Леуметтiк, мораль мәселелерi 4 страница

Жыраулар шығармаларында ой-пікірлерін ашық айтып, әмірші, хандарды, сұлтандарды «бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ» қағидаттарын ұстанып сынап отырған. Жыраулар өздерінің сынында мемлекет мүдделерін жеке бас мүдделерінен жоғары қойған.

Жыраулар поэтикалық сипаттағы толғауларды дүниеге келтірген. Олардың шығуына себеп болған маңызды оқиғалар – ұлт – азаттық қозғалыс, саяси жаңару, қоғамның даму жолдары, өмір туралы ізденістер. Толғаулардың тақырыптары - өмір, ел, адам, туған жер, азаттық, адамгершілік мәселелері.

Жыраулар – жаратылыс философиясының сырын ұғып, өмір тұтқасына дер кезінде жармасып, озбырлармен арбасып, тарихпен сырласып, өз халқының мұңын мұндаған даналар. Олар өз толғауларында өткенді саралап, бүгінгіні даралап, болашақты болжаған. Сондықтан да олардың суырып салма шешендігі көсемдікке ұласып отырған.

Жыраулар шығармашылығында ерекше мән берілген мәселе – бар нәрсеге ризашылық қанағат сезімі.

Асан Қайғы заманыңды, арғымағыңды, тұйғыныңды, иіс мойылды көңінді, әкіміңді, өз барыңды, ақтоныңды, қарияларыңды жамандама, ешкімге ұрыспа, бұрынғыны қуыспа, тәуір көретін кісіңмен жалған айтып суыспа, ешкімді өзіңнен кем сана ма, достарыңмен санаспа, кеңессіз сөз бастама деп үйретті.

«Атадан алтау тудым деп, асқынып жауап айтпаңыз. Алғаным асыл ару деп, күн шығарып жатпаңыз. Атаның малы көпті деп атты босқа тартпаңыз»1, дей отырып, Асан Қайғы әр нәрсенің өзінің шегі, есебі бар екендігін еске салады. Әруақытта осындай объективті жағдайларды есепке алып отыру, шектен шықпау - әдептіліктің белгісі.

Қазтуған жырау (XV ғ.) – сахара эпосін жасаушылардың бірі, ерлік жырларын шығарушы жорық жырауы. Ол өмір, атамекен, туған ел жайлы және әскери тақырыптардағы сан алуан мол мұра қалдырған. Оның «Мадақ жыры», «Туған жермен қоштасу» шығармалары көне поэзияның таңдаулы нұсқасы бола отырып, қазақ халқының өмірге көзқарасын, ой толғамын бейнелеген.

Бұқар жырау:

«... Ежелгі дұшпан ел болмас

Көңілінде кір баты бар ...

Ежелгі дұшпан ел болмас

Көңілінің тұтқар кірі бар»2

дей отырып, көңілдің тазалығына ерекше мән берді.

Жыраулардың толғауларында адамның көңілін қалдырмау үшін, не нәрседен бас тарту қажет деген мәселе қойылған.

Бұқар жырау адам қаншалықты қиыншылықты көріп, жаны қиыншылыққа ілініп, шаршап, қалжырап, көңілі – қарайып, көзі қарауытып тұрса да үмітін үзбейді деп ой қорытады.

Бұқар өз заманының мән – мағынасын түсінді, оның аумалы төкпелі болмысын заңды объективті процесс деп санады. Ол өткенге өкініп, ескіні аңсамады, өз уақытының тарихи тынысын қалтқысыз қабылдап, соған сәйкес өмір сүрді.

Бұқар жырау қасыңа қыдыр келіп, басыңа дәулет құсы қонып, хан дәрежесіне көтерілгенше сен кім едің деп Абылай ханға тура бағыштап:

«... Сен қай жерде жүріп жетіктің?

Үйсін Төле билердің түйесін баққан құл едің» деген екен. Бұл әрине, дана, беделді қарияның, азаматтың еркіндігінің белгісі еді. Сонымен қатар, қазақ қоғамындағы жалпы қариялардың, жасы үлкен адамдардың ерекше қоғамдық роліне меңзейді.

Елдің бірлігі, халықтың тірлігі, заманның тыныштық берекесі сияқты аса маңызды қоғамдық мұраттардың сақтаушысы, жақтаушысы, ұйытқысы да солар болған.

