К.Р. Поппердің сыншыл рационализмі.
Поппер Карл Раймунд(1902-1994 жж.) – британдық философ. Австрияда дүниеге келді, әуелі физика, математика мен психологияны содан кейін философияны Вена университетінде меңгерген, 1937-1945 жж. Жаңа Зеландияда философиядан дәріс оқыған, кейін 1945 ж. Лондонның экономика мен саяси ғылымдар мектебінде профессор, логикадан дәріс оқыған, 1949-1969 жж. сол мектепте логика мен ғылым методологиясының профессоры. Вена ұжымынң дискуссияларына қатысқан, оның бағдарламасына сынау жасаған; 1946 ж. бастап, өзінің шәкірттерімен бірге ғылым философиясында сыңшыл рационализм аталатын жаңа бағытты қалыптастырған. Поппердің шәкірттерінің қатарына кіретіндер: Лакатос, Фейерабенд, Агасси, Уоткинс, У. Бартли т.б. Поппердің пікірінше, сынау ғылымның негізгі әдісі және ғалымның әдетінің негізгі рационалды стратегиясы.
Поппердің көзқарасын 20 ғ. басында физикадағы жаңа теориялар, логикалық позитивизмнің идеялары, кантианшылдықтар /Нильсон/ өзгертті. Өзінің сыншыл рационализм атты философиялық концепциясын неопозитивизімге антитеза ретінде құрастырды: верификацияның орнына демаркацияны; индуктивизімге қарсы болды; демаркацияның әдісі – фальсификация /бәрін жоққа келтіру/.
Карл Поппердің методологиялық идеялары батыс философиясында – сыншыл рационализм - әйгілі бағыттың негізін қалыптастырды. Рационализм ғылыми білімнің мінездемесі және зерттеу процесінде ғалымдардың қызмет әдеті ретінде айқын. Сыншыл рационализімнің жарияланған принциптеріне компромиссіз сынау, білімнің принципиалдық гипотетикаландырыуы жатады, себебі, абсолюттік ақиқаттың иелігіне шабыт беретін рационалдылықсыз жағдай.
Попперді неопозитивистік дәстүрмен байланыстырады, бірақ Витгенштейн сияқты ол Вена ұжымының қызметіне қатысы жоқ. «Өзімнің сынаушылырыма жауап» әлде «Өмірбаяным» атты шығармасында ол осы мәселені анықтайды; Отто Нейрат Попперді Вена ұжымының ресми оппоненті деген. Аналитиктарға қарсы ол өзінің бағдарламасының мәні туралы былай деген: «Сөзбен мағыналарды қазбаламай, сыналған теориялармен олардың құңдылығын анықтаумыз керек».
К. Поппердің, ғылым философияның өкілі ретінде назарын ғылыми білімнің өсу мәселесіне аударады. Бірінші шешім қадамы ретінде ол демаркацияны – ғылымды ғылым еместен ажыратуды ұсынады. «Демаркация» терминің Поппер ғылымның шекарасын анықтауға енгізген. «Мен ғылым мен ғылым еместің аралығын көрсеткім келді, себебі, ғылым көп жағдайда қателеседі, ал ғылым емес кездейсоқтықта ақиқатқа ұрынуы мүмкін». Демаркация мәселесі /бөлу, ажырату/ ғылымды иррационалды аңыздар мен квазиғылыми құбылыстардан, экзистенциалдық, идеологиялық қатпарлардан босатуға арналған. Бірақ, демаркация кең мағынасында эмпириялық ғылымдарды математика, логика мен метафизикадан бөлу мөлшерлерді іздеу. Демаркация белгісі ақиқатты әлде жалғандық қатынастырға теңделмейді, ол тек ғылымның нақты аймаққа қатысын білдіреді. Индуктивті логика демаркация белгісінің ерекшелігі мен лайықтығын анықтамайды. Поппер атуынша: «демаркация белгісін келісім әлде конвенцияның ұсынуы деп түсіну керек».
