Көзқарас және оның формалары.

Философия – дүниеге көзқарас қалыптастыратын ғылым Көзқарас - білімнің толықтырылған, қорытылған түрі. Ол күнделікті өмірді байқаудан, өткенді талдаудан, келешекті болжаудан туындайды.Дүниеге көзқарас дүниені түсіндірудің, оны бағалаудың принциптері мен әрекеттері. Дүниеге көзқарас сезімнен, танымнан , нанымнан тұрады. . Қандай да бір адам болмасын, ол дүниеге белгілі бір көзқарассыз өмір сүрмейді, қоғамдағы, өмірдегі оқиғаларға белгілі бір көзқарасы болады.Бірақ көзқарас алуан түрлі. Мәселен, жай, қарапайым, күнделікті өмірден, тұрмыстан туған «отбасы, ошақ қасы» дегендей көзқарас.Ол көзқарас дұрыс, ақылға сыйымды, өмірден, күнделікті байқаудан туған, практикада анықталған көзқарас.Көзқарастың бәрі ғылыми бола бермейді.Діни, идеалистік көзқарас та бар.Ал материалистік диалектикалық көзқарасты алсақ, ол белгілі объективті заңдылыққа негізделген.Ол заңдылықты біліп, өмірде қолданған адам дүниені саналы билей алады.Ол әр нәрсенің тегін, даму заңдылықтарын, бағдарын біледі, келешегін болжайды. Соған сәйкес әрекет жасайды

2.Антикалықфил.ныңкосмоцентристіксипаты.Антикзаманыныңфил.сыб.э.д. VII-VIғ.өміргекелді. Алғашқы материалистік ілімдер К.Азиядағы ең ірі қаласы Милетте туды. Мұнда 3 ірі ойшыл – Фалес, Анаксимандр және Анаксимен өмір сүрді.Фалес дүниенің бәрі судан п.б. және суға айналады, су – барлық заттардың негізі, барлық өзгерістер мен құбылыстың иесі болып табылады деді. Анаксимандр дүниенің бірінші бастамасы және негізі «апейрон (шексіз)» деген айқынсыз, бейнесіз бір зат деп санады. Анаксимен болса дүниенің бастапқы негізі тіршілік көзі – ауа, өйткені барлығы содан п.б., соған қайта оралады дегенді уағыздады.Пифагордың Милеттіктерден айырмашылығы, ол әлем субстанциясын санмен теңестірді. «сан мен өлшем жоқ жерде хаос пен химер үстемдік етеді» деді. Элей мектебі – Парменид, Зенон, Ксенофан. Бұлардың философиясының түпкі ұғымы – болмыс.Оларша болмыс деген тумайтын да, жойылмайтын да – сол.Риторика - әдемі сөйлеу өнері, ол соттарда, халық жиналыстарында, әдемі сөйлеп, өз қарсыластарын өз айтқанына сендіріп, өз жағына тарта білу өнері.Осы өнерді ақы алып үйрететін ұстаздарды софистер д.а. Софизмнің қалыптасуына Протагор, Горгий, Гиппий, Критий ойшылдары ат салысты. Маевтиканың негізін салушы – Сократ. Киниктер философиясының өкілдері – Антисфен, Диоген материалдық игіліктерден бас тартып, аскеттік өмірді уағыздаса, гедонистік мектептің өкілдері өмірде сезімдік қуаныштарға, ляззатқа берілу керек деді. Гедонистік философияның негізін салушы – Аристипп. Атомистер ілімі бағытына грек ойшылдары Левкипп, Демокрит, Эпикур және Лукреций Кар жатады.Платон сезімнен тұратын шындық нақты шындық емес, ол тек өмірдің көлеңкесі, шын өмір идеяда деп түсіндірді.Идея – мәңгі, ол тумайды, өлмейді, өспейді, кемімейді.Платонның шәкірті – Аристотель түр мен мазмұн арақатынасын зерттеп, алғашқыны түрге берген.

3. А.Шопенгауер «бақыт» туралы«Үрей метафизикасын» пайымдауға тырысқан алғашқы философтардың бірі Шопенгауер болып табылады. Оның пікірінше, бұл әлемде ешқандай обьективті шындық та, әділеттілік те жоқ, тек бір нәрсе ғана бар, ол – өлім алдындағы үрей.Біздің өміріміз қаншалықты жемісті, толыққанды немесе түкке тұрғысыз болса да, ол бәрі-бір әрқашан да өліммен аяқталады.Алайда, өмірдің осылай шарасыз және бақытсыз аяқталғанына қарамастан адамдарды өмір сүруге ерік мәжбүрлейді. Шопенгауер бойынша ерік «бейсаналы» және мәңгі, ол жалғыз нағыз нақтылық болып табылады. Әлем ерік және елестету болып табылады. Ерік қай жерде болса да, қасірет те сол жерде, өйткені бұл екеуі бір-бірінен ажырағысыз. Адамның өмірге деген құштарлығы көп болса, соғұрлым еркі және қасіреті көп, адам бақытты болатындай бірде-бір орын жоқ.