Ақын – жыраулар адам, қоғам өміріндегі және табиғаттағы сан түрлі сапалық қасиеттерді мінез – құлықтағы өлшемді сақтап отыру, ақиқатқа жетуге ұмтылу, өз мақсаттарына жету үшін қандай нәрсені болса да дәлелдей отырып, дұрыс өмір салтын сақтау туралы философиялық ойлардың, практикалық ақыл – кеңестердің авторы болып табылады.

Ақын – жыраулар өмір, тіршілік, тұрмыс, қоршаған орта, әлем, өзгермелі, құбылмалы, опасыз, ауыспалы, қайырымсыз, алдамшы, айгнымалы, жалған дүние туралы ой толғаған. Осы сарынмен қатар, оған қарама қарсы жайнаған жастықтың базары, жақсылықтың шырағы бар нұрлы өмір, жарық дүние, адамзаттың арман мұраты жолындағы отын сөндірмей, болашаққа, келешек күндерге жетелейтін алтындай таза, күмістей жарқыраған сенім туралы да оптимизмгі толы ой пірімдер молынан кездесіп отырады.

23.Адамның қалыптасуындағы ғылым мен білімнің ролі туралы Абай Құнанбаевтың көзқарастарын баяндаңыз.

Абай өз шығармаларында әлеуметтік мобильдік, адам статусы мәселелеріне тоқталып, адамның қоғамдағы орнын: «Биік мансап-биік жартас...» дей келіп, оны билік, байлық, білі деңгейі т.б. айқындайтынын түсіндірді. Оның пікірінше адам: «Барында баймын деп мақтанады. Жоғында «маған да баяғыда мал бітіп еді» деп мақтанады. Кедей болған соң тағы қайыршылыққа түседі.» Адамның қоғамдық баспалдақпен биікке өрлеуі мен кері қозғалуын көрсетіп, оны индивиттің әлеуметтік жағдайының өзгеруімен байланыстырады. Қзақ қоғамында байдық малы жұтта қырылып, кедейленуі жиі орын алғаны рас және еңбегімен кедейлердің орта шаруа, одан кейін байлардың қатарына қосылғандары да жоқ емес еді. Сөйтіп, олардың қоғамдық баспалдақта орнын ауыстыруы әлеуметтік заңды процесс болды.

Данышпан Абай қазақ халқының әлеуметтік дамуын еңбекпен байланыстырады. Еңбектің терең әлеуметтікмәнін түсіндіреді. Ғұламаның шығармаларында еңбек қоғамдық прогрестің негізі, материалдық құндылықтарды шығару көзі, халықтың тұрмыс деңгейін түзетудің басты құралы ретінде баяндалады. Сол кезде жұрт араснда еңбекке қатысты қалыптасқан немқұрайлылық, еріншектік жалқаулық сияқты келеңсіз құбылыстарды әлеуметтік мәнін ашып, олардың қоулық сияқты келеңсіз құбылыстарды әлеуметтік мәнін ашып, олардың қоғамның алға басуына кедергі болып отырғанын, халықтың негізгі бөлігінің материалдық жағдайының төмендігін айта келіп, халықты аянбай жұмыс істеуге шақырды.Кедейліктің мотивін еңбексіздіктен іздеген Абай «Еңбек жоқ, қарекет жоқ қазақ кедей, тамақ аңдып қайтеді тентіремей?» деп қынжыла жазды. Еңбек етуші адамға шаруашылық жүргізгенде «жинақылық керек, әрбір жинақылық кеніш болады» деп, еңбекті ұтымды жүргізуге насихаттайды, өйткені ұтымды еңбек ету әлеуметтік прогреске жеткізудің жолы, кедейліктен шығудың бірден-бір басты құралы еді. Кедейлікпен күресе алмаған, одан шыға алмаған кісі кер келеді. Еңбектің сипаты мен мазмұнына ерекше мән берген Абай:

Түбінде баянды еңбек егін салған,

Жасынан оқу оқып, білім алған,-

деп, егін салу мен білім алудың баянды еңбек екенін қорытады. Баянды еңбекті ол материалдық игіліктерді өндірудің және адамның мұқтажын қанағаттандырудың маңызды көзі деп түсінді.