Ғылыми өлшемнің ең әлсіз нүктесі – тәжірибелік тексеру – олда жетілмеген. Яғни, теорияны дәлелдемейтін де фактілер кездеседі.
Л. Витгенштейннен келесі пікір жалғас алады, әр ғылымдылыққа қатысты теория фактілерге /протоколдық пікірге/ сүйенеді, және тәжірибенің нәтижесі болады. Ал Поппер таза бақылаудың мағынасыздығын, әлде нақты, бақылау тек тандамалы және мақсатты деп жариялаған. Сөйтіп, ол анық жариялаған: «Теорияның ғылыми статусының белгісі оның фальсификациялануы мен жоққа келтірілуі...». Әр жақсы, жетілген теория тиым салады, теорияның тиым салуы көп болса, ол жетілген, басқа теориямен жоққа келтірітіруі тек бір сәтте.
Басқа жағынан қарасақ, Л. Витгенштейіннің бақылаудын үстемді шешімімен келіссек, тәжірибелік білім теорияның ақиқатты екендігіне толық негіз болалмайды, себебі, тек бір факт арқылы теорияны жоққа келтіруге болады. Дәстүрлі мысал: биологтардың пікірінше, аққулар тек ақ түсті деп саналған, Австралияда қара түстілер кездескенше дейін.
Осыларға назарын аударып, Карл Поппер верификацияның альтернативасы деп теорияны принципиалды түрде жоққа шығаруды, оның фальсификациясын ұсынады. Осы жағдайда, ғылыми деп соңғы ақиқат деп жарияланған емес, жоққа келтірілгенді санаймыз. Ғылыми емес құрылыстар /қосымша метафизикада/ фальсифицияландырылатың ғылыми теориялар қарағанда жоққа келтірілмейді, себебі, жоққа келтіру эмпириялық, тәжірибеге негізделген білімді дәлелдейді, яғни, оның ғылымдылығын, фактілермен байланысын. Ғылымдылықтың идеалынан алшақ ғылыми емес концепциялар мәнінде жоққа келтірілмейді. Оны ешқандай факт жоққа келтірмейді, себебі, ол фактілермен жұмыс жасамайды. Поппер өзі осыны түсініп, жазған: «Менің білім теориясынна деген қатысым революционды болғансон, сол себепте, мен ойламағандай, қабылдауда қиындық тудырды».
Оның пікірінше, ғылым мен рационалдылық тоталитарлы иррационалдылықтың рухыны қарсы болатын негіз. Демаркация мен фальсифицияландыру идеясы – оған әлемде атақ әкелген жетістіктер. Фальсифицияландыру принципі верификация принципіне альтернативаны құрастырады және бірінші позитивистермен қорғалатын индуктивизм принципіне сынау тудырады. Индуктивизімге қарсы Поппер эмпириялық бағдарламалардың рационалды құрастырылған схемалар үстемді ғылыми зерттеудің гипотетикалық-дедуктивтік моделін ұсынады. Эмпириялық бағдарламалар өздері конвенционалды түрде қабылданған эмпириялық негізге арқа сүйейді. Сөйтіп Поппер Вена ұжымының қисан эмпиризімінен бет бұрады. Ол зерттеудің теориялық пен эмпириялық деңгейлерінің теңдігімен байланысын қөрсетуге тырысты.
Фальсифицияландырылу теориясы 1965 ж. Лондон коллоквиумінде жарияланды, келесі бірнеше жылдар Еуропа мен оның шеңберінен тыс ғылым философиясының пікір-таласының орталық тақырыбы болды. Күмәнсіз, фаллибилизм туралы тұнғыш рет айтқан Ч. Пирс /1839-1914 жж./, бірақ артикуляциаландырылған доктринаға К. Поппер өзінің «Ғылыми білімнің өсуі мен логикасы» атты шығармасында /1934 ж./ айналдырды. Фаллибилизімді тек 60-шы ж. қолдана бастады. Попперниандік қозғалысқа кіргендер: Дж. Агасси, Дж. Уоткинс, Дж. Фрезер.