4. Миф және дін.Мифология – адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы. Онда білімнің бастамасы, діни сенімнің бастамасы, өнер мен адамгершілік қатар бейнеленеді.Миф(аңыз, ертегілер) сананың әлі жіктелмеген біртұтас формасы ретінде үстем болды, өйткені мифологияда сыртқы дүние мен адам, ой мен сезім, білім мен көркем бейне, зат пен идея, объективтік және субъективтік дүниелер арасында шекара болмады. Мифологияда олардың бәрі бірге тұтасып жатты.Ол дүние жайындағы біртұтас түсінік болып табылады.Мифология тарих арнасынан кеткеннен кейін оның орнын дін басты.Дін шындық дүниені бұрмалап, бейнелендіру формасы. Ол дүниені «о дүние» және «бұл дүние» деп екіге бөліп, «о дүние» табиғаттан тыс, көзге көрінбейтін дүние, ал «бұл дүние» көріп білуге болатын табиғи дүние деп түсіндірді. Діни көзқарастың сұрағына: дүниенің, адамның п.болуы, әлеуметтік өмірдің себебі, адамның тууы мен өлуі сияқты сұрақтар жатады. Діни дүниеге көзқарастың негізін құрайтын – «о дүниелік» күшке деген сенім, «бұл дүниенің», адамның тіршілігіндегі шешуші күш «о дүниеге» деген сенім. «Ғаламат күшке» деген сенім – діни сананың негізі.

5. Платон,Аристотель фил.дағы әлеумет мәселе Платон – Сократтың шәкірті, ізін жалғастырушы, өзінің терең де мағыналы философиялық ойларымен жалпы философия ғылымының дамуына үлкен әсер еткен ғұлама ойшыл, объективтік идеализимнің көрнекті өкілі. Ол Афины демократиясын қатты сынға алды. Платонның еңбектері: «Мемлекет», «Театет», «Федон», т.б. Сезімнен тұратын шындықты Платон нақты шындық емес, ол тек өмірдің көлеңкесі, шын өмір идеяда деп түсіндірді. Идея – мәңгі, ол тумайды, өлмейді, өспейді, кемімейді деп оны алға тартты..Платон шәкірттерін оқыту үшін Академия ашты.Мемлекетті философтар басқармайынша адам баласы зұлымдықтан арылмайды, деді және жастарды философиямен айналысуға шақырды.Аристотель – Платонның шәкірті, атақты Александр Македонскийдің ұзтазы.Ол материализм мен идеализмнің аралығында екіұдай бағыт ұстанғанымен, оның философиясында материалистік сарын басым болды. Негізгі еңбектері «Жан туралы», «Физика», «Категориялар», «Метафизика», т.б. Кезінде ол өзінің ұзтазы Платонды өмірден идеяны жоғары қойғаны, нақты өмір оның көлеңкесі дегені үшін қатты сынға алды. Аристотель түр мен мазмұн арақатынасын зерттеп, алғашқыны түрге берген.Мыс., кірпіш – түр, ал сол кірпіштің негізі болып, қалыпқа құйылған материал(батпақ) – мазмұн деп қарады. Ол формальді логиканының негізін салып, оның үш заңын ашты: 1)дәлме-дәлдік; 2)қайшылық; 3)жоққа шығару; Жалпы Аристотель философиясы, негізінен, 3 салаға бөлінеді: 1.Теориялық сала – болмыс туралы ілімі, дүниенің түпнегіздері туралы пайымдаулар. 2.Практикалық сала – адамдардың іс-әрекеті туралы тұжырымдар.3.Ақындық сала – көркемөнер, поэзияға көзқарастары.

6.Жүсіп Баласағұн «бақыт» туралы.Кезінде ата-бабаларымыз біз сияқты «Бақыт деген не?» т.б. деген мәңгілік сұрауларға жауап іздеген болатын. Солардың бірі «Құтты білік» поэмасының авторы Жүсіп Баласағұн. Ж.Б. – XI ғасырдың аса көрнекті ақыны, философ, энциклопедист ғалым, қоғам кайраткері.«Құтты білік» поэмасының басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі-мемлектті басқару үшін әділ заңның болуы, екіншісі- бақ-дәулет,үшіншісі- ақыл-парасат,төртіншісі- қанағат-ынсап мәселесі.«Төрт тұғырық» өлшемдік қағида- «Құтты біліктің» құрылымдық арқауы.Күнтуды(әділет), Айтолды(дәулет),Өгдүлміш(ақыл),Оғдұрмыш(қанағат) бірін-бірі қисынмен толықтырып отыратын кейіпкерлер. Күнтуды-орталық, кіндік тұлға,себебі ізгілікті қоғамның арқауы-әділеттілік,ол ана сүтімен сүйекке сіңетін қасиет.Ал ақыл, дәулет,қанағатшылық сезім-жүре бітер қасиеттер.Олардың әрқайсысы жеке-дара қарағанда дүниеге тұтқа бола алмайды,адамды бақытқа жетектей алмайды.төртеуі біріккенде ғана халық бақытқа кенеледі.Бектің бақыты-халықтың бақыттылығында, бақыт жеке басқа тән ұғым емес,бақыт- халықтық сипаттағы ұғым.Өз халқын бақытқажеткізген билеуші ғана бақытты болмақ. «Құтты біліктің» мазмұны осы

