Оған: ''анализ'', ''синтез'', ''индукция'', ''дедукция'' жатады. 5 страница

Е)сана және тіл

Ойлау үрдісін тілсіз көзге елестету - өте қиын шаруа. Егер ми сананың физиологиялық негізі болатын болса, тілді шынайы ойдың “материясы” ретінде түсінуге болады. Айтылған сөз – дыбыс толқындары – материалдық құбылыс екені ешкімнің дауын тудырмайтын жәйт. Тіл дегеніміз ойды, адами қатынастарды қамтитын белгілі бір белгі жүйесі. Тіл – ойдың сыртқы материалдық қабығы, соның арқасында адамдар бір-біріне неше-түрлі ақпараттарды, өз ойларын жеткізе алады. Сонымен қатар, адамның өзіндік санасының өзі тілмен берілген – тілсіз ойлау тіпті мүмкін емес. Тіл мен сана – күміс ақшаның оңы мен астары сияқты – бір-бірінсіз өмір сүре алмайды.

Тарихи қоғамның Дүниеге келуі – тіл мен сананың да пайда болуымен тең. Тілдің Дүниеге келуінің биологиялық алғышарттары ретінде жоғарғы жануарлардың неше-түрлі дене қозғалыстары мен дыбыс сигналдарын айтуға болады. Алғашқы тобырда бірігіп аң аулау барысында ең алдымен “ымдасу тілі”, дене қозғалыстары арқылы адамдар әр-түрлі хабарларды бір-біріне жеткізеді, сонымен қатар, неше-түрлі сезім толқындары (қуаныш, я болмаса, қайғы, ауыру т.с.с.) олардың аузынан неше-түрлі дыбыстарды шығарады. Соңында, еңбек құралдарын жасауға көшкен кезде, ой мен тіл шынайы тез қарқынмен дами бастайды.

Әр халық өзінің дүниеге келуі мен даму барысында өзіне тән тілін қалыптастырады. Тілде мыңдаған жылдар бойы жасалған өмір тәжірибелері қорытылып, халықтың рухани байлығына айналады.

Бүгінгі таңда жер бетінде 2000-ға жуық ұлттық тілдер бар, бірақ, адамзат ой өрісі бірегей, сондықтан да халықтар арасында түсіністік пайда болады. Оның негізгі себебі – ой арқылы Дүниенің заңдылықтарының бейнеленуі. Адамзатты жағалай қоршаған орта бір болғаннан кейін, ойлау формалары да бір.

Бүгінгі таңдағы дамыған адамзат неше-түрлі тілдің жүйелерін жасады. Әрбір ғылымның өзінің категориялық аппараты бар. Ғылыми ұғымдар бір-бірімен өте тығыз байланыста болып, сол пәннің жүйесін құрайды. Мысалы, биология ғылымын “тұқым қуушылық”, “өзгерушілік пен тұрақтылық”, “ассимиляция мен диссимиляция”, “табиғи таңдау” т.с.с. категорияларсыз көзге елестету мүмкін емес. Философия пәнін құрайтын жүздеген категориялардың ішінен “материя”, “сана”, “кеңістік пен уақыт”, “қозғалыс”, “даму”, “ терістеу” т.с.с. атап өтуге болар еді. Жолдағы қозғалысты ретке келтіретін ережелерді алсақ, оның тілі - өзгеше т.с.с.

Бірақ, қалай дегенде де, барлық ғылым, өнер мен өндірістегі жасанды тілдер тек халықтық тілдің негізінде ғана өмір сүре алады. Егер ұлттық тілді көркемдеп үлкен ағаштың діңі ретінде көрсетсек, онда басқа жасанды тілдер – оның бұтақтарын құрайды. Ал бұтақтарда өсіп тұрған жапырақтар – сол саланы құрайтын ұғымдар болып табылады.

Өз тәуелсіздігін алған Қазақ елінде қазіргі уақытта ана тілімізді дамытуға көп көңіл бөлінуде. Соның бір кішкентай айғағы ретінде осы оқулықты алсақ та болғаны. Ана тілі – зор рухани байлық. М.Хайдеггер айтқандай “тіл – болмыстың үйі”. Ал оның әріптесі Г.Гадамерге келер болсақ, ол “тіл дегеніміз алдын-ала түсіндірілген Дүние”,- деген терең ой тастаған екен. Олай болса, тек ана тілін терең игеру арқылы ғана адам өз ұлтына тән дүниесезім мен қабылдау, көзқарасты өз бойында қалыптастыра алады.

Өзіміздің ұлы бабамыз А.Байтұрсынұлы айтып кеткендей, “Тілдің ғұмыры ұзақ. Оның жолы жылдап емес, жүз жылдап емес, мың жылдап саналады.”. Осы мыңдаған жылдар шеңберіндегі қалыптасқан ана тіліміздегі інжу-маржанды аса ұқыптылықпен зерттеу, оның талай-талай ашылмаған сырларын халыққа жеткізу, сонымен қатар, оны жаңа өмір талаптарымен ұштастыру – бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелерге жатады.