Поппер өзінің фальсифицияландыру концепциясын келесі тұжырымнан бастайды – теориялық білім шамамен болжамды, ол қателікке ұрынады. Ғылыми білімнің өсуі ғылыми гипотезалардың ұсынуы мен жоққа келтіруді негіздейтін процесс. Соңғысы фаллибилизм принципінде бейнеленеді. Поппер сенеді, қанша тексерістен өтседе ғылыми теориялар қателесуі мүмкін, олардың мүмкіндігі нөлге жақын. Басқаша айытқанда, теориялардың бәрі қате деп қателесуге болмайды. Сонымен бірге ол өзінің жағымды принципін ғылым философиясының идеялық ағымдарының контекстіне қоюға тырысты. Конвенциялық пікір бойынша табиғат заңдарын бақылаумен фальсифицияландыруға болмайды және жүйелерді фальсифициландырылған әлде фальсифиландырылмайтыңға бөлуге болмайды, бұндай бөлініс анықсыз деп тұжырымдайды. Сөйтіп, осы принциптін түсіндіруінде кейбір қозғалыс бар.
Фальсификация» термині теорияға қарсы келетін эмпириялық фактілер арқылы теорияны жоққа келтіру деген мағынаны білдіреді. Фальсифицияландыру дегеніміз әр ғылыми теорияның фальсификацияға ашықтығы. «Фальсифицияландыру дегеніміз теория оны дәлелдейтін, яғни, дедукция арқылы тұжырымдалынатын тек эмпириялық фактілермен бірге емес, сонымен қатар, теорияға қарсы, әлі белгісіз эмпириялық куәландырылмаған потенциалды фальсификаторлар тобы. «Теория «эмпирикалық» әлде «фальсифицияландырылатын» деп аталады, ол екі класс мүмкіндігінн, негізгі пікірлерді ек қуыссыз подклассқа бөлсе: бірінші, өзімен сәйкес емес, өзіне лайық емес негізгі пікірлер классы; екінші, өзіне қарсы емес, өзі «жіберетін» негізгі пікірліедің классы». Осы анықтаманы нақты айытсақ, теория фальсифицияландырылады, оның потенциалды фальсификаторлардың классы қуысты /бос/ болмаса.
Алғашқы «қияли фальсификационизімнен» /тәжірибемен жоққа келтірілген гипотезалар түсіп қалады/ фальсификацинизімді жетілдіруге қозғалыс /териялар ұқсастық арқылы тексеріледі және жақсы дәлелделген теориялар түсіп қалмай басқа продуктивті фактілермен түсіндірілген теорияларға/. Бұл жерде жаңа ұғымға сұраныс бетке шығады – корроборация, яғни, теорияның мүмкіндігін көтермейтін, оның фальсифициаландыруын бұзбайтын дәлел. Теория корроборияландырылған деп саналады, одан эмпириялық куәліктер жиналса. Басқа тең жағдайларда теория корроборияландырылгған деп саналады: 1. потенциалды фальсификаторлар классы кең болса; 2. қатал тексрістен, яғни, қиын, күтпеген эмпириялық куәлікпен – қабылданған теорияларды фальсифицияландыратын гипотезаларды қабылдау».
Поппер ғылыми білімнің өсуін жалпы әлемдік эволюциялық процесстің нақты оқиғасы дейді. Өзінің эволюциялық эпистемологиясын индуктивистік дәстүрмен пікір таласта дамытқан. Ғылыми теориялар индуктивтік процесстер арқылы құрылмайды. Біздің ақылымыз tabula rasa емес. Поппер болжамсыз және идеялардың «иррационалды» инъекциясын қабылдайды. Оған қатысты тағы бір пікір – методология эволюцияға қарсы қасиеттердің иесі, себебі, ғылыми методология ғылыми білімнің унификациясыны /бірлігіне/ әкеледі, ал эволюциялық процесс көп түрлікке әкеледі. Сол себепте, Поппердің методологиясы эволюциялықтың аналогі, өзгеру, іріктеу, бекіту анықтамаларды қолданады.
