Ріс. XVIII ғасырдағы Француз материализмі.

Сабақтың мақсаты:

18 ғасырдағы Француз материалисттерінің көзқарастарымен таныстыру.

Жоспар:

1.Француз ағартушылық философиясының қалыптасуы. Ф.М.А. Вольтер мен Ж.Ж.Руссо шығармаларындағы адам және қоғам мәселесі.

2.П.Гольбах пен Ж. Ламетридің натурфилософиясы. К.А. Гельвецийдің әлеуметтік-жилософиялық және этикалық көзқарастары

Бұл материализм XVII ғасырдағы ағылшын материализмі сияқты механикалық, метафизикалық материализмге жатады. Сондықтан негізге сипаттары ортақ. Әрине, одан бір ғасыр кейін және Франция жағдайында дүниеге келгендіктен айырмашылықтары да бар. Француз материалистері көпшілікке тікелей әсер ету үшін философиялық ой-пікірлерін салондарда айтып, ой тартыстарын тудырып, энциклопедиялық еңбектер жазып, ауызша да, жазбаша түрде де кең таратты. Негізінде олар дінді, оның уағыздаушыларын қатты сынға алды, сатиралық сөздермен мазақ етті. Бірақ қоғамдық түсіндіруде олар идеалистік шеңберден шыға алмады. Бұл философия өкілдерінің бірі Жюльен Офре де ламетри (1709-1751) болды. Мамандығы жағынан дәрігер, Р. Декарт физикасын қолдаушы болған ол өзінің «Адам - машина» деген еңбегінде тіршілік процестерін тәжірибе арқылы зерттеуді талап етті. Әрбір материяда өзінің созылымдылығын қатар сезімдік сезіну сияқты қасиеттер бар, деді. Ол Спиноза уағыздаған барлық материя ойлай алады деген пікірді сынады. Сезіну тек ұйымдасқан денелерде ғана бацқалады, деді. Ол органикалық емес, органикалық, жануар адам - бәрі бір-бірімен тығыз байланыста болады және органикалық өмір - органикалық емес дүниеден, өсімдік - органикалық дүниеден, айтты. Бірақ адамды машина деп қарады. Оның жоғары дамыған рухани интеллект екенін байқамады. Дени Дидро (1713-1784)-француз материализмнің басты уәкілі. Ол табанды материалист болды. 1773-1774 жылдар аралығында Ресейге келіп, мұнда ол ресей Ғылым академиясына толық мүше болып сайланды. Ол Ресейдің ғылым, мәдениет правоны сынады.Дидроның басты еңбектері - «Табиғатты түсіндіру туралы ойлар» (1754), «Соқырлар туралы көзі көретіндерге өсиет хат», «Даламбер мен Дидро әңгімесі» (1769), «Философиялық принциптер», «Материя және қозғалыс туралы», т.б. Дүниенің барлық негізі материяда деп білді Дидро. Дуалистік пікірді сынай келіп, ол жан мен дене бірлікте деп қарады. Дүниеде мәңгі қозғалыста болатын материядан басқа ешнәрсе жоқ, деп жазды ол. Уақыт пен кеңістік - деп жазды Дидро, - материяның өмір сүруінің объективтік формасы. «Мен тіпті абстракция ретінде де уақыт пен кеңістікті өмір сүруден бөліп ала алмайтын. Олай болса бұл екі қасиет өмір сүруге тән, мәнді»-деп жазды (Дени дидро Шығыс. Екі томдығы, 1 Т., М., 1986, 445 - бет). Қозғалыс материядан бөлінбейді, деді ол. Олай болса материя әлсіз, дәрменсіз деген ұғымға философ келіспейтінін айтты. Материя мен қозғалыс жайлы философиялық ойларын да ол «Қозғалыс - ұзындық, енділік, тереңдік сияқты нақты қасиет», - деп жазды. Осыдан келіп, ол дүниеде абсолюттік тыныштық болмайтынын айтты. «Даламбер мен Дидро әңгімесі» деген еңбегінде ол дүниенің сан түрлерін, сондай-ақ олардың бір-біріне ауысатынын (транформация идеясы) дәлелдеді. Таным теориясына келетін болсақ, Дидро материалиятік сенсуализмді қолдады. «Біз сезімдік, еститін қасиетпен жабдықталған аспапсыз», - деп жазды Д. Дидро. Сондай-ақ ол субъективтік идеализмді сынап, оны жақтаушыларды ой соқырлары деп есептеді. Қоғамдық саладағы ой-пікірі негізделді. Қоғамдағы қалыптасқан мінез-құлық шығарылған заң мен басқару түріне байланысты, деді. Сондықтан Дидро «жақсы» заңдар, «саналы» басқару әдісін орнатуға шақырды.