Бір дәуір екіншіге ауысқан жағдайда жаңа мәдени ахуал дүниеге келіп, бұрынғы көзқарасты, құндылықтарды сынға алған жаңа саяси, моральдық, эстетикалық т.с.с. идеялар пайда болады. Бірақ, сонымен қатар, әрқашанда белгілі-бір тұрақты ой-өріс қала бермек. Ол – тіл және оны күрт өзгерту ешкімнің де қолынан келмейді. Тілдегі қалыптасқан мәдениет үлгілері ұрпақтан-ұрпаққа өтіп, олардың өмір салтына, іс-әрекетіне, ой-өрісіне өз ықпалын тигізіп, адамдардың өзара қарым-қатынасына үлкен әсер етеді. Сонымен қатар, тіл де, басқа әлеуметтік құбылыстар сияқты, үне бойы өзгерісте, дамуда. Тілді тазарту, тарихи ұмыт қалған сөздерді өмірге қайта еңгізу, жаңа сөздерді тудыру – бұлардың бәрі де керек нәрселер. Бұл жағынан алып қарағанда біршама жұмыстардың беті қайтарылған тәрізді.

Сонымен қатар, бұл салада да асыра сілтеушілік жоқ емес сияқты. Әсіресе, бүгінгі таңда, қазақ елі бүкіл Дүниежүзілік қауымдастықпен тығыз экономикалық, саяси және мәдени қарым-қатынасқа түсіп жатқан кезде, көп ұлттардың сөздіктеріне кеңінен еңген сөздерді алып тастап оларды "жаңарту" біздің тілімізді жаңартар ма екен, я болмаса, басқа қауымдастықтардан алыстатар ма екен? Біріншіден гөрі екінші ақиқатқа жақын ба деп ойлаймыз.

Мысалы, "цивилизация" деген бүкіл жер шарына кең тараған ұғымның орнына "өркениет" деген сөз енгіздік. Ал, олардың мазмұндары бір-біріне сәйкес келмейді. "Цивилизация" ұғымы негізінен алғанда қоғамның заттық, материалдық деңгейін көрсететін ұғым болса, "өркениет" (түбірі – ниет) адамның, қоғамның рухани өмірін бейнелейтін, "мәдениет" деген ұғымға жақын сөз. Соңғы жылдары "тексті" - "мәтінге" (түркі емес араб сөзіне ауыстырғанда не пайда таптық?), "классты" – "сыныпқа", "архивті" – "мұрағатқа" т.с.с. ауыстырдық. Біз мұндай "тазартулардың" пайдасынан гөрі зияны көп болмас па екен деген күдіктеміз.

Дегенмен де, қазақ тілінің арнасы бүгінгі таңда кеңеюде. Әрине, оны толыққанды мемлекеттік тіл дәрежесіне жеткізу үшін біршама уақыт керек. Ол үшін әрбір қазақ азаматы белсенділік көрсетіп, өз тілін терең меңгеріп, кең түрде қолдануы қажет. Сонда ғана басқа халықтардың өкілдері де қазақ тіліне деген шынайы бетбұрыс жасайтыны сөзсіз.

44.Сциентизм мен антисциентизмнің айырмашылықтарын айқындаңыз.

ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасыр дәуірдің өзіндік санасы позитивизмнің, экзистенциализмнің, марксизмнің, герменевтиканың, неотомизмнің және т.б. философиялық ілімдердің пікір таласынан, сұхбаттасуынан құралған. құралған. Қазіргі философияда бір-біріне қарама-қарсы сипаттағы негізгі екі бағытты байқауға болады. Біріншісі -сциентизм (лат scientia–ғылым) болса, екіншісі – ол антисциентизм болып табылады. Ол дегеніміз рационализм мен иррационализм арасындағы қатынас, ғылыми-техникалық прогреске байланысты қарама-қарсы көзқарастар: сциентизм, яғни рационалдық–ең алдымен жаратылыстануда, ал гуманитарлық салада - психология, логика және лингвистика секілді ғылымдардың жемістерін қолдана отырып, ақыл-ойға сенім білдіреді. Сциентизм таным теориясында ақыл-ойға, оның негізіндегі дәлелденген білімге сүйенсе, ал антисциентизм ақыл-ойға және ғылымға сенбейді. Рационализмнің қызметі екі сатыдан тұрады дейді: 1.-ойлау қызметі тәжірбиеге сүйенеді, яғни ойлау дегеніміз–ақылға салу, дәлелдеу;2.-ойдың қызметі тәжірибеден де жоғары.Антисциентизм - иррационалдық (ақыл жетпейтін) құбылыстарды мойындап, логикалық тәсілді жоққа шығарады. Ғылыми адамды шынайы біліммен қамтамасыз ете алмайды, болмыстың бүтіндігі, үзіліссіздігі туралы ұғымды бөлшектеп жібереді, сондықтан логиканың орнына интуициялық әдісті ұсынады, шындықты тікелей тәжірибенің көмегінсіз ашуға болады деп есептейді. Осы философияға мына ерекшеліктер тән:

1. Қазіргі заман философиясы әр түрлі философиялық мектептерге бөлінуімен сипатталады. Олардың ең белгілілеріне мыналар жатады: герменевтика, экзистенциализм, неопозивитизм, неофрейдизм, неотомизм, персонализм, прагматизм, структурализм, феноменология, антропологиялық философия және т.б.