7.Философиялық козқарастар ерекшелігі. Философия – дүниеге көзқарас.Кез келген адамның өмірдегі, қоғамдағы оқиғаларға белгілі бір көзқарасы болатынын айттық. Бірақ көз қарас алуан түрлі.Мәселен,жай,қарапайым,күнделікті өмірден,тұрмыстан туған “отбасы, ошақ қасы” дегендей көз қарас.Ол көзқарас – негізінен дұрыс,ақылға сыйымды, өмірден, күнделікті байқаудан туған,практикада анықталған көзқарас. Ондай, өмірден туған көзқарасты уағыздайтын адамдарды халық сыйлаған, дәріптеген, дана адамдар қатарына қосқан.Дегенмен, көзқарастың бәрі бірдей бола бермейді.Діни,идеалистік көзқарас та бар.Ал материалистік диалектикалық көзқарасты алсақ, ол белгілі объективті заңдылыққа негізделген. Ол заңдылықты біліп, өмірде қолданған адам дүниені саналы билей алады.Ол әр нәрсенің тегін, даму заңдылықтарын, бағдарын біледі, келешегін болжайды. Соған сәйкес әрекет жасайды.Халық санасына ғылыми сенімді қалыптастыруға себепкер,негіз болады.Иланудың да екі түрі бар – ғылыми және ғылыми емес жақтары да бар.Ғылыми илануға сенген адам әр нәрсенің объективтік негізіне, заңдылығына үңіледі, бос даурығудан өзін аулақ ұстайды. Ондай адамдар өз сенімін оп – оңай өзгере бермейді дедік.Мұндай адамдар құбылыстың негізіне әбден түсінген соң ғана бірте – бірте түсуі мүмкін.

8. Ортағасырлық фил.ның теоцентрлік сипаты. Ортағасырлық батысеуропалық философия-дүниетаным дамуындағы өзіндік ерекшелігі бар кезеңдерінің бірі.Бұл ерекшелік философиялық ой дамуының тікелей тікелей діни-теологиялық шеңберінде дамуымен сипатталады.Ортағасырлық батысеуропалық философияның дамуына Аврелий Августин(375-383)үлкен интеллектуалдық ықпалын тигізді.Рим шіркеуі оны христиандық діни ілімді негіздеудегі зор еңбегі үшін «әкей» ретінде мойындады. Августин «Құдай қаласы»деген еңбегінде атақты формуласын-«Түсіну үшін сенемін, сену үшін түсінемін»негіздейді.

Фома Аквинский (1225-1274)өзіне дейінгі ойшылдардың универсалийлер туралы барлық идеяларын жүйелей отырып ортағасырлық схоластикалық ойлауда өзінің радикалд ықадамымен ерекшеленді. Бұл пайымдаудың мәні табиғатты, адамды, оның Құдайға қатынасын зерттеуге негізделді. «Тән туралы ой жан туралы ойға,жан туралы ой жекелеген субстанция туралы ойға,ал бұл Құдай туралы ойға жетелейді»

9.Қазақ философиясының ерекшелігі Қазақ философиясында көшпенді мәдениеттің басты ерекшелігі- табиғатқа бейімделіп өмір сүруге ұмтылады, табиғи үйлесімділік заңдылығын мойындайды, образдық ойлауға негізделген.Қазақ философиясының басты ерекшелігі- синкретистік сипатта және парасаттан бөлінбей дамыған.

Синкретизм деген-дүниетанымға мифологиялық діни және философиялық көзқарастың бөлінбеуі.Парасат философиясы- 3 сипат арқылы мәнін ашады: 1) сұңғылылық (интеллект- европа сөзінде); 2) кеңпейілділік (демократ); 3) сабырлығы (толерантность); Осы үшеуі образдық ойлауға- негізделген.