Қазақ қоғамында халықтың бәрі бірдей еңбекке тартылмай, оның белгілі бір бөлігі жұмыссыз болды. Абай оның жағымсы з салдарын ашып көрсетті.

Жұмысы жоқтық қазақты жаманшылыққа деп ескертті.

«Қарны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын? Ашап-ішуге малдың тапшылығы да, ағайынның араздығына да әр түрлі бәлеге, ұрлық,зорлық, қулық, сұмдық секілді нәрселрге үйірлендіруге себеп болатұғын нәрсе». Ұлы ойшыл жұмыссыздықтың материалдық жоқшылыққа әкеп соқтыратынын баяндай отырып, оның адам мінез-құлқын өзгертетінін айтып, адамды хайуандырып жіберетінін айтты. Адамның бәрінде жаманшылыққа қарсы тұра алатын күш қуат, жэігер такбылада бермейді.Сондықтан да Абай «Жаманшылыққа бір ілігіп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады» деп жазды. Жұмыссыздықты ел ішінде тоқтату жолдары мен қатар, сырт елдерге барып жұмысқа орналасу арқылы жоюға болатынына үмітпен қарады. Ол «малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен?» деп армандады. Абайдың бұл пікірі бүгінгі қоғамдажұмыссыздықтың салдарынан қалыптасқан келеңсіз әлеуметтік жағдайларды:қылмыстың өршуін, қайыршылықтың ,нашақорлық пен маскүнемдіктің, жезөкшеліктің, т.б. мәнін сол кезде-ақ көріп тұрғандай айтылғаны анық.

Абай қазақ қоғамын дамытудың халыққа білім беру, олардың ғылымға тарту деп есептеді. Ғылымды ол әлеуметтік жағдайларды жақсартудың ғана бірден-бір құралы, деп қарай отырып, ғылымды игеру бүкіл прогреске жететін жол деп түсіндірді

Ұлы ойшылдың пікірінше, ғылымды біз жанымыздан шығара алмаймыз, жаралып, жасаалып қойылған нәрселерді сезбеппіз, көзбен көріп, ақылмен білеміз.

Абай тұжырымның «Отыз сегізінші сөзінде» тереңдете келіп, ғылымның, білімнің пайда болып, қалыптасуын және әлеуметтік рөлін былай пайымдайды: «Адамның ғылымы, білімі, хақиқатқа, растыққа құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтық бірлән табылады».

Абай ғылымда абстрактілі ойлаумен қатар нақты фактілерге сүйенудің маңыздылығын атап көрсетеді және ғылымда қолданылатын бақылау әдісінің рөлін мезгейді. Ғылымда әр нәрсенің өлшеуі бар, оның өлшеуін білу-бір үлкен керек іс деп, ғылым танудың маңызды принципін негіздейді және жолын байқатады.

Ғылымның бірден-бір мақсаты-қоғамды ақпаратпен қамтамасыз ету: «Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпымен, ұнамсызы ұнамсыз қалпымен, әрнешік өз суретіменен көңілге түседі. Ақпаратты «көп жинағаны бар адам» сынап, орындысын, орынсызын-бәрінде бағанағы нәрселерінен есеп болып, қарап табады. Ұлай етіп харекетке түскен адамды ақылды дейміз»