2. Қазіргі заман философиясы рационализмнен бастартып, иррационалдық тұрғыдан шықты және оған танымның негізгі түрлер ретінде интуицияны (зердені), сенімді қарама-қарсы қояды.

3. Қазіргі заман философиялық жүйелерінің көпшілігі антропологиялық сипатта болады.

4. XX-шы жүз жылдықтағы философияда ғылымға деген қарама-қайшы түсініктер байқалды. Сциентизм және антисциентизм.

5. XX ғ. діни философия одан әрі дами түсті. Шындықты діни тұрғыда түсіну әрекеттері ғылыми әдістерден басқа өз ерекшіліктері болады. Алайда діни арнада да адамзат мәдениетіне маңызды әсер берген көрнекті философиялық ілімдер туды.

6. XX ғ. көптеген философиялық мектептер және ағымдар марксизм философиясына қарсы тұрды. Өйткені, тәжірибе жүзінде коммунистік ойларды іске асыруға мүмкін емес екендігін дәлелдеу барысында философиялық ағымдар-дың көпшілігі сынға ұмтылды. Нағыз философиялық мәселелерді шешудің орнына қарсыластар бір-бірінің философиялық концепцияларының кемшіліктері мен осал жерлерін іздеді. Осының негізінде идеология ықпалынан табиғаттылықтан, тіптен ғылымнан дербес философиялық жүйелерді құру әрекеттері күшейді.

45.Сана мен бейсананың диалектикалық бірлігін анықтаңыз.

“Өмiр философиясының² ХХ ғ беделдi ағымдарының бiрi - фрейдизм болып табылады. Негiзiн қалаушы Зигмунд Фрейд (1856- 1939 ж.ж.) -австриялық дәрiгер, психолог, философ. Негiзгi еңбектерi : “ Мен және Ол², “Тотем мен Табу²т.с.с.

З.Фрейд жүйке ауруларын зерттеу мен емдеу жолында адам психикасында бисаналықтың зор орын алатынын байқайды. Егер одан бұрын қайсыбiр невроз ауруларының себебiн ғалымдар сананың шеңберiнен iздеген болса, ол оны бисаналықтан көрiп, жұйке ауруларын емдеудiң “психоанализ² әдiстерiн жасап, бiршама жетiстiктерге жетедi. Бұл оған шабыт берiп, ол психоанализдiң негiзгi қағидаларын бұкiл қоғам мен мәдениетке таратып, философия саласында ерекше ағымды тудырды.

Сонымен, бисаналықты ашу,оның құрылымын, адамның жеке өмiрiне, қоғамға тигiзетiн әсерiн зерттеу - Фрейдтiң ғылымға еңгiзген жаңалығы болды. Адамның көп ынта-тiлектерi мен iңкәрлерi бисаналықты түрде пайда болады екен. Олар сыртқа адамды гипноздаған кезде, я болмаса ұйқыдағы адамның түсiнде, байқамай айтылып қалған сөзде, кейбiр дене қозғалысында т.с.с. көрiнiп қалады.

З.Фрейдтiң ойынша, адамның психикасының үш деңгейi бар: оның ортасында “Ego² (латын сөзi,- “Мен² деген мағна бередi), яғни адамның өзiндiк сана-сезiмi орналасқан. Екiншi құрамдас бөлiгiн “Super ego² (өзiндiк сана-сезiмнен жоғары) деп атайды. Оған неше-тұрлi қоғамның тұлға алдына қоятын талаптары, әлеуметтiк нормалар, әке-шешенiң бала алдына қойған талаптары мен бұйрықтары т.с.с. кiредi, ол тәрбие барысында адамның психикасына енгiзiлiп, соңынан оның барлық жұрiс-тұрысын қоғамның талабына сәйкес ретке келтiрiп отыратын iшкi механизм. Адам психикасының iрге тасы ретiнде ең терең жатқан және өте көне құрамдас бөлiгi - ол “Libido² (латын сөзi,- құштарлық, iңкәр, зауықтану,- деген мағна бередi), я болмаса оны қысқаша “Id² деген екi әрiппен бередi. З.Фрейдтiң ойынша, оған адамның барлық бисаналық түрде өтiп жататын психикалық құбылыстарының бәрi де кiредi. Оларға инстинктер, кұңгiрт сезiмдер мен тұйсiктер, ындын-тiлектер т.с.с. жатады. Бисаналықтың өзегiне З.Фрейд жыныс күш-қуатын (сексуалдық энергия) жатқызады. Ол бұкiл адамның психикалық жан-дүниесiне өзiнiң ықпалын тигiзiп, адамның “өздiгiн², ерекшелiгiн құрайды.

З.Фрейдтiң ойынша, егер адам психикасының ең терең қабаты ләззат алуға тырысса, сана, керiсiнше, сыртқы дұниеге, жағалай ортаға бейiмделуге асығады. Осы себептi сана мен бисаналықтың арасында әрдайым қайшылық пайда болады. Егер тәрбие барысында адамның жан-дұниесiне еңгiзiлген әлеуметтiк нормалардың талаптары өте күштi болса (Super ego), онда ләззат алуға бағытталған жыныс кұш-қуаты сыртқа шыға алмай, бiр жағынан адамды невроз ауруларының түрлерiне әкелсе, екiншi жағынан, ол белгiлi бiр жағдайда сублимацияланып (sublimatio,-латын сөзi, - “биiкке көтеремiн²,- деген мағна бередi) , яғни жыныс энергиясы мәдени шығармашылыққа айналып, тұлға үлкен рухани туындыларды дүниеге әкелуi мұмкiн.