10.Философияның негізгі функциялары.Фил-ның негізгі 4 функ-сы бар. 1.Экспликация-белгілі бір мәдениет н/е адамдардың тарихи-қоғамдық өмірі тұтастай негізге алатын тәжірибе формасы.Көзқарас(ұғымдар арқылы дүниенің қателігін түсіндіреді) ең басты идеяларды анықтайды;оларды мәдениет универсалийлері д.а. 2.Рационалдық фун/сы-теориялық формасы,фил.ойды,пікірді ұғымдық ж/е логикалық формаға келтіру.Келесі функ.-жүйелеу,фил.әр түрлі формадағы адамзат тәжірибесінің нәтижелерін теориялық тұрғыдан тұжырымдайды.4.Сынау-мәдениет дамуындағы қайшылықтар мен адамзат іс-әрекетіндегі пендешіліктерді сынға алу,өмірдің мәнін анықтау,пайымдау барысында қалыптасқан өзімшілдік пиғылдарды әшкерелеу,адам мен табиғат,адам мен адам арасындағы қатынастардағы ақылға сыймайтын ой мен істің табиғатын

мазмұнын ашып көрсетеді

11.Фома Аквинскийдің фил/сы.Ф.Аквинский(1225-1274) өзіне дейінгі ойшылдардың универсалийлер туралы барлық идеяларын жүйелей отырып ортағасырлық схоластикалық ойлауда өзінің радикалды қадамымен ерекшеленді. Бұл қайта пайымдаудың мәні табиғатты, адамды,оның құдайға қатынасын зерттеуге негізделді.«Тән туралы ой жан туралы ой жекелеген субстанция жайлы ойға,ал бұл құдай туралы ойға жетелейді»,-деген Ф.Аквинскийдің кредосы аристотелизмді христиандық тұрғыда қайта пайымдаумен сипатталатын схоластикалық фил. Дамуындағы жаңа кезеңді білдіреді.Ол сондай-ақ креационизм идеясын да ұсынады.Ф.Аквинскийдің ілімі-христиандық діни ілім мен перипатетизм фил/ның, христиандық теология мен пайда болып келе жатқан жаратылыстанымның арасындағы ымыраға келушілік.

12.Шәкәрім «үш анық» туралы.«Үш анық» д.а. трактатын жазуға 30 жыл уақыт кетті. Мақсаты:ар түзейтін бір ғылымды табу.«Еңбекпенен,өрнекпенен Өнер ойға тоқылса,Жайнар көңіл,қайнар өмірАр ілімі оқылса».Басты мәселе-ар ілімі, моральдың төңірегінде. «Адамдағы:ынсап,әділет,мейірім-3-і қосылып ұждан деген ұғым шығады. Орысша совесть д.а...бұған нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым,өнер,ешбір заң тазарта алмайды...ұжданы сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе,оның жүрегін ешнәрсе қарайта алмайды»-деп жазған фил-лық толғау бүгінгі күн талабымен де үндесіп жатыр.

13.Фил-ның негізгі мәселелері.Негізгі мәселесі материалылық пен руханилықтың қайсысы алғашқы дегенмен ғана шектелмейді. Ол сонымен қатар материалдық деп нені,руханилық деп нені түсіну керек деген сұрақты да қамтиды.Осыған байланысты материализмнің ішінде де,идеализмнің ішінде де негізгі фил-лық мәселені қоюына,шешуінеқарай түрлішежеке тармақтарпайда болады.Фил-ның негізгі мәс-не келетін болсақ,ол фил-лық ағымдардың ара-жігін ажырату үшін,олардың қандай негізгі бағыттарды құптайтындарын анықтау үшін қажет. Фил-ның негізгі мәс-нің 2 жағы бар.1.Онтология мәселесі-дүниенің түпнегізі туралы ілім.2.гнесеология(таным) мәселесі.

14. Мұсылмандық философия және перипатетизм VIII-IX ғасырларда Батыс Еуропаның мәдениеттік даму деңгейі төмен дәрежеде қалып қойған кезде, ортағасырлық Шығыста араб мәдениеті өркен жайды. VII ғасырда Арабстанда жаңа Ислам діні пайда болды.Мұсылманшылық («мүсілім»-Алланың құлы) арабтардың ұлттық сана-сезімінің оянып, жат елдік басқыншыларға қарсы көтерілген кезеңде қалыптасты. Ислам дінінің басқа діндерге қарағанда 3 ерекшелігі: 1)өндірісі дамымаған көшпелі мәдениет шеңберінде пайда болып, өндірісі дамыған, өркениеттің белгілі бір сатысындағы дамыған елдерге тарады 2)Ислам дінінің негізгі шарттары бойынша құран кітабы араб алфавитімен басылып, араб тілінде оқылды 3)Ислам діні әлеуметтік-мәдени дамуда және адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде адамның және қоғамның табиғи дамуына өзгерістер енгізген жоқ.Мұсылмандық философия христиандық схоластика сияқты философияны дінге бағындыруға ұмтылмады. Имандылық пен зерделілікті ақиқатты танудың екі жолы деп мойындады.Араб мұсылман философиясының негізін қалаушы - әл-Кинди. Араб елдерінде Аристотель ілімі үлкен беделге ие болды. Аристотель философиясын ұстанушылар - перипатетиктер.(гр. peripatetikos–серуен кезінде жасалатын)

15) Әл-Фараби «бақыт» туралыӘл-Фараби – Шығыс философы, ғалым-энциклопедист, шығыс аристотелизмінің аса ірі өкілі. Фараби «Бақытқа жол сілтеу» трактатында бақытқа, оған жетуге бастайтын жолға айрықша назар аударады.Фараби өлгеннен кейінгі баянсыз бақыт емес, тірі адамның бақыты туралы айтады.Оған жету үшін адам өзін-өзі жетілдіріп отырып, қиын жолдан өтуі керек.Адамның табиғи қабілеті өздігінше жақсы қылықты да, жаман қылықты да істеуге бірдей мүмкіндік береді.Адамның жетілуі мінез-құлықтың жетілуімен үйлес келеді, осыдан келіп бақытқа жету мен мінез-құлықтың жетілуі арасында байланыс туады.Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың өз көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады.

