Тақырып. Христиандық мәдениеттің қайнар бастаулары мен басты кезеңдері

Жоспар:

1. Ортағасырлық еуропалық мәдениеттің қалыптасып, дамуының әлеуметтік-экономикалық негіздері.

2. Ортағасырлық білім жүйесі мен мәдениеттің категориялары.

3. Ортағасырлық мәдениеттің діни және көркемдік канондары. Христианшылық. Христиандық философияның қалыптасуы мен дамуы.

4. Інжілдің мәдени-тарихи мағынасы.

Орта ғасырлар – эллиндік-классикалық мәдениеттің құлдырау шегіне жетіп, ал одан кейін оның жаңа заманда қайта түлеу кезеңімен сәйкес келетін, ұзаққа созылған біртұтас мәдени дәуірді қамтиды. Орта ғасырлар мәдениетінің қайнар бұлағы – “романдық бастаудан” нәр алатын Батыс Рим империясының мәдени дәстүрлері болып саналады. Олар құқық, ғылым мен өнер, философия, жоғары құқықтық мәдениет, христиан діні және т.б. Бұл мәдени дәстүрлер римдіктердің “варварлармен” күресі кезеңінде тереңдей түсіп, Батыс Еуропаның пұтқа табынушы көптеген тайпаларының мәдени өмірінде өз жалғасын тапты. Мұндай мәдени тоғысулар Батыс Еуропалық ортағасырлар мәдениетінің қалыптасып одан әрі дамуына даңғыл жол ашты. Мыңжылдық “Орта ғасырлар” дәуірі негізінен үш кезеңнен тұрады. Бірінші, “Бастапқы Орта ғасырлар кезеңі” – дәуір бастауынан басталып – X-IX ғғ. дейін созылады; екінші, Жоғарғы (классикалық) кезең – XI ғ. мен XIVғ.; ал үшінші, “Кейінгі орта ғасырлар кезеңі” - XIVғ. және XV ғ. аралықтарын қамтиды.

Бастапқы орта ғасырлар кезеңі – Еуропада буырқанған, әрі мәнді процестерге толы сындарлы кезең болды. Бұл тарихи өзгерістер, ең бірінші кезекте біздің заманымыздың екінші ғасырынан бастап-ақ Рим империясын шапқыншылық әрекеттерімен мазалай бастаған варварлардың (варда – сақал) жойқын шапқыншылықтарымен тығыз байланысты болды. Бұл қақтығыстар Рим империясының 476 ж. құлауымен аяқталды. Ендігі жерде тарихтың жаңа беті басталып, көне қоғамдағы абыржушылық пен бей-берекетсіздік одан әрі күшейе түсті.

Үш ғасыр бойы Францияда салтанат құрған готикалық өнер үш кезеңді басынан кешірді. Бірінші кезең – алғашқы готика – XIIғ. соңғы үшінші бөлігімен бастапқы ширегін, ал екінші кезең – кемелденген готика немесе жоғары дамыған готика XIIIғ. 20 ж. соңына дейін созылса, үшінші “нұрлы готика” немесе “жалындаған готика” деп аталған соңғы кезеңі XIV-XVғ. аралығын қамтиды.

Орта ғасырлық Еуропа қоғамы — діни қоғам болды, міне сондықтан да орта ғасырлық еуропалықтар нағыз діндар адамдар болдыШіркеу ілімі қоғамдық ой-сананың басты ұйтқысына айналды және философия, логика, жаратылыстану сияқты ғылым салалары христиан дінінің негізгі қағидаларымен сәйкестендірілді. Дін басылары ең білімді тап болғандықтан, христиан шіркеуі білім беру жолындағы саясатты өздерінің қалауы бойынша жүргізіп отырды. Міне, сондықтан да болар, V—VI ғ. Батыс Еуропаның бүкіл мектептері шіркеу билігінде болды. Мектепке оқушыларды қабылданудан бастап оқу бағдарламаларын жасауға дейінгі жүргізілетін жұмыстардың барлығьш шіркеу өзі жүргізді. Мұндағы басты мақсат — шіркеу қызметкерлерін дайындап, тәрбиелеп шығару болды. Осы орайда діни білім берумен қатар, христиан шіркеуінің ежелгі заманның білім беру жүйесінен мұра болып қалған ақсүйектік мәдениеттің элементтерін кеңінен қолданғанын да ерекше атап өткен жөн сияқты, яғни «Жеті еркін өнер» — грамматика, риторика, арифметика, астрономия және музыка оқытыла бастады. Монахтық мектептерден басқа «сыртқы мектептер» деп аталатьш жастарға арналған арнайы мектептер болды. IX ғ. бастап Англияда ақсүйектердің балалары үшін арнайы «бекзадалар мектептері» ашылып, онда сабақ беретін еуропалық білімпаз ұстаздар ежелгі авторлардың шығармаларын ағылшын тіліне аударуды қолға ала бастады. Бұл мектептердегі сабақ сапасы әрқилы болғандықтан, олардың түлектерінің білім дәрежесі де әртүрлі болды.

Орта ғасырлық университеттік ғылымды — схоластика, яғни мектептік ғылым деп атады. Оның негізгі белгілері — шіркеуге және шіркеу қайраткерлеріне сүйену, теологиялық — догматтық алғышарттарды рациональдық принциптермен біріктіру, формалдық — логикалық мәселелерге қызығушылық және танымның негізгі әдісі ретінде тәжірибенің рөлін бағаламау бол-ды. Осы жағдайға байланысты шіркеудің ортағасырлық университеттердегі ықпалы өте зор болды. Ақсүйектер білім алатын қала мектебінде де діни білім беру ең басты орынға қойылды. Бірақ, университеттердің саны көбейген сайын (ХҮ-ғ. 65-ке жеткен) діни біліммен қатар медицина, өнер, құқық сияқты басқа да ғылым салалары оқытыла бастады, ал кейіннен оқу бағдарламаларына жаңа ғылым салалары енгізілді.

Христің дінін қабылдаған халықтар оны өзінікі деп есептейді.

Христианшылдық біздің жыл санауымыздағы 1ғ. Пайда болды, Рим империясыныің Шығыс бөлігіндегі мистикалық-мессияндық қөзғалыстардың арасынан бөлініп шықты. Иисус Христің ғұмырнамасы Матфей, Лука, Марк және Иоанн таратқан інжілде мазмұндалған.

Христианшылдықтың мәні Никей және Константинополь соборларында қабылданған “сенім рәміздерінің” 12 тармағында мазмұндалған.

Христианшылдықтың негізі барлық адамдардың кұнәсін кресте өзінің азапты өлімімен мойнына алған Иисус Христің күнәдан арылту құдыретіне, болашақта келетіндігі Христің Қорқынышты сот туралы сенімге құрылады. Христиандардың қасиетті кітабы Таурат болып табылады, біздің жыл санауымызға дейінгі оның қағидалық мәтіні Ш ғасырда жазылған Ескі өсиеттің 39 кітабынан, біздің дәуірдегі 1-П ғасырда Жаңа өсиеттің 27 кітабынан тұрады.

Кілт сөздері:Библия, сенім, құштарлық, схоластика, варварлар, вандализм, университет, роман, готика стильдері.

Наши рекомендации