Абай ғылыми зерттеулер кәсіби деңгейде жүргізілгенде ғана жақсы нәтиже береді деп түсінді. Абай статистикалық мәліметтердің ғылым үшін маңыздылығын жақсы білгендіктен, оны санақ мәліметтері қатты қызықтырған. 1878 жылы құрылған Семей облыстық санақ комитетіне өмірінің соңына дейін мүше болған. Статистикалық мәліметтер қоғамда жүріп жатқан процестер туралы анық, әділ, ғылыми деректер беретін болғандықтан, Абай Қоңыр-Көкше еліне болыстың управителі сайланып, өзі басқарып отырған болыстың жәй күйін баяндайтын статистикалық мәліметтерді өз қолымен жазып, облыстық басқармаға жіберіп отырған: «1876 жылдың аяғында болыс та 4163 еркек, 3393 әйел. Қыстайтын жерлер саны-1004,оның 469-ы тастан, кірпіштен қаланған қытауларда, 535-і киіз үйде қыстайды. Болыста 900 түйе, 4500 жылқы, 1350 ірі қара мал, 30150 қой-ешкі»,- деп жаза келіп, одан қанша төл алынды, қыста өлгені, тамақ үшін пайдаланғаны, т.б.көрсетеді де, болыстағы егін шаруашылығының жайын баяндайды: «19 шаңырақ егін шаруашылығымен шұғылданады. Абай елдің әлеуметтік-экономикалық хал-жайын:мал, егін шаруашылығын, елдің әлі де жартылай көшпелі, жартылай отырықшы күйде қалып отырғанын терең сезінді. Мұндай жағдайда өркениетті елдер дәрежесіне қосыла алмайтынын білді.Ол ғылым мен білімнің маңызды функциясы адамда тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру деп санады.Қоғамның болашағы саналаты н жастарға бағыттап жазған өлеңдері мен қара сөздерінде оларды жағымсыз жәйттерден сақтандырып, жақсылыққа ұмтылу керек екендігін түсіндіріп, тұлғаны қалыптастыратын қасиеттерді белгілеп берді. «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңінде Абай:

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз...

Өсек, өтірік,мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның білсеңіз

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой-

Бес асыл іс, көнсеңіз,-

деп, адамды тұлға етерлік әлеуметтік қасиеттерді саралап көрсетеді. Ол тұлға мәселесін әлеуметтендіру процесін ұштастырады. Әлеуметтендірудің негізгі агенттеріне Абай баланың ата-анасы ағайын-туыстарын, білім мен ғылым орындарын, дін мекемелерін, т.б. жатқызады. Осы агенттер арқылы әлеуметтендіру процесі жүзеге асады, соның нәтижесінде тұлға қалыптасады.

Абай дінге қоғамның маңызды институты ретінде қарады. М. Әуезовтың пікірінше, Абай үшін дін аамның жеке басының моральдық жетілуінің құралы болған. Абай дін мәселесін өзінің өлеңдерінде, қара сөздерінде алға тартып, оның әлеуметтік мәнін, мазмұнын ашады. Дінге беріле сенеді. «Алланың сөзі де рас, өзі де рас» деп, құдайдың барлығына жұртты мойындатуды жөн санайды. Абай осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында «Оыз сегізінші сөзін» жазып, намаз ғибраттарына жеке-жеке тоқталып, әрқайсы мән-мағынасын ұқтырды. Дін үнемі аралық, әділеттілік пен имандылықты уағыздаушы деп түсінді.

Демек, Абай и слам дінінің тәрбиелік рөлін жоғары бағалаған.Қоғамдағы келеңсіз құбылыстармен, әлеуметтік әділеттсіздік пен күрескен Абайға:

1)Өмірді өлтірме, қор қылма сила;

2)Ұрлама, тонама, еңбегіңнің пайдасын әркімге тигіз;

3)Арамдықтан сақтан, әйелден аулақ бол:;

4)Өтірік айтпа, шынықты айтуға қорықпа, бірақ ақиқатпен айт;

5)Жаныңнан өсек шығарма, біреудің айтқанын біреуге айтпа;

6)Ант ішпе;

7)Бос сөзге уақыт бөлме, орынды сөйле, әйпесе үндеме

8)Мақтан қума, күндеме,жақыныңның жақсылығына қуан;

9)Журегіңді ашудан тазарт, дұшпаныңды жек көрме;

10)Сенімсіздіктен құтыл, хақиқатты ұғуға тырыс-деген будда нормалары өз дүние танымындай болды. Бұл парыздар ойшылдың шығармаларынан айқын аңғарылды.Абайдың өзі жазған Ереженің мазмұны 74 баптан тұрады. Бұл-құқық әлеуметтануына елеулі үлес қосқан елеулі құжат.

Абай саяси және құқықтық көзқарасында бюрократтық көріністерге талдау жасап, бюрократияны қалыптастыратын мотивтердің негізіне надандықты,білімсіздікті, өркөкіректікті және менмендікті алып, бұлардың келеңсіз құбылысқа соқтыратынын жасырмады.