16.Эмпиризм және рационализм Рационализм Р.Декарт, Б. Спиноза, Г. Лейбниц, негізгіөкілдері.Оларконституциялықмонархияныжақтады. Т.Гоббс « Левиафан » мифологиялық кітабы. Гобс – адамдар практикалық қажеттілігіне философияны пайдаланып, дінге тәуелсіз өмір сүруі керек. Олар: « Адамдар құдайды өзі ойлап тапты», -дейді. Дж. Локк ақылда тұрған ештеңе жоқ, барлығы сезімде, адамның жады таза тақта, туғаннан бастап, оған өмір бойы тәжірибеде жинаған білім жазылады. Туа біткен ой жоқ, білім 2 түрлі: қарапайым және күрделі. Қарапайымға-жарық, жылу түстерді қабылдау жатады. Күрделі білім – салыстыру бақылау, қарапайым білімді біріктіру қалып. Осы эмпиризм синсуализмнің және солипсизмнің тууына себепкер болады. Солипсизм негізін қалаушы Дж. Берклий және Д. Юм. Солипсизм – философиялық көзқарас заттар мен құбылыстарды жеке адм сезідерінің жиынтығы дап санайды. Декарт екі субстанцияны мойындайды: 1) Материалды субст. – басты қасиеті кеңістікте орын алу. 2) Материалды емес субс. – басты қасиеті ойлау. Декраттың философиялық формасы: «Мен күмәнданамын, яғни ойлаймын, ойлаймын яғни өмір сүремін. Рационализм танымның бірден - бір көзі ақиқатты ашатын құрал-зерде немесе ақыл дейді. Ғылыми таным тәсілі- дедукция дейді. Ал таным процесі жалпыдан жекеге бағытталуы дейді.

17 Әл-Фараби философиясындағы адам мәселесі Өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Адамдық саясат» еңбектерінде Фараби саясат пен мораль мәселелелерін қарастырады, феодалдық қоғамның моральдық және саяси жағдайын, қоғам мен мемлекет арасындағы қатынастар мәселесін көтеріп, аббасидтер халифатындағы әлеуметтік қайшылықтарды пайымдай отырып, оған теориялық түсінік береді.Өзінің «Софистика» атты шығармасында Әл-Фараби адамның ақыл ойын ақиқат жолынан тайдыратын әдістерді сараптап берген. Оның ойынша, аталмыш мәселе сұрақтарды қамтиды: 1 Қоғамдық ғылымдардың пәні мен мақсаты2 Адамзат қоғамының дамуы, пайда болуы туралы жаңсақ пікірлерді сынау ісі және оларды ғылыми тұрғыдан зерттеу ісі 3 Қала, мемлекеттер туралы, мемлекеттік басқарудың түрлері туралы 4 Адамның қоғамдық орны, тәрбие жұмысының мәні 5 мемлекетке бірігудің тіпкі мақсаты, жалпы бақыттылыққа жетудің жолдары мен тәсілдері «Адам әр нәрсеге мұқтаж болғандықтан, өзіне керегін тек қоғамдасқан ортадан ғана таба алады, әрі адамдар бірлестігінің арқасында ңана жетіліп, өз қабілеттерін шыңдай түседі. Осыдан келіп,олардың әлеуметтік мәні қалыптасады»,-деп атап көрсетеді.

18. Қазақ философиясының даму ерекшеліктері. Қазақ халқының дүниесезімі мен дүниетанымы оның өмір сүрген табиғаты мен соған бейімделіп, қалыптасқан шаруашылық түрлері, өмір салтымен байланысты. Қазақта жаңа дәуірге дейінгі негізгі шаруашылық формасы көшпенді мал шаруашылығы болды. Оның ерекшеліктері: біріншіден, табиғатқа бас июді талап етті. Қазақ халқының ертеден ақ экологиялық санасы биік деңгейде болғаны анық. Екіншіден, ата бабаларымыз ерікті болып, бас бостандығын қастерледі, қазақ жерінде құлдық болған жоқ. Үшіншіден, көшпенділік теңдікті талап етеді. Дамыған феодализм болмады. Төртіншіден, көшпенді халықта әлеуметтік айырмашылық аз болғандықтан, теңдікке негізделген әділеттілік құндылығы басым. Бесіншіден, байлықтан гөрі ар намысты жоғары ұстау көшпенділерден шықты. Алтыншыдан, ұжымдық мүддені жеке мүддеден жоғары ұстау. Жетіншіден, әрдайым көшіп қону болғандықтан қауіп қатерді бастан кешіру барысында ерлікті батырлықты қасиет етті. Сегізіншіден, өмірді қамшының сабына теңеді. Өмірді қастерледі. Әрбір күнді тойлау өзін шешендікке тәрбиелеген. Тоғызыншыдан, досқа адал, дұшпанға қатал болды. Қиналғандарға қол ұшын берді. Оныншыдан, ата ананың үлкенді сыйлау, құрметпен қарау. Бұлар мыңдаған жыл жиналған қасиеттер.

