ЖҰмыстыҢ жалпы сипаттамасы 2 страница

- Адам образын бейнелеуде Шәкәрім поэзиясындағы психологизм сипатын, адамның ішкі жан дүние сапаларын тірілту, жандандыру арқылы ерекше мәнде суреттеу тәсілін қалыптастырғандығы, сол арқылы «адамды түзету» идеясын көздегені, ал жеке адамның ішкі сапасының артуы бүкіл қоғамның болмысын айқындайтындығын шығармалары арқылы баян еткендігі талданады.

- Мәңгілік тақырып махаббатты жырлаудағы ой-сезімнің поэтикалық бітімі мен терең сезімі, психологизм мен трагизмнің өзгешелігін сопылық поэзия сарындарын шебер пайдалана білген қаламгерлік ерекшеліктерін саралау арқылы белгілі тақырыпты толғаудағы өзіндік өрнегін айшықтау. Ақын қозғаған махаббат мәселесінің мәні жеке адамдар арасындағы сезім сипатынан асып, адам мен жаратылыс арасындағы үйлесім табиғатымен бірлікте алынуы арқылы өмірдің түпкі мән-маңызын ұқтыруға бағытталатынын айқындау.

- Шәкәрім поэзиясындағы қоғам мен әлеуметтің өзекті тақырыптарын саралау арқылы оның поэтикасындағы сыншылдық пен реализм белгілерінің көрінісін тауып, өлең өнерін қоғамды оң бағытқа бұру жолындағы аса маңызды құрал ретінде пайдаланғандығын тұжырымдау. Шәкәрім қалыптастырған осы үрдістің қазақ қоғамындағы қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі маңызын сараптау.

- Ақынның көркемдік жүйесіндегі елеулі ерекшелік: оның өлең жүйесіне Жар, Жаратушы ұғымдарын енгізіп, жаратылыс сырын жырға қосуымен сол арқылы ғаламдық дәрежеде ой айта білгендігін дәйектеу. Ақын түсінігіндегі рухани бастау Алладан, жаратушыдан негіз алады, Алланы сүйген, жаратушысын танып шын жүрекпен сезінген адам жаңа сапаға жетуге ұмтылады, сол арқылы адам да, қоғам да түзеледі дейтін ой толғамдары қазақ поэзиясының мазмұндық та тақырыптық та көркемдік кестесінде де жаңа бір түзіліс тудырды. Зерттеуде осы мәселені анықтауға назар аударылады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеудің қол жеткізген ғылыми жаңалығын былайша сипаттауға болады:

- Ең алдымен Шәкәрім Құдайбердіұлының поэзиялық шығармаларының поэтикасы кешенді түрде алғаш рет қарастырылады.

- Ақынның поэзиялық мұрасы оның дүниетанымымен сабақтас алынып, адами тұрғыдағы өсіп-жетілу жолының өлең өрнегіндегі іздері алғаш сараланады.

- Шәкәрімнің өзіне дейінгі рухани қайнардан үйрену әдісінің ерекшелігі ашылып, олардың ақын болмысындағы көріністері поэзия мысалдары негізінде дәлелденеді. Мысалы, халық ауыз әдебиетінің үлгілері, шығыс пен батыс әдебиетінің ықпалы.

- Абай мен Шәкәрімнің рухани үндестігі алғаш рет терең әрі жан-жақты сарапталып, ортақ белгілерімен ерекшелік, даралық сипаттары: «түзу адам» қалыптастыру, адамды түзеу, махаббатты жырлау, табиғатпен, жаратылыспен үйлесім, гуманизм мен сыншылдық т.б. мәселелер деңгейінде айқындалады.

- Ақынның шағын көлемді лирикалық өлеңдері мен кең құлашты эпикалық туындыларындағы тақырып жалғастығы, көркемдік амал- тәсілдердің күрделену жолдары алғаш рет жүйелі түрде зерделенеді.

