Жергілікті жерде теодолиттік жҮрістерді жҮргізу
ТЕОДОЛИТТІК ТҮСІРІСТІҢ МӘНІ
Белгілі бір жер территориясының жай-жапсарын 1 : 500 -1:5000 масштабтағы пландарда жер бедерінсіз кескіндеу үшін жүргізілетін горизонталь түсіріс теодолиттік түсіріс деп аталады.
Осы жұмыстарда бұрыш өлшеуіш аспабы ретінде теодолит қолданылады, ал ара қашықтықты өлшеу үшін ленталар (ру-леткалар) және оптикалық қашықтық өлшеуіштер пайдаланылады. Теодолиттік түсіріс геологиялық барлауда, тау кен ісінде, ауыл шаруашылығында, құрылыста т. с. с. пайдаланылатын мәліметтерді алу үшін жүргізіледі.
Теодолиттік түсіріс үшін тірек жүйесі әдетте теодолиттік жүрістер жүйесі түрінде құрылады да, олардың нүктелерінен ситуацияны түсіре отырып, қажетті нүктелердің орнын полярлық әдіспен, перпендикулярлар және жарма әдістерімен, сонымен қатар әр түрлі бұрыштық және ұзындық қиыстырулар көмегімен анықтайды.
Теодолиттік түсіріс дайындық, далалық және ғылыми өңдеу жұмыстарынан тұрады.
Дайындық жұмыстары кезінде жергілікті жердің жай-жап-сарын кескіндеудің қажетті дәлдігіне сүйеніп, түсірістің мас-штабын таңдайды да, қолдағы бар картографиялық материалдарды (планды, картаны және профильді) мұқият қайта қарап зерттейді. Егер түсіріс жүргізілетін ауданда геодезиялық тірек жүйесінің пункттері болса, онда олардың орналасқан жерінің схемасын жасап, каталогтан координаталарын жазып алады.
Далалык жұмыстардың кұрамына мынадай жұмыстар енеді:
1) жергілікті жерді рекогносцировкалау және пункттерді бекіту;
2) түсірістің пландык негіздеуін жасаған кезде бұрыштарды және сызықтардың ұзындығын өлшеу;
3) жергілікті жердің контурын түсіру;
4) түсіріс негіздеуінің пункттерін мемлекеттік немесе жергілікті жүйе пункттеріне байланыстыру.
Рекогносцировка кезінде геодезиялық тірек жүйесінің пункттері ізделініп табылады және жүргізілетін теодолиттік жүрістердің неғұрлым қолайлы орындары белгіленеді. Рекогносцировканың нәтижесін ірі масштабтағы немесе жұмыс барысында жасалған схемаға түсіреді.
ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРДЕ ТЕОДОЛИТТІК ЖҮРІСТЕРДІ ЖҮРГІЗУ
Теодолиттік жүрістер тұйықталған, тұйыкталмаған және бір жағы байланыстырылған болуы мүмкін. Тұйықталған теодолиттік жүріс (60, а-сурет), әдетте, геодезиялық негіздеудің пунктіне байланысқан тұйық көпбұрыш түрінде болады. Тұйықталмаған
жүрістер (60, б-сурет) басы мен аяғында геодезиялық негіздеудің координаталары белгілі пункттеріне тірелуі тиіс. Бір шеті: геодезиялық негіздеудің пунктіне байланыстырылып, ал екінші шеті еркін қалса бұл жүріс бір жағы байланыстырылған жүріс (60, в-сурет) деп аталады.
Теодолиттік жүрістерді жүргізу кезінде мына жұмыстар іс- теледі:
— теодолиттік жүрістердің бұрылу нүктелерін қазыкшамен шегемен, үлкен шегемен, металл трубалармен және бағаналар мен бекітеді, олардың жанындағы белгілерде нүкте нөмірлер: жұмысты жүргізіп отырған мекеме аты мен орындаған жылы көрсетіледі;
— бұрыштарды Т15, ТЗО, 2Т30 және т. б. техникалық теодслиттердің көмегімен бір толық тәсілдер жолымен 30" дәлдікпен өлшейді. Теодолитті орнату нүктесінің үстіне дәлдігі (5—10) м қателікпен центрлейді. Нысаналау кезінде дүрбіні қаданың көрініп тұрған ең төмен бөлігіне бағыттайды, қабырғаларының көлбеулік бұрыштары ү>±2° болса, онда олардың горизонталь ұзындықтарын есептеп шығарады. Горизонталь бұрыштарды бұл толық тәсілдер жолымен өлшегенде жартылай тәсілдер арасында лимбаның орнын 90°-қа ауыстырады;
- сызықтың ұзындықтарын 20 м-лік өлшеуіш лентамен не-
месе рулеткамен тура және кері бағытта өлшейді: өлшеудің ең нәтижесін және олардың орта мәнін арнайы дайындалған журналға жазады. Әрбір қабырғаның екі рет өлшенген ұзындығының арасындағы айырмашылығы 1-разрядты жүрістерде ұзындық 1 : 2000-нан, ал 2-разрядты жүрістер де -1:1000-нанатауы керек.