К. Поппердің эпистемологиялық позициясын кумулятивизімнің стандарттарына қарсы деп бағалайды. Оның пікірінше, ғылымның мақсаты тұрақты түрде өзін жаңарту. Ғылым мәселеден басталады, ғылыми теория ғылыми білімнің өсуіне қосатын үлесі – жаңа мәселерді тудыру. Алғашқы Поппер үшін антикумулятивизм тәрізді, яғни, ғылымда жоққа келтірілген теорияларды сақтау.
Сөйтіп, Поппер кумулятивтік метолологияда қалыптасқан бірізгілік принципті жоққа келтіреді. Ғылымға ешқандай даму ізгілік тәрізді емес, әр жаңа теория жаңа сызықты жаратады. Ғылым тарихы «тарихи преценденттердің» жиынтығы. Поппердің эпистемологиясының соңғы нұсқауына антикумулятивистік емес, кумулятивистік емес позиция /бірізгілік пен үзілісті қабылдайды/ тәрізді.
Сынау жалпы мағынасындакерісінші байланыс, яғни, алғашқы шарттарға, негіздерге, теория мен идеяларға, тұжырыммен принциптерге назар аудару режимінде рефлексияландыру қабілеті. Сынау принципиалдық түрде өзіндік позиция контраргументтермен жоққа шығарылса, яғни, оларды жоққа шығару. «...Әр сынау түбінде әр-түрлі қайшылық пен сәйкессіздікті көрсету, ғылыми прогресс қайшылықты тек айқындау емес жоюшылық. Қайшылық ғылымды прогресске әкелетін тәсіл».
Бірақ, сыншылдық ұсынылған идеяларды қорғау мен дәлелдеу, соны жасауға аргументтерді іздеу. Сынау аргументация жүйесіндегі өкілдермен «диалог» пен «полилогқа» қатысу. Сол қасиетінде ол плюралды.
Дж. Сороспен келесі сөздер айтылған: «Бәрі мүмкін болу керек, әлі дәлелденбей, түбінде мүмкін емес. Оны мен ойлаудың сынау типі деп атаймын». Тандау әр-қашанда жарияланған ережелердің механикалық қосымшасын емес, тұрақты сынау анализге сұраныс жасайды. Ойлаудың сынау типінде абстракциялар маңызды орын алады. Латынша абстракция ол аландау болса, ал шығарып алу өзінің сапасында реалдылықты қарапайым түрге айналдырады, бірақ ойлаудың қабылданған құралы болады. Абстракциялық құрылыстын интерпретациясы қосымша мәселелер тудырады. Ақыл реалдылықтан алшақтаса, абстракциялардың «өзгеше толық» өмірмен жаратылған мәселелрдің төнірігіне жеткісі келеді. Түбінде, ойлаудың жоғары деңгейіне дейін жетіп, реалдық өмір мәселелері мен коллизиясынан «ұшып» кетеді. Жерге түсу үшін, сыншыл ойлау абстракциялық категориялардың байланысының басқа интерпретациясына іліну қажет, олар реалдықта максималды түрде адекватты болады. Ойлаудың сынау түрі интерпретациялардың әр-түрлі мүмкін жағдайларын ұсынады.