Жүре келе, З.Фрейд бисаналықтың шеңберiнен екi негiзгi инстинктердi бөлiп алады. Олар - “өмiр инстинктi² - эрос, “өлiм инстинктi² - танатос. Егер эрос инстинктi өмiрге деген сұйiспеншiлiктi, достықты, iңкәрдi тудырса, танатос - адамды өлiмге қарай итерiп, оның агрессивтiк, қанiшерлiк, қиратуға деген құмарлығын, адамдарды қорлауға бағытталған iс-әрекетiн тудыруы мүмкiн.

Дегенмен, З.Фрейд бисаналықтың күш-қуаты қандай зор болғанымен, адам оларды ауыздықтап, саналы тұрде басқара алады деп есептедi. Әңгiме адамды алаңдататын бисаналық құбылыстарды сананың жарығына шығарып, оларды өз еркiңе көндiруге мүмкiндiк алуда болса керек.

Қоғам өмiрiнде адамның күңгiрт инстинктерiн ауыздықтайтын құралы бар. Ол - мәдениет. Мәдениеттiң құндылықтары арқылы адамдар өзiнiң табиғатпен, өз-өздерiмен қарым-қатынасын ретке келтiрiп, деструктивтi күнгiрт инстинктерiн шектеп ығыстырады. Бiрақ, ығыстырылған күңгiрт күштер ешқашанда мүлде жойылмайды, олар қорлана келе, оқтын-оқтын бұрқырап шығып неше-тұрлi бақытсыздыққа әкеледi. З.Фрейдтiң айтуына қарағанда, жыныстық құмарту мен қатыгездiк, мейiрiмсiздiк бiр-бiрiмен өте тығыз байланысты. Сонымен, екi негiзгi инстинктер әрдайым бiр-бiрiмен күресте болып, мәдениеттiң дамуының негiзгi бағыттарын анықтайды.

Сонымен, бисаналықтың екi негiзгi инстинктiн мойындау, бiр жағынан, шығармашылық жолмен дұниенi қайта құру, екiншi жағынан, жасалған мәдениетке қарсы шығу, қирату - З.Фрейдтiң iзiн қуған ғалымдардың еңбектерiнде неше-тұрлi қайшылықтарды тудырды. Олардың көбiн З.Фрейдтiң бисаналықтың өзегiн жыныс энергиясына теңеуi қанағаттандырмайды.

Карл Густав Юнг (1875-1966 ж.ж.)басында өз ұстазының көзқарасында болғанмен, жүре келе бисаналықты басқаша түсiне бастайды. Аурулардың көрген түстерiн сараптай келе, ол онда халықтардың тарихи аңыз-әңгiмелерiндегi кеiпкерлердiң бейнелерiн байқайды. Олай болса, адамның жеке басының бисаналығынан басқа, одан да терең “ұжымдық бисаналық² формаларының бар екенiн байқайды. Егер жеке адамның бисаналық формалары сол адамның тәжiрибесiнен шыққан неше-түрлi психикалық, уақытында ұмытылып, я болмаса ығыстырылған тебiренiстерден тұратын болса, “ұжымдық бисаналық²- бұкiладамзаттық тәжiрибенi қамтиды. Онда мыңдаған жылдардағы жиналған адамзат тәжiрибесiн, сонымен қатар, адамға дейiнгi жануарлық “жасырылған iздердi² байқауға болады. Олардың көбiн халықтардың мифологиясы, аңыз-хикаялары, дiни сенiмдiктерiндегi бiр-бiрiне ұқсайтын батырлар, дана ақсақалдар, Жер-ана, перiлер т.с.с. көркем бейнелерден байқауға болады. Оқтын-оқтын бұл бейнелер адамның түсiне келедi. Олардың бәрiн К.Юнг “архетиптер² деген ұғыммен бередi. Олардың нақтылы мазмұны жоқ символикалық бейнелер, тiрi тұлға өзiнiң өмiр шеңберiнде алған тәжiрибесiн сол символдарға толтырып, өз тұлғалық қасиеттерiн қалыптастырады.

Архетиптер халықтың әдет-ғұрыптары арқылы ұрпақтан-ұрпаққа берiлiп отырады. Сонымен қатар, олардың көбi тiптi тұқым қуу механизмдерi арқылы созылып, әдет-ғұрыптар жойылып кеткеннiң өзiнде де өмiрде қайталана берiледi.

Егер З.Фрейд пен К.Юнг жеке адамның психикасын, оның адамның жұрiс-тұрысына тигiзетiн ықпалын зерттеген болса, онда А.Адлер (1870-1937 ж.ж.), К.Хорни (1888-1959 ж.ж.), Э.Фромм (1900-1980 ж.ж.)фрейдизмнiң негiзгi идеяларына сұйене отырып, қоғам өмiрiн зерттеуге тырысты.