- Шәкәрімнің «түзу адам» қалыптастырудағы психологиялық ішкі сапаны дамытудың мән-маңызын жоғары қойғандығы өлеңдеріндегі көркем жүйе арқылы дәлелденеді. Ақыл, жүрек, сезім сипаттарын жеріне жеткізе әсірелей суреттеу арқылы әрқайсысының жеке-жеке және тұтас қызметінің адам өміріндегі маңызын ұқтырудағы поэзиясының көркемдік қуаты алғаш рет сарапталады.

- Ақындық табиғатындағы бөлекше болмысының айқын белгісі ретінде адам мен тылсымның арақатынасына бойлау, сол арқылы адамзаттың көнеден бүгінге дейінгі мәңгілік тақырыптары: өмір мен өлім, жан мен тән мәселелерін қозғау екендігі анықталады. Осы мақсаттағы «Жар», «Жаратушы» ұғымдарының мәнін ашып көрсететін өлеңдері көркемдік тұрғыдан тұңғыш рет зерттеу назарына алынады. Осы мәселенің ықпал әсерінен махаббат ұғымының да аясы кеңіп, ол адамзатты, жалпы өмірді сүю ұғымына ұласатындығы дәйектеледі.

- Ойшыл ақынның күрделі мәселелерді қалың жұртшылыққа ұғынықты, жатық тілде ұқтыра білудегі көркемдік амал тәсілдерді (диолог, монолог, автор сөзі, кейіпкер сөзі, баяндау, т.б.) шебер қолданудағы өрнегі айқындалады. Ақынның тың поэтикалық ізденістерінен туған «жүрек көзі», «көңіл көзі», «ішкі көз», «ақ жүрек», «таза жүрек», «кіршіксіз ақыл», «шын ақыл» секілді эпитеттік қолданыстардың мәні ашылып, олардың қазақ әдебиетінің көркемдік келбетін көркейтудегі рөлі анықталады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар: –Ш. Құдайбердіұлының шығармашылық поэтикасы өзіндік ерекшелігі бар күрделі көркем жүйе.

- Ақын туындыларының көркемдік келбетін құрайтын компоненттер оның күрделі дүниетанымымен ғаламдық сипаттағы ой-танымымен тамырлас. Өйткені ұлттық құндылықтарды ғана емес, адамзаттық ақыл-ой жетістіктерін еркін игерген ғұлама ойшыл қазақ өлеңінің көркемдік деңгейін де биікке көтере білген.

- Шәкәрім поэтикасы қазақтың халық шығармашылығының дәстүрінен, шығыс пен батыс мәдениетінің озық үлгісінен игере тұра өзіне ғана тән айшығы анық көркемдік құрылым ретінде бағалы.

- Сөз зергерінің даралық қолтаңбасы рухани ұстазы Абай тағылымымен әрі сабақтас, әрі өзгеше. Шығармашылық еңбегінде ұстазының ұлағатын ұстанған Ш.Құдайбердіұлы оны тың тұжырым, келісті көркемдік нақыштармен толықтырған, жетілдірген, түрлендірген. Сол арқылы рухани үрдістің өткен ғасыр басына дейінгі даму жолын жалғастырған.

- Өзгеше поэтикалық болмысты туындылар иесінің бұрынғы ұғымдардың өзін күрделендіріп, тереңдете толғағандығы өмір мен өлім, жан мен тән, адам мен қоғам, адам мен жаратушы қарым-қатынасын өлең сөзбен зерделегенінен көрінеді. Діни таным түсініктердің қалыптасқан қағидаларына шығармашылықпен қараудың нәтижесінде бұл ұғымдардың бәрін жаңа мазмұндағы адам тұлғасын қалыптастырудың жолы ретінде ұсынған. Мәселен, «Иманым» атты өлеңдер топтамасындағы көне замандардан келе жатқан символдық ұғымдардың көркемдік мәнде жұмсалуы осыны айғақтайды. Сондай ақ ақын «түзу адам» қалыптастырудағы жан көріністерінің ішкі сипатын жандандырып «ар», «ақыл», «ынсап», «рақым», «қанағат», «еңбек», «ақ жүрек», «ақ ниет» ұғымдарының поэтикалық образын тудырған. Сөйтіп көркем әдебиеттің тәрбиелік- тағылымдық қуатын жаңа арнаға бұрып, биік белеске көтерген.