Франция материалистерінің тағы бір өкілі - Клод Адриан Гельвеций (1715-1771). Ол Парижде дүниеге келіп, иезуиттік колледже оқыды. Оның басқа еңбектері: «Ақыл туралы» (1758), «Адам, оның ойлау қабілеті мен тәрбиесі жөнінде» (1773). Гельвеций материалистік көзқарасты жақтап, ойлау, ақыл қабілетті физикалық сезімталдық пен естен туындайды деп жазды. Адам тәнінде екі түрлі қабілет бар деп есептеді ол Бірі - сыртқы дүниенің жасайтын әсерін қабылдау оны сезімталдық, дейді. Екіншісі - бізге тигізілген сыртқы әсерді бойымызға сақтай білу - оны «ес», дейді. Оны ұзартылған, әлсіреген әсер деп түсінді. Ой - жаңа идея мен комбинациялар жиынтығы, деді. Ой түрлі сезімдерден туған күрделі қорытынды екенін білмей, оны сезімдердің жәй жиынтығы дегені оның қателігі еді. Екінші жағынан, Гелвеций ақыл табиғаттың берген сыйы емес, тәрбиенің нәтижесі деп түсіндірді. Адамның мінез - құлқы туа бітпейді, ол өмір арқылы қалыптасады, деп жазды. Тәжірибеде дәлелденгендей адамдардың ақылы мен мінезі билік түріне байланысты өзгереді, түрлі өкімет бір халықтың өзін кезекпен не көтеріңкі, не тұрақты, не тұрақсыз, не батыл, не сақ етеді. Сондықтан адамдар дүниеге келгенде белгілі бір ақыл мінезбен тумайды. Өйткені, олар тәрбиенің нәтижесі деп жазды. Гельвеций дін шіркеуді сынады. Қоғамдық құрылыс сипаты қоғамдық заңдарға байланысты, соңғысы адамдар пікіріне, олардың қоғамдық құрылысына байланысты, деді. Олай болса Гельвецийобъективтік жағдай пікірге байланысты, сондай - ақ пікір объективтік жағдайға байланысты деген идеалистік шеңберден шыға алмады.

Француз материализмнің тағы бір көрнекті өкілі - Поль Анри Дитрих Гольбах (1723-1789). Ұлты неміс энциклопедиясының белсенді мүшесі болған.Ол да адам табиғаты жағынан не кеңпейілді, не іші тар болып тумайды, оны солай ететін объективтік дүние, дейді. Сондықтан сол замандағы феодалдық қатынстарды қатты сынға алады. Дүниені материалистік тұрғыдан деп қорытты ол. Табиғаттан тыс рухани күш бар деп сену қиял деп қорытты ол. Сөйтіп Гольбах теология мен идеолизмге қарсы шықты. Материя мен қозғалыс мәнгі. «материяның өмір сүруі, - деп жазды ол, - факт, қозғалыстың өмір сүруі де дәл осындай факт».Барық, ол механикалық детерминизмді жақтады. Мәселен, ол дүние бір текті дамиды, деді. Кездейсоқтықты ол мойындамады. Мәселен, «фанатиктің өтіндегі удың көбеюі, басқыншының жүрегіндегі қанның қызуы, кейбір монархтың асқазанының қорыта алмауы, кейбір әйелдердің кесапаттығы - соғыс ашуға, миллиондаған адамдарды қырғынға айдап, камалдарды бұзуға, қалаларды күл - талған етіп, халықтарды қайыршылық пен қайғыға душар етуге, аштық пен жұқпалы ауруларды туғызып, ұзақ ғасырлар бойы түңілу мен жоқшылық көруге себепкер бола алады», - деп жазды. Шындықты тану дегеніміз - табиғатты материалыстік тұрғыдан түсіну деді Гольбах. Ал саналық дегеніміз идея мен заттар бірлігі, деп жазды ол. Ойлау сезімнен туады деген пікір айтты. Діннің пайда болу себептеріне тоқтала келіп, Гольбах оның себебі надандық деп түсіндірді. «Надандық, үрей ауыр тұрмыс адамдарды құдай туралы ойлауға мәжбүр етті», - деп жазды ол. «Қалта құдайшылдығы» деген кітабында Гольбах дін туралы өте өткір сындар мен уытты пікірлер айтып, схоластиканы сынап, еркін ойдың үлгісін көрсетті.

ӨЗ БЕТІНШЕ ОҚУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР

  1. П.Гольбах пен Ж. Ламетридің натурфилософиясы.
  2. К.А. Гельвецийдің әлеуметтік-жилософиялық және этикалық көзқарастары
  3. Ж.Ж. Руссоның «қоғамдық келісім» теориясы

№10-11. Дәріс. Классикалық неміс философиясы.

Сабақтың мақсаты:

XVIII- XIX ғасырлардағы неміс философиясымен таныстыру.

Жоспар:

1.Неміс философиясының пайда болу алғы шарттары.

2. Гноселогия философияның негізгі мәселесі ретінде.

3. Неміс философиясының идеолизмі мен материализмі.