Әлеуметтік ортаны, жалпы қоғамды ғұлама Абай адамды жан-жақты етіп қалыптастыратын негізгі социум және басты фактор ретінде қарастырады. Сонндықтан ол «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, замндасының бәрі виноват» деген ой түйіндейді. Бұл жерде Абай адамның қоғам мен қарым қатынасын, байланысын терең сараптай келіп, оны қоғамды құраушы элемент және белгілі бір рөлі атқарушы етіп көрсетеді. Бұл көзқарсын жалғыздық туралы ой-пікірмен тереңдете түседі. Оның тұжырымы бойынша, «Дүниеде жалғыз қалған адам –адамның өлгені».Ірі социум саналатын қоғамдық ортасыз адамның тыныс –тіршілігі болмайтыны анық. Адамсыз қоғам, қоғамсыз адам өмір сүрмейді.

Абай ілімінде қоғам мен адамның даму процесі үш сатыға бөлінеді. Біріншісі-төменгі саты, онда белгілі бір әлеуметтік тәртіп, өмірлік бағдарлар жоқ. Бұл «жарым адамның» ауыр, ұзақ бақытсыз өмірі, ол адамды А бай жануарға теңейді.Екінші кезеңде-қоғам белгілі бір тәртіпке ие болады, оны нығайтады, материалд ық молшылыққа қол жетеді, ақыл-ой рухани болмыс ретінде жалпы адамзаттың негізі танылады. Бұл деңгейде Абай жеке адамды «адам» деп атайды. Үшінші деңгейде адам таза рухани жолмен кемелдікке жетуі тиіс. Бұл шынайы ілімге және мәңгілік қанағаттандыруға апарар жол, оған «толық адам» жетеді. Алайда, бұл деңгейде жалпы қоғам түгел қол жеткізе бермейді, оған тек жекелеген адамдар қол жеткізе алады, сондықтан да ол алдағы мақсат болып қала береді. Қоғамдық прогрестің қозғаушы күші тұлға болып табылады. Қазақ ойшылы үшін прогрес –қоғамның алға жылжуы, оның жоғарғы сатысы әлеуметтік тәртіп пен жоғары парасатты тұлғаны қоса қамтиды.Төменгі саты-бей-берекеттік және жарым адам. Ортаңғы сатысы –тұлғаның материалдық молшылығымен рухани тепе-теңдігінің үйлесуі.

Қазақтың классикалық ағарту ісінде проблемлар мынадай бөліктерге бөлінеді:

-адам оның әлеуметтік мәні;

-білім, білім беру, ғылым;

-Әлеуметтік-мәдени құндылықтар жүйесі;

-қоғамның әлеу еттік мүмкіндіктерінің көрінісі ретіндегі жеке адамның әлеуметтік-экономикалық және саяси қызметі, адам тыныс тіршілігінің механизмдері,тәсілдері мен әдістері

Әлеуметтік құндылықтарды басты оынға білім мен еңбекті қоя отырып, Абай олардың әлеуметтік бағыттылығын атап өтеді.Абай кең байтақ ұлы далада әрқашаш әлеуметтік өмірді ұйымдастырудың уақыт пен кеңістікте үлкен тұрақты мәні бар екенін және жеке адамдардың материлдық және руани қырларындағы жалпыға ортақ байланыстарына негізделген ірі ауқымды нысаны болғанын көрсете білді.

24.ХІХ ғасырдағы қазақ Ағартушылығы классиктерінің ғылыми таным дамуына қосқан үлесін көрсетңіз.

(Интернетте тура тақырып бойынша мәлімет жоқ. Сол үшін кітапты қоя салдым.Айып етпеніздер!!!:) )

25.ХІХ ғасырдың соңы ХХғасырдың бірінші жартысындағы қазақ зиялыларының әлеуметтік-философиялық,қоғамдық-саяси және этикалық-гуманистік мәселелерді шешуге көзқарасын ашыңыз.

26.Шәкәрім Құдайбердиевтің философия мен жаратылыстанудың арақатынасы туралы концепциясының мәнін ашыңыз?

Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931) «Үш анық», «Мұсылмандық шарты». Оның «Үш анық» еңбегінде ар-ұждан мәселесі қарастырылады.