- Зерттеу нәтижесіндегі негізгі тұжырым түйіні – Шәкәрім шығармашылығында махаббат, сүйіспеншілік сезімдерінің мән- мазмұнының тереңдеп, жалпы ғаламдық, адамзаттық ауқымда алынуы. Махаббат құдіретін адам жанын ізгілікке, мейірімге толтырып сол арқылы оның бүкіл болмысына әсер ететін күш ретінде бейнелейтін сыршыл ақын бұл идеясын адам мен жаратушы арасындағы байланысты көрсетуде одан әрі биіктете түскен. Ақынның жаратушы жайындағы ой-толғамдары өзіне дейінгі әлемдік ілім қағидаларды игеріп, өз таным мен жүрегінен өткізудің нәтижесі. Мұсылмандық мифтегі Жаратушының мейірім мен жақсылықтың қайнар көзі, дүниенің нұрлы сипатының себепкері ретіндегі тұлғасын өз шығармашылығында шебер пайдаланған. Осы арқылы «Жар, Жаратушы» секілді сөз ұғымдарын тудырып және соны тануға ұмтылу арқылы жеке адамның сапалық өзгерістерге түсу жолдарын өлең өрнектері арқылы тағлым еткен. Осы аталған күрделі ой таным белгілері ақынның шағын философиялық лирикалары мен кең тынысты эпикалық туындыларында жан-жақты көрініс тапқан.

- Ақын өлең құрылысында (ұйқас, бунақ, тармақ) көркемдік амал- тәсілдерді пайдалануда бұрынғыны жаңартушы, жаңғыртушы ретінде көрінеді.

Ғылыми жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері.Диссертациялық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде қазақ әдебиеттанушылары мен шетел ғалымдары ұсынған ғылыми еңбектер қолданылды. Диссертацияның зерттеу объектілерін түсінуде, әдеби және поэтикалық талдау жасауда біз белгілі әдебиеттанушы-ғалымдар А.Байтұрсынов, Ә.Марғұлан, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Х.Сүйіншіәлиев, С.Қирабаев, З.Ахметов, З.Қабдолов, Р.Нұрғалиев, М.Базарбаев, Ш.Елеукенов, Ә.Нарымбетов, М.Жармұхамедұлы, М.Мырзахметұлы, Ж.Ысмағұлов, Н.Келімбетов, А.Еспенбетов, Ө.Күмісбаев, С.Дәуітов, Б.Майтанов, А.Қыраубаева, А.Ісімақова, Б.Әбдіғазиев, И.Жеменей, т.б еңбектері мен ой-тұжырымдары әдістемелік бағыт-бағдар ретінде пайдаланылды.

Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы.Қазақ әдебиеті мен поэзиясындағы Шәкәрім шығармашылығының алатын орнын көрсету. Шәкәрім поэтикасы қазақ сөз өнерін, өлең өрнегін, көркем ойды және көркем бейнелеуді жаңа деңгейге көтергені ақиқат. Шәкәрім поэзиясының басты қасиеті оның философиялық мазмұндылығы. Ақын қазақ өлең өнерінде пәлсапалық қағидаларды ұсына біледі. Шәкәрім поэзиясынан қазақ әдебиеттану ғылымында дәстүрлі фольклордың, жыраулық әдебиеттің, Шығыс пен батыс поэзиясының қазақтың өлең өнерінің қалыптасуы мен дамуына әсерлерін, ықпалын көруге болады. Шәкәрім әлемдік әдеби процестен тәлім ала отырып, ақындық өнердің шыңы Абай поэзиясынан үлгі алды. Абай мен Шәкәрім ақындығындағы тақырыптық, жанрлық, стильдік және мазмұндық сабақтастық қазақ поэзиясында қайталанбас құбылыс. Бұл құбылыстың қазіргі қазақ әдебиетінің дамуындағы маңызы өте зор. Себебі, қазақтың өлең өнерінің тек сапасын арттыруда Абай мен Шәкәрім үлгісі бірінші орында тұрады.

Зерттеудің нысанасы, деректілік негізі.Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларының поэтикалық ерекшеліктерін анықтау. Өлеңдері мен дастандарының көркемдік әсемдігін, терең ойшылдығын, сыншылдығы мен шыншылдығының табиғатын көрсету болып табылады.