XVII ғасырдың аяғы - XIX ғасырдың бірінші жартысы неміс топырағында да философия кеңінен дамыған ерекше кезең болды. Ол кезеңді Ф.Энгельс Классикалық неміс филлософиясы деп атады. Ол кезеңі бастап берген И.Кант (1724-1804) болса, оны Л. Фейербах (1804-1872) философиясы аяқтады, ал шырқау шегі Г. Гегель (1770-1831) философиясы еді. Ол кезеңнің өкілдері болғандар: И. Фихте (1762-1814), Ф. Шеллинг (1775-1854), байқап отырғанымыздай, философтар да ғалымдар сияқты, басқа да мәдениет өкілдері секілді тарихта жоғарыда айтылғандай топтанып, шоғырланып кезедеседі. Ол тегін емес. Әрине, себепкер - объективтік жағдай. Философтар да тарихи қажеттіліктен дүниеге келеді. Соның бір дәлелі - классикалық XVII- XVIII ғасырлардағы ағылшын, француз жағдайлармен салыстырғанда. XIX ғасырлардағы Германия әлі нағыз орта ғасырлық, феодалдық ел болатынды. Революциялық жағдай бұл кезде әлі туындамаған еді. Сондықтан неміс филофостары жалпы философиялық мәселелермен айналысты. Олар дворяндар емес, жай қала халқынан (бюргер) шықты. Олар өз заманының білімді адамдары қатарында болды. Олардың бәрі де (Л. Фейербахтан басқалары) университтерде профессорлық қызмет атқарды. И. Кант Кеннигсберг, Гегель Берлин университтерінің ректорлары болды. Шеллинг король IV Фридрих - Вильгельмге құпия кеңесші,әрі оның досы болған. Фихте де профессорлық қызмет атқарған. Схйтіп неміс философтары аристократиялық таптарға қызмет етті. Германияның пруссиялық - юнкерлік жолмен дамуына себепкер болды. Тарих, олардың пікірінше, абсолюттік рухтың өзін - өзі табуы болып табылады. Германияда үстемдік құрған феодалдық - абсолюттік құрылысты олар ең жоғары рухани күш - жаратушының құдіреті деп түсінді. Мемлекет дегеніміз - Гегельдің пікірінше, құдайдың дүниені кезіп жүруі. Тек Л. Фейрбах олардан оқшау тұрды. Ол 1828 жылы Эрланген университетіне оқытушылық жұмысқа орналасты. Бірақ екі жыл өтпей-ақ ол бүкіл оқытушылық жұмыстан қуылды. Өйткені, ол бүркеме атпен «Өлім және өлместік туралы ойлар» деген кітабын жазып шығарды. Онда ол жеке өлместікті, о дүние болады дегенді материалистік тұрғыдан жоққа шығарды. Сол үшін ол зардап шегіп, барлық жұмыстан қуылды. өмірінің қалған кезін деревняда өткізді. Иммануил Канттың өмірі екі кезеңге: сынға дейінгі (1770) мен сын кезеңіне бөлінді. Сынға дейінгі И. Кант дүние өзінен өзі табиғи пайда болды деген пікірге тоқтады. Онда ол өзінің «Аспанның жаппай табиғи тарихы мен теориясы » (1755)деген кітабында метафизиканың тұйық шеңберін бірінші болып бұзып, планеталардың алғашқы газға ұқсас тұмандардан қоюланып, қатаюынан, өздігігнен, ешқандай сыртқы күштің әсерінсіз пайда болғанын шамалады. Бұл Н. Коперниктен кейінгі ғылымғы қосылған үлкен үлес еді. «Сын» кезеңінде ол «Таза ақылға сын» (1781) «Практикалық ақылға сын» (1788) деген еңбектерін жазды. И.Кант дүниені өздігінен, біздің санамыздан тыс өмір сүретін «өзіндік зат» (вещь в себе) және «біздік зат» (вещь для нас) деп екіге бөлді. Ол дүниенің танымдылығын мойындамай жоққа шығарды. Дүниені тануға болмайды деген агностиктік ұйғарымға келді. 1783 жылы И. Кант «Прологомендер» (кіріспе) деген еңбегін жазды. Онда ол өзінің философиядағы теориялық бастамаларын анықтады. Ол философиялық категориялар тәжірибеден тыс, оған дейін адам басында таза идея күйінде пайда болады деп жазды. Олардың 12-сін атап көрсетті. Олар: бірлік, көптік, бүтіндік, нақтылық, терістеу, т.б. Дінге тек сену қажет, ло философиядағы ғылым мен теория мәселесі емес деген қорытынды жасады. Мәселен, құдайды барлық тәжірибе арқылы дәлелдей алмаймыз, оған тек сену керек. И. Канттың ақылға сиятын бір пікірі-антиномия, былайша айтқанда, санада қарсыластық бар дегені. Айтқанын нақтылай келіп, ол әрбір ойдың кері түрі бар, деді. Мәселен, дүние уақыт жағынан да, кеңістік жағынан да шекті. Екінші ой-олар қай жағынан алғанда да шексіз. Немесе, дүниенің пайда болған мерзімі жоқ, бұған қарама-қарсы пікір: дүниенің пайда болған мерзімі бар. Немесе, әрбір күрделі зат қарапайым бөлшектерден тұрады. Екіншісі, дүниеде қарапайым зат мүлде жоқ. Тағы да бір пікірі: дүниені түсінуге себептілік жеткіліксіз. Екіншісі-дүниеде бәрі де себепті байланыста болады. Дүние-мәнді, дүние-мәнсіз, т.б. И. Канттың осы антиномиясы Гегельдің қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі деген заңдылықты ашуына үлкен ықпал жасады. Иоганн Готлив Фихте- И. Канттың шәкәрті. Оның басты еңбегі-«Әрқилы жаңалықты сынау тәжірибесі». Ол субъективтік идеалист. Фихтенің пікірінше, нақты өмір сүретін тек біздің санамыз. Материалдық дүние, болмыс, табиғат тек біздің санамызда, біздің сезімімізде, елесімізде, ұғымымызда болады. Оның пікірінше, практикалық істен сана бұрын басталады. Сана іштен туады. Фихтенің тағы бір пікірі-дөңгелектер туралы ілім. Қандай да бір шындық болмасын, ло «меннің» жемісі, дейді философ. Бірақ «меннің» екі түрі бар: жекелік «мен» және абсолюттік «мен». Бұл екеуі тығыз байланыста. Егер «мен» «мен емеске» бағынышсыз болса, онда субъект теориялық болады да, ал егер керісінше болса, онда ол практикалық болады. Ал 1800 жылдан кейін ол «мен еместі» «менге» біржолата бағындырады. Сондықтан ол И. Кантты, яғни «мен еместі», былайша айтқанда, санадан тыс «өзіндік затты» мойындағаны үшін сынады. Идеалистік бағыттың өкілі Ф. Шеллингке Фихтенің әсері зор болды. Бірақ ол Фихтеден бас тартты. Шеллинг объективтік идеалист болды. Оның пікірінше, әлем-объективтік идеяның, әлем рухтың нақты бейнесі. Оның еңбектерінің өзегі – саналылық пен санасыздықтың арақатынасы. Шеллингтің пікірінше, дүниені абсолюттен туындайтын санамен түсіндіру мүмкін емес, ол – иррационалды, алғашқы, санаға емес ырыққа, онық бостандыққа ұмтылуына негізделген. Олай болса, дүниенің бастамасы – қараңғы стихия. Фихтеге қарама- қарсы «менді» дүниенің бірден-бір өзегі, абсолюттік субъект емес, табиғаттан, адамнан тыс рухани негіз, объективтік сана деп қорытады. Табиғат әлемдік рухтың санасыз бейнесі, нәтижесі, ал адамзат – әлемдік рухтың саналы әрекеті. Ол өзінің «Жаңалық философиясы» деген еңбегінде табиғаттың барлық құбылыстары белгілі ретпен жасалады, оның әрбір жаңа сатысы бұрынғыдан сергек, саналы болып келеді, деп тұжырымдады. Георг Вильгельм Фридрих Гегель – классикалық неміс философияның көрнекті өкілі. Объективтік идаелист. Басты еңбектері: «Логика ғылымы», «Философиялық ғылымдар энциклопедиясы», «Право философиясы», «Философия тарихы туралы лекциялар», «Тарих философиясы туралы лекциялар», т.б Гегель философиясының жүйесі мынадай үш бөлімнен тұрады : а) логика; б) табиғат философиясы; в) рух философиясы (фенемонология). Гегель философиясының басты мәселесі - әлемдік рух, абсолюттік идеяның бүкіл дүниені жаратқаны. Бұл пікірді Гегель «логика ғылымы» деген еңбегінде жан-жақты баяндаған. Мұнда ол абсолюттік идеяны, дүниежүзілік рухты табиғат, қоғам пайда болғанға дейін таза идея күйінде қарап, оның диалектикалық заңдылықпен дамуын идеалистік негізде табиғаттың пайда болуына дейін алып қарастырады. Логиканың басты мәселесі - абсолюттік идеяның өздігінен қозғалуы. Мұнда әлемдік рухтың таза идеядан абсолюттік идеяға айналуы баяндалады. Бұл еңбектің бірінші бөлімі - «болмыс», екінші бөлімі - «мән» үшіншісі - «ұғым» деп саналады. Бұл еңбегінде Гегель ең алғаш болып диалектиканың үш жалпылық заңын идеалистік тұрғыда зерттеп көрсетеді. Олар: «санның сапаға айналу заңы», «қарама - қарсылықтың бірлік және күрес заңы», «тірестеуді терістеу заңы ». Бұл заңдарда Гегель берген көптеген философиялық дұрыс анықтамалар бар. Біз оның, мәселен, мөлшер сандық сапа немесе сапалық сан деген, сондай-ақ «қарам - қарсылыққа», «қайшылыққа», «санға», «сапаға», т.б. берген анықтамаларын қолданамыз. Бірақ, Гегель идеалистік тұрғыда таза идеяның абсолюттік идеяға, әлемдік санаға, демиургке айналуын қиял түрінде тұжырымдады. Әрине, бұған қосылуға болмайды. Өйткені, идеяның даму заңдылықтары - тек объективтік шындықтың даму зандылықтарын санадағы көшірмесі, бейнесі. Гегельдің пікірінше, табиғат - абсолюттік идеяның екінші өмірі. Бірақ ол дамымайды, дамитын тек идея. Гегель еңбегінде механика, физика, және тіршілік мәселелері қарастырылады. Ол материяны да сөз етеді, бірақ оны дүниенің негізі ретінде емес, ұғымның бір көрінісі ретінде қарастырады. Химия құбылыстарында, дейді Гегель, органикалық емес табиғат өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетеді. Органикалық физиканың шегі - тіршілік, дейді Гегель. Оның философиясы жүйесінің үшінші бөлімі - рух философиясы. Мұнда ол әлемдік рух табиғаттан жоғары көтеріліп, өзіне өзі айналады. Гегель бұл бөлімде азаматтық қоғамды, мемлекетті, құқықты, эстетиканы, діни философияны әңгіме етеді. Сондай-ақ сана, өзіндік сана, ақыл, рух фенемонологиясын, мәдениет мәселелерін арнайы алып қарайды. Гегельдің пікірінше, дүниежүзілік тарих шығыстан батысқа ауысып келеді. Революция - Гегельше, субъективтік рухтың сананы жаратушы рухтың жасаған шындығына наразылығы, дейді. Соғысты гегль адам қоғамының рухани іріп - шіруінен сақтап, әрекет деп түсіндірді. Бұл Гегельдің кешірілмейтін қателіктеріне жатады. Дегенмен, философияда оның орны, ерекше. Людвиг Фейербах. Ол классикалық неміс философиясының соңғы өкілі. Фейербах германиядағы жүз жылға созылған идеалистік, діни көзқарастың түндігін батыл сыпырып тастап, өзін ашықтан - ашық материалистпін деп жариялады. Оның басты еңбектері: «Христиандықтың мәні», «Болашақ философиясының негізгі қағидалары» т.б. Ол дүниенің материядан тұратынын мойындап, табиғаттың санадан тыс, оған бағынышсыз екенін дәлелдеді. Ол рух дене арасының алшақтығын жойды. Фейербах болмысты - бастауыш, сананы - баяндауыш деп түсіндірді. Табиғат денелерден, материядан, сезімдіктен тұрады, деп жазды Фейербах. Табиғат мәңгі және шексіз. Сана соның тек көшірмесі, ал спихолог - идеалист, сол көшірмені түпнұсқа ретінде түсіндіреді деп жазды Фейербах. Бірақ, ол антропологиялық материялизмді қуаттады. Өйткені, ол барлық материализмді тұрпайы деп түсінді. Сондқытан одан өзін аулақ ұстамақ болды. «Шындық идеализмге емес, материализмде де емес, шындық тек антропология», - деп жазды Фейербах. Бірақ, ол өізінің антропологиялық материализмінің нағыз метафизикалық материализм екенін байқамады.