Рационалдылықтың сапасы сынаудың қасиеті ретінде мақсаттың, іс-әрекеттің, нәтиженің әлде байланыс процесстің анықтығы мен түсінігін негіздейді. Сынау рационализімнің пафосы эмпиризімге қарсы болуда емес. Керісінше, реалды эмпириялық жағдайлар анализге және сынауға назар сұрайды. Сыншыл рационализм ирационализімге қайшы. Рационалдылықтың стандарты индивидтердің іс-әрекет ресурсына қатысты жинақсыздықты қабылдамайды. Рационалды дүние түсінігінің негізінде оптималдылық жатыр.
Кант пен Гегельдің шығармаларында біз рационалдылық анықтамасының шегінің өсуін байқаймыз. Гегельге мына сөздер тәрізді: «Ақылдының бәрін біз қатар мистикалық деп санауымыз қажет, себебі, ол ақылға симайтын және жетілмейтін болғандықтан емес ақыл-парасаттың шегінен шығатындығы». Поппер айытқандай, Гегель ақылдың табиғатында өз-өзіне қайшылық жатыр дейді. Адам қабілеттері емес, рационалдылықтың өзінің мәні бізді қайшылықтар мен антиномиялармен жұмыс жасауға мәжбүрлейді. Антиномиялылық, Гегельдің пікірінше, ол ақыл арқылы дамып жатқан тәсіл.
Қазіргі жағдайда рационалдылықтың мәселесін талқылау қиын жағдайға жатады, себебі, рационалды бағытталған теориялар басқа табиғаты бар элементтерді кіргізеді – рационалдылықтан тыс, құңдылық, идеологиялық, экзистенциалды, стохастикалық – бәрі әлеуметтік детерминацияға бағынады.
М. Вебердің анализіне бағынып отырып, бюрократияны да қоғамды меңгерудің рационалды тәсілі. Өзінің мақсаты бойынша ол заң әріптеріне бағыну мен ұстануды міндет етеді. Ал заң рационалдылықтың бірінші белгісі. Бірақта, сыншыл рационализм сонша рационалды деп аталады, себебі, ол тек ақыл деңгейіне жетпеген түрлерді сынау емес, сонымен қатар нақты жағдайдағы мақсаттылық пен және қосымша сферадағы ақылмен шек қою.
Ақылдың сыншыл потенциалының қосымша сферасы ретінде институциналдылықты қарастыруға болады, яғни, бұған әлеуметтік реттілікті қалыптастыратың қоғамдық институттар жатады. Сыншыл ақылдың компетенциясына тек персоналармен және доктриналармен пікірталас емес, тағы да әлеуметтік институттардың қызметіне белсенді өзгеріс кіргізу – «жабық қоғамдағы» «бағыну» принципі және рефлексияланбай бағыну. Поппердің айтуынша, ақылға бағынып, сынау қабілетті қолдана бастағанда, біз өзіміздің тұлғалық жауапкершілік үнімізді сездік, сонымен бірге білім прогесіне ықпал ететін жауапкершілікғ біз алғашқы тайпалық магияға бағынатын қоғамға қайтарылып келе алмаймыз. Біз артқа бұрылсақ – тағы барлық өтілген жолды қайталау мәжбүрміз – яғни хауан деңгейіне».
Бірақ бұл эпистемологиямен әлеуметтік танымның кездесуінде жалғыз оқиға емес. Эпистемологияда Поппермен ұсынылған демаркация идеясы – рационалды мен иррационалдықты, ғылым мен ғылым еместі бөлу ғылыми танымның шегінен шықты. Демаркацияны универсалдандыруға себеп пайда болды – яғни, ашық және жабық қоғамдар аралығында демаркациялық сызық өткізу – бірақ олардың бәріне ортақ тарихи даму процесске қатыстарын ұмытпай.
К. Поппердің эпистемологиясындағы орталық идея қоғамдық организмден де өзіндік коррекция сүрауға мәжбүр болды. Фальсификация идеясы әлеуметтік анализдеуге қосымша қоғамдық біртұтастыққа өзіндік коррекция үшін маңызды бағыттарды ашады.
