Тақырып 11. Тайм-менеджмент
21,22, 23, 24 - Тәжірибелік сабақ
Жоспар:
1.Тайм-менеджмент – уақытты басқару.
2.Уақытты басқарудың құрылымы.
3.Тайм-менеджменттің негізгі сабақтары.
4.Тайм-менеджменттің техникалары.
5.Брайан Трейси – жеке өнімділікті арттыру бойынша дүниежүзілік деңгейдегі маман.
6. Тайм-менеджмент мамандары жайлы хабарлама дайындау: Г.Архангельский, Н.Мрочковский, С.Кови.
Тапсырма:
1. Тайм-менеджмент принциптеріне сүйене отырып жеке күн тәртібін құрастыру.
2.Кестені толтырыңыз:
Сіздің уақытыңызды «жұтушы» | Уақытты жоғалтудың мүмкін себертері | Жою шаралары |
Жалпы талқылау
Уақытты «жұтушы» және уақыт «торының» болжалды тізімі
1. Айқын емес мақсат қою.
2. Істе басымдықтың болмауы.
3. Алғашқы реттен көп істі тындыруға әрекеттену.
4. Алдағы міндеттер мен оны шешу жолдары туралы ұғымның болмауы.
5. Еңбек күнін тиімсіз жоспарлау.
6. Жеке ұйымдаспағандық, жұмысбастылық.
7. Тым көп оқу.
8. Құжаттаманың сапасыз жүйесі.
9. Ынталандырудың жеткіліксіздігі (жұмысқа енжар қатынас).
10. Жазбаларды, жаднама жазбалар, мекен-жайларды, телефон номерлерді іздеу.
11. Еңбек бөлінісі немесе кооперацияның жеткіліксіздігі.
12. Жұмысқа кедергі келтіретін телефон қоңыраулары.
13. Жоспарланбаған келушілер.
14. Жоқ деп айта алмау.
15. Толық емес, кешігіп жеткен ақпарат.
16. Өзіндік тәртіптің болмауы.
17. Істі аяғына дейін жеткізбеу.
18. Алаңдату (шу).
19. Ұзаққа созылған кеңес.
20. Әңгімелесу мен талқылауларға жеткіліксіз дайындық.
21. Байланыстың болмауы (коммуникация) немесе кері байланыстың болмауы.
22. Жеке тақырыптағы бос әңгімелер.
23. Байланысқа артық бейімділік.
24. Іскери жазбалардың шамадан тыс көптігі.
25. «Кейінге қалдыру» синдромы.
26. Барлық деректерді білуге құлшыныс таныту.
27. Ұзақ мерзімді күту (мысалы, уәделескен кездесу).
28. Асығыстық, шыдамсыздық.
29. Істі тым сирек табыстау (қайта жүктеу).
30. Қайта жүктелген істерді жеткіліксіз қадағалау. Сіздің негізгі бес түрлі уақытты «жұтушылар» мен уақыт «торларыңызды» анықтаңыз.
3. Студенттерге парақтарды дайындап және оған олардың өмірлері негізделетін 10 өмірлік құндылықтарды жазу қажет. Содан кейін студенттер алынған басымдылықтарды олардың өмірінде маңыздылық деңгейіне байланысты қоюлары керек. Содан соң жұпқа бөліну қажет. Жұпта жұмыс төмендегі ретпен іске асырылады. Алғашқы студент өзінің өмірлік ұстанымдарын көрсетілген басымдылықтарға сәйкес көрсетеді. Екінші студент 1 нөмірдегі құндылықты көрсете отыра, оған сұрақ қояды: сен бұған иеленуге дайынсын ба, бірақ 2 нөмірдегі құндылық болмайды? Мысалы, денсаулығыңның болуына дайынсың ба (1-құндылық), бірақ ауқаттылығың болмайды (2-құндылық)? Егер жауап – иә болса, онда барлығы сол қалпында қалады, егер жауап – жоқ болса, онда құндылықтар орнымен ауысады. Және сұрақ қайтадан қойылады. Қорытындысында барлық сұраққа оң жауап берілуі тиіс. Содан соң студенттер орындарымен ауысады және үрдіс қайталанады
Тапсырманың маңыздылығы мынада болып табылады, ол негізгі құндылықтарды анықтауға және басымдылықтарды көрсетуге және өздері үшін негізгі белгілерді анықтауға көмектеседі, осыдан шығып жоспарлау және өмірлік мақсаттарға жету бойынша алдағы қадамдарды анықтау қажет.
Әдебиеттер:
1.Абрамовский.И. Практический курс по тайм-менеджменту.
2. Архангельский Г. Тайм-драйв. Как успевать жить и работать. М.2013.
3. Дэн С. Кеннеди Жесткий менеджмент. Заставьте людей работать на результат. Альпина Паблишер. 2015.
4. Кови С. Семь навыков высокоэффективных людей.
5.Мрочковский Н., Толкачев А. Экстремальный менеджмент. Деловой бестселлер. Альпина Паблишер. 2012.
6. Попов Е. Хозяин времени. Видеокурс.
7. Трейси Б. Выйди из зоны комфорта. Измени свою жизнь.
8.http://4brain.ru/time/http://4brain.ru/time/
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар
Біздің жинақылығымызға қарамастан бір тәулікте 24 сағат қана бар. Уақыттың ағымы өзгермейді. Біздің бар қолымыздан келетіні – бізде бар уақытты тиімді пайдалануға өзімізді ұйымдастыру.
Көпшілігіміз біздің тиімдірек қолдануға болатын уақытымызды алатын «уақыт өлтірушілердің» құрбаны болып жатамыз. Өзіңіздің күнделікті ісіңізді бақылайтын мақаланы оқыңыз. Ол өзіңіздің уақытты тиімді өткізудің шынайы көрінісін құрастыруға көмектеседі. Бұл тиімді басқарудың алғашқы қадамы болып табылады.