А.Адлер фрейдизм iлiмiне “компенсацияұ(толықтыру) ұғымын кiргiзедi. қайсыбiр адамның психикасында өзiнiң дене кемшiлiктерiн сезiнудiң негiзiнде “өзiне деген сенiмсiздiк² бишаралық сезiм пайда болады. Тұлға оны аттап өту жолында өзiнiң барлық шығармашылық мүмкiндiктерiн сыртқа шығаруға тырысады. Осы адамның өз-өзiн өмiрде нағыз болуға итерген iс-әрекетiн А.Адлер компенсация дейдi. Ал адам осы жолда “компенсациядан да ұстем² iс-әрекет жасаса, онда ол ұлылық дәрежесiне көтерiлуi мұмкiн (мысалы, Наполеонның денесiнiң кiшiлiгi, Гитлердiң аяғын сылтып басуы т.с.с. - олардың дене кемшiлiктерiн ұлы iстер арқылы компенсациялау әрекетiн тудырды деген пiкiр әдебиетте бар).

К.Хорни тұлғаның дамуының екi жолын көрсетедi - ол норма мен паталогия. Бiрiншi жолда адам өз табиғи дарындарын өзiнiң қабiлеттерiне айналдырып, оларды дамытуға тырысады. Екiншiде адамның мiнез-құлқында терiс өзгерiстер қорланып невроз ауруына әкеледi. К.Хорни оны әлеуметтiк себептермен (“ауру² қоғамның салдарлары) генетикалық (өзара тұлғалық және әке-шеше мен бала арасындағы терiс қарым-қатынастардың қалыптасуы) және “мәндiк² (тұлғаның өз мүмкiншiлiктерiн iске асыру жолында жалған жолға түсiп кетуi) өзгерiстермен ұштастырады.

Неофрейдизмнiң ұлы өкiлi есебiнде американ философы Эрих Фроммды айтуға болады. Оның ойынша, тұлғаның ешқандай туа бiткен психикалық қасиеттерi жоқ. Тұлғаның барлық психикалық өзгерiстерi мен өмiрдегi көрiнiстерi оның қоғам өмiрiндегi қатынастарға тереңдеу деңгейiмен байланысты. Қазiргi қоғамдағы қатынастар “машиналанған², “компьютерленген² т.с.с. түрде болғандықтан, ол адамның шынайы мәнiн “жаттандырып² оны неше-түрлi невроз ауруларына әкеледi. Қазiргi қоғам адамның осы дүниедегi “болуының² орнына оған “алуды² ұсынады. Сол себептi ол тұлғаның “жинаушылық² , “нарықтық², “енжарлық² т.с.с. мiнез-құлқын тудырады. Тұлғаның жаттануының ең айқын көрiнiстерi - ол адамның ерiктiктен бас тартып қашуы, нашақорлықтың, iшiмдiктiң жолына түсiп батуы, қылмыстық т.с.с. Ал осы көрсетiлген кемшiлiктердi тудырған “ауру² қоғамды қалайша “емдеуге² болады? Э.Фроммның ойынша, ол үшiн ең бiрiншi қажет нәрсе - “гуманистiк жоспарлауды² қоғамға еңгiзу, дүниедегi байлықты жинау, қорлау, алу психологиясынан бас тарту, қоғамды басқару жүйесiндегi қалыптасып қалған шен иелерiнiң жаттанған басқару формаларының орнына “гуманистiк басқару² жұйесiн еңгiзу, соның арқасында қарапайым адамдардың әлеуметтiк өмiрге деген ынтасын ояту, дұниеде болуға бағытталған құндылықтар жүйесiн тудыру т.с.с. қажеттiктердi көрсетедi. Әрине, ұлы философтың бұл ойлары өтпелi кезеңдi өз басынан өткiзiп жатқан бiздiң қоғамға аса қажет ойландыратын нәрселер.

Сонымен қатар, Э.Фромм адамның өмiр сүру диалектикасына тоқталып, оның ешқашанда жойылмайтын трагедиялық жағын да көрсетедi. Бiрiншiден, адам бұл өмiрге өзi сұранып келмейдi - ол белгiлi бiр кездейсоқты жерде, уақытта дүниеге келiп, алғашқы сатыдан өмiрiнiң соңына шейiн “өмiр мен өлiмнiң екi ортасында² болып iс-әрекет етедi. Екiншiден, осындай шектелген өмiрдiң шеңберiнде адам өзiнiң бойындағы барлық дарындарын iске асырып, алдына қойған өмiрлiк мақсат-мұраттарын орындап ұлгiрмейд i, сондықтан олардың көбi, қазақ дұниесезiмiндегi терминдермен айтсақ, “жалған, жеткiзбейтiн арман² болып қала бередi. Э.Фроммның бұл ойлары бiздi фрейдизмнiң шеңберiнен шығарып экзистенциализм философиясына өткiзiп жiбередi.

46.Қазіргі заманғы өркениет мәселелерін шешудегі ғылым мен техниканың рөлін бағалаңыз.