Зерттеудің дерек көзі ретінде Шәкәрім Құдайбердіұлының баспалардан жарық көрген шығармаларының жинақтары, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорларында сақталған құжаттары, Республика кітапханалары қорларында сақталған Шәкәрім шығармаларының қолжазбалары, Шәкәрім туралы оның туыстарының жеке иелігінен алынған түрлі қолжазбалар, деректер және естеліктер пайдаланылды.

Зерттеудің әдістері.Әдебиеттану ғылымына тән кешенділік, жүйелілік, салыстырмалық, объективті-аналитикалық, тарихи тұрғыдан жүйелі талдау, жинақтау, қорыту әдіс-тәсілдері басшылыққа алынды. Сонымен бірге зерттеу барысында салыстырмалы әдістер көбірек қолданылды. Сонымен қатар, отандық әдебиеттану ғылымының тұжырым байыптаулары, поэзияның табиғатын, эпика жанрлары, дастан, поэмалардың жанрлық-стильдік, көркемдік-эстетикалық ерекшеліктерін қарастырған ғылыми еңбектер диссертациялық жұмысымыздың негізгі методологиялық әрі теориялық негізі ретінде қарастырылады.

Зерттеу жұмысының жариялануы мен сарапталуы.Диссертация М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының абайтану және жаңа әдебиет пен қазіргі қазақ әдебиеті бөлімдерінің біріккен мәжілісінен және осы институттың Ғылыми кеңесі талқылауынан өтті. Зерттеу тақырыбына байланысты мақалалар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті бекіткен ғылыми басылымдарда жарияланды. Жұмыстың негізгі мазмұны Халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық конференцияларда баяндалып, ғылыми жинақтарға енді. Жұмыс мазмұны бойынша 30-дан аса мақала, 1 оқулық және 2 монография жарық көрді.

Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, қорытындыдан және үш бөлім мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Диссертациялық жұмыстың кіріспесінде зерттеу тақырыбының жалпы сипаттамасы, өзектілігі, зерттеудің дерек көздері, мақсаты мен дерек көздері, зерттеудің негізгі нысаны, жұмыста қолданылған әдістемелер негізі, зерттеудің ғылыми жаңалығы, қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар, зерттеудің теориялық және практикалық құндылығы, жұмыс нәтижелерінің талқылануы мен жариялану туралы мағлұмат беріледі.

«Шәкәрім поэзиясындағы жаңашылдық»атты бірінші бөлімде ұлттық өлең дәстүрінің үлгісін жаңаша мазмұндау мен көркемдеудегі, оның өлшем ырғақтарын түрлендірудегі сан қилы әдіс-тәсілдер ақын поэзиясының жаңаша қыры ретінде дәлелденді. Көркем сөз шеберінің көркемдік құралдарды құбылта пайдалануға шеберлігі адамның ішкі әлемінің сапалы жақтарын баса көрсетіп, өлең өрнегімен жүйелеуден көрінді. Ақынның ой елегінен өткізген пайымдаулары барлық қоршаған орта, дін, діл, өлім, өмір, махаббат жайлы танымы шығармашылығының негізгі арқауына айналған. Бүкіл жаратылысқа махаббат көзімен қарау, адамды сүю, Алланы сүю, қоршаған ортаға деген құрмет осылармен үйлесімділікте ғұмыр кешу – ақынның басты принциптерінің бірі. Қазақ поэзиясына жаңа өрнек берген ақын шығармашылығының бастау алар көзі, ұлттық әдебиетіміздің қайнар бұлағы болған түркі әлемінің, шығыс поэзиясының ықпалы да, қазақ ауыз әдебиетінің озық дәстүрлері де ақын поэзиясының табысты өркендеп дамуына үлкен әсер еткен арналар. Шәкәрім Абай мектебінен тағылым тәрбие ала отырып, қазақ поэзиясын мазмұны мен түр жағынан кеңеюіне ықпал етті.