19 Жаңа дәуір филос.ның ғылымицентр 17 ғасырдан бастап, Батыс Еуропа топырағында капиталистік қатынастар қарқынды дами бастайды. Жалпы алғанда, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси ахуалы, қоғам мен табиғатты тану-білу қажеттіктері философия саласында онтологиялық мәселелерден гөрі, ғылымды дамыту қажеттіктері жаңа ұйымдардың, мекемелердің пайда болуына себеп болды.Оларды сонау Платонның заманынан келе жатқан «академия» деген сөзбен айта бастайды. 1560 жылы Неаполь қаласында «Табиғат құпиясын зерттеу академиясы», осы кезде Англияда «Лондондағы корольдік қоғам», Парижде «Жаратылыстану академиясы» құрылды. Бұл академиялардан тәрбие алған Роберт Бойль қазіргі физика мен химия ғылымдарының алғашқы кірпіштерін қалаған, Исаак Ньютон механика ғылымының негіздерін жасаған, Христиан Гюйгенс алғашқы маятникті сағатты ойлап шығарған т.с.с. тұлғаларды айтып өтуге болар еді.

Бұл уақытта жаратылыстану саласында алға озфп шыққан механика ғылымы болды. Оның негізгі себебі – өндіргіш күштерді дамыту, жаңа машиналар мен неше түрлі механизмдерді жасау қажеттіктері болатын. Әрине, жаратылыстану саласындағы мұндай күрделі өзгерістер философия саласына зор әсерін тигізіп, материализм ағымының механистік түрін туғызды. Ол Қайта өрлеу заманында дүниеге келген органистік материализмді ауыстырды. Ал мұның өзі сол кездегі қоғамдық санадағы басым діни көзқарасты төңкеріп тастамағанмен, оның бітімін өзгертті. Біріншіден, діни фанатизм бірте бірте азайып, оның орнына діни төзімділік, әрбір адамның қандай дінге сенуге деген құқы мен талғамы болмасын іс жүзінде сақтала бастады. Ғылым мен діннің арақатынасы бұрынғыдай «қос ақиқат» принципі арқылы шешіліп, сонымен қатар деистік бағыт күш ала бастайды. Табиғат өз заңдылықтарының негізінде өмір сүре бастайды, Құдай оның өміріне енді ешқандай әсерін тигізбейді. Мұндай көзқарас ғалымдардың Табиғаттың терең жатқан сырларын ашуына кеңінен жол ашты.

20. И.Канттың Трансцендентальды философиясы Канттың « Таза зердеге сын» еңбегінің трансцентальды эстетика деп аталатын бөлімі сезімділіктің формалары туралы ілім. Сезімділіктің априорлы формалары – уақыт пен кеңістік, математика ілімімен тығыз байланысты болғанымен, олардың дүниетанымға тікелей қатысы бар. Кеңістік – априорлық танымдағы сезімділіктің сыртқы формасы, ал уақыт болса- сезімділіктің ішкі формасы. Міне, осы анықтамасы арқылы ол өзіне дейінгі философтардың сезімділіктің формалары – кеңістік пен уақытты тек онтологиялық түрде, яғни оларды заттардың өмір сүруінің формалары ретінде қарастыруына қарсы шықты. Сөйтіп, Кант уақыт пен кеңістік жаратылыстану саласындағы ұғымдар ғана емес, олар дүниетанудың сезімдік формалары екендігін философия тарихында алғаш рет айқындап берді. Мұндай көзқарас уақыт пен кеңістікті метафизикалық тұрғыдан пайымдап келген жаратылыстану саласының өкілдеріне ғана емес, сондай-ақ, осы формаларды философиялық танымдық негізде түсіне алмаған ойшылдарға да қарсы бағытталған. Өйткені, әрбір ғалым, әсіресе, жаратылыстану саласымен айналысатындар белгілі бр объектіні тану үшін оны уақыт пен кеңістік арқылы зерттей алады.