ХХ ғ. басында ғылымның қолдану аясының кеңейуі жаңа технологияны игеріп өнеркәсіпті елдерде өмір сүретін миллиондаған адамдардың тіршілігінің өзгеруіне және оларды жаңа экономикалық жүйеге біріктіруге алып келді. Әлемдегі елдердің ғылыми байланыстарының аясы кеңейіп, әлемдік ғылыми біртұтастық пайда болды. Осы қалыптасқан әлемдік ғылыми біртұтастық, бүкіл дүниежүзілік экономикалық бірігудің алғы бастамасы болды. Бұл үдерістің көріністерінің бірі ретінде алдыңғы қатарлы дамыған елдерде және әртүрлі континенттердегі ұлтаралық бірлестіктерде бірыңғай ұйымдастырушылық мәдениетінің түрлерімен жұмыс жүргізе бастады. Табиғатқа техногендік қатынас – рухани қанағаттану құралы ретінде емес, қайта өндірістік қажеттіліктерге тікелей бағытталуы ХХ ғ. бірінші жартысындағы еуропалық мәдениет дамуының басты көрінісі болды. Ғылымға озық технологиялық табыстары мен жетістігіне сүйенген дүниежүзілік өнеркәсіптің қарқынды дамуы, адамға әлемді сезінудің оптимистік түрі, табиғатты игерудегі қабылеті мен мүмкіндіктерінің мол екендігіне сенімі артып, соған тән сипаттардың туындауына қызмет етті. Адам өз болмысының ғаламат ғарыштылығын сезінді. Бірақ ХХ ғ., европалық мәдениетке біртіндеп енген техногендік өркениет өзімен бірге адамзат қоғамына жағымсыз дағдарысын да ала келді. Бүгінгі күні әлемдік мәдениеттің тағдырына екі көзқарас – оптимистік және писсимистік пікірлер қалыптасқан. Алғашқыларының сендіруінше әлемдік мәдениет дұрыс жолмен даму үстінде, келешекті ғылым мен техниканың дамуы, ақпараттық құралдардың жетілуі рационалды ұйымдасқан экономиканың өсуімен байланыстырып, батыс мәдениетінің архиптік құндылықтары батыстық өмір сүру тәртібі ең дұрысы деп есептеледі. Сонымен бірге, ХХ ғ. басында антропоцентризмнің дағдарысы да басталды деуге болады. Орыстың ойшыл-философтары (Н.А.Бердяев, Е.Н.Тругецкой, С.Л.Франк т.б.) айтуынша индивидуализм, қоғамның атомдануы, өмір талғамының тоқтаусыз өсуі, соған сай жоғары технологияға негізделген өнеркәсіптің қарқынды дамуы, тұрғылықты халық саны мен тұтынушы қажеттіліктің шексіз өсуі, рухани өмірдің бәсеңдеп, сенімсіздіктің пайда болуы – адам өмірінің сипатын, оның стилін өзгертіп, табиғат ырғағынан айырып, индустриалды-капиталистік жүйенің қалыптасуына алып келді. Ал, мәдениеттер арасындағы көзқарастың өзгеруі, әртүрлі сәйкессіздіктің туындауы, Ф.Ницше айтқандай, «барлық құндылықтарды қайта бағалау» қайта қарауға тура келіп, ол қазір өте тұрпайы түрде жүзеге асуда. Машиналар мен техниканың қарқынды дамуы және олардың адамзатқа билігі тарихта екі дүниежүзілік соғыстың болуын, әлеуметтік капитализмнің ерекше дамып, ашаршылық пен құлақ естімеген ауруларды, атомдық қатерді, күрделі экологиялық және антропологиялық дағдарыстарды, адамгершілік пен моралдық жалпы руханилықтың дағдарысын тудырды. Қазіргі заманғы көптеген ойшылдар М.Хайдеггер, К.Ясперс, Л.Мэмфорд және т.б. мәдениет пен өркениеттің дағдарысын озық техника мен жоғары технологияны орынсыз қолданумен байланыстырады. Ресейлік ғалым В.А.Лекторскийдің пікірінше «Дамудың біржақты технологиялық, технократтық ізбен сипатталатын қазіргі мәдени ахуалда толыққанды гуманитарлы білімі жоқ адам тұлға ретінде жеткіліксіз және сыңаржақты болып табылады. Ал ең бастысы ол – догматты болады» деп көрсетті. XX ғасырдың басында антропоцентризм – адамның дүниедегі ерекше орны, адамның табиғатқа, қоршаған ортаға үстемдігін орнату жайлы ілімнің іске асуында дағдарысты құбылыстар айқындала түсті. Қайта өрлеу дәуірінде басталып, өз заманында қоғамдық дамудың ең негізгі мақсаттарының бірі болып саналған бұл көзқарас, біздің заманымызда адамзат әлеміне өзге орынсыз зиянды жағдайларды қоса тудырды деуге болады. Адам қоғамда әрі жасампаз жасаушы, әрі талқандаушы ролін атқарып отыр. Антропоцентризм қағидаларына ойланбай жүгіну болашақта адам мен дүние арасындағы дағдарысты шиеленістіріп, тіпті жалпы адамзат әлемінің жойылып кетуіне қатер төнді. Бұрынғы гуманизм жетістіктерінің дағдарысқа, күйзеліске ұшырағандығын айта келіп Н.