, оның өмірін жеңілдетіп, жақсартады. Бұл бағыт XX ғасырдың екінші жартысында дүниеге келді. Оған көптеген жаңа ғылымдардың жаңа техникалардың, техникологиялық әдістердің, компьютердің, т.б. дүниеге келуі себеп болды. Екіншісі антисцентизм деп аталады. Ол ғылымға сенбейді. Ғылыми-техникалық прогресс адамға тек қиындық әкеліп, зиян келтіреді, қоғамды басқарудың тоталитарлық жүйесін туғызады. Ал адамдардың санасын ол қыспақта ұстайды, ойлау жүйесіне томаға салады деп есептейді. Техника - адамдардың барлық іс-қимылын, ойын бақылайтын автоматтарды, есептегіш машиналарды, жасанды интеллектерді дүниеге әкелді. Осылардың бәрі адамды тірі, жанды автоматқа айналдырады, оның ерекшелік қасиеттерін сөндіреді, дейді. Бірақ сол ғылыми-техникалық прогресс өшіп бара жатқан капитализмге дем беріп, оны тірілтіп, тез дамытқанын айтпайды. Олардың пікірінше, капитализм - мәңгі өлмейтін қоғам. Бұл - мәселенің әлеуметтік жағы. Ал мәселеге басқа тұрғыдан келсек, бұл екі бағыттың екеуінің де айтқандары шындыққа жанасады. Мәселе қай жағынан келуде ғана. Сөйтіп, иррационализм сайып келгенде мистикаға, жоққа сенуге де, ғылыми ізденістерге же жеткізеді. Сондықтан, оған сыңаржақты қарап, не жақтауға, не даттауға болмайды.

XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басында физиология мен психологияның, сезім мүшесінің рөлі артты. Оны уағыздағандар Эрнст Мах (1838-1916) пен эмпириокритизмнің негізін салушы Рихард Авенариус (1843-1896) болды. Ресейде оларды жақтап, соңына ерген А.Богданов (1873-1928), В.Базаров (1874-1939), т.б Э.Мах былай деді: «...Ағаш, стол, үй менің денемнен тыс, өздігінен өмір сүреді». Бірақ біз оларды тек психологиялық қабілет арқылы қабылдаймыз. «Біз мынадай қорытындыға келдік, - дейді. Р.Авенариус,- әр түрлі болмыс өзінің мазмұны жағынан сезім ретінде, әртүрлі жағынан қозғалыс ретінде ойға келеді. Ол - ойды үнемдеу». Ол үшін ойлап, түбіне жете алмайтын ұғымдардан, мәселен, материядан бас тарту қажет. Оны сезім элементтеріне бөлшектеу қажет, сонда бәрі де өз орнына келеді. Э.Мах: «Денелер емес сезім тудыратын, жоқ денелерді қарастыратын элементтер кешені (сезімдер кешені)», дейді ол. Олай болса, физика атомдары, химия молекулалары физика мен химиядағы сезім кешендерінен басқа ештеңе емес, тек физика - химия тәжірибесіндегі үнемдеу белгілері. Бұл философиялық субъективтік идеалистік бағытты. В.И Ленин өзінің «Материализм және эмпириокритизм» еңюегінде жан - жақты талқылап, сынға алды.

Наши рекомендации