21.Қазақ философиясындағы болмыс мәселесі Жалпы қазақ халқының фәлсафалық пайымдауларының өзегі-адам мәселесі.Сондықтан болмыстың өзі адамиланған сипатқа ие болды.Мұндай көзқарас қазақ билеріне де тән: болмыс дегеніміз-барлық, ол-мәңгілік.Барлықтың ішінде жан да, сана да жүреді.Барлықтың синонимдері ретінде қолданылатын «бүкіл», «бәрі», «баршасы», сынды ұғымдар да бар.Олар болмыс-барлықтың мазмұн ауқымдылығын сапалық жағынан гөрі, сандық жағынан бейнелейтін сыңайлы.

22.Қайта өрлеу дәуірі философиясының антропоцентристік сипаты.XV ғасырдың аяғында өндірістің, сауданың, әскери құралдардың жедел қарқынмен өсуі техниканың, табиғаттану ғылымдарының , математиканың, механиканың дамуына себепші болды.Ал қоғамдық өмірде қалыптасқан бұл жағдайлар схоластикалық ой-пікірлерден тазарып, таза табиғаттану ғылымы тұрғысынан әлемдік процестерді және адам табиғатын түсініп білуге жол ашты.Адамдардың өмірі мен іс-әрекеті тікелей бағынышты табиғатзаңдылықтарын танып білуде барлық ғалымдарға тән универсалдық тәсілдің маңызы зор деп есептеліп, сондай әмбебаптық тәсіл ретінде антропоцентристік сипатқа жүгінеді.Қайта өрлеу кезеңі негізі үш бағытта дамыды.Сол үш бағыттың өкілдері бірауыздан ортақ мәселе ретінде – адамды алды

23.Фихтенің субъективті идеализмі Иогани Готлиб Фихте Канттың сана белсенділігі туралы ілімін ілгері дамытуға күш салды.Фихте таза субъективтік идеализмнің өкілі еді.Ол дүниенің түпнегізі етіп субъектіні немесе «Менді» таңдады.Фихте Кант қойған қайшылықтар туралы мәселеге жаңаша қарады.Егер Кант үшін қайшылықтар ақиқатқа ұмтылған ақыл-ой үшін аттап өте алмас кедергі болса, онда Фихте үшін олар-дамудың, әрекеттің көзі.Фихтенің «Мені» өзәнәң қарама-қарсылығына айналады, содан кейін олар біртұтастыққа бірігеді.Фихтенің «Мені» ешқандай да адамның жеке басы емес,жалпы әлемдік «Мен».Фихте философиясының қысқаша мәні мынаған келіп саяды:бүкіл әлем- ой тербейтін «Мен» өз санасынығ жай-күйін, өз санасынан туындайтын түйсіктерді танып-білуге ұмтылады.

24. Қазақ философиясындағы экологиялық шарттар. Табиғат әрқашан Қазақстан тұрғындары үшін абсолюттік және жалғыз бастылық рөлін атқарды. Ол өзінде дербес жаратушы, тіршіліктің иманенттік себептері мен факторларының белсенділік пен эволюция негіздерінің иегері болды. Адамдарға алғашында табиғат заңдылықтарына мойынсұнып қалткысыз бағыну ғана калды.Көне және архаистік заман адамдарды күн сайын рудың немесе тайпаның дүниетанымдык пиғылына адалдығын әйгілеп отыруға мәжбүр етті. Өйткені, ауыр және қатаң тіршілік жағдайы руластардың әлеуметтік бағдар мен салттардан бұлтаруына жол бермеді.Әйтпесе, оларға рудан аластау, яғни мұның нәтижесі көбінше өлімге әкелетін жазаға ұшыраушы еді. Әлемді сезіну айқындала түсті. Әлемді түсіну айқын әрекеттерге итермеледі. Дүниетаным шарттылығы шынайы, айқын болды. Табиғат (жаратылыс) қалтқысыз өзіндік табиғи тәртіпке бағынған, ал адам табиғаттың бір бөлігі және төл баласы ғана болып қалды. Әйтсе де, адамзаттың даму эволюциясына байланысты, еңбектік қолданбалық және жаңғыртушылық қызметін түсінушілік пайда болады. Осы процесс нәтижесінде табиғи ортаны адам қажетіне бейімдеу және оның артынша өңдеу іске асады. Егіншілік, аңдарды қолға үйрету, жабайы жылқыны қолға үйрету — жалпы малшылық және көшпелі өмір басталады. Бұл өз заманындағы үлкен бір құбылыс болды.Табиғи ортаны өндеудің туындауы философиялық көзқараста адамның айқын мақсатты қызметінің, мақсат белгілеу факторының пайда болуын көрсетеді. Мұның өзі, адамның табиғаттан бөлініп, дербес тіршілік иесі болып қалыптасуының алғы шарты еді. Адамның мақсатка бағытталған қызметі объективті процестің шешуші нысаны болып табылады. Тұтас, бірақ қарама-қайшылықты процесте оның әр қыры табиғи заңдылық және адамдардың мақсатты қызметі ретінде көрінеді. Енді ол "табиғат бөлшегі" емес, оның әміршісі, өңдеушісі дәрежесіне ұмтылуымен қабаттаса дамиды.Табиғат әлемі адамдардың мақсат-мүдделік және мақсат-мұраттық қызметі процесінде адам әлеміне айналады. Оның ішінде шешуші билік қажеттіліктің "темірдей талабына" тәуелді ететін табиғи зандылықтарға емес, адамдардың еркін кайраткерлігіне тиеді, Бұл кезеңде адам табиғат субстанциясынан бөлініп, өзін табиғатқа қарама-қарсы қояды. Сөйтіп, бірте-бірте жеке адамдар байланысының екі нысаны қалыптасады; біріншісі — олардың табиғи компоненттерін игеруге және құруға бағытталған ортақ әрекеті, ал екіншісі —этностық қоғамдық нысандарын тұтастыруға және дамытуға, ұдайы өндіріске, адамзат өмірін жалғастыруға, оның биологиялық және әлеуметтік қажеттілігін өтеуге бағытталған өзара байланыс.