А.Бердяев адам мен қоршаған орта арасына қарама-қарсылық антропоцентризм көзқарасына адамның табиғатқа үстемдік орнатуындағы менменшіл, озбырлық қасиеттеріне алып келгенін атап көрсеткен. Адамдардың барлық мәселелерді шешуде алдымен мәдени, рухани құндылықтар тұруын ойлауға тиіс екендігіне мән береді. Ал адам мен қоғам арасындағы шиеленіс идеясын дәлелдеп, толығырақ анализ жасаған неофрейдизм бағытының негізін қалаған Э.Фромм өзінің психоанализ түсініктмесінде қазіргі адамның жағымсыз агрессиялық қасиеттерін – қирату, талқандау іс-әрекеттерін көрсетіп, олардың өз өмірін құрбандыққа шалу сияқты және басқа да жат қылықтарға мінездеме берген. Адамзат тарихындағы өткен кезеңдерге қарағанда ХХ ғасырда осы жағдайлар бұқаралық құбылысқа айналды. Қазіргі адамның «күнәсі» өте көп, айтайық, адам табиғатқа дұшпан, қоршаған ортаға зорлық-зомбылық, руханиятсыздық, кең масштабты әскери қақтығыстар т.б. жатқызады. Бұдан құтылу үшін Э.Фромм адам өмірінің мән мағынасы, моральдық және этикалық нормаларына сүйеніп, адам қалай өмір сүру керек, ол үшін не істеуі керек деген мәселелерге тоқталып, әрбір адам оны өзінің ішкі қасиеттерінен іздеуді және оны дамытуды ұсынады. Адамның гуманистік бағыттағы шекті мүмкіндіктерін дамытуға шынайы өмір сүрудің әдіс-тәсілдерін игеруге ықпал жасау қажеттігіне мән береді. Осы заманда, қазіргі адам табиғи адамзаттан айтарлықтай өзгеріске ұшырады деуге болады. Бұл өзгерістер оның тек әлеуметтік мінездемесіне ғана емес, биологиялық сапасына да әсер берді. Қазіргі адамдағы осындай өзгерістер өмірдегі заңды процестерге байланысты, ол постиндустриалды өркениетінің басталуына (ғылыми-технологиялық қоғам) соған сәйкес ноосфералық мәдениеттің қалыптасуына әкеп саяды. Ғылыми-техникалық прогресстің адамның ой-өрісіне тигізетін ықпалы және әсері өте жоғары. Техникалық машиналар мен өндіріс технологиясының қарқынды дамуының нәтижесінде ақырындап «табиғи» (биосфералы) адам өзгере бастады. Алғашқыда эволюциялық табиғи дамуда мыңдаған жыл адамға қолайлы орта болғандығы белгілі. Қазір жағдай басқаша. Енді баяу өтетін табиғи уақыттың орнына, динамикалық әлеуметтік өмір келді. Техника өсті, өнеркәсіп дамыды. Халық үлкен қалаларға шоғырлана бастады. Осының салдарынан адамның тұратын табиғи ортасы міндетті түрде жасанды ортаға жол бере бастады. Адамзат тарихында техникалық дәуір басталды. Н.А.Бердяев өзінің «Адам және машина» атты жазбасында осы дәуірді мәдениеттің тоза бастауы, өйткені материалдық зат адамнан жоғары тұрады деген болатын. Дүниені техникализациялау дегеніміз ол тіршілікке аяушылық жоқ дегенді білдіреді, өйткені ол – адам баласына жат құбылыс. Н.А.Бердяевтың айтуынша, техникалық дүние өзінің белгілі бір жоғары даму сатысында, өзін жасаған адамға қарсы шығады да оған ешқашан бағынбайды деген болатын. Оның ойынша техника тән мен рухты және әртүрлі тарихи кезеңдерді айырып, бір-біріне қарама-қарсы қоятындығында. Ол адамға өлшеусіз құдіретті күш сезімін беріп, оны сыртқы дүниені экспансиялауға итермелейді. Осы тұста адамның табиғаты және рухани өмірі, көңіл-күйі зақымданады деп көрсеткен болатын. Осы өмірдегі қазіргі адамның болмысын сипаттай келе неміс философы К.Ясперс жазған «индустриалға дейінгі» техникалық дәуірге дейін адам өзін аспан-көк және жермен біргемін деген сезімде болғандығын айтқан. Бұл – қайталанбас өмір, «табиғи» адамның дүниесі. Ал қазіргі жағдайда біртұтас ортаның экологиялық өзгеріске ұшырауы нәтижесінде адам бұрынғы өз табиғи тамырларын жоғалтқандай әлсізденеді. Осы жағдайдан қалай шығуға болады? Ясперстің пікірінше, бұл – қазіргі жағдайдағы адамзаттың негізгі мәселесі. Ясперстің айтуынша, «табиғи емес» адам дүниесіндегі «ноосфералық» адам өз өмірінің иесі емес. Ол табиғатқа рақымсыз алып механизмнің бір бөлшегі болып табылады. Адам техногендік қоғамның бір бөлшегі ретінде әртүрлі қызметтерге, жаңа техникалық мамандықтар қызметіне ұсақтанған, бірақ іскерлік қабілеті бар және ереже бойынша іс-әрекет