Әр социумдағы қабылданған идеялар сыннан өткізу қажет, сонда қана ақылдылар сақталады, ал ақылсыздар тасталып, жаңа әлеуметтік стратегияны ұсынады. Осыны кіші өзгерістің түрі деп айтуға болады. Сынау өзгеріске әкелетін рационалды және эффективті әсершіл құралдары.
Имре Лакатос Карл Поппердің замандасы оның теориясына скептикалық тұрғыдан қарайды. Келешек саяси философтар мен ағартышу қызметкерлеріне талай сұрақтарға жауап іздеу жұмысы дайын. Мәнгі сұрақтарға жауаптар әлі де тек жорамал жағдайында қалады.
Ғылыми танымның стратегиясына айналған сынау рационализм принципіне келесі тежеулер қойылады:
Бірінші тежеу – мақсатқа жетудің қажеттілігі.
Екінші тежеу – тек керекті салдардың шығуы, сонымен қатар, тікелей бақылаудан өткендерде.
Үшінші тежеу – салдардың зиянсыздығы, жағымдысы.
Төртінші – білу мен болжау мүмкіндігі.
Және ғылымның дамуына әсер беретіндеріне – мистикалық инсайт – тұлғалық, индивидуалдық шығармашылық.
Попперден үш әлемді ажырату сыншыл-рефлексивтік процесстің сызықтарын анықтайды. Үш әлем – 1. шектелген физикалық жағдайлар әлде объектілер; 2. сана, ойлау ментальдық жағдайлар, қызметке қатысты диспозициялар; 3. ойлаудың объективтік мазмұны – ғылыми иедялардың мазмұны, поэтикалық ойлар мен өнер шығармаларының мазмұны. Яғни теориялық идеялар, концепциялар, мәселелер, қиын оқиғалар – сынау пікірлер, сыншыл пікір-таластар және олардың жағдайлары.
Эпистемология ғылым философиясының теориясы ретінде автономды үшінші әлеммен тығыз байланысты.Ғалымосыған дәлел ретінде үш тезисті ұсынады.
1. Дәстүрлі эпистемология екінші әлемге назар аударғансон ғылыми білімнің зерттеуіне ешқандай қатысы жоқ..
2. Эпистемология үшін үшінші объективті білім әлемін /автономды/ зерттеу шешімді мағына береді.
3. Үшінші әлемді зерттейтің объективтік эпистемология екінші субъективтік сана әлеміне, әсіресе, ғалымдардың субъективтік ойлау процесіне.
Осыларға Поппер қосымша аргументтер ұсынады:
• өрмекшінің торы оның продукциясы сияқты, солай үшінші әлем адамның табиғи продукциясы;
• үшінші әлем үстемді түрде автономды, соған бағыттылған әсерге қарамай;
• біз және үшінші әлем арасындағы байланыс арқылы объективтік білімнің өсуі мүмкін, биологиялық өсумен, яғни, өсімдіктер мен хайуан эволюциясымен объективтік білім арасында тығыз аналогия жатыр.
Үшінші әлемнің автономия туралы пікірден келесі ғылыми білімнің өсу формуласы шығады: Р - ТТ - ЕЕ - Р2, Р – мәселе; ТТ – мүмкін қате теория; ЕЕ – қатені түзету процесі; Р2 – жаңа мәселе.
«Үшінші әлемнің автономиясы, және үшінші әлемнің екіншіге және біріншіге керісінше әсер береді – барлығы білімнің өсуінің маңызды фактілері», - деп К. Поппер тұжырымдайды.
Қорыта айытқанда, қазіргі ғылым философиясында адекватты түрде толық саналатын жағдайға білімнің дамуының реалды процесі түбінде қатал бақылауға қарсы шығады. Ғылыми процестің субъектілері жарияланған ережемен емес, ішкі мотивациядан өткен логикалық, верификациялық-фальсификациялық салыстырмадан өткен, принципиалды түрде жаңа мүмкіндіктердің болуына ашық.