25.Гегельдің абсолютті идеализмі Гегель философиясы неміс идеализмінің шарықтау шың және соңғы сатысы.Философияның негізгі мәселесін Гегель обэективті идеализм тұрғысынан шешеді.Дүниенің түпнегізі- объективті рух.Ол мәңгі, адамның санасынан тыс және оған тәуелсіз өмір сүреді.Ал табиғат болса осы рухтың туындысы.Объективті рух кейде абсолютті идея, кейду абсолютті рух, ал кейде құдіретті сана деп те аталады. Гегель классикалық неміс философиясының дәстүрлі бағыттарын ілгері дамыта отырып, ұғымдар диалектикасына көбірек көңіл бөлді.Оған дейін диалектика бір жүйеге түспеген еді.Фихтемен салыстырып қарағанда Гегельдің абсолютті идеализмі табиғаттағы абсолютті идеяның тек «басқаша болмысы» деп есептеп, адам жоқ кездегі жердің, табиғаттың,физикалық дүниенің бар болғанын мойындайды

26.Қазіргі заманғы ғаламдық ауқымды мәселелер Қазіргі адамдар алдында әр- түрлі проблемалар бар.Оларға жатататындар: қарусыздандыру, бейбітшілік, кейбір мемелекеттердің артта қалуын жою, әлеуметтік, қоғамдық даму, халық сананының өсуі, денсаулық сақтау, мемелекеттердің ғылыми техникалық жағынанан алға басу, азық түлік және табиғат, адамдардың жаңа биологиялық, әлеуметтік жағдайларға үйрену.Адма болашағы деген проблема философиянын өзекті мәселесі болып отыр.осы проблемалардың ішіндегі негізгілері бейбітшілік пен қарусыздандыру.Өйткені дүниежүзілік термоядролық соғыс дүниені жоқ қылады.

27 Хайдегер ф-ясы туралы Иррационализмнің кейбір идеяларын одан әрі дамытқан экзистенцмализм. Оның негізгі өкілдерінің бірі болып Хайдеггер жатады(1889-1976).Экзистенциализм үш бағытта дамыды.Соның біріншісіне жататын – Хайдеггердің болмыс туралы ілімінің негізінде ұалыптасқан эк.онтологиясы.Оның ойынша болмыс деген материалдыұ құбылыс емес, ол өзінің әмбебаптығынан туындайтын белгісіз нәрсе.Адам оны таным процесінде қарастырады, ол туралы терең ойланады, оны түсінуге тырысады, осыдан ол адамның мән мағынасына айналады дейді.Оның ойынша болмыс туралы ойлар адам болмысы туралы мәселеге айналады.

28. Л.фейербархтың антропологиялық мәселесі.Л.Фейербах(1804-1872)немістің ұлы ойшылы болды. Ол классикалық неміс ф.ясының ақырғы буыны.Ол өзінің фясын «болашақтың ф.ясы »деп атады.Оның ойынша ф.я ойлар мен рухтар дүниесінен босап шығыпадамның қайғы қасіреті бар дүниеге қарац бет бұруы тиіс.Осдан ф.я адамға, яғни антропологияға ұарай бет бұруы тиіс.Ол өзінің «Болашақ фясының негізгі қағидалары»дегенеңбегінде құдай туралы ілімнен шығып, адам туралы ілімді тудыру керек дейді.Сондықтан ол қалыптасқан классикалық неміс ф.ясы іліміне қарсы шығады.Фейербах объекті мен субъекті туралы мәселені табиғат пен адам арасындағы мәселе деп қарайды.Сондықтан ол адамның болмысын нақты өмір сүретін объективті шындық деп түсінді.Таным процесіндегі негізгі мәселелер адамдар рсындағы қатынастармен тығыз байланысты.Ол адамның сезімін, сезімділік танымын аса жоғары бағалады, әсіресе с.йіспеншілікке мән берді.

Наши рекомендации