Бұл материализм XVII ғасырдағы ағылшын материализмі сияқты механикалық, метафизикалық материализмге жатады. Сондықтан негізге сипаттары ортақ. Әрине, одан бір ғасыр кейін және Франция жағдайында дүниеге келгендіктен айырмашылықтары да бар. Француз материалистері көпшілікке тікелей әсер ету үшін философиялық ой-пікірлерін салондарда айтып, ой тартыстарын тудырып, энциклопедиялық еңбектер жазып, ауызша да, жазбаша түрде де кең таратты. Негізінде олар дінді, оның уағыздаушыларын қатты сынға алды, сатиралық сөздермен мазақ етті. Бірақ қоғамдық түсіндіруде олар идеалистік шеңберден шыға алмады. Бұл философия өкілдерінің бірі Жюльен Офре де ламетри (1709-1751) болды. Мамандығы жағынан дәрігер, Р. Декарт физикасын қолдаушы болған ол өзінің «Адам - машина» деген еңбегінде тіршілік процестерін тәжірибе арқылы зерттеуді талап етті. Әрбір материяда өзінің созылымдылығын қатар сезімдік сезіну сияқты қасиеттер бар, деді. Ол Спиноза уағыздаған барлық материя ойлай алады деген пікірді сынады. Сезіну тек ұйымдасқан денелерде ғана бацқалады, деді. Ол органикалық емес, органикалық, жануар адам - бәрі бір-бірімен тығыз байланыста болады және органикалық өмір - органикалық емес дүниеден, өсімдік - органикалық дүниеден, айтты. Бірақ адамды машина деп қарады. Оның жоғары дамыған рухани интеллект екенін байқамады. Дени Дидро (1713-1784)-француз материализмнің басты уәкілі. Ол табанды материалист болды. 1773-1774 жылдар аралығында Ресейге келіп, мұнда ол ресей Ғылым академиясына толық мүше болып сайланды. Ол Ресейдің ғылым, мәдениет правоны сынады.Дидроның басты еңбектері - «Табиғатты түсіндіру туралы ойлар» (1754), «Соқырлар туралы көзі көретіндерге өсиет хат», «Даламбер мен Дидро әңгімесі» (1769), «Философиялық принциптер», «Материя және қозғалыс туралы», т.б. Дүниенің барлық негізі материяда деп білді Дидро. Дуалистік пікірді сынай келіп, ол жан мен дене бірлікте деп қарады. Дүниеде мәңгі қозғалыста болатын материядан басқа ешнәрсе жоқ, деп жазды ол. Уақыт пен кеңістік - деп жазды Дидро, - материяның өмір сүруінің объективтік формасы. «Мен тіпті абстракция ретінде де уақыт пен кеңістікті өмір сүруден бөліп ала алмайтын. Олай болса бұл екі қасиет өмір сүруге тән, мәнді»-деп жазды (Дени дидро Шығыс. Екі томдығы, 1 Т., М., 1986, 445 - бет). Қозғалыс материядан бөлінбейді, деді ол. Олай болса материя әлсіз, дәрменсіз деген ұғымға философ келіспейтінін айтты. Материя мен қозғалыс жайлы философиялық ойларын да ол «Қозғалыс - ұзындық, енділік, тереңдік сияқты нақты қасиет», - деп жазды. Осыдан келіп, ол дүниеде абсолюттік тыныштық болмайтынын айтты. «Даламбер мен Дидро әңгімесі» деген еңбегінде ол дүниенің сан түрлерін, сондай-ақ олардың бір-біріне ауысатынын (транформация идеясы) дәлелдеді. Таным теориясына келетін болсақ, Дидро материалиятік сенсуализмді қолдады. «Біз сезімдік, еститін қасиетпен жабдықталған аспапсыз», - деп жазды Д. Дидро. Сондай-ақ ол субъективтік идеализмді сынап, оны жақтаушыларды ой соқырлары деп есептеді. Қоғамдық саладағы ой-пікірі негізделді. Қоғамдағы қалыптасқан мінез-құлық шығарылған заң мен басқару түріне байланысты, деді. Сондықтан Дидро «жақсы» заңдар, «саналы» басқару әдісін орнатуға шақырды.

