Семинар 15. Мәдениеттер сұхбатындағы Батыс пен Шығыс
1. ХХ ғасырдағы Батыстың мәдени-әлеуметтік дағдарысы.
2.Жаһандану жағдайында мәдени өзіндікті сақтау мәселесі.
« Дүниені сұлулық құтқара ма?» Адамға осы өмірде көп керек пе? «Аз керек болса, ол Құдайларға жақын» (Сократ). Ал Сіз қалай ойлайсыз?
Студенттің өзіндік жұмысы бойынша әдістемелік нұсқаулар
Философиядан реферат жазуға әдістемелік нұсқаулар
Реферат жазу-студенттердің өзіндік жұмысының құрамдас бөлігі. „Реферат" сөзін \лат.-баяндау, хабарлау\ былай түсіндіруге болады: а) белгілі тақырыпқа сәйкес әдебиетке шолу жасай отырып баяндама дайындау; б) ғылыми жұмыстың немесе кітаптың т.б. мазмұнын баяндау т.с.с.
Кез келген рефераттың екі жағы бар -сыртқы және мазмұны. Сыртқы жағы - рефератты белгілі бір талаптарға сәйкес көркемдеу. Мұқабасында /жоғарыдан төменге қарай/: жоғары оқу орнының, факультеттің аты, реферат тақырыбы, орындаушы студент пен оқытушының, ғылыми жетекшінің фамилиясы мен инициалы, қала және жыл.
Рефераттың келесі бетінде жұмыстың жоспары: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, әдебиет.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, рефераттың мақсаты мен міндеті сипатталады.
Негізгі бөлім тақырыпты әр жағынан ашатын тараулар мен параграфтарға бөлінеді. Бұл жерде кездесетін негізгі қате параграфтың аты реферат тақырыбымен түгелдей сәйкес келуі мүмкін. Негізгі бөлімді жоспарға сәйкес мәтінде де жіктеген жөн, әйтпесе оның мазмұнын түсіну қиынға соғады.
Рефератта келтірілген сілтемелерге санмен белгі қойылады, ол жұмыс соңында келтіретін әдебиет тізіміндегі реттік нөмірмен сәйкес келуі тиіс.
Әдебиетті былай келтіреді: а) кітап болса: автордың фамилиясы, кітаптың аты, шыққан жылы. Егер ұжымдық монография немесе оқулык болса, жауапты редактордың фамилиясы, егер көптомдық басылым болса, томдардың жалпы саны, сосын барып сәйкес томның нөмірі; б) журнал /газет/ мақаласы үшін автордың фамилиясы, мақала аты, // белгіден кейінгі журналдың аты, шыққан жылы, нөмірі.
Философиядан реферат жазудың өзіндік ерекшеліктері бар.Бұл ерекшеліктері мыналардан тұрады:
Әдеби деректер- бұл мәселеде ең бастысы студенттің алғашқы деректерге, яғни философтардың өзінің төл шығармасына баса назар аударғаны жөн. Олардың негізгі идеялары мен концепцияларын, олардың белгілі бір философиялық мәселені қалай шешкенін меңгеру қажет.
Алғашқы деректер оқылып, танылғаннан кейін ғана коментаторлық әдебиетке, яғни ірі философтардың ілімі туралы қазіргі авторлардың еңбегіне көшкен жөн. Рефератты тек коментаторлық әдебиетке ғана сүйеніп жазуға болмайды, себебі кейде философтың төл шығармасы мен ол туралы басқалардың жазғанының арасында әжептеуір айырмашылық болуы мүмкін.
Философиядан төлдерек ретінде 2006-2007 ж.ж. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша «Әлемдік философиялық мұра» атты 20 томдықтың шыққанын ескертеміз.
Маркстік (диалектикалық-материалистік) философияға көзқарас. Бұл арада назар аударатын бір жағдай, егер кеңестік дәуірде маркстікфилософияның ролі мен мәні абсолюттендіріп, ол „жалғыз дұрыс" ретінде түсіндірілсе, қазір оған мүлдем қарама-қарсы ағым үстем болып отыр. Студент осындай шектен шығушылықтардың бар екенін біліп, ескергені дұрыс.
Сыни көзқарастың қажеттілігі. Ойшылдардың философиялық көзқарасын танып білу объективті болу үшін, оларды талдау мен бағалауда сыни көзқарас қажет. Бірақ, сын негативті (яғни тек жоққа шығарудан, қиратудан тұратын) емес, конструктивті болуы керек. Мұндай сын тек жоққа шығару емес, оның ақылға сыйымды оң жағын да байқап, ескеру және автор осы қарастырып отырған мәселеге қатысты өз көзқарасын, оны шешудің жолдарын ұсынуга тиіс.
«Қорытындыда» тақырыпты түйіндеп, негізгі қортыныдылар жасалынып, мәселені әрі қарай тереңдетіп, нақтылаудың мүмкін бағыттары көрсетіледі.
Реферат көлемі қолмен жазылған 15, компьютермен терілген(12 кегль) 10 беттен аз болмауы тиіс.
Эссе– очерк, нобай, ойлау, нақты тақырып, мәселе бойынша өз ойларын еркін ашу. Еркін түрде жазылатын шағын шығарма(1-3) бет. Эссеның тақырыбын студент оқытушымен келісіп, ұсынылған тақырып тізбесінен өзі таңдап алады.
Реферат және эссе тақырыптары