Тақырып. Мәдениеттің Үнді-буддизм типі

Жоспар:

1.Үнді өркениетінің басқа мәдениеттерден айырмашылығы неде?

2. Үнді мифологиясындағы құдайлар иерархиясы. Көне үнділіктердің дүниетанымы, мифологиясы, діни наным-сенімдері мен салт-дәстүрлері.

3. Үндінің көне жазба ескерткіштері, олардың әлемдік әдебиеттегі алатын орны.

4. Көне Үнді сәулет өнерінің ерекшеліктері.

Үндістан –адамзат баласының ең көне мәдениет ошақтарының бірі. Баға жетпес мәдени қазынаның иесі осы бір дарынды халықтың мәдени мұраларын басқа халықтардың мәдени жетістіктерімен ауыстырып алуға болмайтындығын ерекше атап өткіміз келеді. Талай шапқыншылықты басынан өткізсе де өздерінің ешуақытта да басқыншылыққа бармауы, бұл ұлы халықтың ұлттық ерекше қасиеті де болар.

Б.з.б. бірмыңжылдықтың ортасына қарай мәдениеттің дамуы қарқыны жоғарылады, бірақ Үндістанның барлық жерінде де бұл қарқын бірдей болды деп айтуға тағы да болмайды. Үнді мәдениеті мен өнері, әсіресе Маурья дәуірінде (б.з.б ІV- ІІ ғ.) айтарлықтай табыстарға жетті. Бұл кезеңдегі мәдениеттің гүлденуіне үнді тарихында алғаш рет орталықтандырылған мемлекеттің құрылуы зор ықпалын тигізді.

Б.з.б. бірінші мыңжылдықта индуизм дамуының басталуында – брахманизм тұрды. Дін ендігі жерде қоғамдық теңсіздікті ақтау үшін қолданыла бастады, сөйтіп “Құдайлар иерархиясы” қалыптасты. Олардың ішінде ең мәртебелілері – Брахма (әлемді жаратушы), Вишна (оны сақтаушы) және Шиба (оны талқандаушы) құдайлары болды. Бұл діни ілімнің негізінде – адамдардың қайғы-қасіретін елемеу, олардың бақытсыздығына мән бермеу сияқты мағыналар жатыр. Абыздар (брахмандар) қабырғасы қайысып еңбек етуді, байларды күндемеуді бағыныштылықты және т.б. уағыздады.

Б.з.б. VІ ғ. Буддизм діні – дамыған құлдық қоғамның идеологиясына айнала бастады. Оның Үнді жерінде ең шарықтаған кезеңі – б.з.б V ғ. мен б.з. бір мыңыншы жылдығының басы болды. Буддизм – ведалық дін мен брахманизммен тығыз байланыста дамыды. Дәл осы кезеңде (б.з.б. VІ ғ.) буддизммен қатар діннің екінші бір саласы – “джайнизм” қалыптаса бастады. Оның діни – философиялық трактаттары – “сутраларда” – сансарының (жанның қайта түрленуі) ықпалынан босану жайындағы ілім жатыр. Бұл мақсатқа жету үшін джайнизмнің үш қағидасын орындау қажет. Олар: дұрыс білім (діни білім), дұрыс көре білу (шындық) және дұрыс мінез-құлық.

Үнді- будда мәдениетіне тән қасиет дін мен философияның өзара тығыз байланыста болып, ұштаса білуінде. Бұл туралы Гегель былай деп жазды:”Үнді мәдениеті-жоғары дамыған сан-салалы құдіретті мәдениет, бірақ олардың философиясы дінмен сабақтас, өзара тығыз байланыста болып келеді. Философия ғылымы айналысатын мәселелерді діннен де көптеп кездестіруге болады. Сондықтан да болар, ведалар- діннің ғана негізі емес, сонымен қатар философияның да негізі болып саналады”. «Гегель. Соч. Л., 1972. И.9. С.116.ң

Буддизм бойынша, өмірдің азаптары жайындағы қасиетті шындық мынандай: өмірге келу – азап, қартаю азап, жүрегің қаламайтын адаммен қосылу – азап, жақсы көрген адамыңнан айрылысу – азап, көздеген мақсатыңа жете алмау – азап. Ал аталған осы азаптардан құтылудың басты жолы – сегіз салалы қасиетті өмір жолын таңдап алу.

Будда ілімі адам бойындағы ізгілік, адамгершілік қасиеттерді одан әрі дамытуды насихаттайды. Онда былай делінген: «Бұл дүниеде өшпенділікті өшпенділікпен жеңуге болмайды, адам ашу – ызасын ақылға жеңдіріп, зұлымдықты қайырылымдықпен ауыздықтауы қажет. Ұрыста мың адамды жеңіп шығуға болады, ал нағыз жеңіс адамның өзін-өзі жеңіп шығуы болып табыладың.

Касталық құрылыс жағдайында қалыптасқан ережелерді мүлтіксіз орындау талап етілді. Мысалы, касталар арасында үйленуге қатаң тыйым салынды, тіпті түрлі касталар өкілдері дастархан басында бірге отырып тамақ та іше алмайтын болды.

Индуизм- бір-бірінен тәуелсіз бірнеше діни наным-сенімдерден тұратын діни-мәдени ағым. Оның негізінде-Брахманға, Вишнуға, Шиваға табыну мен тантризм жатыр. Осылардың ішінде Вишну мен Шиваның мерейі үстем болды.

Вишну- адамдардың адал қамқоршысы, көмекшісі. Ол адамдарды зұлымдық пен қатыгездіктен қорғайды, оларды қауіп-қатерден сақтайды және адамдарға шындықты жариялап отырады. Ал оны жүзеге асырушы Будда. Сөйтіп Будданың беделі көтеріліп, Құдай дәрежесіне жеткізілді.

Шива-қатал да, қорқынышты құдай. Оның үш көзі бар, денесіне жыландар жабысқан, мойнында- бас сүйектер. Шива - өнер мен ғылымның, салтанатты өмір мен махаббат сайранының құдайы.

Өз тарихына немқұрайды қарау, нақты өмірден алшақтау, өмірге көзқарастардың көмескілігі сияқты келеңсіз жағдайлардың орын алуы мәдениеттің дамуына нұсқан келтірді. Қоғамдық өмірді тұрақтандыруда дін қаншама рөл атқарғанымен де, үнді мемлекеті ғылым мен білім жолына, яғни өркениетті ел болу жолына түсуі- тарихи қажеттілік болды. Заман ағымында бұл асқаралы міндеттері біртіндеп жүзеге асырыла бастады .

Кілт сөздері:Буддизм, Веды, Упанишад, Нирвана, Иога, Ньяя, Вайшешика, Миманса,Трипитаки.

Наши рекомендации