Франция материалистерінің тағы бір өкілі - Клод Адриан Гельвеций (1715-1771). Ол Парижде дүниеге келіп, иезуиттік колледже оқыды. Оның басқа еңбектері: «Ақыл туралы» (1758), «Адам, оның ойлау қабілеті мен тәрбиесі жөнінде» (1773). Гельвеций материалистік көзқарасты жақтап, ойлау, ақыл қабілетті физикалық сезімталдық пен естен туындайды деп жазды. Адам тәнінде екі түрлі қабілет бар деп есептеді ол Бірі - сыртқы дүниенің жасайтын әсерін қабылдау оны сезімталдық, дейді. Екіншісі - бізге тигізілген сыртқы әсерді бойымызға сақтай білу - оны «ес», дейді. Оны ұзартылған, әлсіреген әсер деп түсінді. Ой - жаңа идея мен комбинациялар жиынтығы, деді. Ой түрлі сезімдерден туған күрделі қорытынды екенін білмей, оны сезімдердің жәй жиынтығы дегені оның қателігі еді. Екінші жағынан, Гелвеций ақыл табиғаттың берген сыйы емес, тәрбиенің нәтижесі деп түсіндірді. Адамның мінез - құлқы туа бітпейді, ол өмір арқылы қалыптасады, деп жазды. Тәжірибеде дәлелденгендей адамдардың ақылы мен мінезі билік түріне байланысты өзгереді, түрлі өкімет бір халықтың өзін кезекпен не көтеріңкі, не тұрақты, не тұрақсыз, не батыл, не сақ етеді. Сондықтан адамдар дүниеге келгенде белгілі бір ақыл мінезбен тумайды. Өйткені, олар тәрбиенің нәтижесі деп жазды. Гельвеций дін шіркеуді сынады. Қоғамдық құрылыс сипаты қоғамдық заңдарға байланысты, соңғысы адамдар пікіріне, олардың қоғамдық құрылысына байланысты, деді. Олай болса Гельвецийобъективтік жағдай пікірге байланысты, сондай - ақ пікір объективтік жағдайға байланысты деген идеалистік шеңберден шыға алмады.