Яғни, адамгершілік, гуманистік, ағартушылық, демократиялық және діни философиялық мәселелердің Шәкәрім өлеңдерінде синтезделініп көрініс табуы – қазақ поэзиясына енгізілген тың жаңалық. Ақынның көптеген өлеңдерін философиялық лирика ретінде бағалауға болады. Өлеңдері мен дастандарында әлеуметтік шындыққа адекватты, сол кезеңдегі тарихи дәуірге саяси өзгерістерге сәйкес келетін терең психологизм де бар. Шығармаларының негізгі кейіпкерлері – сол тұстағы қоғамдық ортадан алынған шынайы образдар. Олардың сезімі, жандүниесі, өмір құбылыстарын түсінуі, адами күйзелісі өмірде болып жатқан шындықтармен қабаттасып жатады. Шәкәрім поэзиясының тағы бір ерекшелігі – кез-келген адам санасы қабылдай бермейтін терең болмысты құбылыстарды таңдауға баруы. Бұл ретте ақын поэзиясы Абайдың философиялық поэзиясымен сабақтасып жатыр.

Бұл бөлімде ақын шығармашылығының көркемдік, дәстүрлік негіздерінің көзі анықталып, оның әлемдік поэзияның озық үлгілерін қазақ поэзиясына алып келуі жөнінде ой қорытылады.

Шәкәрімнің көркемдік поэтикасы – қазақ әдебиетінде жаңа бағыт пен жаңа үлгі ретінде дәлелденіп, ондағы қоғамдық рухани өмір туралы, руханияттың адамзатты тәрбиелеудегі орны туралы ерекше қайталанбас формалардың мәні сараланды.

Жеке тұлға танымын талдаудағы психологизм арқылы Шәкәрім өзінің сыншылдық, әрі реалистік поэзиясының бітімін қалыптастырып, өзіндік дербес ойлары арқылы ұлттық деңгейден, ғаламдық ақыл- ой деңгейіне көтеріледі.

Поэзиясының жанрлық, сюжеттік, композициялық ерекшеліктері әсіресе дастандарынан анық көрінеді. Ондағы кейіпкерлерінің мінез-құлқы, дүниетанымы, өмірмен біртұтас байланыста, тек қана өзінің ішкі дүниесін жаңғырту, дамыту арқылы іске асатындығына ден қояды.

Шәкәрім поэзиясының көркемдік поэтикасын сюжеттік-композициялық, стилдік, интонациялық, образдық ерекшеліктерінен көруге болады. Поэтикалық талдау Шәкәрім өлеңдерінің рухани-эмоциялық энергиясын ғана емес, олардың тәлімдік және танымдық байлықтарын, мүмкіндіктерін ашуға жол ашады.

Ақын адамның ішкі әлемінің күрделілігі және құндылығын ішкі сапа мәселелерімен бірлестіре көрсетеді:

Дұрыс деме құры ойлап,

Ақылға сынат, сабыр қыл.

Жығылмайтын дәлел тап,

Бірезу болма өзімшіл.

Мініңді тапса кім сынап,

Аяғына бар, жығыл.

«Қап, бәлем» деп кекті ұнап,

Сақтай көрме ойға зіл [52, Б. 92-93].

Осындағы «бірезу», «кекті» болу сынды жағымсыз ұғымдар арқылы, аз сөзге көп мағына сыйғыза білген. Адам мінезіне қатысты әртүрлі бейнелі образдарды ақын шығармаларынан көптеп кездестіруге болады:

Сөз, мінезі құбылса,

Ар, иманы жоқ деп біл.

Аулақта жемтік сыдырса,

Оны ойыңмен айуан қыл.

Дұспанға да бол әділ,

Түсірме ойға тат пен ніл.

Ұмытпа болсаң біздің ұл,

Осы өлеңді құлаққа іл [52, Б. 93].

Бірінші шумақта сөз бен мінездің құбылуын арсыздықпен, имансыздыққа балаған ақын, арсыз, имансыз жандарды айуанға теңейді. Досың түгіл, дұспаныңа әділ болу керектігін үлгі тұтқан ақын оқырманына өз өсиетін көркем жеткізе білген. Бұл – қазақ поэзиясындағы өсиет өлеңдердің жаңаша түрге енуі.