жасауға ұмтылатын жан. Оның өмірін бұқара және құдыретті мемлекеттік аппарат билеп (қадағалап), еркін таптап, оның өмір сүру еркіндігінен айырады, бұл құбылыстың бағытын өзгертуге шамасы болмайды деген қорытындыға келеді. Ол жаңа қалыптасқан техногендік әлем табиғи адамды дағдарысқа әкеледі. Ғалымдардың зерттеуі барысында, қазіргі адамның өзі техникалық құрылым немесе машинаға ұқсастығын айтады. Өзінің іс-әрекеттерінде, өмір салтындағы әрекетін өзі сезінбей, техногендік ортаның қолдану іс әрекет аясының даму заңдылықтарының қисынын өзінің ойына келтіреді, соның ықпалында болады. Технологиялық адам ең жоғарғы махаббат сезімі, қайғыру және басқа адам сезімдерінің жоқтығымен белгіленеді, олардың орнына робот - техника жасайтындай күнделікті орындайтын жұмыстарға бөлінеді. Роботқа ұқсас адам бағдарлама бойынша немесе басқа адамның еркі бойынша жұмыс істейді. Оның рухани өмірінің орнына автоматикалық реакция келіп, оның көзқарасы техноцизм, ал мақсаты жасанды комфорт, өмірі жасанды организмге ұқсас болады. Техника өрісі адамды, оның негізгі табиғи қызметі еркін еңбектен, белсенді әрекет пен адамдар арасындағы өзара рухани қарым-қатынасынан айырады. Адамдардың ой-пікірлері біртіндеп техникалық машиналардың ойлау деңгейімен ауысып жатқанын байқайды. Э.Фромм өзінің «Революция үміті» атты кітабында біздің уақытымызда безіп жүрген елес туралы жазып кеткен. Бұл – бүтін механизациаланған қоғамның елесі. Оның мақсаты – материалдық игіліктерді және соңғы ғылыми-техникалық жаңалыққа негізделген өнеркәсіп өндіріс жүйесін ашу және оны компьютерлік басқару мен бақылау. Бұны «қалыптасуы мен дамуында» - деп пайымдайды ғалым, адам – материалды, жеткілікті және өзіне өте риза, дегенмен де, ол инертті, өмірсіз (өмірі жоқ) және адами сезімнен түпкілікті түгел жұрдай етіп, жаппай біртіндеп машинаға айналатындығына көңіл бөледі. Техногендік қоғамның жеңісінен кейін, ойланушы тұлға «қаза» болып, енді ол бастапқы табиғи «биосфералық» тұлға бола алмайды. Осы тұста сана-сезімдері психологиялық және т.б. техникалық құралдармен бақылауға алынуы да мүмкін. Қоғамдық пікір болса, тармақталған бұқаралық ақпарат құралдарының көмегі арқылы манипуляцияға түседі. Болашақ қоғамның ең қауіпті белгілерінің бірі – адам сана-сезімінің бақылауға алынуы. Ол көркем әдебиеттерде жазушы-фантасттардың пікірінде болашақты болжау ретінде көрініс тапты. Э.Фромм:«бәріміз жігерсізбіз, қазіргі адам өз-өзіне бақылауын жоғалтқан, оның орнына ойлау, сана-сезім қызметтерін электронды машиналар жасауда. Ондай адамда өндіріс пен тұтынудан басқа мақсаты, мүдде, арманы жоқ» деп көрсетеді. Адамның осындай озық технологиялардың құлы болып қалуы, адам біржолата, бірыңғай материалдық игіліктерді көп өндіруге және соған қажетті жаңа техника мен технологияны игеруге кірісті деп пайымдайды ғалым. Қорытындылай келе, адам өзімен де қоршаған өмірмен де байланысын жоғалтқан. Діннің гумандық қағидаларынан да жұрдай болып, өзінің терең эмоционалды сезімдерінен айрылады. Өзі жасаған техникалық машина, құдіретті күшке айналып, адамның өзін сана-сезімін басқара бастады, осының салдары адамгершіліксіз, гуманизацияланбаған қоғам пайда болды деген писсимистик қорытынды жасайды. Э.Фромм жеке мәселе ретінде техниканың адамның әлеуметтік мінезіне тигізер әсерін де атап өткен. Оның ойынша, техника әлемге, адамға, «некрофилия» құбылыстарды жасанды заттарға деген құштарлығының артуы (автомобиль, компьютер, ұялы телефон басқа да соңғы үлгідегі техникалық аппараттар) ХХ ғасырда адамдардың жаңа түрін пайда етеді. Қазіргі адам – бұл нарықтық адам. Бұл адамға, Э.Фроммның ойынша, барша дүние сауда-саттық объектісіне айналған. Барлығы саудаға түседі, сатылатын тек қана материалдық заттар емес, адамның өзі де, оның табиғи күш-жігері, шымырлығы, білімі, іскерлігі, пікірі, сезімі тіпті күлкісі де сауда есебінде болады. Өзге адам, басқа адамға байлыққа, билікке жету үшін немесе басқа бір мақсатқа жету құралы ретінде қабылданады.

Наши рекомендации