Француз материализмнің тағы бір көрнекті өкілі - Поль Анри Дитрих Гольбах (1723-1789). Ұлты неміс энциклопедиясының белсенді мүшесі болған.Ол да адам табиғаты жағынан не кеңпейілді, не іші тар болып тумайды, оны солай ететін объективтік дүние, дейді. Сондықтан сол замандағы феодалдық қатынстарды қатты сынға алады. Дүниені материалистік тұрғыдан деп қорытты ол. Табиғаттан тыс рухани күш бар деп сену қиял деп қорытты ол. Сөйтіп Гольбах теология мен идеолизмге қарсы шықты. Материя мен қозғалыс мәнгі. «материяның өмір сүруі, - деп жазды ол, - факт, қозғалыстың өмір сүруі де дәл осындай факт».Барық, ол механикалық детерминизмді жақтады. Мәселен, ол дүние бір текті дамиды, деді. Кездейсоқтықты ол мойындамады. Мәселен, «фанатиктің өтіндегі удың көбеюі, басқыншының жүрегіндегі қанның қызуы, кейбір монархтың асқазанының қорыта алмауы, кейбір әйелдердің кесапаттығы - соғыс ашуға, миллиондаған адамдарды қырғынға айдап, камалдарды бұзуға, қалаларды күл - талған етіп, халықтарды қайыршылық пен қайғыға душар етуге, аштық пен жұқпалы ауруларды туғызып, ұзақ ғасырлар бойы түңілу мен жоқшылық көруге себепкер бола алады», - деп жазды. Шындықты тану дегеніміз - табиғатты материалыстік тұрғыдан түсіну деді Гольбах. Ал саналық дегеніміз идея мен заттар бірлігі, деп жазды ол. Ойлау сезімнен туады деген пікір айтты. Діннің пайда болу себептеріне тоқтала келіп, Гольбах оның себебі надандық деп түсіндірді. «Надандық, үрей ауыр тұрмыс адамдарды құдай туралы ойлауға мәжбүр етті», - деп жазды ол. «Қалта құдайшылдығы» деген кітабында Гольбах дін туралы өте өткір сындар мен уытты пікірлер айтып, схоластиканы сынап, еркін ойдың үлгісін көрсетті.