Шәкәрім біріншіден - онтологиялық жолындағы гносеологиялық, таныммен, екіншіден, дін жолындағы теологиялық дүниетанымды екінші анық деп көрсетеді. Ал үшінші анығы Абайда кеңінен сөз болған мораль философиясындағы жан құмарына барып ұштасатын ұждан туралы күрделі проблеманы көтереді.

«Адамдағы: ынсап, әділет, мейірім - үшеуі қосылып ұждан деген ұғым шығады. Мұны орысша «совесть» деп атайды. Бұған нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң тазарта алмайды. Ұжданы сол жанның

Үш анық

Адам ақиқатты бас көзiмен көрмейдi, ақыл көзiмен көредi. Бiлiп жаратушы – тәңiрi, өлiмнен соң бiр түрлi тiршiлiк бар. Екi өмiрге де керектiсi – ұждан. Ұждан дегенiмiз – нысап, әдiлет, мейiрiм.

Осы дүниедегi кiшкентай, көзге iлiнбейтiн жандардан бастап, адамдарға шейiн бәрi өзi hәм нәсiлдерiнiң жақсылығын бөлiп, өсiп-өнуге қам қылады. Мұны «барлық таласы» дейдi. Бұл – жаратылыстың берiк жолы. Сондықтан барша адам шамасына қарай жақсылық, бақыт iздейдi.

Тiршiлiк туралы адам арасында көптен берi айтылып келе жатқан екi түрлi жол бар. Бiрi – дене өлсе де, жан өлмейдi, жоғалмайды; өлгеннен кейiн де осы күнгi тiршiлiкке мүлде ұқсамайтын бiр түрлi тiршiлiк өмiр бар; сондықтан адамдар жалғыз ғана дүние тiршiлiгiн ойламай, сол соңғы дүние өмiрiнде де жақсы, бақытты болудың қамын ойлай бiлуi керек дейдi. Мұны ақырет дейдi, өлгеннен соңғы өмiр жолы дейдi

Ендi бiр жол – бұл әлемдегi барлық нәрсенiң бәрi өздiгiнен жаралып жатыр, оны былай деп жаратқан ие жоқ hәм өлгеннен соң да тiрiлетiн жан жоқ дейдi.

Менiң ойымша, осы екi жолдың қайсысы анық екенiн табу – ақылы сау адамға қатты мiндет.

Сол жүйеден барша адамды бақытқа жеткiзудi ойласақ, бiлiп жаратушы ие бар, өлгеннен соң бiр түрлi өмiр бар дегеннiң шын-өтiрiгiн бiлу керек. Егер шын болса, соның қамын ойлап, адамдарды түпкiлiктi бақытқа жеткiзу үшiн, мүбада өтiрiк болса, оған да әуреленбей-ақ жалғыз осы дүниенiң қамын қылу үшiн, оны тексеру үшiн әртүрлi дiндер жинап, әртүрлi ғылым жинап, әртүрлi бiлiмдiлердiң ол туралы жазған кiтап, айтқан сөздерiнен хабары болу керек. Өте-мөте қатты бiр керек шарты – өзiнiң ұстаған дiнiн оқыған, ұғынған қалпынан асырып алмай, «пәленшекең, жақсы кiсi айтыпты» деп сенiп қалмай, бiржола сол ұғымға байланып қалмай, өз ақылына әбден айқын бола алатынын шындыққа сүйенiп тұрып, сол екi жолдағылардың жазған кiтап, айтқан сөздерiн сынау керек. Әйтпесе адам әдет-ғұрып, ақылдан шыға алмай, арқандаулы ат сияқты болады. Және өзiнiң мынау жөн дегенiн халық алдына салған дұрыс. Неге десең, қайбiр iс болса да, әбден сыналып, тазарған соң шындық ашылады. Ал екi жолдың қайдан шыққанын тексерсең, адамдардың iздеуi және барша әлемдегi нәрселер қайдан пайда болған, кiм жаратқан деген ойдан шыққан. Неге десең, адамның ақылы оны ойламай тұра алмайды. Және адам баласы жаңалық бiр нәрсе көре қалса, оны кiм жасады екен, әрi не үшiн керек демей тұра алмайды. Сондықтан жаратушыны iздеген әркiм әр түрлi ой жүргiзедi.

Наши рекомендации