Шәкәрім шығармашылығында адамгершілік, ізгілік мәселелері халқымыздың ғасырлар бойы келе жатқан ұлттық құндылықтарымызбен тамырластықта алынып, көркемдік-эстетикалық мәні мен өлең өрнегіндегі өзіндік үні айқын айшықталады. Ұрпақ бойындағы ізгілікті, адамгершілікті жаңғыртуды көксеген ақын «ар-ұждан» мәселесін ең алдыңғы кезекке шығара отырып:

Еңбекпенен,

өрнекпенен,

Өнер ойға тоқылса,

Жайнар көңіл,

қайнар өмір,

Ар білімі оқылса – [52, Б. 266 ].- деп тұжырымдайды.

Ақын осы өлеңінде қазақ поэзиясына Абай алып келген түр жаңалығын жалғастыра отырып, оны түрлендіре пайдаланған. Алғашқы екі тармақты ұйқасқа құрған ақын әрбір үшінші тармақты басқа ұйқасқа тізген. Өлеңнің алғашқы алты тармағындағы сөз кестесі кейінгі жолдарда мүлде басқа түрге ие. 7-16 тармақтардың кестесі мүлде басқа болып келеді де, өлеңнің соңғы алты шумағы әдепкі қайталауды сақтайды. Міне, осындай бір өлеңнің ішінен тармақ, буын, ұйқас құбылуы да қазақ поэзиясын түрі жағынан байытары даусыз.

Адамның ішкі жан-дүниесі, рухани құндылықтары жайындағы өлеңдерінде де Абай қалыптастырған идеялық-мазмұндық және көркемдік-стильдік дәстүрді жалғастырып, қазақ поэзиясының эстетикалық, танымдық деңгейін көтереді.

Еңбекке шыда ебін тап та,

Сабырдың түбі – сары алтын.

Өзімшіл болма, көпті ардақта,

Адамның бәрі – өз халқың.

Нысап пен мейірім, әділетті

Жаныңдай көріп жан сақта,

Ол жолда өлсек, неміз кетті

Мақсұтқа жетпей қалсақ та [52, 34 б.].

Ақынның оқырманын ойшылдыққа шақыратын дүниетанымдық көзқарастарға құрылған өлеңдерінде ақын терең сыршылдықпен қатар өлеңнің әуезді ұйқасы мен ырғағына аса талғампаздықпен қарайды.

Оның шығармаларындағы терең астармен өріліп отыратын терең ойдың астарын түсіне білген жөн. Бір қарағанда жаратылыс туралы айтылғандай көрінгенмен, мына жолдардан астарлы саясатты байқауға болады:

Табылмас анық азат адам,

Жаралыс билер заманды.

Көрсетер мұқтаж, азап саған,

Тартқызар өмір жазаңды.

Құлданар сені күшті өкімет,

Ноқтасыз еркін ел таппай,

Қорлықта жылап, зарла да өт,

Бостандық болар жер таппай [52, 32 б.].

Мұнда патша өкіметінің қол астындағы отар елдерін бұғауда ұстауы, яғни күшті мемлекеттің ұсақ ұлттар мен әлсіз елдерді отарлау жүйесіне ақынның адам және қоғам, қоғамдық орта жайындағы көзқарастары емеурін арқылы беріледі.

Өкімет өшсе, залымдар көп,

Арлыға өмір сүргізбес.

Қарулы қасқыр құдайың боп,

Азаттық жолмен жүргізбес [52, 32 б.].

Шығыс, Батыс, орыс әдебиетінің озық үлгілерімен таныс болған ақын, қазақ өлеңіне жаңа мазмұн мен жаңа өрнек алып келіп поэзияға үлкен талаптар қоя білді. Осындағы «қарулы қасқыр» – отарлаушылардың көркем образы. Олардың қорқау қасқырлар сынды ашқарақтығын ақын осылайша бейнеледі. Бұл да ақын қаламына тәне бейнелі образ. Қазақ елінің еркіндігін аңсаған ақын шығармасының негізгі идеясы – тәуелсіздік.

Жан деген не

Мүлде өле ме,

Наши рекомендации