Классикалық неміс философиясы. XVII ғасырдың аяғы - XIX ғасырдың бірінші жартысы неміс топырағында да философия кеңінен дамыған ерекше кезең болды. Ол кезеңді Ф.Энгельс Классикалық неміс филлософиясы деп атады. Ол кезеңі бастап берген И.Кант (1724-1804) болса, оны Л. Фейербах (1804-1872) философиясы аяқтады, ал шырқау шегі Г. Гегель (1770-1831) философиясы еді. Ол кезеңнің өкілдері болғандар: И. Фихте (1762-1814), Ф. Шеллинг (1775-1854), байқап отырғанымыздай, философтар да ғалымдар сияқты, басқа да мәдениет өкілдері секілді тарихта жоғарыда айтылғандай топтанып, шоғырланып кезедеседі. Ол тегін емес. Әрине, себепкер - объективтік жағдай. Философтар да тарихи қажеттіліктен дүниеге келеді. Соның бір дәлелі - классикалық XVII- XVIII ғасырлардағы ағылшын, француз жағдайлармен салыстырғанда. XIX ғасырлардағы Германия әлі нағыз орта ғасырлық, феодалдық ел болатынды. Революциялық жағдай бұл кезде әлі туындамаған еді. Сондықтан неміс филофостары жалпы философиялық мәселелермен айналысты. Олар дворяндар емес, жай қала халқынан (бюргер) шықты. Олар өз заманының білімді адамдары қатарында болды. Олардың бәрі де (Л. Фейербахтан басқалары) университтерде профессорлық қызмет атқарды. И. Кант Кеннигсберг, Гегель Берлин университтерінің ректорлары болды. Шеллинг король IV Фридрих - Вильгельмге құпия кеңесші,әрі оның досы болған. Фихте де профессорлық қызмет атқарған. Схйтіп неміс философтары аристократиялық таптарға қызмет етті. Германияның пруссиялық - юнкерлік жолмен дамуына себепкер болды. Тарих, олардың пікірінше, абсолюттік рухтың өзін - өзі табуы болып табылады. Германияда үстемдік құрған феодалдық - абсолюттік құрылысты олар ең жоғары рухани күш - жаратушының құдіреті деп түсінді. Мемлекет дегеніміз - Гегельдің пікірінше, құдайдың дүниені кезіп жүруі. Тек Л. Фейрбах олардан оқшау тұрды. Ол 1828 жылы Эрланген университетіне оқытушылық жұмысқа орналасты. Бірақ екі жыл өтпей-ақ ол бүкіл оқытушылық жұмыстан қуылды. Өйткені, ол бүркеме атпен «Өлім және өлместік туралы ойлар» деген кітабын жазып шығарды. Онда ол жеке өлместікті, о дүние болады дегенді материалистік тұрғыдан жоққа шығарды. Сол үшін ол зардап шегіп, барлық жұмыстан қуылды. өмірінің қалған кезін деревняда өткізді. Иммануил Канттың өмірі екі кезеңге: сынға дейінгі (1770) мен сын кезеңіне бөлінді. Сынға дейінгі И. Кант дүние өзінен өзі табиғи пайда болды деген пікірге тоқтады. Онда ол өзінің «Аспанның жаппай табиғи тарихы мен теориясы » (1755)деген кітабында метафизиканың тұйық шеңберін бірінші болып бұзып, планеталардың алғашқы газға ұқсас тұмандардан қоюланып, қатаюынан, өздігігнен, ешқандай сыртқы күштің әсерінсіз пайда болғанын шамалады. Бұл Н. Коперниктен кейінгі ғылымғы қосылған үлкен үлес еді. «Сын» кезеңінде ол «Таза ақылға сын» (1781) «Практикалық ақылға сын» (1788) деген еңбектерін жазды. И.Кант дүниені өздігінен, біздің санамыздан тыс өмір сүретін «өзіндік зат» (вещь в себе) және «біздік зат» (вещь для нас) деп екіге бөлді. Ол дүниенің танымдылығын мойындамай жоққа шығарды. Дүниені тануға болмайды деген агностиктік ұйғарымға келді. 1783 жылы И. Кант «Прологомендер» (кіріспе) деген еңбегін жазды. Онда ол өзінің философиядағы теориялық бастамаларын анықтады. Ол философиялық категориялар тәжірибеден тыс, оған дейін адам басында таза идея күйінде пайда болады деп жазды. Олардың 12-сін атап көрсетті. Олар: бірлік, көптік, бүтіндік, нақтылық, терістеу, т.б. Дінге тек сену қажет, ло философиядағы ғылым мен теория мәселесі емес деген қорытынды жасады. Мәселен, құдайды барлық тәжірибе арқылы дәлелдей алмаймыз, оған тек сену керек. И. Канттың ақылға сиятын бір пікірі-антиномия, былайша айтқанда, санада қарсыластық бар дегені. Айтқанын нақтылай келіп, ол әрбір ойдың кері түрі бар, деді. Мәселен, дүние уақыт жағынан да, кеңістік жағынан да шекті. Екінші ой-олар қай жағынан алғанда да шексіз. Немесе, дүниенің пайда болған мерзімі жоқ, бұған қарама-қарсы пікір: дүниенің пайда болған мерзімі бар. Немесе, әрбір күрделі зат қарапайым бөлшектерден тұрады. Екіншісі, дүниеде қарапайым зат мүлде жоқ. Тағы да бір пікірі: дүниені түсінуге себептілік жеткіліксіз. Екіншісі-дүниеде бәрі де себепті байланыста болады. Дүние-мәнді, дүние-мәнсіз, т.б. И. Канттың осы антиномиясы Гегельдің қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі деген заңдылықты ашуына үлкен ықпал жасады. Иоганн Готлив Фихте- И. Канттың шәкәрті. Оның басты еңбегі-«Әрқилы жаңалықты сынау тәжірибесі». Ол субъективтік идеалист. Фихтенің пікірінше, нақты өмір сүретін тек біздің санамыз. Материалдық дүние, болмыс, табиғат тек біздің санамызда, біздің сезімімізде, елесімізде, ұғымымызда болады. Оның пікірінше, практикалық істен сана бұрын басталады. Сана іштен туады. Фихтенің тағы бір пікірі-дөңгелектер туралы ілім. Қандай да бір шындық болмасын, ло «меннің» жемісі, дейді философ. Бірақ «меннің» екі түрі бар: жекелік «мен» және абсолюттік «мен». Бұл екеуі тығыз байланыста. Егер «мен» «мен емеске» бағынышсыз болса, онда субъект теориялық болады да, ал егер керісінше болса, онда ол практикалық болады. Ал 1800 жылдан кейін ол «мен еместі» «менге» біржолата бағындырады. Сондықтан ол И. Кантты, яғни «мен еместі», былайша айтқанда, санадан тыс «өзіндік затты» мойындағаны үшін сынады. Идеалистік бағыттың өкілі Ф. Шеллингке Фихтенің әсері зор болды. Бірақ ол Фихтеден бас тартты. Шеллинг объективтік идеалист болды. Оның пікірінше, әлем-объективтік идеяның, әлем рухтың нақты бейнесі. Оның еңбектерінің өзегі – саналылық пен санасыздықтың арақатынасы. Шеллингтің пікірінше, дүниені абсолюттен туындайтын санамен түсіндіру мүмкін емес, ол – иррационалды, алғашқы, санаға емес ырыққа, онық бостандыққа ұмтылуына негізделген. Олай болса, дүниенің бастамасы – қараңғы стихия. Фихтеге қарама- қарсы «менді» дүниенің бірден-бір өзегі, абсолюттік субъект емес, табиғаттан, адамнан тыс рухани негіз, объективтік сана деп қорытады. Табиғат әлемдік рухтың санасыз бейнесі, нәтижесі, ал адамзат – әлемдік рухтың саналы әрекеті. Ол өзінің «Жаңалық философиясы» деген еңбегінде табиғаттың барлық құбылыстары белгілі ретпен жасалады, оның әрбір жаңа сатысы бұрынғыдан сергек, саналы болып келеді, деп тұжырымдады. Георг Вильгельм Фридрих Гегель – классикалық неміс философияның көрнекті өкілі. Объективтік идаелист. Басты еңбектері: «Логика ғылымы», «Философиялық ғылымдар энциклопедиясы», «Право философиясы», «Философия тарихы туралы лекциялар», «Тарих философиясы туралы лекциялар», т.б Гегель философиясының жүйесі мынадай үш бөлімнен тұрады : а) логика; б) табиғат философиясы; в) рух философиясы (фенемонология). Гегель философиясының басты мәселесі - әлемдік рух, абсолюттік идеяның бүкіл дүниені жаратқаны. Бұл пікірді Гегель «логика ғылымы» деген еңбегінде жан-жақты баяндаған. Мұнда ол абсолюттік идеяны, дүниежүзілік рухты табиғат, қоғам пайда болғанға дейін таза идея күйінде қарап, оның диалектикалық заңдылықпен дамуын идеалистік негізде табиғаттың пайда болуына дейін алып қарастырады. Логиканың басты мәселесі - абсолюттік идеяның өздігінен қозғалуы. Мұнда әлемдік рухтың таза идеядан абсолюттік идеяға айналуы баяндалады. Бұл еңбектің бірінші бөлімі - «болмыс», екінші бөлімі - «мән» үшіншісі - «ұғым» деп саналады. Бұл еңбегінде Гегель ең алғаш болып диалектиканың үш жалпылық заңын идеалистік тұрғыда зерттеп көрсетеді. Олар: «санның сапаға айналу заңы», «қарама - қарсылықтың бірлік және күрес заңы», «тірестеуді терістеу заңы ». Бұл заңдарда Гегель берген көптеген философиялық дұрыс анықтамалар бар. Біз оның, мәселен, мөлшер сандық сапа немесе сапалық сан деген, сондай-ақ «қарам - қарсылыққа», «қайшылыққа», «санға», «сапаға», т.б. берген анықтамаларын қолданамыз. Бірақ, Гегель идеалистік тұрғыда таза идеяның абсолюттік идеяға, әлемдік санаға, демиургке айналуын қиял түрінде тұжырымдады. Әрине, бұған қосылуға болмайды. Өйткені, идеяның даму заңдылықтары - тек объективтік шындықтың даму зандылықтарын санадағы көшірмесі, бейнесі. Гегельдің пікірінше, табиғат - абсолюттік идеяның екінші өмірі. Бірақ ол дамымайды, дамитын тек идея. Гегель еңбегінде механика, физика, және тіршілік мәселелері қарастырылады. Ол материяны да сөз етеді, бірақ оны дүниенің негізі ретінде емес, ұғымның бір көрінісі ретінде қарастырады. Химия құбылыстарында, дейді Гегель, органикалық емес табиғат өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетеді. Органикалық физиканың шегі - тіршілік, дейді Гегель. Оның философиясы жүйесінің үшінші бөлімі - рух философиясы. Мұнда ол әлемдік рух табиғаттан жоғары көтеріліп, өзіне өзі айналады. Гегель бұл бөлімде азаматтық қоғамды, мемлекетті, құқықты, эстетиканы, діни философияны әңгіме етеді. Сондай-ақ сана, өзіндік сана, ақыл, рух фенемонологиясын, мәдениет мәселелерін арнайы алып қарайды. Гегельдің пікірінше, дүниежүзілік тарих шығыстан батысқа ауысып келеді. Революция - Гегельше, субъективтік рухтың сананы жаратушы рухтың жасаған шындығына наразылығы, дейді. Соғысты гегль адам қоғамының рухани іріп - шіруінен сақтап, әрекет деп түсіндірді. Бұл Гегельдің кешірілмейтін қателіктеріне жатады. Дегенмен, философияда оның орны, ерекше. Людвиг Фейербах. Ол классикалық неміс философиясының соңғы өкілі. Фейербах германиядағы жүз жылға созылған идеалистік, діни көзқарастың түндігін батыл сыпырып тастап, өзін ашықтан - ашық материалистпін деп жариялады. Оның басты еңбектері: «Христиандықтың мәні», «Болашақ философиясының негізгі қағидалары» т.б. Ол дүниенің материядан тұратынын мойындап, табиғаттың санадан тыс, оған бағынышсыз екенін дәлелдеді. Ол рух дене арасының алшақтығын жойды. Фейербах болмысты - бастауыш, сананы - баяндауыш деп түсіндірді. Табиғат денелерден, материядан, сезімдіктен тұрады, деп жазды Фейербах. Табиғат мәңгі және шексіз. Сана соның тек көшірмесі, ал спихолог - идеалист, сол көшірмені түпнұсқа ретінде түсіндіреді деп жазды Фейербах. Бірақ, ол антропологиялық материялизмді қуаттады. Өйткені, ол барлық материализмді тұрпайы деп түсінді. Сондқытан одан өзін аулақ ұстамақ болды. «Шындық идеализмге емес, материализмде де емес, шындық тек антропология», - деп жазды Фейербах. Бірақ, ол өізінің антропологиялық материализмінің нағыз метафизикалық материализм екенін байқамады. Таным сезімнен басталады,-деп уағыздады Л. Фейербах. Шындықтың дәйегі-іштен туған сана деп түсінді. Бұл оның идеализмге жасаған кешірімі болатын. Л. Фейербах Гегельдің идеализмін орынды сынай отырып, оның диалектикасын теріске шығарды. Оның маңызын түсінбеді. Л. Фейербах христиан дінін де орынды сынады, бірақ діннен ол біржолата қол үзбеді. «Болашақ философиясының негізгі қағидалары» деген еңбегінде Л. Фейербах қоғамның қозғаушы күші-адамның адамға махаббаты, әсіресе ерлер мен әйелдер сүйіспеншілігі деп түсіндірді. Бұл да Л. Фейербахтың идеализмі болатын. Л. Фейербах Гегельдің идеалистік диалектикасын талдағанымен, идеализмнен қол үзе алмады.

ӨЗ БЕТІНШЕ ОҚУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР

1. Канттың Антиномиялары

2. И. Фихте философиясындағы субъект белсенділігі мәселесі

3. Шелингтің натурафилософиясындағы адам, табиғат және «әлемдік жан»

Наши рекомендации